Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа
ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25
2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49
3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71
Қорытынды........................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84
Мүше-мемлекеттердің субаймақтық бірлестіктерге қатысуы өзара бірлесіп қызмет етуінің тиімді әдістері болып табылады, әрі мұндай қатынастар ТМД мүше болуға қайшы келмейді. Себебі олардың мақсаттары мен шығармашылығы ТМДның дамуымен бір арнада деп есептелінеді.
Кезінде ортақ болған посткеңестік кеңістікте 5 субаймақтық бірлестік пайда болды. Осы бірлестіктердің ішінен Белорусия мен Ресей Одағын (СТБР) және Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықты қоспағанда ГУУАМ (Грузия, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Молдова), ЦАС (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан және Кавказдық «төрттікті» (Әзірбайжан, Армения, Грузия, Ресей) атап айтуға болады.
Мұнда ең алдымен Ресей мен Белорусия кедендік одақ құру жолындағы алғаш қадамдарын жасады. Кейіннен оларға Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан қосылып, ЕурАзЭҚты құрады.
Ресей Федерациясы,
Белорусия Республикасы, Қырғыстан
Республикасы, Қазақстан Республикасы
және Өзбекстан Республикасы мүше болған
интеграциялық үрдістердің негі
Посткеңестік
интеграцияның алғашқы
1960 жылдары Ұлыбритания
Еуропалық одаққа ұжымды
Ресейсіз өндірістік өнімнің тек 10 %, ал Қырғыстан мен Тәжікстан -5% ғана шығара алады.
Посткеңестік интеграция құрылуының тағы бір алғышарты - өте жоғары деңгейден өзара технологиялық тәуелділік. [67, 162 б]
Қорыта келгенде, экономикасы қуатты мемлекеттер интеграциялық орталықты құрап, олардың төңірегіне басқа мемлекеттер топтасып, интеграциядағы елдер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарындағы өзінше бір жүйе болып отыр. Интеграция бұл процеске қатысушы елдердің өндірісі мен капиталын интернационалдандыруды жеделдетуге жағдай жасайды.
2.2. Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістер: тәжірибесі және қазіргі жағдайы
2.2.1. Еуропалық Одақ құрылуы - интеграциялық алғышарттары
Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы интеграциялық үрдістер әлемнің даму тенденциясы мен заңдылықтарының негізі болып табылады. XXI ғасырда әлемдік және аймақтық мәселелерді бірлесе шешу интеграция мен ғаламдану үрдісінің талабымен байланысты болып отыр, яғни ешқандай мемлекет өз мәселелерін жеке шеше алмайтындығын көрсетіп отыр. Шындығында бүгінгі таңдағы бүкіл әлемді интеграциялық бірлестіктер, одақтар және топтарының жиынтығымен түсіндіруге болады. Соның ішіндегі ең маңызды интеграциялық бірлестік Еуропалық Одақ болып отыр.
Еуропалық интеграция
халықаралық үрдістердің
Еуропалық Одақ
шеңберіндегі саяси интеграциялық
үрдістермен түсіндіріледі, өйткені
бұл үрдіс Еуропалық
Қазіргі күнде Еуропалық Одақтың эволюциясы европалық қоғамдастыққа жаңа мүшелердің кіруімен ауқымы тұрғысынан да, және экономикалық және саяси сфералардағы интегарцияны дамытудың есебінен тереңдеуі тұрғысы бойынша өтуде. Осы көрсетіліп отырған екі үрдістің бір-бірін қаншалықты өзара толықтыратындығы әлі белгісіз. Еуропалық Одақта аталмыш одақтың ұлғаюын жақтайтын да, және оның қарсыластары да бар. Қарсылық білдірушілер Одақтың одан әрі эволюциясын жақтай отырып, ұлғаю процесі қоғамдастықтағы дәулетті мемлекеттер үшін келеңсіз экономикалық шығындарға және саяси бірігуге тоқырау әкеле отырып, Еуропалық Одақтың тереңінен дамуын тоқтатуы мүмкін деп санайды. Дегенмен, қауіптерге қарамастан, интеграцияланудың бай тәжірибесін жинақтаған қоғамдастық, өз маңайындағы мемлекеттерге экономикалық гүлдену мен саяси тұрақтылық кеңістігін ұлғайта түсу бағытында да, және де өз алдына экономикалық сипаттағы амбицияға толы міндеттерді, сонымен қатар сыртқы саясат пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді қоя отырып, бүгінгі күндегі интеграциялық мүмкіндікті тереңдете және дамыта түсудегі прогресті жалғастыра беруге бел байлап отыр. [37, 512 б]
Еуропалық Одақ – еуропалық интеграцияға қатысушы мемлекеттердің біріккен одағы. Жалпы Батыс Еуропалық интеграцияның бірқатар алғышарттары бар:
Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою;
Негізгі күрестер Батыс Еуропа территориясында жүретін жаңа ғаламдық қақтығыстың пайда болу қаупі;
Идеологиялық жағынан негізгі жау – КСРО-ға қарсы тұру;
АҚШ-тың осы аймаққа кіруіне бейбіт және реалды ынтымақтастық арқылы қарсы тұру;
Еуропалық Одақ қызметін үш тарихи кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1. Еуропалық интеграцияның
негізгі бастауы 1950 жылы 9-мамырдағы
Франция Сыртқы істер министрі
Роберт Шуманның
2. 1957 жылы 25-наурызда Еуропалық экономикалық қауымдастығын құру туралы Рим келісіміне қол қойылды. Сонымен бірге осы келісім негізінде Еуратом құрылды. Негізгі мақсаты – кеден одағын және қауымдастық территориясындағы тауарлардың, адамдардың, капиталдың, қызмет көрсетудің еркін қимылын қамтамасыз ету үшін ортақ рынок құру, сонымен бірге ауыл шаруашылығында ортақ саясат жүргізу. 1960 жылы Австрия, Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Португалия, Швеция, Швейцария Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕАСТ) құрған болатын. Бірақ та ЕЭҚ-тың сәтті дамуының нәтижесінде ЕАСТ-қа мүше елдер бірінен соң бірі ЕЭҚ-қа кірді. ЕЭҚ, кейіннен Еуропалық Одақтың өткен негізгі этаптары:
1967ж – ЕУОС, ЕЭҚ және Еуратом біріккен Кеңес пен Коммиссияға бірікті. Ол ЕО соты және Еуропалық парламентпен бірге жалпы институционалдық құрылымды құрады. [14, 49 б]
1974ж – мемлекет және үкімет
басшыларының деңгейінде
1979ж – алғаш Еуропарламентке тікелей сайлау болып өтті.
1985ж – Шенген зонасы туралы шешім қабылданды.
1987ж – Біріккен Еуропалық
акт қабылданып, интеграцияның жаңа
кезеңі басталды. Осының негізінде
қауымдастықтар негізінде
3. 1992 жылы Маастрихте (Нидерланды) ЕО құру жөнінде келісімге қол қойылды, сонымен қатар Біріккен Еуропалық актта көрсетілген мақсаттар заңмен бекітілді. Алғаш он екі ел мүше болып, Одақтың ортақ азаматтығы енгізілді. 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция, 2004 жылы Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Эстония, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия, 2007 жылы Болгария мен Румынияның Еуропалық Одаққа кіруімен мүшелер саны 27-ге жетті.
Маастрих келісімі Еуропалық Одақтың әлемдегі рөлін арттыруға, халықаралық қылмыс пен заңсыз иммиграциямен күресті күшейтуге, сонымен бірге ЕО-тың Орталық және Шығыс Еуропаға қарай кеңеюіне байланысты екі рет қайта қаралып, толықтырылды.1997 жылғы Амстердам келісімі бойынша Одақтың негізгі мақсаттары бекітіліп, Одақ көлемінде ортақ сыртқы саясат туралы бөлімі толықтырылды. Келісімге Одаққа мүше елдер демократиялық принциптерді, адам құқықтары мен заңның басымдықтарын сақтау туралы, мемлекеттердің терроризм, расизм, контрабанда, қылмыскерлікпен күресуде ынтымақтастықты нығайту туралы арнайы бөлім енгізілді.1999 жылы ортақ валюта – евроны енгізу туралы шешім қабылданды. (2002 жылы күшіне енді) 2000 жылғы Ницц келісімі. Ол Рим, Маастрих, Амстердам келісімдерінің логикалық жалғасы болып табылады. Онда келесідей негізгі проблемалар қамтылды:ЕО ішкі реформалау (шешім қабылдауда көпшілік қолдауымен және оны азшылық тарапынан блокировать ету мүмкіндігі, 35 заңнамалық облыста вето құқығын қолдануды шектеу); ЕО-қа Одақтың институттарынан орын мен дауыс бөлу арқылы Орталық және Шығыс Еуропа елдерін қабылдау;Отрақ сыртқы және қорғаныс саясатын құру; 2004 жылы ЕО Конституциясы қабылданды. Бірақ күшіне енген жоқ. (4 тарау, 448 бап, 37 хаттамадан тұрады). 2007 жылы Одақты реформалау туралы Лиссабон келісіміне қол қойылды. [21, 34 б]
Еуропалық Одақ - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.
Жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Филиандия, Швеция елдерінің қатысумен 1993 жылы құрылған. Еуропалық Одақ Еуропалық қауымдастық атап айтқанда Еуропа көмір мен болат қорыту бірлестігінің
1951 осы ұйым Еуропалық ұйымдастырушылық негізінде қаланды, Еуропалық экономикалық қауымдастық 1957жылы Рим келісім-шарты бойынша құрылған бұл ұйым " ортақ рынок" деп те аталады, сондай-ақ Атом энергиясы бойынша Еуропалық қауымдастық 1957 жылы құрылған қарым-қатынасы негізінде жұмыс істейді. Еуропалық Одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаты 1987 жылы Бірегей европалық актіде, 1992 жылы Мастрик келісім-шартында және 1997 жылы Амстердам келісімінде айқындалған. [28, 57 б]
Соңғы жылдары Еуропалық Одақ мынандай бағыттарда:
1. Ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту.
2. Кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру
3. Бірегей сыртқы саясатқауым саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру.
Жерорта теңізінің жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрылығыаймақтық саясатты жандандыру, әлеуметтік саладағы үйлесімділік туралы айтырып, құқық қорғау және ішкі тәртіп сақтау әртекті байланысты өрістету мақсатында қызмет етіп келеді.
1999 жылы 1 - ші қаңтардан бастап алғашқы кезекте 11 мемлекет: Австрия, Белгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксенбург, Нидерланд, Португалия, Филиандия есеп айырысу операцияларытепе -теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро 1996 жылға дейін экю валютасын енгізді.
Еуропалық Одақ жалпы органдармен, институтардың қатарына еуропалық комиссия, еуро парламент, еуро одақ кеңесі, еуропалық қауымдастық, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік аймақтар жөніндегі комиссия жатады.
Еуропалық Одақ 1995 жылдың қаңтарында еуропалық одақ комиссиясының штаб пәтері орналасқан Бруссельде. Еуропалық ОдақТАСИС бағдарламасы шеңберінде көмек көрсетеді.
Еуропалық Одақтың басты институттары Еуропалық Парламент, Еуропалық Одақтың кеңесі, Еуропалық кеңес, Еуропалық комиссия, Аудиторлық сот, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық орталық банк және Еуропалық омбудсмен болып табылады. Енді осы құрылымдардың қызметіне тоқталайық. [60, 331б]
Еуропалық Парламент тіке дауыс беру арқылы бес жылга сайланған 732 депутаттан тұрады. Депутаттар саны жағынан ең көбі - Германия, 99 депутат. Одан кейінгілері Франция, Италия, Ұлыбритания - әрқайсысы 78 депутаттан. Испания мен Польша - 54-тен, Нидерланды - 27, Бельгия, Венгрия, Грекия, Португалия, Чехия - 24-тен, Швеция - 19, Аустрия - 18, Дания, Словакия, Финляндия - 14-тен, Ирландия мен Литва - 13 депутаттан, Латвия - 9, Словения - 7, Кипр, Люксембург, Эстония - 6-дан, ал Мальта 5 депутаттан келеді. Депутаттардың кезекті сайлауы 2009 жылдың маусымында өтеді. Еуропалық Парламенттің өкілеттігі аса ауқымды. Ол Еуропалық Одақтың кеңесімен бірлесе отырып заңнамалық функцияларды жүзеге асырады және жұмыс күшінің қозғалысына, кәсіпкерлікке, қызмет көрсетулерге, білім беру мен зерттеу жұмыстарына, қоршаған орта мен денсаулық сақтауға, тұтынушыларды қорғауға қатысты мәселелер жөнінде тиісті шешім қабылдауға құқығы бар. Сондай-ақ Еуропарламент қажет болып жатса, Одақ кеңесінің шешімін қабылдамауы және заңнамалық үдерісті тоқтатып тастауы мүмкін. Сондықтан Одақ кеңесі халықаралық ынтымақтастық және оны кеңейту туралы келісімдердің қорытындысын Еуропарламентпен келісуге мүдделі. Бүгінде Еуропарламентте тұрақты қызмет ететін 20 комиссия жұмыс істейді. Бас хатшылығы Люксембургте орналасқан. Қазіргі төрағасы - Испания Социалистік жүмысшы партиясының өкілі Хосе Боррель Фонтельес. Еуропалық Одақ кеңесі - Одақтың өкілетті шешім қабылдайтын басты органы. Оның құрамы Одаққа мүше 25 елдің әртүрлі салалық министрлерінен тұрады. Кеңес Еуропарламентпен бірлесіп, Одақтың заңнамалық актілері мен бюджетін қабылдайды. Сонымен қатар, Еуропалық комиссия дайындаған халықаралық келісімдерді бекітеді және Одаққа мүше елдердің экономикалық саясатын үйлестіруге жауап береді. Кеңеске төрағалық ету әр жарты жыл сайын ротациялық негізде ауысып отырады. Мәселен, бүл міндетті 2005 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ұлыбритания атқарып келді. Оны енді 2006 жылдың 30 маусымына дейін Аустрия атқаратын болады. Ал Еуропалық Одақ кеңесінің бас хатшылығы Брюссельде орналасқан. Кеңестің бас хатшысы лауазымын 1999 жылдың қазан айынан бері НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Хавьер Солана атқарып келеді. [5, 370 б]
Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері