Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері
Дипломная работа, 01 Марта 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.
Содержание
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25
2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49
3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71
Қорытынды........................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84
Работа содержит 1 файл
Диплом Халықаралық интеграциялық үрдістер тәжірибелері және мәселелері.doc
— 652.50 Кб (Скачать)Интеграцияның алғышарттары алуан түрлі болып келеді. ҒТП-тің қазіргі таңдағы жағдайында экономикалардың өте терең түрде өзара енуі және тұтасуы көптеген елдер үшін объективті қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік ең алдымен, жоғары дамыған елдерде, әсіресе шектелген экономикалық ресурстары және ішкі нарықтары бар елдерде көрініс табады. Мұндай елдер үшін экономикалық интеграция экономикалық мүмкіндікті өте тиімді пайдалануға және ҒТП-тің жоғары қарқынына жетуге болады.
Көптеген мемлекеттер үшін экономикалық интеграция ғылыми-техникалық зерттеулерде өте тиімді мүмкіндік туғызады. [8, 450 б]
Қазіргі кездегі
халықаралық экономикадағы
1. масштаб экономикасы артықшылықтарын қолдану. Масштаб экономикасы теориялары негізінде нарық көлемін кеңейтуді, трансакциялық шығындарды қысқартуды және басқа да артықшылықтарды алуды қамтамасыз ету. Бұл өз ретінде едәуір көлемдегі нарықтарға келетін тікелей шет ел инвестицияларын тартуға мүмкіндік береді. Ол нарықтарда дербес өндірістер салуға мүмкіндіктер бар.
2. қолайлы сыртқы
саяси ортаны құру. Көптеген интеграциялық
блоктардың негізгі
3. сауда саясаты
проблемаларын шешу. Негізінде аймақтық
интеграция – сыртқы сауда
оперцияларындағы көпжақты
4. экономикалық құрылымды қайта құру әсері. Нарықтық экономиканы құрушы немесе тереңдетілген экономикалық реформаларды жүзеге асырушы елдерді нарықтық дамудың өте жоғары деңгейі бар елдердің аймақтық сауда келісімдеріне қосу – нарықтық тәжірбиені таратудың маңызды каналы ретінде қарастырылады. өз көршілерін интеграциялық процестерге қоса отырып, өте дамыған елдер олардың нарықтық реформаларын жеделдетуге және ол жерлерде толық сыйымды нарықтарды құруға мүдделі болып отыр. Мұндай мақсаттарды батысеуропалық көптеген елдер көздеген еді.
5. ұлттық өнеркәсіптің
жас салаларын қолдау. Интеграциялық
бірлестіктер үшінші елдерге
қарсы дискриминациялық шаралар
Жалпы алғанда,
интеграциялық процестерге
Интеграция - экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді. [19, 152 б]
Интеграцияның белгілері:
- Ұлттық өндірістік үрдістердің өзара сіңісуі мен өрімденуі
- Осы негізде қатысушы – мемлекеттер экономикасында терең құрылымдық өзгерістер жүреді
- Интеграциялық үрдістерді реттеудің мақсаттылығы және қажеттілігі
Интеграцияның шарттары:
- Дамыған инфрақұрылым;
- Үкіметтің саяси шешімдерінің бар болуы (интеграция құруға жағдай жасау – саяси және экономикалық база)
Интеграцияның деңгейлері:
- макроэкономикалық (мемлекеттің деңгей)
- микроэкономикалық (фирмааралық – ТҰК)
Интеграцияның артықшылықтары:
- Нарық көлемінің ұлғаюы – өндіріс ауқымынан әсері (ұлттық нарығы кішкентай көлемді мемлекеттер үшін), осының негізінде кәсіпорынның оңтайлы көлемін анықтау қажеттілігі.
- Мемлекеттер арасында бәсекелестік өседі.
- Сауданың ең жақсы жағдайларын қамтамасыз ету.
- Сауданы инфрақұрылымды жақсартумен қатар кеңейту.
- Алдыңғы қатарлы технологияны тарату.
Жағымсыз салдары:
- Әлдеқайда қалып қалған елдерден ресурстар ағылып кетуі мүмкін (өндіріс факторлары), әлдеқайда қуатты серіктестер пайдасына қайта бөлісу жүреді.
- егер интеграцияға қатысушы елдердің жекелеген фирмалары арасындағы өте тығыз интеграциялық байланыстардың қалыптасуына ықпал етсе, онда нәтижесінде олигополиялық келісім өте кең түрде тартылуы мүмкін. Бұл келісім сәйкес өнім бағасының көтерілуіне әкеліп соғуы мүмкін;
- кей жағдайда өте үлкен компанияларды құрумен байланысты өндіріс масштабын кеңейтуден болатын шығындар эффектісі болуы мүмкін, яғни шектен тыс бюрократизация және басқа да факторлар әсерінен олар тиімсіз болып қалады. [7, 23 б]
Әлемдік шаруашылық
байланыстың интеграциялық
ХЭИ қазіргі
теориясында интеграциялық
- еркін сауда аймағы
- кедендік одақ
- бірыңғай немесе ортақ нарық
- экономикалық одақ
- экономикалық және валюталық одақ
Бірінші қисынды, әрі хронологиялық деңгей – еркін сауда аймағы (ЕСА). Қазіргі түсінік бойынша бұл преференциалды аймақ. Оның аумағында кедендік және сандық шектеулерден еркін тауар саудасына қолдау көрсетіледі. Әдеттегідей, сәйкес аймақтар жөніндегі келісімдер ЕСА-ын құруды алдын ала қарастырады. Бірқатар жылдар ағымында біртіндеп кедендік пошлиналар мен өзге тарифтік емес шектеулерді өзара жояды. Ауылшаруашылық тауарларға қатысты либерализация шектеулі сипатта болады, кедендік номенклатура бойынша тек кейбір жолдарын ғана ұстанады. Мұндай әдістеме ЕЭЫ құрылғанда жүзеге асты, ол қазіргі кезде де өзекті. Мысалы, Солтүстікамерикандық еркін сауда ассоциациясында (НАФТА), Оңтүстік конус мемлекеттерінің ортақ нарығында (МЕРКОСУР). ЕСА құру жөніндегі келісімдер, әдетте, өзара Standstill пошлиналарын көтеру мораториі ұстанымында негізделген. Бұл серіктестердің кедендік пошлиналарды көтеруде немесе жаңа сауда кедергілерін құруда біржақты жасай алмайтынын білдіреді. Тараптардың кедендік түсу деңгейін көтеруі немесе арнайы қорғаныш шараларын, шарттарын, мерзімін және қызметін қолдануы, қорғаныш шараларын тарату сферасы, сондай-ақ баж салығы жағдайлары еркін сауда аймағы жөніндегі келсімдерде қарастырылады. Мұндай келісімдердің жағымды жақтарына мемлекет – қатысушылардың сауда саясатының тұрақтылығы мен алдын ала болжай алынатын сипатын жатқызуға болады. ЕСА-ның қызмет етуі мемлекеттерге «Уугвайлық раунд» аясында қабылданған міндеттерді анық атқаруына, сыртқы экономикалық қызметінің барлық жүйесін жетілдіруге, халықаралық тәжірибеге бейімделуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ЕСА мемлекет – қатысушылары арақатынастарында сәйкес аудандағы қыметті реттеуі тұрақты қызмет ететін ұлт үсті басқару жүйелерінің құруынсыз өтеді. Барлық шешімдер, әдеттегідей, мемлекет – қатысушылардың жоғарғы қызметкерлерімен саяси мәселелері және министрлік пен ведомство жетекшілерімен экономикалық мәселелері қабылданады. Бұл шешімдер осы кезеңнің өзінде міндетті сипатта болуы тиіс, тараптардың міндеттілігі мен қадамдарының үйлесімділігі қамтамасыз етілуі керек. Құқықтық көзқарас бойынша келісімдер ішкі заңдылық актілерге қарағанда преференциалды жағдайға ие болады. [3, 53 б]
ЕСА-ның құрылуы
ішкі нарықта бәсекелестіктің
Әлемдік интеграцияның келесі кезеңі кедендік одақ болып табылады – екі не одан да көп елдердің саудада кедендік баж салықтарын қысқарту жөніндегі келісімдері, ұжымдық протекционизм формасы. ГАТТ-ң XIV-бабына сәйкес кедендік одақ - Кедендік одақтың ішіндегі кедендік баж салықтарының төмендеуін білдіреді және бірыңғай сыртқы кедендік тариф құруды білдіреді.
Бірқатар басылымдарда
еркін сауда аймағы мен кеден
одағына берілетін
Оқиғаның дамуының екі мүмкін нұсқасы бар: кедендік одақтың сыртқы шекарасында қандай да тауарға орнатылған сыртқы тариф бұл интеграциялық құрылым пайда болғанға дейін болған ортақ өлшенген тарифтан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Егер сыртқы тариф жоғарғы болса, онда кедендік одаққа қатысушы – мемлекеттерге әлдеқайда қымбат одақ ішіндегі ресурстар пайдасы үшін жабдықтың арзан сыртқы көзінен бас тартуға тура келеді. Мұндай шаралар түрлі ойлардан туындауы мүмкін, мысалы, стратегиялық шарттардан: мемлекеттер сыртқы тәуелділіктен арылу үшін жаңа материалдарды, энерготасымалдаушылар және т.б.-ды интенсивті өңдеуге бірлесіп кірісуді шешеді. Осындай шараларды қабылдау технология өңдеушілерді бірлескен зерттеу жүргізуге мәжбүрлейді, ресурстардың, тауарлар мен жартылай шикізаттардың легін қайта бағыттайды. Кедендік одақ ішіндегі өндіріс қосымша резервтерді және т.б. іздеуге мәжбүр. [10, 335б]
Егер сыртқы тариф кедендік одаққа қатысушы – мемлекеттердің ортақ өлшенген тарифінен төмен болса, онда нәтижелі бағаларды ескере отыра олардың сыртқы саудасы үшінші елдер нарығына қайта бағытталады. Мұндай шаралар сыртқы және ішкі өндірушілер бәсекелестігін нығайту үшін қабылдануы мүмкін, керек болса өзінің өндірушісін бәсекеге қабілетті өнім шығаруына итермелеуі мүмкін. Осындай жағдайда, сыртқы тарифті белгілі жолмен реттеу кедендік одақ ішіндегі интеграциялық дамуға әсерін тигізеді. Тәжірибе көрсеткендей сыртқы тарифті реттеу жалпы тауарлар мен қызмет көрсетулердің ішкі нарығына тиімді әрекет етеді. Баға өсуінің төмендеуі немесе баяндауы, кедендік одақ аясында тауар өндірушілер мен импортталған тауарлармен қамтамасыз етушілер арасындағы бәскелестіктің нығаюы байқалады. Кедендік одаққа бір не екі ірі державаның болуы маңызды. Ондай кезде ресурстар мәселесі ресурстарға кедей мемлекеттерді біріктіретін кедендік одақ аясына қарағанда техникалық түрде тез шешіледі. Кедендік тарифтік «ойын» шетелдік инвестиция тартқанға әлдеқайда тиімді шарттар құрады, ол сондай-ақ экономикалық өсуге ықпал жасайды. Кедендік одақ қызметі интеграциялық үрдістерді басқару амалында өзгертулерді талап етеді. Жоғарыда айтылғандай, еркін сауда аймағы тұрақты әрекеттегі органдарын құруды шарт етпейді. Кедендік одақ үшін әлдеқашан реттеуші институттар қажеттілігі туындайды. [39, 272 б]
Біріншіден, бірыңғай кедендік баж салығына және координациялық шараларды бірлесіп орындауға өту әрбір елде ұлттық экономиканың көптеген салаларын дамыту тәсілдерін қайта қарастыруды талап етеді. Екіншіден, макроэкономикалық деңгейде жеке салаларды дамыту координациясы қажет, ол қызметтің басқа салаларында жаңа түрлі мәселелердің пайда болуына алып келеді. Үшіншіден, тек кедендік – тарифтік саясатты ғана емес, сонымен қатар, координацияны немесе пайда болған ортақ мүддеге бейімделген ішкі нарықты ұйғару жөніндегі келіссөздерге қажеттілік туындайды. Осыған орай, сыртқы сауда және өндірістің жеке салаларының қызметін жетілдіретін, координациялайтын, қадағалайтын ұлт үсті органдарды құру жөнінде сұрақ туындайды. Нағыз кедендік одақтардың оның қатысынсыз өтуі екіталай. Кедендік одақ қызметі өндірістік және тұтынушылық тауарлардың барлық спектріне кедендік – тарифтік саясат унификациясын мүлдем шамаламайды. Бұл кезеңде интеграциялық қызмет өрісі экономиканың түрлі салалары мен секторына түседі. Өндірістік интеграцияны қамтамасыз ететін микродеңгейдегі қызметте басты орынды алатындықтан бұл түсіндірулі болады. Интеграция валюта – қаржылық салада да болады, алайда валюта – қаржылық қатынас та, әсіресе алғашқы қадамдарда, авангардтық болмайды. Ең дұрысы, ол жұмыс істеу факторы ролін атқарады. Әдетте, кедендік одақ аясында құрылған қаржылық институттар, банктер, сақтандыру компаниялар болмашы рольді атқарады.