ҚР сот жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 21:07, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлық қабылдады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі.docx

— 54.37 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен  судьяларының мәртебесі

  1. Сот билігінің конституциялық негіздері

Қазақстан Республикасында  сот билігі мемлекеттік билік  тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда  туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек республиканың  атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік  органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының  Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің  тәуелсіздігін күшейту бойынша  шаралар туралы» Жарлық қабылдады.

Президентке облыстық және ондайларға теңестірілген соттардың  төрағаларын тағайындау бойынша конституциялық өкілеттік берілген. Парламент, заң шығарушы билік ретінде заңдар қабылдау арқылы сот жүйесін, оның қызметі принциптерін, сот органдарының құзыретін, судьялардың мәртебесін, олардың істерді қарастыру тәртібін және т.б. белгілейді.

Мемлекеттік биліктің бәр тармағы ретінде сот билігінде  біртұтас мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілер бар: 1) оның қызметі  мемлекеттің бүкіл кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының  Конституциясына негізделеді; 2) оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады; 3) сот органдарының шешімдері  тек олардың құзыреті шеңберінде қабылдануға тиіс; 4) сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар, олардық  бірлестіктері үшін міндетті; 5) сот  органдары заңдылық пен құқық  тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі.

Биліктің ерекше тармағы ретінде сот билігінде  белгілі бір өзіндік ерекшелікті  белгілері бар.

Сот билігінің  маңызды өзіндік белгісі оның айрықшалығы болып табылады. Ешбір  басқа билік тармағының – заң  шығарушы, атқарушы, сондай-ақ Қазақстан  Республикасы Президенті де сот өкілеттіктерін иеленбейді. Тек соттар ғана әідл сотты  жүзеге асырады, бұл Конституцияда  ерекше ескерілген. Конституцияның 75-бабында  «Қазақстан Республикасыда әділ төрелігін тек сот қана жүзеге асырады» деп жазылған. Осы кағиданы дамыта отырып, 2001 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңда соттың айрықша өкілеттіктерін басқа органдарға табыстауды көздейтін заңнамалық кесімдер шығаруға тыйым салынады. «Шығару» дегенннің орнына «қабылдау» деп жазу керек еді, өйткені «шығару» «қабылдауды» жоққа шығармайды. Мысалы, ХХ ғасырдың 30-жылдары КСРО Конституциясына қайшылықта «халық жауларына» қатысты сот функцияларын жүзеге асырған «үштік», «бестік» секілді жазалаушы органдар құрған нормативтік құқықтық кесімдер қабылданды. Ол нормативтік кесімдер басылып шығарылған жоқ. Әрине, редакциялық тұрғыдан дәл болмауына қарамастан, аталмыш заң нормасының саяси-құқықтық маңызы бар, өйткені ол конституциялық қағидаларының кепілдігіне бағыталған. Сот жүйесі туралы заң бұрын республиканың заңнамасында болмаған жаңа норманы енгізді. Сот өндірісі тәртібінде қарастыруға жататын жолдауларды, арыздар мен шағымдарды ешбір басқа органдар, лауазымды не өзге тұлғалар қарастыра немесе бақылауына ала алмайды. Бұл норманың белгілі бір әлеуметтік-құқықтық мағынасы бар. Заңи бейхабарлығының арқасында азаматтардың сотқа емес, басқа мемлекеттік органдарға жүгініп, олардың құзыретіне жатпайтын мәселелер жүктейтіні сирек емес. Солай болғанымен де, мемлекеттік органдар азаматтардың арыздарын, шағымдарын қабылдап, олардық қарастыруға талпынады, ал бұл тек олардың жұмысын қиындатып қана қоймай, теріс салдарларға әкеліп соғады. Басқа жағынан, өздеріне тән емес мәселелермен шұғылдана отырып, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар сайып келгенде әділ сот органдарының орнын ауыстырады. Әрине, аталмыш заң нормасын іске асыру жалпыға бірдей құқықтық сауаттылық, заңгерлік қызметтердің кеңінен таралу және мемлекеттік органдардың тиянақты қызметі жағдайында мүмкін болады.

Даулы мәселелер  тек сот арқылы шешіле алады. Өз бетімен, заңдар белгілеген тәртіпке қарсы өзінің басқа тұлға немесе ұйым даулайтын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары  мен заңды мүдделеріне не болмаса  қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірген іс жүзіндегі немесе жорамал  құқығын жүзеге асыру қылмыс болып  мойындалады.

Сот билігінің  басқа бір өзіндік белгісі  оның өкіліеттіктерін асырудың ерекше рәсімі болып табылады. Біршама егеменді бөліктерден тұратын федеративтік мемлекетте әртүрлі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, процессуалдық заңдар болуы, олардың кейбірінің тиісті мемлекеттік  бірліктер шеңберінде әрекет етуі және өзіндік ерекшелік белгілері  блуы мүмкін. Біртұтас Қазақстан мемлекетінде соттардың процессуалдық қызметін асқан дәлдікпен, егжей-тегжейлі реттелмейтін біртұтас азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық  заңдар қабылданған және әрекет етеді. Енді әкімшілік-процессуалдық заңдарды әзірлеу қалды. Әкімшілік қызметкерлерді сот, сондай-ақ түрлі арнайы мемлекеттік органдар Кодтандырылмағын, сол себепті көптеген қолайсыздық туғызып қана қоймай, сонымен бірге созбалаңға, азаматтардың заңды мүдделерін шектеуге тартатын бөлек-бөлек нормативтік құқықтық актілердің негізінде қарастырады. Әкімшілік шалыс басулардың ортақ белгілері болғандықтан және оларды ортақ принциптердің негізінде және ортақ процессуалдық нысандарда қарастыру мүмкін болғандықтан Әкімшілік процессуалдық кодекс қабылдау қажет.

Сот билігінің  елеулі бір нышаны мемлекеттік қызметкерліердің ерекеше санаты болып табылатын  судьялардың ерекше мәртебесі мен  қызмет режимі болып табылады. Конституцияға  сәйкес Республиканың жиырма бес  жасқа толған, жоғары заң мамандығы  білімі, заң мамандығы бойынша  кем дегенде екі жыл жұмыс  стажы мен біліктілік емтиханын  тапсырған азаматтары судья бола алады (79-бап). Конституцияда судьялар үшін заң қосымша талаптар белгілей алатыны көрсетіледі. Осындай қосымша  талаптар «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі  туралы» Заң белгіленеді.

Судьялардың қызмет режимінің ерекшеліктері олардың  тәуелсіздігі және тек Конституция  мен заңға ғана бағыныштылығы  сияқты конституциялық қағидалардан көрінеді. Заң судьялардың ауыспайтындығы мен қол сұғылмайтындығын белгілейді. Олардың істеріне қол сұғылмауын белгілей отырып судьяларды қорғау қажеттілігі күмән туғызбайды.

Сенімді соттар туралы ерекше айту керек. 1998 жылғы қазанда  Қазақстан Ресбуликасының Конституциясына  «Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық  сот ісін жүргізу алқа заседательдерінің  қатысуымен жүзеге асырылады» (75-бап) деген  жаңа қағида енгізілді. Осындай жаңашылдық сот қызметін демократияландыру  туралы қоғамдық пікірді ескерудің  нәтижесі болып табылады. Қазақстанда  Сенімді заседательдер институты  ешуақытта болған емес, сол себепті  қандай да бір тарихи дәстүрлер туралы айта алмаймыз. Ал бұл мән-жайды сенімді  заседательдер туралы құқықтық негіздер әзірлеу кезінде есепке алу қажет.

Сот билігінің  өзіндік бір нышаны оның қызметін іштен бақылаудың ерекше жүйесі болып  табылады. Әділ сотты жүзеге асыра  отырып, соттар Конституция мен заңға  ғана бағынатын болғандықтан, заң  шығарушы, сондай-ақ атқарушы биліктің де олардың шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыруға құқығы жоқ. Соттардың қызметін бақылау  соттық қадағалау арқылы және прокурорлық  қадағалау арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғы Сот қадағалау тәртібінде төмен тұрған соттар қарастырған  істерді қарастырады.

Соттарды прокурорлық  қадағалауға келетін болсақ, ол әкімшілік-әміршіл  жүйенің қалдығы болып табылады деген пікірлер айтылып жүр. Осындай пікірлердің негізі бар, себебі Конституция әділ сотты жүзеге асыруда соттардың тәуелсіздігін бекітеді. Солай болғанымен де прокурорлық қадағалауды бірден  жойған да үйлесімді бола қоймас. Бұл жерде де сондай-ақ біртұтастық принциптерін ескерген жөн. Соттық қадағалау қалай дегенмен де ішкі мәселе болып табылады, төмен тұрған соттардың қызметін бағалаудағы ведостволық көзқарас қаупі әлі болса сақталып қалады. Прокуратура болса соттарды қадағалауды жүзеге асыра отырып, бүкіл Республика аумағында заңдардың, Президенттің жарлықтары мен өзге де нормативтік актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын бақылайды. Басқаша айтқанда, прокуратура соттар жергілікті жағдайларға орай үйлесімдікті заңдылыққа қарсы қоймас үшін оларды қадағалайды.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы мемлекеттің біртұтас құрылысын ескерімен ерекше сот  жүйесін бекітті. Қазақстан Республикасының  сот жүйесі елдің соттарының жиынтығы болып табылады. Қазақстанның сот  жүйесі азаматтық, шаруашылық, әкімшілік  және қылмыстық істерді қарастыруды  жүзеге асыратын жалпы заңдық хұкім  соттары сот мекемелерінің біртұтас жүйесінен тұрады. Олар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық сотар, аудандық (қалалық) халық соттары. Жалпы соттар жүйесіне әсери соттар кіреді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясынд судьялар заңды  қолдану кезінде басшылыққа алуға  тиіс әділ сот принциптері белгіленген (77-бап).

  1. Адамның кінәлі екендігі заңды күшңне енген сот үкімімен танылғанша ол жаслаған қылмыс кінәлі емес есептеледі. Бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам сот шешімі заңды күшіне енгенше қылмыскер болып есептелмейді деген сөз. Бұл демократиялық мемлекеттердің қылмыстық заңдарында мойындалатын кінәсіздік презумпциясы болып табылады. Конституцияда мұндай принцип, әдетте, бекітілмейді. Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияларында осы принциптің аталуын Кеңес үкіметі жылдарында кінәсіздік презумпциясы қылмыстық заң болып табылғанымен шын мәнінде іске асырылмағанымен, бұл адамдардың тағдырларына қайғылы әсер еткенімен түсіндіруге болады.
  2. Бұл құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Бұл принцип құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты қолданылады.

Егер адам қылмыс жасаса, сот тек бір жаза ғана қолдана алады. Дәл солай әкімшілік құқық бұзушылық үшін бір әкімшілік жаза қолданыла алады. Бұд принциптің де сондай-ақ «тарихи тамырлары» бар. Онша алыс емес өткен шақтарда шын және жалған қылмыстары үшін адамдар бірнеше дүркін жазаланып, тіпті өмір бойы құғынға ұшырап отырды.

  1. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Бұл принцип қолда бар қылмыстық-процессуалдық заңдарға өзгерту енгізді. Қазақ КСР қылмыстық-процессуалдық Кодексінде бірінші инстанция сотының үкімі екі мәрте күші жойылған істі екінші инстанция соты өзінің қарастыруына қабылдай алатын ереже болған еді. Конституция осы ережеге сотталушының пайдасына елеулі түзету енгізді. Соттылықты өзгерту сотқа тартылатынның тілегіне байланысты болады.
  2. Сотта әркім де өз сөзінің тыңдалуына құқығы бар.

Бұл демократиялық  әділ соттың жалпыға танымал принципі болып табылады. Сот жазалаушы  орган емес, ақиқатты анықтауға, сондай-ақ мәселені әділ шешуге арналған орган. Ал бұл сот процесіне қатысушылардың әрқайсысының толық көлемде өз сөзін  сөйлей алатын болса ғана мүмкін болады. Бұл сот процесіне қатысушының  конституциялық құқығы.

  1. Конституция белгілі бір жағдайларда заңдардың кері күші жоқ деп белгілейді. Төмендегідей заңдардың кері күші жоқ: а) жауапкершілік белгілейтін немесе күшейтетін; ә) азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін; б) азаматтардың ахуалын нашарлататын заңдар. Бұл принцип қисынды ақырына дейін жеткізіледі. Егер адам құқық бұзушылық жасағаннан кейін заңның күші жойылса немесе осы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік жұмсарса, онда жаңа заң қолданылады.
  2. Айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес. Бұл принцип кінәсіздік презумпциясынан туындайды. Егер адам заңдық жауапкершілікке тартылса, оның кінәлі екендігін тиісті орган дәлелдеуге тиіс. Бірақ бұл адам өзінің тағдырына немқұрайды болады деген сөз емес. Ол барлық заңды тәсілдермен өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, бірақ құқығы бар.
  3. Адам өз-өзіне қарсы көрсетуге міндетті емес екені туралы принцип өте гуманды болып табылады. Орта ғасырларда, тіпті кеңес үкіметі кезінде де сотталушының көрсетулері дәлел «патшасы» болып есептеледі. Сондықтан осындай көрсетулер кез келген, тіпті жендеттік тәсілдермен алынатын. Енді адам өзінің кінәсін ерікті түрде мойындай алады, бірақ өз-өзіне қарсы көрсетуге міндетті емес. Бұл принциптің кепілі жазалау үшін жалғыз мойындаудың жеткіліксіздігі туралы конституциялық қағида болып табылады. Адам зайыбына және жақын туыстарына қарсы көрсетуге міндетті емес деген конституциялық қағида да сондай-ақ гуманды болып табылады. Ата-аналарға, зайыптарына, жақын туыстарына қарсы көрсету көтермеленген уақыт біздің есімізде. Осындай әрекеттер тіпті ерлік деп дәріптелді. Конституция діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес деп көздейді.
  4. Кез келген күмәндерді сотталушының пайдасына түсіндіру әділ соттың маңызды принципі болып табылады. Бұл принцип айыпталушылардың кінәлігі туралы дәлелдері жеткіліксі бола тұрып, сонда да күдіктілерді сотқа тапсырып сотталуына ұмтылатын тергеу акцияларына қарсы бағытталған.
  5. Заңсыз тәсілмен алынған дәлелге заңдық күш бермеу конституциялық принцип болып табылады. Дәлелдерге қол жеткізудің басты заңсыө тәсілдері Конституцияда көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды деп айтылған. Адамның қадір-қасиетін кесіту арқылы алынған дәлелдер заңсыз болып табылады. Ешкім де азапқа, зорлыққа, басқаша қаталдыққа ұшырамауға тиіс. Дәлелдер егер оларды жинау және бекіту кезінде Конституция кепілдік берген адамның құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ процессуалдық заңдар белгілеген оларды жинау, бекіту тәртібі бұзылған бұзылған болса, егер осындай әрекеттер тиіссіз түрде жасалған болса заңды бұзумен алынған деп танылуға тиіс.
  6. Конституция қылмыстық заңды ұқсастық бойынша қолдауға жол бермейді. Бұл егер адам жасаған іс заңда қылмыс деп есептелмесе, сырттай ұқсас іс үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін заңды осы іске қолдануға болмайды деген сөз. Қысқаша айтсақ, егер заң көздемеген болса қылмыс жоқ.

 

  1. Сот билігінің функциялары

Қазақстан Республикасындағы  сот билігінің құқықтық негіздері  Конституцияда бекітілген маңызды  функциялардың бірқатарын атқарып  отыр. Ол функциялар сот билігін  біріншіден, мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде, екіншіден, мемлекеттік  биліктің басқа тармақтарына қатысты  тежегіштер мен қарсы салмақтардың ерекше тетігі бар мемлекеттік органдар жүйесі ретінде; үшіншіден өзінің қызметін өзіндік ерекшелікті принциптердің, нысандар мен әдістердің негізінде жүзеге асырушы мемлекеттік билік ретінде; төртіншіден, әділ сотты жүзеге асырушы органдар ретінде сипаттайды.

Қазақстандағы сот  билігі заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарын тежеу мен  шектеу, олардың қызметін құқықтық бақыылау функциясын атқарады. Бұл функция әділ сотты жүзеге асыруға арналған сот билігінің мәнінің өзінен туындайды. Сөздің кең мағынасында әділ сот барлық азаматтардың, барлық мемлекеттік органдардың жоғарыдан төменгісіне дейін, барлық мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінің құқыққа, құқықтық ережелерге сәйкестігін белгілеуге бағытталған қызмет болып табылады. Демек, әділ сот жайлы тек сот билігінде мемлекеттік органдардың қызметін де қолданыстағы құқық тұрғысынан бағалауға құқықтық мүмкіндігі болғанда ғана айтуға болады. Қарастырылып отырған функция біріншіден, соттар қолданылатын құқықтық нормаларды Конституция нормаларымен тексеріп отыруға тиіс екендігінен көрінеді. Соттар, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қандай орган қабылдағанына қарамай егер олар Конституцияға қайшы келсе, қолданбауға тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясында егер сот қолдануға жататын қандай да бір заң немесе өзге нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституция бекіткен құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтынын көрсе, онда ол іс бойынша өндірісті тоқтатуға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жолдануға міндетті. Осы құқық барлық соттарға, жергілікті, сондай-ақ Доғарғы Сотқа берілген және іс жүзінде олар осы құқықты парламенттің, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер қабылдау өкілеттігі берілген басқа да мемлекеттік органдардың конституциялық емес норма шығарушылығының тежеу тетігі ретінде пайдаланады. Заң шығару және атқарушы биліктің норма шығарушылық қызметін тежеу және шектеу функциясының айрықша маңыздылығын атап көрсете отырып, осы функцияның толық еместігі туралы айта кету керек. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік маңызды құндылықтары деп таниды. Сондықтан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының акцияларын тежеу мен шектеу Конституциялық ережеден туындайды. Себебі, соттар жалпы алғанда мемлекетті қорғауға арналған. Конституциялық ережелерді талдай отырып, мемлекет мүдделерін сот тәртібінде де қалай қорғау керек екенін белгілеуге болады. Және де мемлекеттің мүдделерін нормативтік құқықтық актілердің, тіпті заңдардың да Конституцияға сәйкестігі туралы Конституциялық Кеңеске жолдану арқылы да, сондай-ақ мемлекеттің мүдделеріне қысым жасауға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шараларды конституциялық емес деп тану арқылы қорғауға болады.

Информация о работе ҚР сот жүйесі