Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа
ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25
2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49
3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71
Қорытынды........................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84
Еуропалық кеңес - Еуроодақтың жоғары саяси органы ретінде кеңінен танымал. 1974 жылы құрылған Кеңес өз сессияларында Одақтың саяси бағытын айқындайтын өзекті шешімдерді қабылдайды. Еурокомиссия мен Министрлер кеңесі белгілі бір мәселеге байланысты ортақ пікірге келе алмаған жағдайда оның төрелігін Еурокеңес айта алады. Әр жарты жылда Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары мен үкіметтер басшылары кездесіп, өткен жарты жылдың қорытындысын талқылайды және алдағы жарты жылдағы негізгі бағыттарын белгілейді. Оны үйымдастыру Еуропалық кеңестің мойнында. Еуропалық комиссия - Еуроодақтың атқарушы органы әрі Еуропалық экономикалық кеңістік пен Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістікке жетекшілік жасайтын институт. Комиссия 1967 жылдың шілдесінен жұмыс істеп келеді, оның 20 мүшесі бар. Комиссия мүшелерін сол елдердің үкіметі бес жыл мерзімге тағайындайды. Ал Комиссия президенті Одаққа кіретін елдер үкіметтерінің бірлескен шешімі бойынша тағайындалып, оны Еуропарламент бекітеді. Комиссия Еуроодақтың шарттарын сақтауды қамтамасыз етеді. Оның штаб-пәтері Брюссельде орын тепкен, 26 директорат пен арнайы қызметтен тұрады. Комиссияның қазіргі президенті - Португалияның бұрынғы премьер-министрі Жозе Мануэль Дурау Баррозу. Бұл қызметті 2004 жылдың қарашасына дейін Италияның бұрынғы премьер-министрі Романо Проди атқарған. [11, 69 б]
ЕО өзінің даму тарихында негізінен 6 кеңею кезеңінен өтті. 1973 жылы бірінші кеңеюінде Ұлыбритания, Дания Ирландия елдері кірді. 1981 жылы екінші кеңеюінде Греция мемлекеті кірді. 1986 жылы үшінші кеңеюінде Испания, Португалия мемлекеттері кірді. Ал 1995 жылы төртінші кеңеюінде Австрия, Финляндия, Швеция мемлекеттері кірді, бесінші кеңеюінде 2004 жылы Орталық және Шығыс Еуропа елдері Мальта және Кипр елдері кірді, ал алтыншы кеңеюінде 2007 жылы Болгария мен Румыния кірді. ЕО-ың шығысқа қарай кеңеюінің жағымды және жағымсыз салдары Ресей мемлекетіне ықпалын тигізуі мүмкін. Жағымды салдарына келетін болсақ, ЕО пен сауда экономикалық байланыстарының кеңеюі күтіледі. Ал жағымсыз салдарын қарастыратын болсақ, Батыс еуропалық елдерінің капитал салуы ЕО-ң жаңа мүшелеріне бағытталатын болғандықтан Ресей үшін өте тиімсіз. ЕО-ң кеңеюінен кейін одақтың экономикалық көрсеткіштері бірқатар өзгерістерге ұшырады. ЕО-ң халқының санының 20%-ға өсуіне қарамастан ЖІӨ тек 5%-ға өсті. Бұл ЕО-қа кірген жаңа елдердің үлес салмағының салыстырмалы түрде болуына байланысты. 1986 жылы ЕО-қа испания мен Португалия мүше болып кіргенде ЖІӨ 8%-ға, ал Австрия мен Филяндия Швеция кіргенде 7%-ға өскен болатын, ал 2004 жылы кеңеюден кейінгі ЕО-ң экономикасында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. ЕО-қа кірген жаңа мүшелердің халқының саны айтарлықтай болуы ЖІӨ-ң адам басына шаққандағы көрсеткішін төмендетті. Ортақ нарықтың кеңеюі, тауар көлемінің өсуі қызмет көрсету, жұмысшы күші, капитал қозғалысының өсуі экономикалық субъектілердің бәсекелесуін күшейтеді. Бұл бағаны төмендетеді, өндірістің өсуіне және экономиканың тұрақты өсуіне алып келеді. Атап айтқанда ЕО-ң мүше елдері өзінің ортақ нарық құрудағы потенциалын тиімді пайдалана алуы тиіс және өндіріс факторларының қозғалысындағы шектеулерді алып тастауды қарастыру.
Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде қарастырылады. [60, 336 б]
2.2.2 Еуропалық Одақ интеграциялық үрдістердің қазіргі жағдайы
ЕО-ға мүше мемлекеттер арасындағы негізгі ынтымақтастық саласын шартты түрде былайша қарастыруға болады: біртүтас нарықты қалыптастыру мен жүзеге асыру; кедендік одақ қызметінің механизмдері; біртұтас валюта мәселелері (кейбір мүше елдердің ұлттық валюталарын сақтай отырып); біртұтас ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығы саясатын қалыптастыру. Бүгінгі таңда Еуроодақ басқару органдарымен бірге бақылаушылық қызметін атқаратын құрылымдары бар аймақтық ұйымға айналған. Еуропалық Одақтың ең жоғарғы саяси органы - 27 мемлекет басшыларының кеңесінен тұратын Еуропалық Кеңес. Кеңес ЕО-ның міндеті мен мүше мемлекеттермен қатынасын анықтайды. Одақтың ең жоғарғы атқарушы органы - 27 мүшесі бар Еуропалық комиссия. ЕО-ның күнделікті қызметін жүзеге асыруда Комиссияның атқаратын рөлі зор. Еуроодаққа қабылданған мемлекеттердің азаматтары тарапынан 5 жылға сайланатын 786 депутаты бар Еуропалық парламент кэрі қүрлық өкілдеріне тиімді заңдарды қабылдаумен шұғылданады. Ал Еуропалық Қауымдастықтың Сотына 27 мемлекеттен 27 судья мен 9 Бас адвокат сайланады. Соттың міндеті - мүше мемлекеттер арасындағы және ЕО мен мүше мемлекеттер арасындағы, ЕО қүрылымдары арасындағы дауларды реттеу, халықаралық келісімдерді қорытындылап беру. Сонымен қатар ЕО ішінде біртүтас валюталық-қаржылық саясатты енгізу және түрлі аймақтардағы экономикалық даму деңгейін теңестіру мақсатында Біртұтас орталық банк, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық есеп палатасы, Еуропалық даму қоры, Экономикалық жэне әлеуметтік комитет, Аймақтар комитеті құрылған. Кейінгі кездегі Еуроодақты кеңейту үрдісінің әсері болар, ЕО-ға тиесілі негізгі «ойын ережесі» кез келген жағдайда іс жүзінде сақтала бермейді. Бірақ 2005 жылы Франция мен Нидерландыда жоспарланған Еуропалық конституцияны қабылдауға қатысты референдум өткізгенде ЕО-ның жарты ғасырлық тарихындағы шешуші әрі сын сағаты соққан. Екі елдің де халқы Конституцияға қатысты бастаманы құп алмады. ЕО-ның бүкіл қалыптасу кезеңіндегі көлеңкелі түс та осы болатын. Мемлекеттік қарыз көлемі жағынан жалпы ішкі өнімнің 120 пайызын құраған (бүл бекітілген нормадан екі есе көп) Италияның еуроаймаққа қабылдануы да сарапшылар тарапынан сынға ұшыраған. Бірақ ЕО шенеуніктері көздеген басты мақсат одаққа мүше мемлекеттерге біртүтас еуропалық валюта - еуроны қабылдату болатын. Кейіннен мүшелікке өткен мемлекеттердің еуроаймаққа енуі күмэнді. Өйткені, қойылатын талаптар мен бақылау күшейтілген. 50 жылдық мерейтойға байланысты өткізілген Берлиндегі басқосу ЕО Конституциясына қатысты мәселені шешуге деген ұмтылыстан туындады. Еурокеңістікті мекен еткендердің «конституция» сөзінен жүректері шайлығып қалғаны соншалық, Үлыбритания басқосуда қабылданған ресми қүжатта «конституция» туралы жақ ашпауға ұсыныс айтты. Франция Еуроодақтың басты құндылығы ретінде еуропалық әлеуметтік қамсыздандыру моделін енгізуге мүдделі болса, өзге мүше мемлекеттер мүны құптамайды. Польша Конституцияда христиандық жайлы ескеруді қаласа, өзге мүшелердің барлығы дерлік поляктардың пікіріне қарсылық танытып отыр. Бүгінгі таңда ЕО-ға төрағалық ету құқығы бар Германия осы мәтіннің енгізілу- енгізілмеуі туралы өзгелермен келісіп алуы шарт. «Берлиндік деклорацияда бекітуді қалап отырған құндылықтарды келіссөздер нәтижесінде құптату өте қиын» деп Еуропалық парламент депутаттарының алдында ағынан жарылған Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер түйіннің оңайлықпен шешіле қоймайтынын меңзеген. Әрине, кейінгі 1-2 жылда кәрі құрлықтың күн тәртібінен түспей келе жатқан энергетикалық қауіпсіздік мәселесін Берлиндік деклорацияны қабылдаушылар айналып өте алмады. Осыдан жарты ғасырдай уақыт бұрын кәрі құрлық өкілдерінің көмір мен болат саласын тізе қоса отырып игеруді мақсат етудің астарында қоғам дамуына негіз болатын әрі эскери қажеттіліктерді қамтамасыз ететін саланы бақылауда ұстау саясаты жатқан. Осылайша Германия мен Франция арасында туындауы мүмкін жаңа соғыстың алдын алу көзделген. Оның үстіне, былтыр Ресейдің қыстың көзі қырауда көршілес елдерге тасымалданатын табиғи газды тоқтатып тастап, Еуропалық Одаққа мүше елдерге қауіп төндіруі шаңырағы кеңейген Одақтың мақсаты мен міндеттерін қайтадан айқындауына және энергетикалық қауіпсіздік туралы бас қатыруына себеп болған. Алайда кейбір сарапшылар пікірінше, ЕО-ның бірігуіне кремльдік саясат әлемді дүр сілкіндірген екі соғыс сияқты ықпал ете алмайды. Өйткені, Еуроодаққа мүше кейбір елдер тұтынып отырған табиғи газдың 100 пайызын Ресейден тасымалдаса, кейбір елдер орыс газынан мүлде «татып» алмайды. Франция өзінің электрэнергиясын атом электр стансаларында өндірсе, Австрия ядролық энергияға үзілді-кесілді тыйым салды. Польша мен Латвия, Литва, Эстония орыстардың энергоқорына деген тәуелділіктен құтылуға барынша тырысып бағуда. Ал Германия Ресейге тікелей баратын жаңа газ құбыры қүрылысын салуда. Энергетикалық қауіпсіздік саясатында ауызбіршіліктің болмауы салдарынан еуропалықтар осы айға жоспарланған ЕО саммитінде ғаламдық ауа-райының күрт өзгеруіне көңіл бөлмек. [16, 78 б]
Экспорттың негізгі турлері мұнай, табиғи газ, цинк, қалайы, түрлі түсті металдар және одан өндірілетін бұйымдар, мақта, химиялык өнімдер құрылыс материалдары т.б. Импорт номенклатурасы ұлғаюда. Көбінесе халық қолданатын тауарларға сұраныстың көбеюі. Еуропалық Одақтың ішінен импорт өнімдері Германиядан, ұлыбританиядан, Франциядан, Финляндиядан Нидерландыдан келеді. Импорт металлургия өнімдерінің сұранысына байланысты көбеюде.
Еуропа нарығында Қазақстанның экспорттық ахуалы төмендеп кетті. Біріншіден, еуропа экономикасының даму қарқыны өте қатаң түрде жүргізілуде, екіншіден импорт тауарларынан ішкі рынокты қорғау үшін кеден саясатында кедергілер күшеюде, яғни квотамен салықтардың бағасын өсіру. Сонымен қатар Қазақстан тауарының сапасы Еуропалық стандарттарды қанағаттандырмауы. [19, 152 б]
2.3. Посткеңестік
кеңістіктегі интеграциялық
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңындағы басты дүниежүзілік оқиға – Кеңес Одағының ыдырауы болып табылады. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің алдында қоғамдық өмірді қайта құру, көпжылдар бойы қалыптасқан экономикалық және гуманитарлық қатынастарды сақтай отырып, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру мен нығайту мәселелрі пайда болды. Посткеңесттік кеңістіктегі мемлекеттер бұрынғы Одақтан әміршіл-бюрократиялық басқарудың әкімшілік органдарын, жоспарлы-бұйрықты және шығынды экономиканы мұраға алды,бірақ олар сыртқы саясат және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің ескі принциптері мен әдістерін қабылдамады. Енді өзара және үшінші мемлекеттермен қатынаста заман ағымына сай жаңа нормалар мен ережелер қажет болды. [25, 4 б]
Сондықтан 90-шы жылдар жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу кезеңі еді. Бірақ бұл онжылдық бір-біріне қарама-қайшы екі қоғамдық тарихи процестерімен сипатталынады.
Біріншіден, бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттерің ұйымдық-құқықтық тәркіленіп, экономикалық қалыптасуы. Ол экономикалық дербестікті қалыптастыру жолында өзіндік қаржы-бюджеттік, валюталық, салықтық, кедендік жүйелердің және де тәуелсіз мемлекеттің басқа да міндетті құрамаларының пайда болуынан басталады. Жаңа мемлекеттердің барлық іс-әрекеттері мақсатты шешуге – егемендікті орнықтыру мәселесіне бағындырылады.
Екіншіден, бұл халықаралық нормаларға негізделген өзара жаңа саяси және экономикалық қатынастар қалыптастыру қажеттілігі. Процесс қатаң орталықтандырылған қоғамдық-экономикалық жүйесінің біртұтас тоталитарлық мемлекеттің күшті әрі жан-жақты ықпалымен өтті. Бұл ықпалды бұзу және жаңа қатынастарды қалыптастыру біршама ұзақ мерзімді қажет етті (шамамен 1994 жылға дейін). [52, 584 б]
Кейбір саясаткерлер басты мақсатты жаңа туған мемлекеттер интеграциясы деп таныды. Осыған байланысты 1991 жылы Беловеж.
келісімі бойынша біртұтас мемлекет ыдырап, орнына жаңа 15 мемлекет пайда болды. Оның 12-сі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 1991 жылдың 8-ші желтоқсандағы ТМД құру туралы Беловеж келісімі мен келісімнің Протоколына және 1991 жылдың 21-ші желтоқсанындағы Алматы декларациясына сәйкес құрылды. Оған ыдыраған Одақтың 12-і мемлекеті кірді: Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Өзбекстан. [67, 161 б]
Ресейдің әлеуметтік-саяси зерттеулер Институтының ғалымдары жасаған талдауы нәтижесінде негізгі әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы, экономикалық дағдарыстан шығуы және интеграциялық процеске көзқарасы бойынша ТМД елдерін 3 топқа бөлуге болады.
2.3.1.
Еуразиялық экономикалық
Еуразиялық
экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда
Астана қаласында халықаралық экономик
ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартта айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алынған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген. [11, 68 б]
ЕурАзЭҚ-ны құру туралы шартта Кеден одағы шеңберінде бұрын қабылданған шарттар мен шешімдердің сабақтастығы қамтамасыз етілген, олардың ішіндегі айқындаушылары мыналар болып табылады:
Мақсаттары мен міндеттері:
Мүшелер:
Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері