Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 18:25, реферат
1) 1990-1993 жылдар арасында Республика тарихында аса маңызды саяси сипаты бар құбылыстар орын алды. КСРО-ның тарап, оның негізінде ТМД құрылуы Қазакстан мемлекеті дамуының келесі бір белесі еді. Егемендік алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құжат кабылдау кажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен онша көп уақыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Мемлекеттілікті құрудың бастаулары туралы әңгіме болатындықтан бұл мемлекеттану ғылымы үшін және мемлекеттік құрылыс практикасы үшін барлық уақытта да көкейкесті проблема.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАНДАРДЬІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕНДЕРІ
1) 1990-1993 жылдар арасында Республика тарихында аса маңызды саяси сипаты бар құбылыстар орын алды. КСРО-ның тарап, оның негізінде ТМД құрылуы Қазакстан мемлекеті дамуының келесі бір белесі еді. Егемендік алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құжат кабылдау кажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен онша көп уақыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Мемлекеттілікті құрудың бастаулары туралы әңгіме болатындықтан бұл мемлекеттану ғылымы үшін және мемлекеттік құрылыс практикасы үшін барлық уақытта да көкейкесті проблема.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Жаңа Конституцияның ең жоғары
заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл
аумағында тiкелей қолданылады. Мұның
өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың
басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң
нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi.
Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы
екеуiнен елеулi айырмашылығы сол
— бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi,
егемендiктi және Қазақстан халқының
толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды.
Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң
қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтары, соның
iшiнде жеке адамның жан-жақты
еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы
(сөз және шығарм. бостандығы, саяси
партиялар мен бұқаралық
ҚРК-ның кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демокр. әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).
Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I
— VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары,
бостандықтары мен мiндеттерi
туралы, конституциялық құрылыс
жайлы, мемл. нысандар жөнiнде,
мемл. буындардың жүйесi мен
2) Алғашкы Қазақстан Республикасының Конституциясының жобасы туралы Жоғарғы Кеңесгің сессиясында баяндама жа- саған Елбасшысы Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа тәуелсіз мемлекеттің конституциялық негізі «Қазак ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясында кабылдаңды1» Нақ осылайша 1991 жылғы 15 казанда өткен Жоғарғы Кеңестің 2-сессиясында, сол кездегі Вице-Президент Е. Асанбаев: Декларация қабылданғаН- нан кейін оның ерекше маңызы ретінде жаңа Конституцияны қабылдау кезінде негіз болатындығын айта отырып одан әрі ол былай деді: Декларация мен Конституцияның кіріспелёрін са- лыетырсаңыздар, олардағы иделогияның, бағыттардың бірың- ғайлығын көруге болады... Декларацияда орын алған Қазакстан аумағының біртұтастығы, ешкімнің қол сұқпаушылығы, билік- гің тармақтарға бөлінуі, меншік нысандарының көп түрлілігі және тендігі, олардың қорғалу кепілдігі, барлық ұлттар азаматтарының құқыұтық теңдігі, коғамдық өмірдегі тең мүмкіншілік принциптеріне қараңыздар. Бұлардың барлығы соңынан институицялық акті болып тіпті кей біреулері конституциялық құрылыстың негізін калады.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңдарының қалыптасу тарихы Қазақ КСР Конституциясына Қазақ КСР-ының “Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы” 1990 жылдың 24 сәуірдегі заңымен өзгеріс енгізу кезеңінен бастау алады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Аталған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттің қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта қүруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрылысты нығайту мақсатында белгіленеді. Одан кейінгі оқиғалар көрсеткендей, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің президенттік басқару жүйесін қалыптастыру осы заңнан басталады.
1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Ол жай ”көздеушілік Декларация” емес еді, оның нормативтік құқықтық сипаты болды.
Декларацияда Қазақ КСР-ының басқа республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым-қатынас құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды. 1937 жылғы Конституцияда Қазақ КСР-ы, КСРО-ының басқа да тең құқылы республикаларымен бірге, ерікті түрде бірікті делінді. Ал Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясында, тек кіріспесінде ғана Қазақ КСР-ы КСРО құрамындағы тең құқылы республика деп атап көрсетілді. Декларация Қазақстанның егемендігін ғана емес, сондай-ақ одақтас республикалар арасындағы шарттың қажеттігі туралы конституциялық идеяны да жариялады.
Сонымен бірге Декларацияда: ”Қазақ КСР-ы ұлттық мемлекеттікті қорғау, сақтау және нығайту жөнінде шаралар қолданады” (2-бап) деп бірінші рет ұлттық мемлекеттілік туралы жария етілді, онда казақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың тууы мең дамуы Қазақ КСР-ының мемлекеттілігінің ең маңызды міндеттерінің бірі екендігі белгіленді. Әрине, ”ұлттық мемлекеттілік” және “Қазақ КСР- ының мемлекеттілігі” ұғымы — синонимдер емес. Бұл ұғым — Қазақстанда мемлекеттілік сипатына екі түрлі көзқарастың көрінісі. Оның негізінде көп ұлтты Қазақстан жағдайында өзін- өзі саяси тану құқына деген әр түрлі түсінік жатты. Одан әрі көрінгендей, алдымен бірінші көзқарас, ал Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында екінші көзқарас конституцияланды.
Декларация — Қазақ ҚСР-ының бұрын буржуазиялық саяси институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығарған билік бөлісу принципін бірінші рет жариялаған акт. Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясы, жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай бүкіл билік болмаса да, Жоғарғы Кеңеске бүкіл билікті бекітті.
Заң шығару билігі Жоғарғы Кеңеске берілді. Президент республиканың басшысы болып белгіленді және жоғары басқарушы-атқарушы билікті иеленді, яғни, атқарушы билік те Президенттің иелігінде болды. Жоғары Сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді.
Қазақ КСР-ы Декларациясында бұрын болмаған егемен құқық — республиканың егемен құқын және Конституциясын бұзатын зандарды және Одақтың жоғары органдарының басқа да актілерінің қолданылуын өз аумағында тоқтату құқы орнықтырылды.
Сондай-ақ өз аумағындағы және ғылыми-техникалық қуат Қазақ КСР-ының қатаң меншігінде екендігі жарияланды, яғни, Қазақстанның экономикасы, негізінен, КСРО экономикасынан бөлінді жөне енді КСРО-ның біртұтас халық шаруашылығы кешенінің құрамдас бөлігі болмайтын болды.
Декларацияда мемлекеттің әлеуметтік негізін таптық тұрғыдан анықтайтын көзқарас жоқ. Қазақ КСР Конституциясының 1-бабындағы (19) тармақша “жұмысшы”, шаруа”, “интеллигенция” ұғымдары заңдардың нормаларынан шығып қалды. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің бастауы халық екендігі жарияланды. Бұл қағида Қазақстан Республи- касының Конституциясында да орнықтырылды.
Қазақ КСР-ы халықаралық қатынас субъектісі ретінде дербес құқықты иеленді. КСРО Конституциясы және Қазақ КСР- ының 1978 жылғы Конституциясы бойынша Қазақстан халықаралық қатынастың дербес субъектісі бола алған жоқ. Қазақ КСР-ында Сыртқы істер министрлігі болғанмен, Қазақстан халықаралық аренаға дербес шыға алмады, халықаралық шарттарға отырған жоқ. Қазақ КСР Конституциясының 28-бабына сәйкес сыртқы саясат қызметінде республика КСРО Конституциясы белгілеген сыртқы саясаттағы мақсаттарды, міндеттер мен принциптерді басшылыққа алды.
Демек, Қазақстанда
1991 жылдың 15 ақпанында қабылданған, соған сәйкес Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізілген “Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР-ы халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы” Заңның маңызды конституциялық мәні бар. Онда жергілікті өзін-өзі басқару, оның жүйелері ұғымы бірінші рет берілді. Бұл мәселенің маңызы зор және 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияларда әр қырынан шешілді. Заң жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті Қеңестерін, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ жергілікті референдумды, жиналыстарды (жиындарды), азаматтардың конференцияларын қамтыды және іс жүзінде оларды таратып жіберуге дейін қолданылды.
3) Конституциялық зандардың орнықтырылуының екінші кезеңі Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған “Қазақтың Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы” Заңнан басталады. Заң конституциялық деп аталмағанымен, Қазақ КСР Конституциясына және мемлекетгік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер енгізгендіктен, ол іс жүзінде сондай заң болды. Бұл заңның мәні мынада, мемлекетгік ұйымдардың идеологиялық негізі Республика атауынан алынып тасталды.
Бұл заңның тағы бір мәні — бүкіл халықтың өзін-өзі саяси тануы: Республиканың көпұлтты халқының “өзін-өзі тану принципіне негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбіт сүйгіш, кұкыктық мемлекет құру талпынысына орай” Қазақ КСР-ы Қазақстан Республикасы деп аталды. Мұнда ұлттың өзін-өзі тануы айтылмайды. Алайда, таңғаларлығы, бұл идея 1991 жылдың 16 желтоқсанында, яғни, бар болғаны алты күннен кейін қабылданған “Мемлекеттік тәуелсіздік туралы” Заңда ескерілген жоқ. “Мемлекеттік тәуелсіздік туралы” Занда Жоғарғы Кеңестің “Қазақстан халқының еркін білдіре, қазақ ұлтының өзін-өзі тану құқын сендіре отырып.., Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялайтыны” айтылды.
Информация о работе Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңдері