Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:28, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
І-Тарау. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі...................................................................................................................7
2-Тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымы. және Қазақстан.....................................11
3-Тарау. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі......................................................................................26
4-тарау. Халықаралық аймақтық ұйымдар және Қазақстан.............................................................................................................30
Қорытынды..........................................................................................................50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................52

Работа содержит 1 файл

kurs_4279.doc

— 244.50 Кб (Скачать)

Мазмұны.

Кіріспе......................................................................................................................2

І-Тарау. Халықаралық  ұйымдардың қызметтері және жіктелуі...................................................................................................................7

2-Тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымы.  және Қазақстан.....................................11

3-Тарау. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі......................................................................................26

4-тарау.  Халықаралық аймақтық ұйымдар  және Қазақстан.............................................................................................................30

Қорытынды..........................................................................................................50

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................52

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі уақытта халықаралық  ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.

Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты  зерттеу қажет.

Қазіргі халықаралық  қатынастардың ерекше белгісінің бірі халықаралық ұйымдар рөлінің  арта тусуі. Бұл арада халықаралық  қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту керек.

Қазіргі халықаралық  қатынастарды тек қана екі жақты  қатынастармен шектеуге болмайды. Әлемдік  маңызы бар мәселелердің көбеюі олардың шешімін табу жолында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Халықаралық ұйымдарды негізінен екі категорияға бөліп қарастыруға болады. Олар: үкіметаралық (мемлекет аралық) және өз жұмыстарын қоғамдық негізде атқаратын мемлекеттік емес ұйымдар.

Халықаралык, ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық  қатынастардың ұзақ мерзімді және табанды  саяси және экономикалық іс-қимылдарына  байланысты. Көне замандарда, құл иеленуші мемлекеттер кезеңінің өзінде халықаралық  келісім-шарттар, халықаралық арбитраждар туындап, халықаралық құқықтың классикалық институттары - конгрестер мен конференциялар пайда бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес, оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру үшін тұрақты органдар құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған. Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі, бастауы болды.

Халықаралық ұйымдардың пайда болып дамуына дүниежүзілік сауда, сондай-ақ, діни конфессиялар да әсер етті. Ал халықаралық ұйымдар өздерінің қазіргі мағынасында бұдан жүз жылдай бұрын қалыптаса бастады. Олардың құрылуы халықаралық қатынастардың кеңейіп, күрделіленуімен, әсіресе халықаралық экономикалық рыноктың қалыптасуымен тікелей байланысты. Мүның өзі халықаралық-құқықтық мәселелерді реттеп отыру талаптарынан туындаған еді.

Халықаралық ұйымдарды  құрудағы жеңілдіктер қатарына сол  уақыттың өзінде халықаралық құқықтың бірқатар нормалары мен институттары қызметінің қалыптаса бастағаны да әсер етті. Ең алғашқы ірі халықаралық ұйымдардың қатарына: жер өлшеуші халықаралық одақ (1864 ж.), халықаралық телеграф одағы (1865 ж.) Дүниежүзілік почта Одағы (1874 ж.), Халықаралық өлшем және салмақ комитеті (1875 ж.), Өндірістік меншікті қорғайтын Одақ (1883 ж.), әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау Халықаралық Одағы (1886 ж.), Құлдыққа қарсы Халықаралық Одақ (1890 ж.), Халықаралық Темір жолы, тауар қатынасы Одағы (1890 ж.) жатады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс  басталғанға дейін 50-ге тарта тұрақты түрде қызмет атқаратын халықаралық ұйымдар пайда болып, өз жұмыстарына кірісті. Одан кейінгі жылдары халықаралық ұйымдардың саны жедел қарқынмен арта түсіп, үстіміздегі ғасырдың 80-жылдары олардың саны 20000 мыңға жуықтады.

Соңғы уақыттағы Халықаралық ұйымдар санының күрт өсуі халықаралық қатынастардың орасан жандануымен және олардың күрделене түсуімен түсіндіріледі.

Саяси, экономикалық қатынастардың  қарқынды дамуына XX ғасырдағы ғылыми-техникалық прогрестің елеулі жетістіктері де өз әсерін тигізді.

Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, маңызды түрлері пайда болды. 60-жылдары отарлық жүйенің, 80 жылдары  социалистік жүйенің қирауымен  байланысты егемен мемлекеттер саны көбейіп, ондағы халықтардың белсенділігі артты және олардың дүниежүзілік саясатқа ықпалы күшейді. Үкіметтік емес деңгейдегі халықаралық қатынастар да жоғары қарқынмен дами бастады.

Қазіргі халықаралық  қатынастардың даму тенденциясының күрделі де, қайшылықты болуы қызмет атқарып жатқан халықаралық ұйымдардың эволюциясын, сонымен қатар жаңа халықаралық ұйымдарды құруды талап етіп отыр. Халықаралық ұйымдар санының өсуі және олардың қызмет шеңберінің кеңеюі, өз кезегінде халықаралық қатынастардың құрылымы мен жүйесіне игі әсер етері сөзсіз.

Жекелеген елдер саясатындағы түсініспеушіліктер, қайшылықтар халықаралық ұйымдардың бір қалыпты қызмет атқаруына кедергі бола алмайды. Қайта мұндай түсініспеушіліктер мен қайшылықтар олардың позицияларын келісімдер арқылы анықтап, бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйымдардың таптырмас құрал екендігін дәлелдейді. Олардың беделін арттыра түседі.

Халықаралық жағдайдың  өзгеруіне байланысты халықаралық  ұйымдар да өзгерістерге ұшырайды: біреулері өздерінің бағыт-бағдарын қайта құруға ұмтылса, басқа біреулері  өз қызметтерін доғарады.

Халықаралық ұйымдарды ресми тіркеу және олардың тізімін жасау 1909 жылы Брюссельде (Бельгия) құрылған Халықаралық ассоциациялар Одағының негізгі міндеті. Бұл үкіметтік емес ұйымның мақсаттарына халықаралық ұйымдарды тіркеу және олардың қызметтерін үйлестіру, дүниежүзілік қоғамдастыққа қажетті ақпараттарды жинап, оларды мүдделі елдерге таратып беруі жатады. Одақтың өзінің баспасөз органдары бар. Олар: „Халықаралық одақтар" журналы мен „Халықаралық ұйымдардың жылнамасы". Бұл басылымдарда үкіметаралық және үкіметтік емес, сондай-ақ, улттық ұйымдар мен мекемелердің халықаралық қатынастарға байланысты іс-қимылдары жөніндегі мәліметтер жарияланып отырады.

Халықаралық ұйымдар  халықаралық қатынастар жүйесінің  ажырамас бір бөлігі. Бұл жүйенің ең басты және негізгі элементі - мемлекет. Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері. Сондықтан халықаралық ұйымдарды халықаралық қатынастар жүйесінің екінші деңгейдегі элементі деп қарастыру қажет. Халықаралық ұйымдар өздерінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөліне қарай жіктеледі.

Бұл ұйымдардың, ең беделдісі, әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы рөлі ерекше маңызды болса, басқа бір жекелеген ұйымдардың халықаралық қатынастардағы атқаратын рөлі болар-болмас.

Халықаралық ұйымдар  қызметі тиімділігінің принципті маңызы бар көрсеткішіне олардың қарама-қарсы екі тенденцияны ымыраға келтіру мүмкіндіктері жатады. Бұл тенденциялардың бірінші жағы мемлекеттердің егемендік пен тәуелсіздікке ұмтылуында болса, екінші жағы өздерінің біраз құқығын келісімді мақсаттарға жету үшін халықаралық ұйымдарға сенім артып, тапсыруында жатыр. Сондықтан да біз халықаралық ұйымдарды үкіметаралық және үкіметтік емес деп екіге бөлеміз. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар мемлекетаралық келісімдер нәтижесінде құрылады. Мұның өзі жарғыда (көпжақты келісім-шартта) тиянақталады. Қажет болған жағдайда жарғы (устав) нақты актілермен толықтырылады. Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың жарғыларында олардың құқықтық нормалары көрсетіледі, өз кезегінде бұл нормалар халықаралық құқықтың көздері болып есептеледі.

Үкіметаралық ұйымдардың құқық субъектісі ретіндегі нақты  көтерер жүгі жоғарыда аталған жарғымен анықталады. Құқық субъектісі болуы  Бұл ұйымдарға объективті түрде  халықаралық құқықтық негіз жасап, халықаралық қатынастардың элементі болуына кеңінен жол ашады. Сондай-ақ, кез-келген халықаралық ұйым халықаралық келісім-шарттарды негізге ала отырып, басқа ұйымдармен белгілі байланыс нысандары арқылы арақатынастарын жөнге келтіре береді. Толыққанды халықаралық құқық, субъектілеріне Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның арнайы, мамандандырылған мекемелерін жатқызуға болады.

Халықаралық ұйымдардың анықтамасын беру үшін бұл ұйымдардың маңызды ерекшеліктерін, қазіргі  дүниежүзілік құрылымдардың негізгі  саяси-экономикалық кескін-келбетін, олардың  әлеуметтік аспектілерін, қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің күрделілігін есептей отырып, осы қатынастар жүйесінің негізгі элементтерінің өзара қимыл әрекеттерін талдау қажет. Бір айта кететін жай халықаралық ұйымдар идеясы егеменді елдерді олардың халықтарының санына, территориясының көлеміне, экономикалық үлес салмағына қарамастан заңдық тұрғыдан тең елдер деп есептейтінін де есте ұстаған жөн.

Енді халықаралық ұйымдар  түсінігінің негізгі бес белгісін (элементін) қарастыруға болады.

1.Келісімдік негіз.  Мұның мәні халықаралық ұйымдарды құру актісі, жарғысы ретінде көпжақты халықаралық келісім-шарт есептеледі. Келісім-шарттар халықаралық ұйымдардың заңдық болмысын анықтайды.

2.Белгілі мақсаттардың болуы.  Халықаралық ұйымдардың белгілі  бір мақсатта құрылуы олардың  заңдылығын, ұйымдық құрылымын, қызмет бабын анықтайды.

3.Өзіне сай ұйымдық  құрылымы, яғни халықаралық ұйым  шеңберінде ынтымақтастық механизмін  құрайтын тұрақты органдар жүйесінің  болуы.

4.Ұйымдардың дербес халықаралық  құқықтары және міндеттері болуы,  олардың құқықтық еркі бар заңды түлға ретінде қалыптасуы.

5.Халықаралық құқық талаптарына  сай құрылуы яғни халықаралық  ұйымның өз қызметін халықаралық  құқықтың жалпыға бірдей принциптері  мен нормалары шеңберінде жүргізуі1.

Сонымен, жалпыға ортақ белгілері  мен критерийлерін негізге ала отырып халықаралық ұйымдардың анықтамасын беруге болады.

Халықаралық (мемлекетаралық) ұйым дегеніміз - халықаралық құқық субъектісі болуға мүмкіндігі және тұрақты түрде қызмет атқаратын мекемелері бар, халықаралық құқық талаптарына сай белгілі мақсаттарды орындау үшін келісім негізінде қүрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.

 

1. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі

Халықаралық ұйымдардың қызметтері (функциялары) дегеніміз- өздерінің  алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған іс-қимылдар жиынтығы.

Халықаралық ұйымдардың қалыптасқан және дәстүрлі аспектілерінің бірі - олардың дипломатия құралы екендігінде. Дегенмен, халықаралық ұйымдардың қызметі  көптеген жағдайларда дипломатия шеңберінен әлдеқайда кең. Соңғы уақыттарда олардың қызметі ақпаратты-жүйелеу шектерінен асып, көпшіліктің мүдделеріне сай жаңа сфераларды қамтитын өзіндік, дербес оперативті функцияларды иемдене бастады.

Халықаралық ұйымдардың ежелден келе жатқан дәстүрлі функцияларының бірі — ақпараттық қызмет. Бұл қызмет екі нысанда жүзеге асырылады. Біріншіден, әрбір ұйым өзінің қүрылымы, мақсаттары және қызметінің негізгі бағыттары жөніндегі қүжаттар топтамасын жария-лайды; екіншіден, ұйым халықаралық қатынастардың көкейкесті мәселелерін қамтитын баяндамалар мен шолу-ларды, рефераттарды жарыққа шығарады.

Халықаралық ұйымдардың ереже шығармашылық (нормотворческая) қызметінің екі нысаны бар:

  1. халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық ережелерін жасауга тікелей қатысуы;
  2. халықаралық ұйымдардың жекелеген мемлекеттердің ереже шығармашылық процесіне қатысуы; мұның өзі концепциялар, нұсқаулар, актілер жасап қабылдау арқылы жүзеге асады.

Халықаралық ұйымдардың бақылау қызметі олардың дәстүрлі функцияларына жатады. Бұлардың қатарына жарғылар, көпжақты конвенциялар, пактілер және бақылауды жүзеге асыруды қарастыратын әр түрлі нысан-дағы қүжаттар топтамасы жатады./1/

Оперативтік қызмет халықаралық  ұйымдардың жаңа функцияларының бірі. Бұл қызметті Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдар атқарады. Мүның мысалы ретінде БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнықтыру бағытындағы операцияларын, дамушы елдерге техникалық көмек көрсету іс-қимылдарын атасақ та жеткілікті. Егер халықаралық ұйымдар өздерінің реттеу және бақылау қызметтерін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттерге саяси қысым жасауға дейін баратын болса, оперативтік қызмет халықаралық ұйымдардың өз күшімен, қарауындағы адам және материалдық ресурстардың көмегімен атқарылады.

Халықаралық ұйымдардың әр түрлі нысандағы қызметтері халықаралық қатынастар дамуының қажеттіліктеріне байланысты. Сондықтан болашақта да халықаралық ұйымдардың қызметтері дами береді және халықаралық жағдай талап ететін болса жаңа функциялар өмірге келеді деп сенімді түрде айтуға болады.

Халықаралық ұйымдарды  жіктеу (классификация) мәселесінің  белгілі  қиындықтары бар. Мүның  өзі бір жағынан халықаралық  ұйымдардың санының көптігіне байланысты болса, екінші жағынан олардың жіктеу крий-терийлерінің көп түрлілігіне  байланысты. Дәстүрлі, жалпыға танымал критерий — ол мүше болу критериі. Мүшелік критерий негізінде барлық халықаралық ұйымдар үкіметаралық (мемлекетаралық) және укіметаралық емес болып екіге бөлінеді. Бірінші категорияға мемлекеттер, үкіметтер немесе солардың өкілдіктері жатады, екіншісіне үлттық, үкіметтік емес ұйымдар, жеке түлғалар және басқа да халықаралық үкіметтік емес ұйымдар кіреді./2/

Информация о работе Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі