Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 04:51, курс лекций
«Халықаралық экономика» пәнін зерделеудің объектісі – бұл тауарлар мен технологиялардың халықаралық айырбасы саласында әр түрлі мемлекеттік сипаттағы экономикалық субъектілердің өзара әрекеттесуі саласы. Бұл пәнде қарастырылатын маңызды мәселелерге мемлекеттердің тиімді сыртқы экономикалық саясатын жүргізу, мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер мәселелері жатады.
1. Халықаралық экономика
2. Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен рөлі
3. ХХ ғасырдың халықаралық экономиканың негізгі белгілері
4. Бүкіләлемдік сауда ұйымы
Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы
1. Халықаралық экономика
2. Халықаралық сауда
ұйымдарының әлемдік
3. ХХ ғасырдың халықаралық экономиканың негізгі белгілері
4. Бүкіләлемдік сауда ұйымы
1. «Халықаралық экономика» пәнін зерделеудің объектісі – бұл тауарлар мен технологиялардың халықаралық айырбасы саласында әр түрлі мемлекеттік сипаттағы экономикалық субъектілердің өзара әрекеттесуі саласы. Бұл пәнде қарастырылатын маңызды мәселелерге мемлекеттердің тиімді сыртқы экономикалық саясатын жүргізу, мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер мәселелері жатады.
Халықаралық экономиканың әдіснамасы негізінде неоклассикалық ережелерді талдау және оларды экономикалық тепе-теңдіктің басты идеясымен синтездеу қағидалары жатыр. Халықаралық экономикада қолданылатын модельдік және категориялық аппарат «Мароэкономика» және «Микроэкономика» пәндеріндегі талдау әдістері мен категорияларына сәйкес келеді. Дегенмен де, хлықаралық экономикадағы көптеген заңдар, заңдылықтар мен ережелер көптеген пікірталастарды туындатып отыр. Бұл осы ғылымның әлі де болса жас екендігін, сонымен бірге бүкіл әлемдік шаруашылық өзгерістердің жедел қарқынын айқындайды.
Халықаралық экономика теорияларының белсенді түрде қалыптасуы халықаралық экономикалық қатынастардың және әлемдік экономиканың жедел дамуы барысында жүзеге асады. «Халықаралық экономика» термині ХХ-ғасырдың 90-жылдарынан бастап қана кең түрде қолданыла бастады. Алғашында халықаралық экономиканы зерделеуге деген қызығушылық 1960 жылдары халықаралық бизнесті жүргізу қажеттілігінен туындады және ол айрықша пән ретінде АҚШ-ның мектептерінде алғаш рет оқытыла бастады.
Дербес теориялық пән
ретінде хлықаралық экономика бүкіл
ХХ ғасыр бойында, яғни хлықаралық экономикалық
қатынастар саласындағы білімдерді жинақтау мен жүйелендіруге
байланысты қалыптаса бастады. Оның қалыптасуы
мен дамуына едәуір үлесті ХVIII-ХІХ ғасырлардағы
экономикалық ғылымның
Қазіргі таңда шаруашылық өмірдің интернационализациясы және ғаламдануы әсерінен ұлттық экономикалық субъектілердің көп бөлігі тікелей немесе жанама түрде халықаралық экономика сферасына кіріп жатыр, дәл осы мезетте бұл ғылым экономикалық ғылымдар жүйесінің жетекші пәніне айналып отыр. Халықаралық экономиканы негіздерін білмей, кәсіпорындарын мен фирмалардың сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырудың ерекшелігін анықтау, олардың сыртқы экономикалық байланыстарын басқару саласындағы дұрыс шешімдерді қабылдау мүмкін емес.
Сонымен бірге мынаны атап өту керек, яғни кез-келген елдің үкіметі жүргізетін қазіргі кездегі макроэкономикалық саясат ұлттық экономиканың дамуына әлемдік экономиканың ықпал етуі жөніндегі білімдер негізінде міндетті түрде даярланады және жетілдіріледі.
Жалпы алғанда, қазіргі таңда халықаралық экономика теорияларын зерделемей, толыққанды экономикалық білім алу мүмкін емес екендігін атап өту керек.
Халықаралық экономика –
Халықаралық экономиканың құрылымы төмендегідей формалардан тұрады:
Қызмет жағынан халықаралық
экономика халықаралық
ХХ ғасырдың аяғына дейін халықаралық экономиканың басты формасы болып келді, ал қазіргі заманда жетекші рольді әртүрлі халықаралық қаржылық операциялар атқаруда.
Халықаралық экономика қалыптасуда әртүрлі тарихи кезеңдерден өтті. 20-30 жылдардағы терең экономикалық дағдарыс, 2-ші дүниежүзілік соғыс дүниежүзілік шаруашылықтың балансын ыдыратып, сонымен бірге экономиканың өсуіне, қатаюына, жетілуіне алғы шарттарды жасауға мүмкіндік туғызды.
ХХ ғасырдың ортасында дүниежүзілік шаруашылықтың тұрақты дамуы ұлттық экономикалардың бір-біріне байланысты және тәуелді екенін айқындады, сондықтан халықаралық экономиканың туындауы сөзсіз қажеттілікке айналды.
2. Көп жақты және
екі жақты ынтымақтастық үшін
қолайлы жағдайлар жасау және
осы бағытты келісімдеу
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын
жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді,
мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына
және валюталардың тұрақтандырылуына
жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін
қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық
ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан
сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет
пен оның субьектісіне халықаралық қызметке
қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға
жәрдемдесу мақсатында құрылған.
«Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын
Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық
ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін
қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті
сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін
сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы
келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының
жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу
үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық
жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді
ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға
көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды
қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға
қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы
ұлттық кедендік автономдылықты сақтау
арқылы жүзеге асуы керек.
Еуропалық еркін сауда ассоциациясы кең
экономикалық және саяси интеграцияға
ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық
реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден
құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі
болып табылады, онда әр елдің бір даусы
болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын
және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар
ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын
жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды
жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан
басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы,
сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА
секретариаты Женевада орналасқан. Оны
бас директор мен оның орынбасары басқарады.
ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін
12 ай өткен соң ғана мүмкін.
Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық одаққа кірудің бастапқы қадамы болады.
«Глобализация» тенденциясы
(сауда немесе нарық) блоктарды құру
тенденциясына айналды, ал бұл Еуропадағы
болашақ экономикалық блоктардың одан
әрі оқшауланғаның білдіреді. Б
Солтүстікамерикалық еркін сауда зонасы Еркін сауда келісімі (ФТА) бойынша пайда болды, Канадамен инициирленді және АҚШ пен Канада арасында 1989 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 1990 жылдың маусым айында Мексика оны кеңейту туралы ұсыныс жасады. Үшжақты келісімдер 1990 жылдың тамыз айында 1994 жылдың 1 қаңтарында Солтүстікамерикалық сауда келісімінің (НАФТА) күшіне енуімен аяқталды. Осылай, әлемде 368 млн. адамнан және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі бойынша екінші нарық пайда болды, оның сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық кеңістікпен (ЕВР) тең келді.
МЕРКОЗУР сексенінші
жылдардағы Аргентина мен Бразилияның тығыз ынтымақтастыққа ұмтылуынан
пайда болды. 1990 жылдың 6 шілдесінде екі
елдің президенттері Жалпы нарық құру
туралы актіге қол қойды. Ол күшіне 1995
жылдың 1 қаңтарында ену керек болатын.
1991 жылдың 26 наурызында осы интеграциялық
процесске Парагвай мен Уругвай қосылды.
Келісім оңтүстіктің Жалпы нарығы үшін
(180 млн. адамдай) 1994 жылдың 31 желтоқсанында
кедендерді ликвидациялау және тарифтік
емес сауда шектеулері арқылы тауарлар
мен қызметтердің еркін айналымын, ал
бір жылдан соң капитал айналымының либерализациясын
жұмыскерлердің жұмыс орнын еркін таңдау
мүмкіндігімен бірге қарастырды. Келісім
бойынша жалпы сыртқы кеден құрылып, жалпы
сауда саясаты жүргізілуі керек. Келісімді
жүзеге асыру мақсатында Жалпы нарық Кеңесінің
басқарушы мүшесі және Жалпы нарық тобының
атқарушы мүшесі құрылды. 11 техникалық
жұмысшылар топтары және Монтевидеода
орналасқан басқарушы секретариаты бар.
Келісімнің атаққұмар мақсаттары жартылай
тек 1994 жылдың аяғында ғана орындалды.
Шындығында, 1995 жылдың 1 қаңтарында Жалпы
нарық әлі құрылған жоқ болатын, тек толық
жетілмеген көптеген шектеулері мен қосымша
келісімдері бар кедендік одақ болды.
Колониализм дәуірінің аяқталуымен БҰҰ-ның
Генералды Ассамблеясында дамушы елдердің
саны айтарлықтай өсті. Бірақ олардың
ГАТТ-қа әсер етуі шамалы болды, себебі
үшінші әлем елдері (66) Шығыстық блок елдерімен
одақтасып әлемдік сауданың социалистік
бағыттары бойынша жаңа ретін құруды талап
етті.
77 дамушы елдерден құралатын топ ақыры 1964 жылдың 30 желтоқсанындағы сауда және даму бойынша Біріккен Ұлттар Конференциясының (ЮНКТАД) кеңсесінің көмегімен БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясының тұрақты мүшесі болды. Орналасқан жері Женева. БҰҰ-на, оның арнайы халықаралық ұйымдары немесе атомдық энергетика бойынша халықарлық ұйымдарына кіретін мемлекеттер оның мүшелері бола алады. 1992 жылы оның 179 мүшесі болды және олар алғашында 4 топтарға бөлінді:
А тобы: афро-азиаттық дамушы елдер;
Б тобы: батыстағы индустриалды елдер;
В тобы: латынамерикалық дамушы елдер;
Г тобы: социалистік елдер.
Қытай Халық Республикасы ерекше орын алады.
Генералды Ассамблея мен Кеңес ЮНКТАД
мүшелері болып табылады. Генералды Ассамблея
4 жыл бойы жұмыс істейді. Оның резолюцияларының
міндетті күші жоқ, бірақ олардың белгілі
бір моральді күші бар. Даму және әлемдік
сауда бойынша Кеңес тұрақты мүшесі болып
табылады, ол жылына екі рет мәжіліс құрайды
және Генералды Ассамблеяның шешімдерін
орындайды.Қазіргі кезде Кеңеске жеті
ерекше комитет бағынады, олар шикізат,
қаржы және технология трансферті мәселелерімен
айналысады. Генералды секретариаттың
орналасқан жері-Женева.
ЮНКТАДТЫҢ міндеттері келесілерге
бағытталған: халықаралық саудаға
жәрдемдесу, халықаралық сауда үшін
негізгі жағдайлар мен
ЮНКТАД-тың Генералды Ассамблеясының мәжілістері: I-1964 жылы (Женева); II- 1968 жылы (Жаңа Дели); III- 1972 жылы (Сантьяго, Чили); IV-1976 жылы (Найроби, Кения); V-1979 жылы (Манила); VI-1983 жылы (Белград); VII-1987 жылы (Женева); VIII-1992 жылы (Картагена, Индия); XI-1996 жылы (Оңтүстік Африка) болды.
1968 жылдан бастап Халықаралық сауда орталығы ГАТТ/БСҰ және БҰҰ-ның біріккен мүшесі ретінде функционирленеді, ал соңғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму Конференциясы арқылы әрекет етеді. Бұл орталық жартылай автономды ұйым болып табылады және оның функциялары келесілерге бағытталған:
-сауда құрылымын
-дәстүрлі және дәстүрлі емес
экспорттық тауарлар үшін
-импорт саласында тиімді
-мемлекеттік қызметкерлерді, іскер
орта өкілдерін және
Халықаралық сауда орталығы өз қызметін бірқатар халықаралық, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне кіретін ұйымдармен үйлестіреді.
Халықаралық сауда палатасы үкіметтік
емес ұйым ретінде 1919 жылы негізін қалады.
Бұл халықаралық масштабта қызмет ететін,
дамыған және дамушы елдердің компаниялары
мен басқа да құрылымдарын біріктіретін
жеке кәсіпкерлік ұйым. Оның қызметі келесілерге
бағытталған:
а) сауданы, инвестициялар мен еркін нарықтарды,
капиталдың еркін айналымын ынталандыру
арқылы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу,
б)сауданың дамуы мен еркіндігінің үйлесімділігі
мақсатында экономикалық және құқықтық
салаларда тиімді және дәйекті шараларды
қабылдау,
Информация о работе Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы