Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25

2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49

3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71

Қорытынды........................................................................................................81

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84

Работа содержит 1 файл

Диплом Халықаралық интеграциялық үрдістер тәжірибелері және мәселелері.doc

— 652.50 Кб (Скачать)

Сауда-экономикалық одаққа енудің төмендегідей негізгі  кемшіліктері, яғни кері салдары бар:

  • жағдайлардың белгілі бір ағымында елден ресурстар ағылып кетуі мүмкін;
  • егер интеграцияға қатысушы елдердің жекелеген фирмалары арасындағы өте тығыз интеграциялық байланыстардың қалыптасуына ықпал етсе, онда нәтижесінде олигополиялық келісім өте кең түрде тартылуы мүмкін. Бұл келісім сәйкес өнім бағасының көтерілуіне әкеліп соғуы мүмкін;
  • кей жағдайда өте үлкен компанияларды құрумен байланысты өндіріс масштабын кеңейтуден болатын шығындар эффектісі болуы мүмкін, яғни шектен тыс бюрокраизация және басқа да факторлар әсерінен олар тиімсіз болып қалады. [8, 448 б]

Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының заңдылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде ғана мүмкін болады.

Саудадан бас  тарту әсері. Кедендік одақты құру басқа  елдерге емес, бір-біріне өзара сауда преференцияларын көрсету көмегін білдіреді. Өзара кедендік баж салығын жою нәтижесінде сауда құру әсері қалыптауы мүмкін, сондай-ақ саудадан бас тарту әсері туындау мүмкін, мағынасы жағынан сауда құру әсеріне қарама – қайшы, себебі елдерден тауар жабдықтау көзі әрдайым тиімді қайнар көз бола бермейді. Интеграцияға қатыспайтын елдер, бірақ олардан ортақ кедендік кедергімен шектелген интеграцияланған елдер сол тауарларды айтарлықтай төмен бағамен қамтамасыз ете алады.  [52, 617 б]

Саудадан бас тарту – кедендік одақ шеңберінде импорттық баж салығының жойылу себебінен пайда болған жергілікті тұтынушылардың тиімділігі жоғарырақ сыртқы интеграциялық қайнар көзден тиімділігі жоғарғы ішкі интеграциялық қайнар көзге ауысуы.

Кедендік одақ құрғанға дейін. Сауда бір тауармен жүзеге асып үш ел: І ел, ІІ ел және ІІІ ел арасында қарқынды дамып келе жатыр дейік. Дегенмен, кедендік одақ жоғарыда айтып кеткендей І мен ІІ ел арасында емес, ІІ және ІІІ ел арасында құрылады. І елде сатылантын тауардың бағасы РІ. T импортты тарифі бар ІІ елдегі сол тауардың бағасы PII=РI+t. ІІІ елде осы тауардың бағасы РІІІ. T кедендік тарифпен қорғалған ІІ ел тауарды Е нүктесінде өндіріп, тұтынады, Sd сызығы тура ішкі ұсынысты білдіреді, ал Dd – ішкі сұраныстың тура сызығы.  ІІ елдің тауар импортының бағасы PII=PI+t құрады, ішкі тұтыну - QoQ4 бірлігі, І елден Q2Q4 бірлігінің импорты мен QoQ2 бірлігі көлеміндегі ішкі өндіріс есесінен жабылады.  Тарифтің бар болуы ІІ елге кіріс әсерін қамтамасыз етеді (сегменттер жиынтығы с+с'). І елдің ІІ елге ұсынған тауардың жиынтық ұсынысы бағасы жағынан өте икемді және ІІ елде t импортты тарифінің болуымен SI+t құрады. $1 көлеміндегі импорттық тариф қорғанысында ІІ елдегі тауардың ішкі бағасы $9 құрады, ішкі тұтыну – 60 бірлік, 40 бірлік көлеміндегі ішкі өндіріс пен 20 бірлік көлеміндегі импорт (60-40) есесінен жабылады. Кіріс әсері (60-40)х$1 = $20 құрады.

 

Кедендік одақ құрғаннан  кейін. ІІ және ІІІ елдер кедендік одақ құруды шешеді, оған сәйкес ІІ ел ІІІ елден тауар импортына t тарифін жояды. І ел кедендік одаққа кірмейді, сондықтан ІІ елдің тауар алу қайнар көзі ретінде қарастырылмайды. ІІ ел ІІІ елден тауар импорттай алатын тарифті жойғаннан кейінгі баға І елмен интеграцияланғандай t тариф көлеміне қысқармайды, тек ІІІ елдегі бар РІІІ бағасы деңгейіне ғана қысқарады. Осы бағамен тауарды импорттау ІІ елдегі тұтыну Q0Q5' бірлігін құрады, ол QoQ1' бірлігі көлеміндегі ішкі өндіріс пен ІІІ елден Q0'Q5' бірлігі импорты есесінен жабылады. [66, 132 б]

Кедендік одақ құрғаннан ІІ елдің  Q2Q4 бірлігіндегі импорты интеграциядан тыс қалған салыстырмалы анағұрлым арзан І ел қайнар көзінен интеграцияға қатысқан салыстырмалы анағұрлым қымбат ІІІ ел қайнар көзіне  қайта бейімделді. Кедендік одақты құру ІІ ел тұтынушыларына өте тиімді, олардың тұтыну артықшылығының өсуі   a'+b'+c'+d' құрады. а' қайта бөлісу әсерінің жалпы мемлекетке ықпалы – бейтарап, өйткені импортпен бәсекелесетін өнім өндірушілерінің табысы тұтынушы пайдасына реттеледі. ІІ ел үшін табыс әсері жойылады, себебі с+с' импорттық баж салығы енді алынбайды. Ондағы с' кедендік одақ құрылғанның нәижесінен тауардың әлдеқайда төмен бағалары арқылы ІІ ел тұтынушыларына қайта таратылады, ал  с сегменті ІІ ел үшін саудадан бас тарту әсерін білдіретін тікелей айырылу болып табылады. Айырылудың бірден бір себебі кедендік одақ аясында қайта бағдарлану. Өйткені, ІІ ел импортының тиімділігі әлдеқайда төмен қайнар көзіне ауысуы кедендік баж салығын алып тастау нәтижесінен бола алатыннан импортталатын тауар бағасына салыстырғанда баяу төмендеуіне алып келді. Шын мәнінде, сауда құруда жағымды әсер қатар туындайды, өйткені ІІ елдің тауар импорты көлемінің бағасын төмендеткенінен біраз өсті - Q1'Q2+Q4Q5' дейін. ІІ елдің кедендік одақ құрғанынан таза статистикалық ұтымқандығы қорғау әсері мен тұтыну әсері қосындысымен b'+d' шектеледі. [66, 130 б]

Кедендік тарифті  жойғаннан кейін ІІ елдің ІІІ  елден импорттайтын тауар бағасы тариф көлеміне $1 қысқармайды, тек ІІІ елде бар $8,5 бағасы көлеміне дейін қысқарады. Тауарды осы бағамен импорттағанда ІІ елдің ішкі тұтынушылығы 70 бірлікті құрайды, 30 бірлік көлеміндегі ішкі өндіріс пен 40 бірлік (70-30)көлеміндегі ІІІ елден импорт есесінен жабылады. Кедендік одақ құрғаннан ІІ елдің  20 (60-40) бірлігіндегі импорты интеграциядан тыс қалған салыстырмалы анағұрлым арзан І ел қайнар көзінен интеграцияға қатысқан салыстырмалы анағұрлым қымбат ІІІ ел қайнар көзіне  қайта бейімделді.

ІІ елдегі тұтыну артықшылығының өсуі (60хО,5)+(70-60)х$0,5/2=$32,5 құрады. ІІ ел үшін табыс әсері (60-40)х$1=$20 жойылады, өйткені импорт баж салығы енді алынбайды. Ондағы бірінші бөлігі (60-40)х$0,5=$10 кедендік одақ құрылғанның нәтижесінен тауардың әлдеқайда төмен бағалары арқылы ІІ ел тұтынушыларына қайта таратылады, ал  екінші бөлігі (60-40)х$0,5=$10 ІІ ел үшін саудадан бас тарту әсерін білдіретін тікелей айырылу болып табылады. Сауда құру әсерімен бір уақытта жағымды әсер туындайды  (40-30)х$0,5/2+(70-60)х$0,5/2=$5.

Кедендік одақта пайда болатын саудадан бас тарту  әсері интеграцияланушы елдер жағдайының өсуіне немесе оның төмендеуіне алып келетіндігі жөніндегі мәселе толығымен саудадан бас тарту мен сауда құру әсері қатынасына тәуелді болады. Егер c>b'+d' болса, онда жағымды жағдайы төмендейді, Егер c<b'+d' болса, жағымды жағдайы өседі.  Импорттайтын елдегі сұраныс пен ұсыныс неғұрлым икемді болуынан, кедендік одақта және одан тыс мемлекеттер арасындағы бағаларының айырмашылығы кемірек болады, сауда құру әсерінің (V және d' сегменттерінің ауданы көбірек) жағымды көлемі соғұрлым үлкен, саудадан бас тарту әсері (с сементінің ауданы кемірек) соғұрлым кіші болады.

Қарастырылған мысалда тауардан бас тарту әсері оны құру әсерінен басып озады, сондықтан кедендік одаққа кіретін елдердің жалпы жағдайы $10-$5=$5 құрады. Кедендік одақ құрғаннан кейін тауардан бас тарту әсері пайда болса, онда кедендік одаққа кірмеген елдердің жағдайы нашарлайды. Өйткені, еркін сауда аймағында бола алатыннан гөрі шектеулі ресурстар тиімсіз пайдаланады. Басқа жақтан, егер тауардан бас тарту әсері құндылық көлемі бойынша сауданы құру әсерін озып кетсе, онда қатысушы-мемлекеттердің жағдайы нашарлауы мүмкін, ал егер тауардан бас тарту әсері құндылық көлемі бойынша сауданы құру әсерінен төмен болса, онда жағдайы жақсаруы мүмкін.

Бар есептеулер бойынша көптеген жағдайларда тауардан бас тарту әсері бар, бірақ  тауарды құру әсерімен жабылып, интеграция жалпы жағдайдың жақсаруына алып келеді.  [13, 552 б]

 

2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі

 

2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік орталықтары

 

Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының заңдылықты нәтижесі болып табылады. Шаруашылық өмірді интернациоландыру қазіргі дүниежүзілік шаруашылық дамуының жетекші мақсаты болып отыр. Бұл тенденцияны қайсыбір державаның немесе барынша жоғары дамыған елдер тобының ықпалындағы кең байтақ аймақтардың құрылуынан көреміз. Экономикасы қуатты мемлекеттер интеграциялық орталықты құрап, олардың төңірегіне басқа мемлекеттер топтасып, интеграциядағы елдер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарындағы өзінше бір жүйе болып отыр. Интеграция бұл процеске қатысушы елдердің өндірісі мен капиталын интернационалдандыруды жеделдетуге жағдай жасайды. Шартты түрде экономикалық интеграцияға жетелейтін процесті мынадай тізбек арқылы көрсетуге болады: өндіргіш күштердің дамуы – халықаралық еңбек бөлінісі – өндіріс пен капиталды интернационалдандыру – интеграция. Әлемдік интеграцияға елеулі түрде екі фактор әсер етеді: оларға ғылыми-техникалық революция және трансұлттық корпорациялардың қызметі жатады. [16, 78 б]

Интеграцияның неғұрлым толық дамуына Батыс Еуропа елдері қол жеткізді. Бұған объективті экономикалық қажеттіліктермен қатар, көптеген еуропалық  қоғам қайраткерлері мен ойшылдардың  бұрыннан келе жатқан біртұтас Еуропа туралы идеялары да көмектесті. Еуропалық Одақтың пайда болып, дамуының қазіргі тарихы 1951 жылдан басталады. Осы жылдың сәуірінде құрамына 6 ел – Франция, ФРГ, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург кірген Еуропалық көмір және болат бірлестігін құру туралы шартқа қол қойылды. Мұның өзі Батыс Еуропалық интеграцияның алғашқы қадамы еді. Ал, іс жүзінде Еуропалық одақтың пайда болып, дамуы 1957 жылдан басталады. Дәл осы жылы жоғарыда аталған елдер Еуропалық Экономикалық Одақтастық және Атом Энергиясы бойынша Еуропалық одақтастық құру туралы шарттарға қол қойды. Одақтастықтың құрамындағы елдердің жоғары даму деңгейі, бұл ұйымның ондаған жылдар бойы экономикалық өсуінің қарқындылығын қамтамасыз етті. Батыс Еуропа елдері интеграциясының 50-жылдардың соңында басталып, қазірге дейін жалғасып келе жатқан даму процесі бірқалыпты және ешбір қайшылықсыз жүріп жатыр десек, ол шындыққа сай келмес еді. Дегенмен, Еуропалық Экономикалық Одақтастықты құру кезінде алға қойылған мақсаттар мен міндеттер айтарлықтай жүйелі және табысты түрде жүзеге асып келе жатыр.

Батыс Еуропадағы Экономикалық интеграция тек Еуропалық Одақ шекараларымен  шектелмейді. 60-жылдардың  басында  Еуропалық еркін сауда ассоциациясы (ЕАСТ) пайда болған. [38, 273 б]

ЕАСТ-тың Еуропалық  Одақтан айырмашылығы оның ұлттық экономиканың үстінен қарайтын функциялары мен мелекетаралық үйлестіру ұйымдары жоқ.

ЕАСТ-қа мүше елдер қандай бір мемлекеттермен болмасын сауда экономикалық қатынастар жасап, өз еркімен кеден тарифтерінің деңгейін орнықтыра алады. ЕАСТ-қа мүше елдер өзара саудада кеден салығынсыз еркін қатынастарды тек өнеркәсіп тауарлары үшін қолданады, ауыл шаруашылығы өнімдеріне ЕАСТ-тың конфенциясы тарамайды. 1972 жылы ЕАСТ-қа мүше әрбір мемлекет Еуропалық Экономикалық Одақтастықпен кеден салығын төмендету және өнеркәсіп тауарларына сандық шектеулер қою туралы келісімге келді. Бұл елдер арасындағы кеден бажынсыз сауда тауардың шығу тегіне байланысты күрделі ережелер жүйесіне сәйкес жүргізіледі. Құрамындағы елдердің даму деңгейінің жоғарлығына және өзара экономикалық байланыстардың тығыздығына қарамастан ЕАСТ толыққанды интеграциялық топ бола алмады. Іс жүзінде ол Еурорпалық Экономикалық Одақтастыққа жаңа мүшелер дайындаушы дәрежесінде ғана қалды. Қазіргі кезде ЕАСТ-і оның көптеген мүшелері, Шығыс Еуропа мен Батыс Еуропа елдері арасындағы еркін сауда аймағы ретінде ғана қарастырады. [46, 97 б]

1994ж. дүниежүзілік  аймақтық интеграциялық топтардың  қатарына АҚШ, Канада және Мексика  елдері құрған Солтүстік Американың  еркін сауда аймағы (NAFTA)-ға қосылды.  Әлемде жаңа экономикалық ереже  қажеттігін және өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін «үшінші әлемнің» барлық елдерінің бірігуі қажеттігін жақтап жүрген дамушы ел алғаш рет аса ірі, қуатты мемлекетпен экономикалық интеграциялық әріптес болды. АҚШ пен Мексика арақатынасының бұрын күрделі әрі ымыраға келмейтін болғаны белгілі. Алайда, қаржы дағдарыстары кезеңінде 1994-1995 жылдары НАФТА-ға қатысуы мен оның мүдделерінің Мексикаға көрсеткен шексіз көмегінің нәтижесінде оған қиындықтарды тез арада өтеуге мүмкіндік берді. Мұның өзі көптеген Латын Америкасы елдерінің НАФТА-ға кіруге деген ұмтылысын күшейтті.

АҚШ пен Канада арасындағы экономикалық интеграция және олардың батысеуропалық серіктестерімен  ынтымақтастығы АҚШ-ты қанағаттандыра қоймады. Нәтижесінде Солтүстік  Америкадаағы интеграциялық процестер екі мемлекет шекарасынан шығып Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағына ұласты. Бұл шарт 1994 жылы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді. НАФТА-ға АҚШ және Канадамен бірге Мексика қосылды. Бұл еркін экономикалық аймақ 370млн. адам мекендейтін және қуатты экономикалық мүмкіндіктері бар орасан зор территорияны алып жатыр. [26, 69 б]

Келісімдердің негізгі қағидалары мынадай:

  • АҚШ, Канада және Мексика елдері өзара саудаға түсетін тауарларға кеден бажын алып тастайды;
  • Өз тауарларын Мексика арқылы АҚШ-қа қайта экспорттауға ұмтылатын азиялық және еуропалық компаниялардың экономикалық басшылығынан Солтүстік Америка рыногын қорғауды ұйымдастырады;
  • Мексиканың банктік және қамсыздандыру ісінде американдық және канадалық компаниялардың күрделі қаржылары арасындағы бәсекеге тыйым салынбайды;
  • Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты проблемаларды шешу үшін үш жақты топтар құрылады;
  • АҚШ 5 жыл ішінде Мексикадан импортталатын өнімдердің үштен екісіне тарифтерді жояды. [28, 57 б]

Жасалған шарттың  пайдасын ең адымен тұтынушылар көретін болады. Бәсеекенің күшеюі мен тарифтердің төмендеуі көптеген тауарлардың бағасының төмендеуіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Арзан жұмысшы күшінің ағылуымен байланысты американдық өнеркәсіпшілер де өз пайдасын табады. Америка экономикасының электроника өндірісі, компьютермен қамтамасыз ету, құрылыс материалдары, автокөліктің қосалқы бөлшектерін өндіру салаларында табыстың өсуі анық. Сонымен қатар, қант, цитрус жемістерін, ерте пісетін көкөністерді өсіріп ұқсататын фермрлер зиян шегуі де мүмкін. Ал, Мексика болса НАФТА-ның көмегімен өзінің экономикалық даму қарқынын жеделдетіп жылдық жиынтық ішкі өнімді арттырады. Сөйтіп, Мексика өз экономикасын реформалау және дамыған мемлекеттер қатарына қосылу мерзімін жарты ғасырдан 10-15 жылға түсіруді жобалап отыр. Алғашқы  жылдары НАФТА-дан ең аз пайда көретін ел Канада болмақшы. Себебі, оның экономикасы АҚШ-пен тығыз байланысты да, Мексикамен экономикалық қатынастары жоқтың қасы. Бірақ, НАФТА дамыған сайын Канада интеграциялық үрдістерге көбірек тартылып, кеңейіп келе жатқан нарықтан өз дивиденттерін алуы даусыз. [35, 89 б]

Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері