Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 13:26, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.
КІРІСПЕ 2
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ……………………………………………………………………….16
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 31
ҚОРЫТЫНДЫ 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 42
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ……………………………………………………………
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 31
ҚОРЫТЫНДЫ 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі 42
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.
Нарықтық экономикасына өту экономикалық тұрақтыландыруды, мемлекеттің тікелей әсерінсіз кәсіпорындардың шаруашылық өміріне араласудың реформалардың тереңдетуді, қаржы жүйесін тұрақты дамытуды және мемлекетпен кәсіпорындардың іс-әрекет ету шеңберін нақты айқындау үшін мемлекеттік басқаруын және реттеуін талап етеді.
Сонымен қатар осы тақырыптың өзектілігінің негізі бұл қазіргі кезде көптеген елдер үшін мемлекеттік басқару үрдісінің тиімділігін артттыру ең негізгі мәселе болып, көпшілік тарапынан осы жағдайға көп көңіл аударумен түсіндіріледі.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында біртұтастық пен басқарушылық талаптарының бұлжымай орындалуы жағдайында мемлекеттік биліктің түрлі деңгейлері арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар тұрғызу басты мақсат.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік басқаруды функциолаудың механизмін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі ролін анықтау.
Елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасуы экономиканы басқару жүйесінің өзгеруіне әсер етті. Әсіресе, мемлекеттік басқарудың орталықтандырылған жүйесінен біртіндеп орталықтандырмай басқару жүйесіне ауысу процесінің басталуы уақыт талабына сай екенін өмір көрсетіп отыр. Сондықтан да қазір мемлекеттік басқаруды тиімді ету жолдарын қарастыруда еліміздің аймақтарына біртіндеп өкілеттіктерді беру арқылы жергілікті мәселелердің тиімдіәрі уақытында шешімін табуға, халықтың мүддесінің толығымен сақталуының негізгі жолдары іздестірілуде.[1]
Мемлекеттік басқарудың тиімді болуы үшін оның барлық функцияларын басқару деңгейлері арасында нақты бөлу тек қана уақытты талап етіп қоймай, сонымен бірге, ел мүддесіне залал келтіретіндей қателіктер жіберіп алмау үшін шетелдердің тәжірибелеріне талдау жүргізу, кейбір елдерде болған кемшіліктерде болдырмау, бюджет жүйесіне өзгерістер енгізу, өкілеттіктерді айқын ажырату, салықтарды бөлу, бюджетаралық қатынастарды дұрыс шешу, ең маңыздысы мемлекеттік мүдденің халық мүддесімен астарласып жатуына аса сақтықты талап ететін мәселе.
Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың түпкі мақсаты экономика мен қоғамның дамуын көздейтіні әлем тәжірибесінен белгілі. Біздің елімізде облыстық деңгейдегі билік орындары орынсыз өсіп, аудандық және селолық деңгейдегі билік орындары қусарып бара жатыр. Ал керісінше, дамыған унитарлы мемлекеттердің ең күшті буындары қала, аудан мен село болып табылады.
Осы жұмыстың зерттеу концепциясы бұл әлеуметтік-экономикалық жүйесінің трансформациясы және нарық жағдайында өмір сүру кезінде пайда болатын эконгомиканы мемлекеттік басқару мен реттеудің теориясы мен практикасын шет елдер тәжірибесі және Қазақстан ерекшеліктері негізінде зерттеу. Алдымен Қазақстан Республикасындағы басқару түрлері, яғни министрліктер, агенттіктер және құрылымы, қызметтері туралы түсініктер берілген. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикада мемлекеттік басқарумен қамтамасыз етілуі туралы, билік жүйесінің және мемлекеттік басқару жүйесінің ең маңызды проблемалары және негізгі экономикалық басқару бағдарламалары, әлеуметтік басқару бағдарламалары қарастырылған.
ХХ ғасырда басқару теориясы құрылуы мен дамуын атақты батыс және соцалистік лагерь елдері ғылымдары: И.Ансофф, М.Альберт, А.Аузан, А. Акчурин, К.Бердалиев, Г.Будылкин, О.Виханский, Д.Гвишиани, П.Друкер, И.Завадский, С.Колеснев, П.Керженцов, О.Козлова, В.Козбаненеко. М.Кенжегузин, Д.Карнеги, К.Кубаев, Л.Качалина, Р.Каренцев, Г.Лоза, М.Мэйо, А.Маслоу, М.Мескон, Б.Мильнер, А.Наумов, Г.Слизенгер, Ф.Хедоури, И.Ушачев, Р.Уоутерман, А.Файоль, Л.Якокка және тағы басқалардың еңбектері басқару теориясы дамуына үлкен үлес қосты.
Басқарудың қандай түрі болмасын қоғамның пайда болған кезінен бастап, бар. Қоғам дамыған сайын, басқару түсінігі және оған деген қажеттілік өсе бастайды. Әлеуметтік басқару саласының елге танымал ғалымы В.Г. Афанасьев белгілегендей, қоғамның қалыптасуымен бірге, басқару факторының екі типі пайда болды-обьективтік (тәуелсіз) және субьективтік (тәуелді). Осы екі тип қоғамдық жүйеге әсер етуші басқару механизмдері болып табылады. Адамдарға бейболмыс, оның күшіне қоғамдық дамудың обьективті заңдылықтары қолданылмаған кезде, стихиялық регуляторлар жұмыс істейді. Мысалы, нарықтық қатынастардың даму заңдылықтары, бір біріне қарама-қарсы күштермен салалардың арасында қақтығыс орын алған кезінде, сатып алумен сату ж.т.б. Осындай заңдылықтардың негізінде, тауар өндіру және еңбек бөлінісінін басқаратын күш ретінде шығатын, құн заңы жатыр. Және керісінше осы заңдылықтарды біле бастап, басқару қоғамдық өмірді құрудың жаңа сапалы типін иемденеді немесе, экономикалық өсудің тенденциялары және қоғамдық өмірдің басқа да салалары есептеледі. Басқаша айтқанда, басқару түсінігімен спецификалық әлеуметтік сала ретінде біз, бастамасын, адам ақыл-ойын және мүддесін байланыстырамыз.
Әлеуметтік басқару өзінің мәнімен, мақсатымен, мазмұнымен, нәтижесімен, субьектісімен, обьектісімен және өзін көрсету формаларымен сипатталады. Өзінің спецификасы бойынша, басқару кадрларының еңбегі адамның өмір сүру жан-жақтылығы, ал санасын басқару мақсаттылығы болып, табылады.
Адамдардың коллективтік және бірігіп іс-әрекет ететін жерде, басқару орын алады. Басқарудың кең сипаты обьективті адамдардың алдына қойылған мақсаттарды шешуде, координациялау қажеттіліктерінен туындайды. Басқару қоғамның бірігу сатысына және денгейіне қарамастан, біріккен іс-әрекет істеу процессінде өте қажет функциясы болып табылады. Кез-келген коллективтік еңбекті функционалдаудың негізгі шарты басқару болып табылады, бұл тәртібті орнатумен, ұймдастырумен, жұмысшылар арасында еңбекті бөлумен, адамның коллективтегі орнымен функциясын анықтаумен, бәріне ортақ мақсатты анықтаумен байланысты.[2]
Басқарудың формасы, түрі және мәні қандай болатындығы қоғамның денгейінен, санасынан байланысты. Тарихи кезеңдерде көптеген өзгерістерге ұшырады: басқарудың империялық тәжірибесінен бастап, салт-дәстүр, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, алғашқы қауымдық қоғам, қазіргі қоғамдағы ғылыми негіздегі қоғамдық процесстерді саналық басқаруға дейін. Өзінің жетілуінің әр сатысында қоғамның өзі мақсатын, принциптерін, мазмұнымен басқару шекаралаын таңдаған; басқарудың мәні тікелей әлеуметтік-саяси құрылым және қоғамда бар болған экономиклық қатынастар ықпалымен құрылған.
Қазіргі кезеңде адам цивилизациясын басқару ерекше күрделі сипатталады, оның орбитасына миллиондаған адамдар өздерінің қажеттіліктерімен, мақсаттарымен, мүдделерімен кіреді. Нәтижесінде, басқару бүткіл қоғамның жағдайына, әл-аухаттылығына және әр адамның өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Басқа жағынан, басқарудың өзі өзара байланысты және өзара іс-әрекет жасайтын күрделі жүйені және басқару жүйесінің қоғаммен жан-жақты өзара байланысын көрсетеді. Бұның бәрінен біз, басқарудың интеллектуалдық және тәжірибелік сфералардағы өте жауапты және күрделі сала екендігін түсінеміз.
Оқу әдебиеттерімен басқару ғылымында басқарудың мәні “ықпал ету” түсінігі арқылы ашылады. Бұл жерде басқарудың негізгі белгісі көрсетілген- бұл қоғамдық қатынастарға және адамдардың санасымен жүріс-тұрысына белсенді ықпал ету. Кең мағынада былай айтуға болады, мысалы: белгілі-бір субьект кез-келген обьектке әсер ету жолымен, оған өзгерістер еңгізуге, жетілу жолдарын көрсетуге тырысады. Басқаша айтқанда, егер де әсер етуші басқару жоқ болса, яғни белгілі-бір мақсаттарға жету үшін обьектке ықпал ететін күш жоқ болса, онда басқарудың өзіде жоқ болады.
Басқару саласы, басқарудың қоғамдағы функцияларын жүзеге асыратын адамдарға қойатын талаптары жоғары, професионалды дайындықты талап етеді. Тиімді басқару үшін, қоғамды ғылыми басқару және мемлекеттік басқару салаларында өте жоғары білім болуы қажет. Сонымен қатар, егер де білімді басқару тәжірибесінде қолданылмаса, оны басқару кадрларының білімі мен өнеріне аудармаса, онда білімнің қажеті керек жоқ. Басқа сөзбен, басқару білім негізінде қаланған, белгілі бір мақсаттарға ұмытылған, шешімдерді жасаумен қабылдаумен, оларды жүзеге асыруды ұйымдастырумен, әлеуметтік процесстерді бақылаумен, қорытындылаумен байланысты күрделі сала.
Қоғамдық процестерді басқарудағы мақсаттылық, тәжірибелік нәтижелерге жетуге бағытталған. Кейде арнайы әдебиеттерде “жұмыстың мақсаты” деген термин қолданылады, бұл тәжірибелік мақсаттарға бағытталған басқаруды айтамыз.
Басқару әсері өзіне нақты қойылған мақсатты, оған жету жолдарын, тағы да, тәжірибелік бағытты, яғни мақсатқа шынайы қозғалу ж.т.б. қосуы керек.
Басқаруда (басқару әсерінде) ұйымдастырушылық мәні бар, яғни ұйымдастырушы мәні бар. Бұл аспектіде басқару, қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы, адамдардың бірігіп (коллективтік) іс-әрекет жасауын ұйымдастырудағы обьективті қажетті құрал ретінде қарастырады. “Ұйымдастыру” түсінігі органикалық “басқару” түсінігімен тығыз байланысты, одан басқа ол, басқарудың мәнін мәнерлейді. Соңғысы біріккен іс-әрекет процессіндегі қойылған мақсаттарға жету үшін, адамдардың әрекеттерін және қоғамдық қатынастармен байланыстарды ұйымдастыруды сипаттайтын категория болып саналады. Ұйымдастыру бүткіл басқару жұмысын қамтиды, кең саланы қамтиды-кәсіпорын (ұйымдар) жұмысынан бастап, басқарушы және атқарушы органдары және Қазақстан Республикасы Президентінің аппаратына дейін қамтиды. Басқаша айтқанда, ұйымдастыру- басқарудың құрамын көрсетіп қана қоймай, оның динамикалық процессінің негізгі құралы, ядросы, мәні болып табылады. Ұйымдастыру жұмыстарының денгейінен басқару субьектісінің алдына қойылған, мақсаттарға жетудің жолдарымен сапасына ықпалы тиеді.
Басқару (басқару әсері) әсерлету күшімен иемденеді. Құқықтық нормалар, салт-дәстүр, әдет-ғұрып және әлеуметтік-технологиялық нормативтер адамның қоғамдағы жүріп-тұру тәртібіне әлеуметтік әсерлеу құралдары ретінде жұмыс істейді.
Басқаруда әлеуметтік институт ретінде, ұйымшылдық-құрылымдық (әкімшілік) жүйесі бар. Тарихи аспектіде белгілі бір мақсатқа бағытталған және адамдардың әрекетін тудыратын саналық басқару, арнайы құрылатын қоғамдық институттар- басқару субьектілері арқылы жүзеге асты. Бұған қоғамда басқару функцияларын атқаратын мемлекеттік органдар және тағы басқа ұйымдар кіреді. Басқару субьектісінің роліне толық әлеуметтік басқару жүйесін және оның әртүрлі сатыларын келісімді функционалаумен қамтамсыз ету, координация және субординация қатынастарын реттеу, ұймдардың коолективтарында моральді-психикалық климат орнату ж.т.б. жатқызуға болады. Әкімшілік жүйені (организациялық) құру мен функциялау, құрылымдық принциптер (линиялық, функциялық, біріккен линия-функциялық) негізінде жасалады.
Әкімшілік жүйе өзіне келесі өзара байланысты сипаттамаларды қосады: а) құрылымдық, ұйымға тұрақтылықты береді, бұл арқылы адамдар бірікен (коллективтік) жұмысты жүзеге асырады; ә) функционалдық бұл, коллективтің тәжірибелік жұмысын және басқарудың динамикалық процессін көрсетеді. Кез-келген әкімшілік жүйеде оның функционадлық және құрылымдық жақтары бір-бірінен ажыратпас және бір-бірімен тығыз байланысты, және соңынан адамдардың біріккен коллективтік әрекетінің бірлескен қорытынды нәтижесіне ықпал етеді немесе әсерін тигізеді. Осыған байланысты ұйымдардың құрылымын және функцияларын жетілдіру басқару тәжірибесімен ғылымының негізгі мақсаттарының ішіне кіреді.
Басқару әлеуметтік және қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды құрал ретінде шынайы өмірде өзін әртүрлі болып көрсетеді. Арнайы әдебиеттерде басқару әртүрлі негізде әртүрлі типтерге бөлінеді (қоғамдық әрекет саласына байланысты, қоғамдық қатынастардың құрамына байланысты, басқару обьектісіне байланысты ж.т.б.). Көптеген авторлар классификация түрлері негізінде басқару субьектісінің құрылымдық мәнімен табиғатын бөліп көрсетеді. Бұл жағдайда бөлінетіндер: мемлекеттік басқару (кең мағынада мемлекет басқару субьектісі ретінде), қоғамдық басқару (басқару субьектісі- қоғамдық, мемлекеттік емес органдар), менеджмент (шаруашылық микроденгейдегі басқару субьектісі- басқарушы, кәсіпорын менеджері, фирмалар ж.т.б.). Қазіргі оқу курсында оқу пәні болып, мемлекеттік басқару табылады, ал басқалары мемлекеттік басқарумен қандай мөлшерде байланысы бар болса, сондай мөлшерде қарастырылады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару