Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа
ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25
2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49
3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71
Қорытынды........................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84
НАФТА-ның алғашқы
екі жылғы қызметі экспорт
көлемін ұлғайту арқылы жаңа жұмыс
орындарын ашу болжамдарын
Интеграциялық
үрдістер Оңтүстік Америкада да жанданып
келеді. 1986ж. Аргентина мен Бразилия
өнеркәсіп пен сыртқы сауда сияқты
маңызды салаларда өзара
1995ж. МЕРКОСУР
еркін сауда аймағынан
2004 жылдан бастап
МЕРКОСУР мен Анд елдері қоғамд
МЕРКОСУР Дүниежүзілік сауда ұйымдарының (ДСҰ) мүшесі және заңды тұлға ретінде басқа халықаралық топтастықтармен, соның ішінде Еуропалық Одақпен келісімдер жасады. Сондай-ақ, бұл Одаққа мүше әрбір ел жеке өзі ДСҰ-ның мүшесі болып табылады. МЕРКОСУР елдері өз тәжірибелерінде ішкі нарықтарын қорғау үшін басқа елдер алдында біріккен одақпен шығу және де ортақ ұйымдық стратегияларын құрудың қажет екеніне көздері жетті. [2, 18 б]
Тағы бір көрнекті интеграциялық топ – КАРИКОМ. Карибтік қоғамдастық (ағылш. Caribbean Community (CARICOM) – Оңтүстік Америка елдерінің сауда – экономикалық одағы. Кіші аралды елдер, Антигуа мен Барбуда, Багам аралдары, Белиз, Гайана, Гренада, Доминика, Сент-Винсент пен Гренадины, Сент Люсия, Тринидад пен Тобаго, Ямайка, Монсеррат (Ұлыбритания отары), Сент-Китс, Невис пен Ангилья, Суринам (1995жылы қабылданды). Ассоциацияланған мүшелері – Виргин аралдары, Теркс пен Кайкос аралдары. Қазіргі жасап тұрған келісім Карибтік қоғамдастық құруды жариялаған, ал оның аясында Карибтік ортақ нарықты құруды көздеген. КАРИКОМ елдерінің халқы 6млн. адамнан тұрады. КАРИКОМ жұмысында 12 латынамерикандық бақылаушы елдер бар, олардың ішінде Мексика, Венесуэла мен Колумбия үлкен белсенділік көрсетіп жатыр. Бірлестіктің жоғарғы органы – мемлекет басшыларының конференциясы, атқарушы органдары – министрлер Кеңесі мен Бас хатшылық, сондай-ақ тұрақты комитеттер мен мамандандырылған жұмысшы топтар. Штаб – пәтері Джорджтаун (Гайана) қаласында орналасқан. 1990 жылғы шілде-тамыз айларында мемлекет басшылары мен үкімет басшылары кездесуінде интеграцияны тездету жөніндегі шешімдер қабылданды. Мемлекеттер үшінші елден тауарлар импортына ортақ тариф енгізу туралы, яғни кедендік одақ құру жөнінде, тауарлар сатудағы барлық тарифтік емес кедергілерді жою жөнінде, капиталдың еркін қозғалысы жөніндегі ортақ нарық құру жөнінде, ортақ ақша бірлігі жөнінде келіскен. 1991 жылғы қаңтардан бастап бірыңғай сыртқы тариф КАРИКОМ-ның ішкі нарығын қорғайтын құрал ретінде импортты шектейтін сандық жүйені алмаыстырды. 1992 жылғы қазанда үкімет басшылары кездесуінде 1993 жылдан бастап бірыңғай сыртқы тарифті кезеңдеп төмендету графигі мақұлданды. 1998 жылға қарай ауыл шаруашылық тауарларына, киім-кешекке, дайын өндірістік бұйымдарға импорттық баж салығының максималды ставкасы 1992 жылғы 45 % қарағанда 20 %-ды құрайды деп болжалданған (1995 жылдың желтоқсанына қарай бірыңғай сыртқы тарифтің жоғарғы шегі 30 % дейін төмендетілді). Бірыңғай сыртқы тарифтің минималды савкасы - 5 % (нашарлау дамыған елдер үшін 0—5 %). [20, 58 б]
Өз аймағында интеграциялық үрдістерді дамытуға африкалық солтүстік бөлігінде Араб Мағрибі одағы құрылды. Оның құрамында Алжир, Ливия, Мавритания, Марокко және Тунис кірді. Бұл одақ туралы келісім бойынша аймақтық интеграция деңгейінде ірі экономикалық ынтымақтастыққа қол жеткізу көзделген. Дегенмен, Солтүстік Африка аймағы ұлттық шекаралардан шықпайтын, бір-бірінен бөлек бес нарық қалпында қалып отыр.
Басқа африкалық елдердің интеграциялық ұмтылыстары экономикасы артта қалған, іс жүзінде бір-бірімен экономикалық байланысы жоқ мемлекеттердің ішкі нарықтың негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған өнеркәсіпті дамыту үшін жасалған талпыныстары еді. Экономикалық және кедендік Одақтар құру арқылы және үйлестірілген саясат негізінде африкалық елдер өзара экономикалық байланыстарды дамытуды жоспарлады. Нәтижесінде жекелеген аймақтардың экономикаын қайта жарақтандыруға жағдай жасайтын салыстырмалы сыйымды ішкі нарықтар құру көзделген болатын. Бұл интеграция «өз күшіне сенім» арқылы прогреске жетудің амалы болды. «Өз күшіне сенім» концепциясы ішкі факторларды жандандырып, ең алдымен жергілікті ресурстарды іске қосу арқылы экономиканың құрылымын қайта құру мәселелерін шешуді мақсат етеді. Бұл идея Африка бірлігі Одағының 2025 жылға дейін Африкалық экономикалық Одақтастық құру туралы жоспарында бар. [26, 70 б]
Африкалық бірлестік ұйымының орнына жаңа мемлекетаралық бірлестік – Африкалық Одақ (АО) келді. Бұл туралы шешім 2001-ші жылдың басында жалпы Африкалық мемлекеттер басшыларының кездесуінде қабылданды және де Африка Одағының саяси, экономикалық, гуманитарлық құрылысы Еуропалық Одақтың континенталды баламасы болуы тиіс деп көзделуде. АО-тың ұйымдастыру құжаттары Африка мемлекеттерінің 2/3 бөлігі ратификация жасағаннан кейін ғана күшіне енуі керек болатын. Осы жылдың наурыз айының басында 54 елдің 32-сінің парламенттері ратификациялау процедураларын жасады.
Африкадағы интеграциялық процестердің іс-тәжірибесі, Африка елдері басшыларының ынтымақтастықты тереңдетуге үндеулерінің іске асу барысы көрсеткеніндей мақсаттар мен міндеттер әзірше игі тілек деңгейінен аспай отыр.
Қазіргі кездегі дамушы елдердің ішіндегі дамыған интеграциялық ұйымдардың бірі АСЕАН болып табылады. [61, 89 б]
АСЕАН – Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің политикалық, экономикалық және мәдени аймақтық ұйымы. АСЕАН 1967 жылы 9 тамызда Бангкокта «АСЕАН декларациясы», немесе «Бангкок декларациясы» бойынша құрылды. Бастапқыда оның құрамына 6 мемлекет: Индонезия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Малайзия елдері кірді. Одан кейін:
1984 жылы – Бруней
1995 жылы – Вьетнам
1997 жылы – Лаос, Мьяньма
1999 жылы – Камбоджа
Қазір оның құрамында 10 мемлекет бар. [57, 345 б]
АСЕАН елдеріне келетін болсақ олардың орналасуы – Үндістан мен Тынық Мұхиты жолдарында. Орналасқан Тынық Мұхиты бассейні Таяу Шығыс, Африка, Европа елдерімен жалғастырып тұр. Бұл интеграциялық топтың табиғи ресурстар қоры өте үлкен. Оның ішінде:
Табиғи каучук – 81%
Пальма майы – 38 %
Пайдалы қазбалардан: қалайы: 62 %
Мыс рудасы: 60 %
Хром рудасы: 12 %
Бірқатар мұнай және газ қорлары жинақталған.
Бұл аймақтық ынтымақтастықтың 3 негізгі мақсаты анықталған:
Бұл ұйым құрылғаннан кейін 1-ші алға қойған мәселелері:
АСЕАН-ның әлемдегі анықтаушы ролі басқа топтарға ұқсамайды:
АСЕАН-ның қалыптасуындағы
негізгі қажеттілік Оңтүстік Азия елдерінің
әскери-саяси тұрғыда болып
АСЕАН қызметіндегі соңғы 40 жылда сандық және сапалық өзгерістер болды:
90-шы жылдарға дейін сапалық өзгерісі:
1.Әскери-саяси сфераны көп қамтыды оңтүстік Шығыс Азиядағы жалпы жағдай тұрақтады. Экономикадағы алға қойған мақсат – еркін сауда аймағын қалыптастыру, әртүрлі субъективті және объективті жағдайларға байланысты дамуды өте баяу болды. Оның бірнеше себептері болды:
Ал 200 жылы АСЕАН әртүрлі сапалы өзгерістерге ұшырады: Оған себеп болған:
АСЕАН-ға мүше елдердің сапалы дамуындағы жаңа кезеңі – 1976 жылғы «Бали деклорациясы» болды. [47, 20 б]
Осы құжат бойынша экономикалық өзара қатынастар 4 бағытта жүргізілді:
АСЕАН-ның экономикалық интеграциялық өндірістік ынтымақтастығының дамуы БҰҰ-ның экспортер ұсынысы бойынша негізінен 13 жоба бойынша жүргізілуі тиіс болды. [47, 21 б]
1981 жылы АСЕАН-ның
«Біріккен қаржы кооперациясы»
құрылды. Мүше елдердің
Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер қарқынды дамып келе жатыр. Осыған бірден бір айқын мысал – ЕурАзЭқ.
Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістердің бірнеше кезеңдерін атап көрстуге болады.
1991-1993 жж. бірінші кезең – ұлттық экономикалардың пайда болу кезеңі. Яғни КСРО ортақ халықшаруашылық кешенінің ыдырауы, ұлттық байлықты бөлу, сыртқы несие алудағы бақталастық, КСРОның бұрынғы қарыздарын өтеуден бас тарту, өзара тауар айналымының күрт төмендеуі, яғни посткеңестік кеңістіктің экономикалық дағдарысқа алып келген жағдайлардың бояуымен байланысты. [50]
Оқиғалардың осылайша дамуы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы шеңберінде нарықтық негізде қарым-қатынастар орнату керектігі сөзсіз болды.
Екінші кезең (1994-1995 жыл) құқықтық кеңістіктің орнауы – мемлекетаралық қатынастардың нормативті негізінің белсенді құрылуымен суреттеледі. ТМД шеңберінде құқықтық кеңістік құрылуының негізі деп ТМД жарғысын санауға болады.
Мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған келісімдердің ішінен келесілерді атап кетуге болады: Экономикалық одақ құру туралы келісім (24.09.1993), Еркін сауда аймағын құру туралы келісім (15.04.1994), Экономикалық одақтың тұрақты қызмет органы ретінде мемлекетаралық экономикалық коммитет құру туралы келісім (21.10.1994), ТМД мүше-мемлекеттерінің төлем одағын құру туралы келісім (21.10.1994).
Үшінші кезең (1995ж. қазіргі кезеңге дейін) субаймақтық ұйымдардың пайда болуымен ерекшеленеді. [62, 34 б]
Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері