Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 20:07, курсовая работа
Құқықтық мемлекет – көпшілік- саяси биліктің құқықтық нысандағы құрылған қызметі, индивидтермен құқық субъектісі ретінде оның қарым – қатынасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: құқыққа негізделген заңның жоғарылылығы, құқықтық шындығы және индивидтердің еркіндігі; биліктің бөліну принципіне сай жалпы биліктің құрылуы және қызметі.
Кіріспе………………………………………………………………………3
1. Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы............. ……………….5
2. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы. ……………….….9
3. Құқықтық мемлекетті құруда билік бөлінісінің ролі.………......17
Қортынды…………………………………………………….…………..23
Қолданылған қайнар көздер тізімі…………………………………….25
1.
Құқықтық мемлекет
идеяларының дамуы.............
……………….5
2.
Құқықтық мемлекеттің
негізгі сипаттамасы.
……………….….9
3.
Құқықтық мемлекетті
құруда билік бөлінісінің
ролі.………......17
Қортынды…………………………………………………….…
Қолданылған
қайнар көздер тізімі…………………………………….25
Құқықтық мемлекет – көпшілік- саяси биліктің құқықтық нысандағы құрылған қызметі, индивидтермен құқық субъектісі ретінде оның қарым – қатынасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: құқыққа негізделген заңның жоғарылылығы, құқықтық шындығы және индивидтердің еркіндігі; биліктің бөліну принципіне сай жалпы биліктің құрылуы және қызметі.
Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы, мемлекеттік қоғамның ұзақ даму процесінде пайда болған жалпы адамгершіліктің құны жинақталған.
Кейінгі жылдары адам проблемасы біздің елімізде үлкен әлеуметтік, саяси және адамгершілік маңыздылыққа ие болуда. Актуальды мақсат – Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған саяси және әлеуметтік экономикалық құқықтарды барлық мемлекеттік органдардың мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету. Көптеген халықаралық органдар адам құқығын қорғауды, қамтамасыз етуге құрылған: БҰҰ-ның адам құқығы туралы комиссиясы, адам құқығы туралы комитет, адам құқығы туралы Еуропалық комиссия, Адам құқығы туралы Еуропалық сот.
Жалпы биліктің ұйымдастыру – құқықтық құрамы, құқықтық талаптарға сай болуы қажет және оларды орындауға бейімделуі қажет.
Кәзіргі
билікті бөлу принципі біздің, Қазақстан
Республикасының
Ондай билік үшеу: заң шығарушы билік (заң шығаратын органдар), атқарушы билік ( орындаушы органдар), сот билігі (сот органдары).
Бағамдық жұмысымның мақсаты жоғарыда көрсетіліп кеткен мәселелерге тоқтала отыра, Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің ұғымын толығырақ ашып, билікті бөлудің құқықтық мемлекетте алатын орнын көрсетіп беру.
Осы мақсатта мынадай тақырыпшаларға тоқталамын:
-Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары;
- Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы;
-Билікті бөлу қағидаларын жүзеге асыру.
Жұмыстың
методологиялық негізі болып мыналар
табылады: Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Қазақстандық және шет
ел авторларының монографиялары, периодтық
басылымдар және т.б.
1.Құқықтық
мемлекет идеяларының
дамуы
Мемлекетті өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар, адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу, құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктің арасындағы қарым –қатынасты көрсетуге талаптанғандағы тілектері, (мақсаттары) сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен тежеулі, ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттікке жатады. Заңның күші жоқ жерде -–Аристотельдің айтуы бойынша – «мемлекеттік құрылым нысаны жоқ». Цицеронның айтуы бойынша «халықтың жұмысы», құқықтық араласу және «жалпы құқықтық тәртіп». Ертедегі Грецияның және Римнің мемлекеттік – құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді.
Феодализм ыдырауынының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларды историзм тұрғысынан сол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н.Макиавелли және Ж.Боден айтқан. Макиавелли өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көпғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірибенің негізінде, саясаттың принципін түсіндіруді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеальды мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді.
Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті, себебі тек республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдікпен, бостандықтың талаптарына сай келетін. Боден, мемлекетті – көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.
Буржаузиялық
революциялардың кезеңінде
Гроций – табиғи –құқықтық мектептің бірінші теориялық маманы болды. Оның теориясы бойынша: табиғи құқық және ерікті белгіленген құқық болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтың шығатын көзіне адам табиғаты, адамдық ақыл-ой жатады.
Табиғи
құқықтың ұйғарымына: басқа адамның
нәрсесін алмауға, өзін - өзі ұстау,
уәдеге тұру міндеттілігі, кінәлілердің
шығындф төлуі, сонымен қатар
«Воздаяние» адамдарды
Феодоализмнің
құқықтық институттарын Гроций адам
табиғатына қарсы деп жариялады,
сондықтан «ақыл – ой заңдылығына
жауап беретін» жаңа талаптара жауап
беретін құқық қажет деп
Спиноза демократиялық мемлекеттің теориялық негіздемесін жасауға қатысқан. Оның айтуы бойынша мемлекеттің күшті болуы әрбір азаматтың өмірін қорғап қана қоймай, мүдделеріне қанағаттандырудың қажет екенін айта келіп, әрбір басқарушылардың жеке меншікті, қауіпсіздікті, ар – ұятты, бостандықты және басқа да жақсы жағдайларды сақтауға міндеттілігін көрсетеді.
Гоббс –Англиядағы абсолюттік монархияның қорғаушысы ретінде, қоғамдық өмірдегі құқықтың үстемдігі туралы бірнеше прогрессивті еңбектер жазды. Оның еңбектерін кейіннен буржуазиялық революция оқымыстылары жетілдірді, дамытты. Гоббс адамның бостандығын, заңмен тиым салынбайтын жағдайлардың бәріне де құқығы бар деп түсінді. Соның негізінде, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі өте тиімді принциптедің теориялық негізін салды.
Локк –Маркстың айтуы бойынша, буржаузиялық қоғамның құқықтық ойларын, феодалдық қарама – қайшылықтағы классикалық жеткізуші болды.
Мемлекет, адамның табиғи құқығын қорғау үшін құрылғандықтан, Локктың ойынша, меншікті құруға және ұйымдастыруға заңдар қабылдайды және ол заңдарды орындауға, сырттан басып кіруді болдырмауға қоғамдық күштерді пайдаланады.
Құқықтық мемлекеттің жағдайындағы адам бостандығы, Локктың сөзімен: «заңды өкіметпен белгіленген өзгермейтін бәріне бірдей ережеде, бостандықта, барлық жағдайда заң ұлықсат етсе, өзіңнің тілегеніңді жаса және әрдайым белгісіз басқа адамның еркіне тәуелді болмау» 1
Кант – құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін жан –жақты зерттеген адам. Көпшілік құқықтың принципіне, философтың ойынша халықтың шексіз құқығы жатады, яғни өзінің еркін білдіретін конституция қабылдау арқылы тәртіпті орнату. Халықтың үстемділігі, мемлекеттегі барлық азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамаы етеді, «көптеген адамдардың құқықтық заңға бағынған жиынтығы». Конституциялық құқыққа сүйенген мемлекеттің жұмысы халықтың жалпы еркіне сай болады, азаматтардың құқығы – жеке бастарының еркіндігі, адагершілігі, ойлары. Шаруашылық қимылдарының тежелуі мүмкін болмаған.
Батыс Еуропадағы прогрессивті саяси – құқықтық ойлардың иелері Иеринг, Елинска, Дюги, Ориу, Паунда, Спенсер және басқалар құқықтық мемлекет теориясының элементтерін өз кезеңдеріндегі көзқарастарға тәжірибелерге сай дамытты. Иерингтың ойынша құқықтық мемлекет тек сол жерде болады, егер мемлекеттік өкімет алдын –ала өзі бекіткен тәртіпке өзі бағынса, сонда ғана ол ақырғы құқықтық бекітілуге ие болады. Тек құқық үстемдік алғанда ұлттың хал – жағдайы гүлденеді, сауда, кәсіпшілік өркендеп, халыққа тән «ақылдылық және адамгершілік» өріс алады.2
Құқықтық мемлекет идеялары орыстың саяси – құқықтық ойларында да кең көлемде орын алды. Ондай ойларды Д.Н: Писаревтің, А.И. Герценнің, Н:Г: Чернышевскийдің, А.Н:Радишевтің, П:П.Пестельдің, М:Н. Муравьевтің және басқалардың еңбектерінен көруге болады. Олар көбінесе, феодализмнің заңсыздықтарын шындық негіздерге сай қатты сынға алады.
Құқықтық мемлекеттің көпғасырлық тәжірибесін, теориясы мен жұмысын, өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми жағынан қабылдамау инерциясы қоғам өмірінде әлеуметтік- экономикалық, мәдени, рухани жеке ұлттық қақтығысуларды туғызды. Кейінгі жылдары реформалық процестердің тек біздің елімізде ғана емес, бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттерде де жүріп жатқанына байланысты мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарастар пайда болды. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің ролін бағалаудағы жаңа қатынастан байқауға болады. Бұрынғы және қазіргі ғылыми арсеналды, құқықтық мемлекеттің қызметін және іс жүзіндегі тәжірибесін пайдаланып қазіргі өркениетті елдерде, құқықты жүргізушілер, философиялық, экономикалық және саяси ойлардың негізінде шын мәніндегі болашақ құқықтық мемлекеттің үлгісін белгіледі.
2.Құқықты
мемелекеттің негізгі
сипаттамасы
Құқықтық мемлекет - көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойынша жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың деңгейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет - бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу нысаны құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге кұрылады. (Құқық алдыңғы ролді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі зандар шын мәнісінде, халықтың және, мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, олардың пайдалану шындытың іске асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде құқықтыұ актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына қарсы болды.3
Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әртүрлі меншік формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік, коллективтік, арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең қүқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады, жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нөтижесі мен өнімдердің меншіктенушісі болып есептеледі.
Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы,- тек өзін-өзі билегенінде, меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап, өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз өсуін жөне оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.