Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:21, курсовая работа
Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан ел өмірінде көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі өзгерді.
1)Құқықтың қайнар көздерінің ұғымы мен түрлері;
2)Нормативтік актілердің ұғымы мен түрлері;
3)Занның ұғымы және белгілері;
4)Нормативтік актілердің қызметі;
Құқықтың қайнар көздері
Жоспар:
1)Құқықтың қайнар көздерінің ұғымы мен түрлері;
2)Нормативтік актілердің ұғымы мен түрлері;
3)Занның ұғымы және белгілері;
4)Нормативтік актілердің қызметі;
К І Р І С П Е
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына биыл 22 жыл болады. Біздің елімізде құқықтық жүйе енді қалыптасып жатыр.
Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланды.
Қазіргі заманда
құқықтың қайнар көздері туралы көптеген
ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми
көзқарастарға байланысты ерте заманнан
қазіргі уақытқа дейінгі
Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан ел өмірінде көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі өзгерді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық өмірінің барлық саласы түгелімен өзгерді. Қоғамның жан жақты даму процесінде ерекше орынды құқық, яғни Конституция мен нормативтік құқықтық актілер иеленеді. Онсыз құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің құрылуы мүмкін емес.
Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік – жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет – ғұрыптар адамдардың сана – сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.
Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.
Құқық қоғамдық
қатынастардың мемлекеттік
Құқықты
түсіндірудегі қазіргі
Құқықтың қайнар көздері – бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативті заңды актілер;
2. Санкцияланған әдет – ғұрыптар;.
3. Заң прецеденті;
4. Нормативті шарт;
5. Құқықтың жалпы қағидалары;
6. Діни мәтіндер.
Нормативті құқықтық актілер – бұл құқық нормаларынан тұратын және нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құзырлы мемлекеттік органнан шығатын ресми құжаттар. Нормативті актілерді нормашығармашылық құзырлығы бар мемлекеттік органдар қатаң белгіленген нысанда шығарады. Заңды күшіне байланысты барлық нормативті актілер заңдарға және заң күшіндегі актілерге бөлінеді.
Қоғамның объективті даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір - біріне қайшы келуі де, немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы саналуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану, жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әртүрлі әдіс - тәсілдері болады.
XX ғасырдың екінші
жартысында халықаралық
Әрине, халықаралық - құқықтық нормалар ұлттық заңдардың және мемлекеттік құрылыстың барлық салаларын қамти алмайды. Басқару мен мемлекеттік құрылым нысандары әр халық өзі таңдайды және мұндай таңдауға халықаралық құқық ықпал ете алмайды.
Сонымен бірге халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңға әсері туралы да айтуға болады. Осы ретте халықаралық құқық нормаларының өзінен өзі пайда болмағанын, әр түрлі елдердің мемлекеттік - құқықтық құрылыс жөніндегі заңдарынан мейлінше өміршендерін бойына жинақтағанын атап көрсеткен жөн. Енді ол нормалар жекелеген елдер халықтарының еркін білдіретін сипатта емес, алдыңғы қатарлы халықаралық қоғамдастық арқылы халықтардың жинақталған еркін білдіретін жаңа сапада жекелеген мемлекеттерге қайтып оралады.
Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде құрылған күнінен бастап Қазақстан заңдары халықаралық құқық нормаларын ескере отырып қалыптаса бастады. Бұл бағыт Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында барынша сабақтастықпен көрініс тапты.
Халықаралық құқық нормалары өзін - өзі тану құқығына тек саяси құқықты ғана емес, сондай - ақ экономикалық құқықты да жатқызады.
Аталған актте азаматтық және саяси құқықтар туралы мынандай қағида бар: «Өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін барлық халықтар өзара тиімділік принципіне негізделген халықаралық
экономикалық ынтымақтастықтан және халықаралық құқықтан туындайтын міндеттемелеріне қандай да бір нұқсан келтірмейтіндей жағдайда өзінің табиғи байлықтары мен ресурстарына еркін билік жүргізе алады »(1 - бап).
Халықаралық құқықтың нақты мемлекеттің құрылымдық және басқару проблемаларына араласпайтыны белгілі. Сонымен бірге мемлекет қызметін ұйымдастыруда халықаралық құқық нормаларына сүйенетін бірқатар мәселелер бар.Оның қатарына бірінші мемлекетті демократияландыру проблемасы жатады. Халықаралық құқық нормалары мемлекеттік биліктің демократиялық тұрғыда ұйымдастырылуын қолдайды. Осы нормалар Қазақстан Республикасы Конститутциясында жүйелі қолданылады.
Халықаралық құқық мемлекеттің заң шығару қызметінің барынша елеулі сәттеріне айрықша назар аударады. Әр түрлі акттерде заңдардың кері күшін белгілеуге жол берілмейтіндігі атап көрсетілген. «Адам құқының жалпыға бірдей Декларациясында»: «Қайсы бір іс -әрекеті немесе әрекетсіздігі негізінде жасаған қылмысы үшін, оны жасаған кезде ұлттық заң бойынша да, сондай-ақ халықаралық құқық бойынша да қылмыс құрамы болмаса, ешкім сотталмауы тиіс. Сондай- ақ қылмыс жасалған кезде қолданылуы мүмкін болса да, барынша ауыр жаза қолданылмайды» деп жазылған. ҚР Конститутциясының 77-бабында: «Жауапкершілік белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады» делінген.
Аталған нормалардан мынандай жәйттер назар аудартады. Әдетте, Конституцияда заңның кері күші көрсетілмейді. Алайда, ҚР Конституциясында мұндай құқықтық норма бар, ол адам құқығын қорғаудың жүйелілігінің жемісі. Оның үстіне халықаралық құқық нормаларына қарағанда ҚР Конститутциясы нормаларының ауқымы кең. Халықаралық құқық нормалары тек қылмыстарға қатысты болса, ҚР Конститутциясы нормалары құқық бұзушылықтың барлық түрлерін: мүліктік, еңбек, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты қамтиды. Заңның кері күшіне тыйым салуды барлық жағдайға орнықтыру немесе жауаптылықты күшейту - мейлінше, мархабатты шара.
Адам құқығы саласында ҚР Конституциясының толықтай халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Адам қоғамның даму процесінде бір - бірімен байланысты миллиондаған қарым - қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективті диалектикалық процес. Осы процесті реттеп - басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала - салаға, жүйе - жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге, қоғамның салалық - жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп - басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның , объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi
1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi
және туынды актiлер болып бөлiнедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi
түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық
заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы
Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық
Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi
мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
және Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік
қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының
министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк
органдар басшыларының нормативтiк құқықтық
бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттiк органдардың
нормативтiк құқықтық қаулылары;
7-1) Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 315 Заңымен.
8) мәслихаттардың нормативтік
құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік
құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік
құқықтық шешімдері.
3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң
туынды түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк
орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi
қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк
құқықтық акт;
1-1) техникалық регламент - Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу туралы
заңнамасына сәйкесәзiрленетiн және қолданылатын өнiмдерге
және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне
қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн
нормативтiк құқықтық акт;
1-2) Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен;
1-3) мемлекеттік қызметтер көрсету
стандарты - мемлекеттік қызметтер көрсету
процесінің, нысанының, мазмұны мен нәтижесінің
сипаттамасын қамтитын көрсетілетін мемлекеттік
қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін
нормативтік құқықтық акт;
1-4) мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентi – мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартының сақталуын қамтамасыз етуге
қойылатын талаптарды белгiлейтiн және
орталық мемлекеттік және жергілікті
атқарушы органдардың, олардың ведомстволық
бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың,
сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың
мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі
қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк
құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
мемлекеттік қызмет көрсету процесіне
қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті
атқарушы органдардың, олардың ведомстволық
бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке
және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара
іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді;
1-5) мемлекеттiк қызметтер көрсету
тiзiлiмi – көрсетілетін мемлекеттiк қызметтердi
алушылар, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз
ететiн орталық мемлекеттік және жергілікті
атқарушы органдар мен ұйымдар көрсетіле
отырып, республикалық және жергiлiктi
деңгейлерде көрсетiлетiн мемлекеттiк
қызметтердiң үнемі жаңартылып отыратын
тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды
қамтитын нормативтiк құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк
органның мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн
нормативтiк құқықтық акт;
3) қағида - қандай да бiр қызмет
түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн
белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық
қатынастардың қандай да бiр саласында
қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн
нормативтiк құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының заңдарында
туынды түрдегі нормативтік құқықтық
актілердің өзге де нысандары көзделуі
мүмкін.
4. Туынды түрлердегi нормативтiк
құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк
құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе
бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды.
Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң
нормативтiк құқықтық актiлер сатысында
алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен
анықталады.
5. Орталық атқарушы органдар
мен Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын,
әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы
органдардың нормативтік құқықтық актілер
шығаруға құқығы жоқ.
6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып
табылмайды.
Заң – бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың ерік – жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы орган немесе референдумда қабылданған нормативті акт.
Заңда мынадай негiзгi
ұғымдар пайдаланылады:
1) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды
реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы
61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi
принциптер мен нормаларды белгiлейтiн,
Қазақстан Республикасының Парламентi,
ал Қазақстан Республикасы Конституциясы
53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда
Қазақстан Республикасының Президентi
қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;
1-1) заң техникасы – нормативтік құқықтық
актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары
мен қағидаларының жиынтығы;
2) заңнамалық акт - конституциялық
заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң
конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс,
заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң
заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң
қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық
актiлер - заңнамалық және өзге де сатысы
бойынша жоғары тұрған нормативтiк құқықтық
актiлер негiзiнде және (немесе) орындау
үшін және (немесе) одан әрі іске асыру
үшін шығарылатын, заңнамалық болып табылмайтын
өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
4) заңнама - белгiленген тәртiппен
қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң
жиынтығы;
5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында
көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық
қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар
бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң;
6) Конституциялық заң - Қазақстан
Республикасы Конституциясында конституциялық
деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы
62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен
қабылданатын заң;
7) Қазақстан Республикасы
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк
тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн
және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық
сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын
Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң
бiрыңғай жүйесi;
8) Қазақстан Республикасы нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау
банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан
Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк
құқықтық актiлердiң (өзгерiстерi мен толықтыруларын
қоса) қағазға басылған мәтiндерiнiң жиынтығы;
9) Қазақстан Республикасының
Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы
Конституциясы 62-бабының 3-тармағында
белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
10) құқық нормасы - реттелетін
қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте
қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған
тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты
немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi
жүріс-тұрыс қағидасы;
11) нормативтiк құқықтық акт -
референдумда қабылданған не уәкiлеттi
орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы
қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн,
олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын
немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы
жазбаша ресми құжат;
11-1) Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімі – мемлекеттік
органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының
4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан
Республикасының әділет органдарында
мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік
құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу
нөмірі және деректемелері қамтылған
жазбаша түрдегі тізбе;
12) нормативтiк құқықтық актiлердiң
ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан
Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң
эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан
өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа
басылымында жариялау;
12-1) нормативтік құқықтық актілердің
құқықтық мониторингі – Қазақстан Республикасының
заңнамасына қайшы келетін, ескірген және
сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық
нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының
тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан
Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы
ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ
оның даму динамикасын және қолданылу
практикасын болжау бойынша тұрақты негізде
жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың
қызметі;
13) нормативтiк құқықтық актiнiң
деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң
нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы
өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;
14) нормативтiк құқықтық актiнi
ресми жариялау - нормативтiк құқықтық
актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк
баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына
салу үшiн жариялау;
15) уәкiлеттi орган - Қазақстан
Республикасының Конституциясында, осы
Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды
адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын
заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес
нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға
хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан
Республикасының Президентi, Қазақстан
Республикасының Парламентi, Қазақстан
Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы
органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдар, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);
16) уәкілетті ұйым – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдары
әзірлеген және Қазақстан Республикасының
Парламентіне енгізуге жататын заң жобалары
бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі
мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде
ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге
асыру жөнінде Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайтын ұйым.