Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:46, курсовая работа

Описание работы

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................3

1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
1.1 Құқықтық нормалардың құрылымы............................................. 4
1.2 Құқықтық нормалардың жіктелуі..........................................12

2 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС-ЖҮЗІНДЕ АСЫРУ
2.1 Құқық қолданудың негізгі сатылары.....................................14
2.2 Құқық нормаларын талқылау және оның түрлері...................20

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................

Работа содержит 1 файл

ТГП.doc

— 212.50 Кб (Скачать)


                    

 

 

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

 

                                                                            Қорғауға жіберілді

                                                                            Кафедра меңгерушісі

                                                                            з.ғ.к., доцент

                                                                            --------------------

                                                                             А.А.Алимбаева

 

                                                                              2008ж «----»---------------

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «  Құқық  нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері »

 

 

050301 « Юриспруденция»

 

 

 

 

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің

                                                                     Ю-13ск тобының студенті

                                              

                                                                                   ------------------------------------

                                                                                    Ғылыми жетекшісі:

                                                        з.ғ.м аға оқытушы

                                                      Адильбекова Қ.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРАҒАНДЫ 2008

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.......................................................................................3

 

1  ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ

          1.1 Құқықтық нормалардың құрылымы............................................. 4

        1.2 Құқықтық нормалардың жіктелуі..........................................12

 

2  ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС-ЖҮЗІНДЕ АСЫРУ

2.1 Құқық  қолданудың негізгі сатылары.....................................14

2.2 Құқық нормаларын талқылау  және оның түрлері...................20

 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................24

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Менің бұл курстық жұмысты жазу себебім осы құқық және құқық нормаларын қарастырғым келді.

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.

Норма сөзі латын тілінен аударғанда «үлгі», «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез-кұлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісім шарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.

Құқықтық нормалардың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:

1.                  Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады.Құқық нормаларының мәтінінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмлелерді олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни, бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдсй болып табылады.

Әр кезде тиімді құқықтык нормалар коғамдық қатынастарды реттеуде қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше, тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады. Құқық жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы тиімді құқық нормаларын қабылдау болып табылады. Құқық нормаларынын мазмұнын аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада танып, зерттегенде ғана оның барлық сипаты мен тиімділігіне баға беруге боладыҚұқықтық нормалар басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда жалпы мазмұнға ие, бәріне бірдей колданылатын мінез- құлықты бекітеді.

Осыдан мынандай қорытынды туындайды: құқықтық нормалар өмірде болған жағдайларға сан алуан рет колданылады және ол жеке бір субъектке. бағытталмайды жалпыға бірдей болып табыладыМемлекеттік органдар өздерінің құқық бекіткен құзырлары бойынша құқықтық нормаларды қабылдайды

 

 

1.ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ

1.1  Құқықтық нормалардың құрылымы

 

 

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.

Норма сөзі латын тілінен аударғанда «үлгі», «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез-кұлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісім шарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.[ Өзбекүлы С, Қопабаев Ө.. - 164 б.]

Құқықтық нормалардың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:

2.                  Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады.Құқық нормаларының мәтінінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмлелерді олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни, бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдсй болып табылады.

Құқық нормаларында халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық нормаларында бекітілуі көп болған. Мысалы, коммунизм идеологиясының негізін қалаушы              Карл Маркс өзінің «Коммунистік партияның               манифесті»деген              еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз әмірінен алған. К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып, отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып, бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді «менікі» дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды. Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана мұрагерлік берілген.

3.                  Социалистік идеологияны жазу барысында К.Маркс «Коммунистік партияның манифесінде» қатаң мүрагерлік заңын жокка шығаруды талап етті.

3.Құқықтық нормалар қажет болған жағдайларда мемле-
кеттік күшпен қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полиция
және басқа да мемлекеттік органдар құқық нормаларын бұрма-
лаған, немесе орындамаған субъектілерге күш қолданады, жа-
уап қатартады.

Құқықтық норма дегеніміз мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды — айқын және орындалуы, сақталуы, қажет болган жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез құлықтың үлгісі.

Құқықтық нормалар жеке тұлғалар мен занды тұлғалардың нақтылы мағынадағы құқықтық жағдайларын, мінез-құқықтарын бекітеді. Құқықтық қатынасқа түскен субъектілер құқық нормаларындағы ереже, үлгі талаптарына сай ғана әрекеттер істеулері тиіс. Формула жүзінде:

«Мен солай істеуім керек, құқық нормасы менен соны талап етеді» деген талап іс жүзіне асырылуы тиіс. Осыған байланысты құқытық нормаларының мазмұны мынандай ерекшеліктермен айшықталады:

1. Құқықтық нормаларда қайсыбір болмасын заманның, тарихи жағдайлардың тілек-талаптары мен қажеттілігі бекітіледі. Мысалы, Қазан төңкерісінен кейін Кеңес өкіметі қабылдаған құқық нормалар өтпелі дәуірдің барлық талаптарын бекітті (жерді тартып алу, завод, фабрикаларды тәркілеу, байларды сайлау құқықтарынан айыру, қалыңмалды, әмеңгерлікті, көп әйел алушылықты жою).[1]

2. Субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы, айқын мағынада бекітіледі. Жеке және заңды тұлғалар тек талаптар негізінде құқықтары мен міндеттерін атқара алады. Құқықтық норма үлгісінен тыс әрекеттер заңсыз деп танылады.

3. Құқықтық нормалардың мазмұны, түсініктілігі және санаға ұғымдылығы оны жазған, қабылдаған органдардың сауаттылығына тікелей байланысты болды. Шашыраңқы, түсініксіз, қайталауы басым, дұрыс дәрежеде аударылмаған құқықтық нормаларды қолдануда көптеген қиындықтар туындайды. Құқықтық нормалар математикалық формулалар сияқты нақтылы-,айқын және қысқа болулары шарт. Көп сөзділік, мағынасы түсініксіз нормалар бұрмалауға жол ашады, заңсыздыққа әкеп соқтырады.

4. Белгілі күштер, партиялар, топтар және таптар лоббизм тетіктерін пайдалану аркылы өз мүдделерін құқық нормаларында бекітеді.

Әр кезде тиімді құқықтык нормалар коғамдық қатынастарды реттеуде қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше, тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады. Құқық жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы тиімді құқық нормаларын қабылдау болып табылады. Құқық нормаларынын мазмұнын аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада танып, зерттегенде ғана оның барлық сипаты мен тиімділігіне баға беруге болады.

Құқықтық нормалар басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда жалпы мазмұнға ие, бәріне бірдей колданылатын мінез- құлықты бекітеді.

Осыдан мынандай қорытынды туындайды: құқықтық нормалар өмірде болған жағдайларға сан алуан рет колданылады және ол жеке бір субъектке. бағытталмайды жалпыға бірдей болып табыладыМемлекеттік органдар өздерінің құқық бекіткен құзырлары бойынша құқықтық нормаларды қабылдайды.

Бірақ, қабылдаған нормалардың бәрі құқықтық нормалар болып саналмайды. Олардың шығарған көптеген кесімдері әр түрлі жағдайларға байланысты болған сәттерге арналып шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентінің бір адамды орденмен марапаттау туралы шығарған жарлығы, министрдің төменгі сатыда тұрған бөлім, басқарма бастықтарын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары, облыс әкімінің аппараттағы бөлім басшысын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары және т.б. бұл жерде лауазымды тұлғалардың шығарған кесімдері өздерінің құзырларына байланысты, бір гана жағдайларға байланысты бір ғана жағдайларға қатысы бар, басқа адамдарға ешқандай қатысы жок. Судьяның заң негізінде шығарған шешімдері мен үкімдері де дара кесімдер қатарына жатады. Дара кесімдер кұқық нормалар сияқты нормативтік сипатқа ие бола алмайды, бір ғана жағдайларға қолданылады, сонымен өзінің күшін жояды.[ Ағдарбеков Т. - 320 б.]

Құқықтық нормалардың өздеріне тән арнайы құрылымы болады. Құқықтық нормалардың құрылымы танудың теорияға және тәжірибеге мәні өте зор. Оны меңгеру, білу арқылы заңгерлер құқықты қолдану процесі қызметінде кеңінен пайдаланады.

Құқықтық норманың құрылымы дегеніміз2 - қисынды мағынамен оның ішкі мазмұныны ңэлементтерін айқындап көрсету. Құқықтық нормалардың құрылымы мынандай элементтерден тұрады:

1. Гипотеза (шарт, жағдай)

2. Диспозиция (мінез-құлык)

3. Санкция (жаза)

Гипотеза — өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы. Негізінде «Егер» деген мағынамен қамтылады. Гипотеза құрамдық мағынасына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:

1. Жай (жұпыны) гипотеза бір ғана жағдай болғанда құқықтық норманың дипозициясы іс жүзіне асырылады, немесе қолданылады.

2. Күрделі гипотеза скі немесе бірнеше жағдайлар арқылы диспозиция қолданылады. Мысалы, «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңының 3-мынандай күрделі гипотезаны бекітеді: «Республика Президентін, Парламснт Мәжілісінің және мәслихаттарының дспутаттарын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері сайлау жалпыға бірдей,тең және төте сайлау құқығы негізіндс жасырын дауыс беру жағдайында өткізеді». Бапта көрсетілгендей сайлаудың өтуі үшін бірнеше жағдайлар, шарттар бекітілген.

Информация о работе Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері