Құқық нормасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 16:24, реферат

Описание работы

Құқық нормасы – бұл мемлекетпен танылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережелері, олардан қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туындайды.
Құқық нормасына тəн белгілер:
- мемлекетпен белгіленеді немесе санкцияланады;
- субъектінің мүмкін болатын жəне рұксат етілген тəртібінің жалпыға міндетті шектерін айқындайды;
- ұсынушы міндеттеуші сипатқа ие;

Содержание

1. Кіріспе......................................................................................................3
2. Құқық – күрделі құбылыс.......................................................................4
3. Құқық нормаларының түсінігі жəне белгілері.....................................6
4. Құқық нормаларының түрлері...............................................................7
5. Құқық нормаларының құрылымы.........................................................8
6. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы............9
7. Қорытынды............................................................................................13
8. Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................14

Работа содержит 1 файл

курстык айдос.docx

— 712.90 Кб (Скачать)

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Жылуэнергетика факультеті

 

 

 

Әлеуметтік пәндер

кафедрасы    

        

 

«Құқық негіздері» пәні бойынша

Семестрлік жұмыс №1

Тақырыбы: «Құқық нормасы»

10 – нұсқа   

 

 

Орындаған: АУТк-09-01

     студенті Мыңбаев А.Т.

                                           Тексерген: аға оқыт.

                                          Таңірбергенова Р.К.

 

 

 

 

Алматы 2013

Жоспар:

 

1. Кіріспе......................................................................................................3

2. Құқық – күрделі құбылыс.......................................................................4

3. Құқық нормаларының түсінігі жəне белгілері.....................................6

4. Құқық нормаларының түрлері...............................................................7

5. Құқық нормаларының құрылымы.........................................................8

6. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы............9

7. Қорытынды............................................................................................13

8. Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тән барша табиғаттың формасына,

Бағыну реттелген заң  сұлбасына.

Тәртіппен бас игендей бүкіл қоғам

Құқықтың ортақ жалпы  нормасына.

(автор)

Құқық нормасы – бұл мемлекетпен танылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережелері, олардан қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туындайды.

Құқық нормасына  тəн белгілер:

  • мемлекетпен белгіленеді немесе санкцияланады;
  • субъектінің мүмкін болатын жəне рұксат етілген тəртібінің жалпыға міндетті шектерін айқындайды;
  • ұсынушы міндеттеуші сипатқа ие;
  • қажетті жағдайларда олардың жүзеге асырылуы мəжбүрлі мемлекеттік шаралармен қамтамасыз етіледі;
  • типтік қоғамдық катынастардың мемлекеттік реттеушісі болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілер – бұл құзіретті мемлекеттік органнан туындайтын, құқық нормасынан тұратын жəне белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құқық нормалары

 

1.Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық – жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.

Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір  кірпіш, торшасы.

Құқықтық норма – мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен  міндеттерін туындататын, олардың  әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға  бірдей міндетті ереже, норма.

Құқықтық норма – заңға  сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі  заңмен көзделген істің шешімін  табуға мүмкіндік береді.

Заң – номативтік акт  болып саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда  бір, бірнеше, ондаған баптар болуы  мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше  құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабына бір норма болса, бап пен норма сәйкес келеді. Бапта  екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының  Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:

  1. Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңдарын

сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы  мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.

  1. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

Кейде бір құқықтық норма  бірнеше баптан тұруы мүмкін.

Заңның бабында кейде  норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа бөліктерін  тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік  актілерден іздеуге тура келеді. бұдан  құқық нормасының заңның бабының  ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік актінің  бір бабының кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен  болады. Кейдір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер санкцияларды білдіруге  маманданған болып келеді.

Егер де құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің  қайсыбіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды. Сондықтан да нормаларды жасағанда  заң шығарушы оның әрбір бөлігін  арнайы жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс.

Құқық нормасы құқықтың басқалай көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді  және бір рет қана орындаумен тәмәмдалады. Жеке-дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі  бір оқиға ғана, жалғыз бір жолғы  әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі  бір адамға ғана арналады. Басқа  жағынан алып қарағанда, құқық нормасы  құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері нормативтік  сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен санкцияға тікелей  шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің  айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.

Қандай бір норма болмасын оның қайсы түрге жататынын айқындап, анықтап алуға қызмет ететіндер  құқықты жақсылап түсіну толығынан  алғанда не үшін қажет болатынын  анықтау, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде екендіктерін біліп  алу болып табылады. Заң нормаларын жіктеуге оларды реттеуші және қорғаушы деп бөлу жіктеудің ең бастысы  болып табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын  себебі, әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиарына, санасына ықпал ете  отырып, оның мінезін, жүріс-тұрыстарын реттейді.

Реттеу нормалары міндеттеу, тыйым салу және құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Жалпы алғанда  осы бөлініп көрсетілген нормалардың  қайсысы болса да осы көрсетілгендердің  сипатына жасалып құрылуы мүмкін. Ал кейбір нормалар табиғи түрде өздері әртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады.

Міндеттеу және тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша  өктемдік болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалатын  сипатта болады. белгілеу нормалары  жиі түрде диспозитивтік санаттағы нормаға жатады. осы тәрізді негіздерге сүйеніп факультативтік нормалар да бөлектеліп көрсетіледі.

Ұсыныстық нормалар деп  аталынатындар  бірнеше түрлі  мінез, жүріс-тұрыс нұсқаларынан біреуін  ғана артықтау немесе тәуірлеу деп  кеңес береді. Егер де норма ережені  қалыптастыруда оның әрекет етуі мен  санкциясын мейлінше толық түрде  жасап, әр қарайғы қолданыстарда  түсуге жол берілмейтіндей етілген  болса, онда ол абсолюттік айқын норма  делінеді. Керісінше айқындылығы  салыстырмалы нормаларды нұсқаулар  болмайды және нақты жағдайларға  байланысты басқаша нұсқаулардың қолданылуын  да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз кезегінде ситуациялық және баламалық  деп жіктелінеді. Бұлардың алғашқылар норма адресатының қалауын өзінің білімінше істеуді немесе істемеуді жағдайына қарап шешімін береді. Ал екіншілері – нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіндік жасайды. Нормалардың негізгі және туынды; тұрақты және уақытша деген түрлері де болады. Ерекше топқа мадақ нормалары жатады.

 

2. Құқық нормаларының түсінігі жəне белгілері. Құқық нормасы – бұл мемлекет таныған жəне қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нормасынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды жəне осы ереже аталған субъектілердің əрекеттерін реттеуге бағытталған.

Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше əлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тəн болуы  заңды да. Алайда, бұл «құқық» жəне «құқық нормасы» түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір - бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.

Құқық нормасының белгілері:

1) жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың мүмкін жəне міндетті əрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;

2) формальды анықталғандығы – ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады;

3) мемлекетпен байланысы  – оны мемлекеттік органдар орнықтырады жəне мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

4) ұсынушылық - міндеттемелік сипат – ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

3. Құқық нормаларының түрлері.

Заң нормаларының түрлері:

1) реттеуші жəне құқық қорғаушы;

2) құқық беруші, тыйым  салушы жəне міндеттеуші; 

3) императивтік жəне диспозитивтік. 

Реттеуші норма – бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу жəне əрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.

Құқық қорғаушы норма – бұл субъектіге мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.

Құқық беруші норма –  бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді  жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.

Тыйым салушы норма –  бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді  жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.

Міндеттеуші норма – бұл  субъектіге белгілі бір мазмұндағы əрекеттерді жасау міндетін жүктейтін  норма.

Императивтік норма –  бұл қатаң ережелер түрінде көрініс  табатын жəне құқық субъектілерінің  қалауларынан тəуелсіз түрде əрекет ететін норма.

Диспозитивтік норма –  бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.

4. Құқық нормаларының құрылымы.

Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция жəне санкция.

Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету; диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету; санкция – бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.

Бұл үлгінің сөздік кестесі  мынадай: «егер… , онда… , бұлай болмаған жағдайда…». Мысалы, займ шарты жазбаша нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Логикалық түрде бұл норманы былай құруға болады: егер займ шарты бекітілетін болса, онда ол жазбаша түрде жасалуы тиіс, бұлай болмаған жағдайда, шарттың күші болмайды.

5. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдар емес, көп жағдайларда олар сəйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нормасы – бұл гипотезадан, диспозициядан жəне санкциядан құралған жүріс - тұрыс ережесі, ал заң шығармашылық актісінің бабы–бұл құқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекеттің ерік білдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының мазмұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болып табылады. Олардың арасындағы байланыс əртүрлі сипатқа ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының логикалық құрылымының үш элементін де нормативтік актінің бір бабына енгізуі мүмкін,бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін əр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін.

Көрсету тәсілдері бойынша  құқық нормасы мен нормативтік  акт бабының арақатынасының үш түрі болады:

а) тікелей тəсіл –  құқық нормасы нормативтік акт  бабының өзінде тікелей көрсетіледі;

ə) сілтемелі тəсіл –  нормативтік акт бабы норманы  толығымен ашпастан, осы актінің  басқа бабына сілтеме жасайды;

б) бланкеттік тəсіл – нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белгілі  бір нормативтік акті түріне сілтеме  жасайды.

 

Құқықтық  норма ұғымы.

Норма дегеніміз  – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже.

Құқықтық  норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың  бостандығын және қарым-қатынасын  реттеп, басқарып отырады.

 

 

 

Құқықтық  нормалардың белгілері:

  1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
  2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
  3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
  4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
  5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

Информация о работе Құқық нормасы