Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:19, реферат
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.
Қазақстан Республикасы прокуратура туралы
заң
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы
1 ТАРАУ
Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
- Республика аумағында заңдардың, Қазақстан
Республикасы Президентi Жарлықтарының
және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң
дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру
қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк
және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына
жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан
Республикасының Президентiне есеп беретiн
мемлекеттiк орган.
2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты
анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады,
Республиканың Конституциясы мен заңдарына
қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық
актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң
мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген
жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық
қудалауды жүзеге асырады.
2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
Қазақстан Республикасы
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi
1. Қазақстан Республикасының
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар
мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар
мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз
жүзеге асырады.
3. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн
жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының
қызметiне араласуға тыйым салынады.
4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша
шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерi
барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар
мен азаматтар үшiн мiндеттi.
5. Прокуратура органдары Республиканың
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды
сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей
деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.
4-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны
Конституция мен заңдардың үстем
тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау
мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының,
заңдарының және Президентiнiң Жарлықтарының
және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң
дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды
жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет
атынан:
1) Конституцияның, Заң актiлерiнiң және
Республика Президентi актiлерiнiң бұзылуын
анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
2) жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама
мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық
iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды
жүзеге асырады;
3) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
4) Республиканың Конституциясы мен заңдарына
қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық
актiлерге наразылық жасайды;
5) заңда белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық
қудалауды жүзеге асырады;
6) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын,
объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз
ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы
қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi,
құқықтық статистика және арнайы есепке
алу саласындағы заңдардың қолданылуын
қадағалауды жүзеге асырады.
5-бап. Прокуратура
1. Заңдардың, Қазақстан
2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор
өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы
қаулы шығарылғаннан кейiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң
тапсыруына;
2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге,
шағымдарға, хабарларға және басқа да
мәлiметтерге;
3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;
4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына
және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.
3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де
тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн,
ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға
заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде
хабарлауға мiндеттi.
4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай
мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi
тағайындаған прокурор жоғары тұрған
прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн
ұзарта алады.
5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi
мен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер
олар осы Заңда және басқа нормативтiк
құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп
пен нысандарда жасалған болса, заңда
белгiленген салдарларға әкелiп саяды.
6-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң құқықтық кепiлдiгi
1. Прокурордың өз өкiлеттiгiн
жүзеге асыруына кедергi келтiру
немесе оған заңсыз шешiм
2. Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi
органдар мен өкiлеттi адамдар:
1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi
өтеусiз және Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық,
банктiк және заңмен қорғалатын өзге де
құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге
қойылатын талаптарды сақтай отырып беруге;
2) тексерiске қатысу және қорытынды беру
үшiн мамандар бөлуге;
3) прокурорлардың қадағалау қызметiн
қамтамасыз ету және олардың қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар
қолдануға мiндеттi.
3. Прокурордың өз құзыретi шегiнде берген
тапсырмасы анықтама мен тергеу органдары
үшiн мiндеттi.
4. Талап етiлген ақпарат прокуратура органдарына
заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ
прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде
берiледi.
5. Прокурорлардың өз құзыретi шегiнде
тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк
органдардың, меншiк нысандарына қарамастан,
ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге,
олардың басшыларында және басқа да лауазымды
адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс
материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде
жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда,
құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен
танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан
талап етiп алдыруға құқығы бар.
6. Лауазымды адамдар мен азаматтар прокурордың
талап етуi бойынша айғақтар беру үшiн
оларға белгiленген уақытта келуге мiндеттi.
Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi
және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама
телефонограммамен, жеделхатпен немесе
оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн
басқа байланыс құралдары пайдаланыла
отырып та жiберiлуi мүмкiн.
7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау
не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз
себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп
соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары
орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде
оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы.
8. Прокурор, заңда көзделген басқа
жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда,
өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың
мәнi бойынша қандай да бiр
түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ
оларды кiмге де болсын танысу
үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп
жатқан тексерулер мен
7-бап. Арыздарды қарау
1. Прокуратура органдары
2. Егер адам бойындағы, психикасындағы
немесе өзге де кемiстiктерi салдарынан
өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын
болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде
қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Прокуратура органдары заңда белгiленген
тәртiппен адамның және азаматтың құқықтары
мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен
мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде
өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамайтын
лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту
шараларын қолданады.
4. Прокуратура органдарына қол қойылмай
жасалған арыздар тексерiлмейдi, бiрақ
прокурор азаматтың мүддесi тұрғысында
ақпарат көзiн жария етпеуге хақылы.
8-бап. Прокурордың iс-
1. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады. Прокурордың талаптары мен актiлерiне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
2. Сот не жоғары тұрған прокурор
прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне
арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға
дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра
алады.
3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың
және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары
бойынша не өз бастамасы бойынша төмен
тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады
не оларды қайтарып ала алады.
2 ТАРАУ
Прокуратура органдарының
жүйесi және оларды ұйымдастыру
9-бап. Прокуратура
Қазақстан Республикасының
прокуратурасы органдарының
10-бап. Республиканың
Бас прокуроры және оның
1. Республиканың Бас Прокурорын:
1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республика
Президентi бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды;
2) қызметтен Республика Президентi босатады;
3) ол Республика Президентiне есеп бередi;
4) оны өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде қылмыс
үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған
жағдайда болмаса, Сенаттың келiсiмiнсiз
тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен
қолданылатын әкiмшiлiк жазаға, қылмыстық
жауаптылыққа тартуға болмайды.
2. Республика Бас Прокурорының бiрiншi
орынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың
ұсынуы бойынша Республика Президентi
қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады.
3. Республика Бас Прокурорының орынбасарлары
сонымен бiрге Бас прокуратураның тиiстi
департаменттерiнiң бастықтары болып тағайындалуы
мүмкiн.
11-бап. Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi
Республиканың Бас Прокуроры:
1) Республика аумағында заңдар мен Президент
Жарлықтарының және өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердiң қолданылуына қадағалауды
жүзеге асырады, төменгi прокуратуралардың
қызметiне басшылық етедi;
2) Республиканың Конституциясы мен заңдарына
қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық
актiлерге оларды қабылдаған органдар
мен лауазымды адамдарға наразылық жасайды;
3) Жоғары Сот Кеңесiнiң мүшесi болып табылады;
4) Қазақстан Республикасының прокуратурасын
ұйымдастыру мен оның қызметiнiң мәселелерi
мен материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру
шараларының тәртiбiн реттейтiн Қазақстан
Республикасы прокуратурасының органдары
мен мекемелерiнiң барлық қызметкерлерi
орындауға мiндеттi бұйрықтар, нұсқаулар,
өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады;
4-1) өз құзыретi шегiнде:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс
жүргiзу кодексi мен жедел-iздестiру қызметi
туралы заңдарының анықтау мен тергеу
органдарының, сондай-ақ жедел-iздестiру
қызметiн жүзеге асыратын органдардың
орындауы үшiн мiндеттi нормаларын қолдану
мәселелерi бойынша; V106015, .V106343
құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi
үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен
арнаулы есепке алу мәселелерi бойынша
нормативтiк құқықтық актiлер; V053704, V085640,
V095855, V095995, V032576, V042843
осы Заңға және Қазақстан Республикасының
өзге де заң актiлерiне сәйкес басқа да
нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
4-2) жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен
тергеудi жүзеге асыратын органдар шығаратын
нормативтiк құқықтық актiлер бойынша
келiсу туралы шешiм қабылдайды;
5) прокуратураларды, прокуратура органдарының
мекемелерiн құрады, қайта құрады және
таратады, олардың құрылымын, құрылымдық
бөлiмшелердiң құқықтары мен мiндеттерiн,
Қазақстан Республикасының Президентi
бекiткен штат санының лимитi шегiнде прокуратура
органдарындағы штат санын және еңбекақы
төлеу қорын белгiлейдi;
6) Республика Президентiне жоғары сыныпты
шендер мен әскери атақтар беру үшiн кандидатуралар
ұсынады;
7) облыстардың прокурорларын және оларға
теңестiрiлген прокурорларды, әскери прокурорларды,
олардың орынбасарларын, аудандардың,
қалалардың прокурорларын және оларға
теңестiрiлген прокурорларды қызметке
тағайындайды және қызметтен босатады;
8) прокуратура органдарының қызметi туралы
Республика Президентi алдында есеп бередi;
9) белгiленген тәртiппен прокуратура органдарының
қызметкерлерiне сыныптық шендер мен әскери
атақтар бередi;
10) прокуратура органдарының қызметкерлерiн
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
наградаларымен наградтауға және құрметтi
атақтар беруге ұсынады;
10-1) "Прокуратураның құрметтi қызметкерi"
атағын бередi, осы атақты беру тәртiбi
туралы Ереженi бекiтедi;
11) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң
қару мен оқ-дәрi алу, сақтау, алып жүру
және тасымалдау тәртiбiн айқындайды;
11-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына
сот практикасының мәселелерi бойынша
түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
12) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында
берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
Информация о работе Қазақстан Республикасы прокуратура туралы заң