Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25

2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49

3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71

Қорытынды........................................................................................................81

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84

Работа содержит 1 файл

Диплом Халықаралық интеграциялық үрдістер тәжірибелері және мәселелері.doc

— 652.50 Кб (Скачать)

Бақылаушылар:

  • Армения Республикасы
  • Молдова Республикасы
  • Украина

Құрылымы:

  • Мемлекетаралық Кеңес
  • Интеграциялық Комитет (штаб-пәтерлері Алматы және  Мәскеу қалаларында)
  • Парламентаралық Ассамблея (штаб-пәтері Санкт-Петербург қ.)
  • Қоғамдастық соты (штаб- пәтері Минск қ.)

Ұйымның алдындағы  іргелі мақсаттары:

    • Біріншіден, Кедендік одақ құру;
    • Екіншіден, келісімді экономикалық саясат жүргізу;
    • Үшіншіден, бірлескен энергетикалық жүйені қалыптастыру мен дамыту;
    • Төртіншіден, Көлік одағын құру және ЕурАзЭҚ-тің көліктік потенциалын жүзеге асыру;
    • Бесіншіден, қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру
    • Алтыншыдан, ортақ валюта құру.

ЕурАзЭҚ ұйымындағы түйткілдер:

    • Бірінші түйткіл: экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
    • Екінші түйткіл: өнеркәсіптік кооперацияның әлсіздігі;
    • Үшінші түйткіл: көліктік-коммуникациялық ынтымақтастықтың сылбырлығы;
    • Төртінші түйткіл: тасымалдаудағы әділетсіздік. Мәселен, Қазақстан экспортерлері үшін мұнай тасымалдау бағасы ресейліктерден 2,5 есе, көмір жеткізу 1,5 есе жоғары күйінде қалып отыр.

Мемлекетаралық Кеңес – мемлекеттер және үкіметтер басшылары өкілдік ететін  жоғарғы басқару органы. Қоғамдастыққа  мүше мемлекеттердің ортақ мүдделеріне байланысты қағидаттық мәселелерді қарайды, интеграция дамуының стратегиясын, бағыттары мен келешегін белгілейді және ЕурАзЭҚ мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды. [19, 152 б]

Интеграциялық комитет – ЕурАзЭҚ органдарының өзара іс-қимылын және  Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған шешімдерді іске асыруды  бақылауды қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган.

Парламентаралық Ассамблея ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлесімдендіру (жақындастыру, бірегейлендіру)  мәселелерін қарайтын парламентаралық ынтымақтастық  органы болып табылады.

Қоғамдастық Соты Қоғамдастық шеңберіндегі қолданыстағы  шарттардың және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдердің  біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ сотының функцияларын ТМД Экономикалық Сотына жүктеу туралы шешім қабылданды. [24, 218 б]

ЕурАзЭҚ құру туралы шартта белгіленген жарғылық органдардан басқа Қоғамдастық шеңберінде салалық комиссиялар, өзара іс-қимылдың әртүрлі салалары бойынша ЕурАзЭҚ кеңестері мен көмекші органдары, соның ішінде мыналар жұмыс істейді:

  • Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Орталық (ұлттық) банктері басшыларының кеңесі;
  • Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің Шекара мәселелері бойынша кеңесі;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Салық қызметі басшыларының кеңесі;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Кеден қызметі басшыларының кеңесі;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Көлік саясаты жөніндегі кеңес;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Энергетика саясаты жөніндегі кеңес;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Әділет министрлерінің кеңесі;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Әлеуметтік саясат жөніндегі кеңес;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесі;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі комиссия;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Техникалық реттеу, ветеринарлық, санитарлық және фитосанитарлық талаптар жөніндегі комиссия;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы экспорттық бақылау саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі комиссия;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ішкі рыногын қорғау жөніндегі комиссия;
  • ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Құнды қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органдардың басшылары кеңесі;
  • ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің Қаржы-экономикалық саясаты жөніндегі кеңес. [30, 78 б]

Сондай-ақ Сақтандыруды қадағалау және сақтандыру қызметін реттеу органдары басшыларының кеңесін  құру жоспарлануда.

   1996 жылдан  бастап қазіргі уақытқа дейін  Кеден одағы және ЕурАзЭҚ шеңберінде 79 халықаралық шартқа қол қойылды.

Еуразиялық  экономикалық қоғамдастық – ТМД  кеңістігіндегі ең дамыған аймақтық бірлестіктердің бірі. Аталған аймақтық бірлестік жұмысына қатысу Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып табылады.

2003 жылғы желтоқсанда  ЕурАзЭҚ БҰҰ Бас Ассамблеясы  жанындағы бақылаушы мәртебесіне  ие болды, бұл осы  интеграциялық  бірлестікті дүниежүзілік қоғамдастық  танып отыр дегенді білдіреді.

ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өзара ықпалдастығы тауарлар аталымының басым көпшілігі бойынша ортақ кеден тарифтері енгізілген,  тарифтік емес реттеу бойынша келісілген шаралар жүзеге асырылып жатқан, үшінші елдерге қатысты ортақ сауда режимдері қалыптастырыла бастаған кезеңге жетіп отырғанын атап өткен жөн. Біртұтас кеден аумағын құру басталды. Гуманитарлық салада біздің елдеріміз азаматтарының білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету салаларындағы қажеттіктерін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға мүмкіндік беретін бірқатар нақтылы бірлескен қадамдар жасалды. [37, 516 б]

ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа қол қойылған сәттен бері ЕурАзЭҚ  құру туралы шарттың нормалары мен  қағидаларын нақты толықтыру, Қоғамдастықтың басқару органдарын құру және олардың  қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеу, жаңа халықаралық ұйымның лауазымды тұлғаларының құқықтық мәртебесін, артықшылықтары  мен иммунитеттерін бекіту, олардың өз міндеттерін тиімді жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша халықаралық-құқықтық жұмыстың едәуір көлемі атқарылды.

2003 жылғы 27 сәуірде Душанбе қаласында болған ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі барысында (мемлекет басшылары деңгейінде) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы қаралды, ол  Қоғамдастықтың таяу болашақтағы негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгілейді.

Осы баяндама негізінде  Тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер  басшыларының 2004 жылғы 9 ақпандағы №152 шешімімен бекітілген  «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын» және «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ дамуының басым бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларын» әзірледі. [41, 15 б]

ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер осылайша Қоғамдастық  шеңберіндегі интеграциялық процестерді  одан әрі тереңдету мақсатында бұдан  былайғы қадамдап жүретін іс-қимылдарын айқындап алды.

Бұдан басқа, Қоғамдастыққа  мүше мемлекеттер, экономиканың нақты секторында мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын дамытудың маңыздылығын тани отырып, Қоғамдастық шеңберіндегі интеграциялық процестерге іскер топтарды тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыру туралы шешім қабылдады.

Осы мақсатта 2002 жылы жазда «ЕурАзЭҚ Іскерлік кеңесі» қауымдастығы құрылды. [43, 70 б]

2007 жылы 6 қазанда  Душанбе қаласында өткен ЕурАзЭҚ  Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекеттер  басшылары деңгейінде) отырысы Қоғамдастық  үшін елеулі оқиға болды, ол  отырыста әзірге ЕурАзЭҚ-қа мүше үш мемлекет – Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы – қалыптастырып жатқан кеден одағының шарттық-құқықтық базасының негізі қаланды.

Осындай жолмен Тараптар бұрын 2006 жылғы 16 тамызда Сочи қаласында қабылданған, Кеден одағын қалыптастыру туралы шешімді іске асырудың практикалық кезеңіне кірісті.

2008 жылғы 25 қаңтарда  ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің  (үкіметтер басшылары деңгейінде) кезекті отырысы өтті, онда ЕурАзЭҚ-тың  Кеден одағын қалыптастыру және  біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы мәселелер қаралды және тиісті құжаттарға қол қойылды. Бұдан басқа валюта саясаты, капиталдың еркін қозғалысы және инвестициялық саясат саласында тараптардың өзара қарым-қатынасын реттейтін, сондай-ақ Қоғамдастықтағы Өзбекстан Республикасының мүшелігін түпкілікті ресімдейтін бірқатар халықаралық құжаттар қабылданды. Сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың 2008 жылға арналған бюджетінің жобасы және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың «Инновациялық биотехнологиялар» атты мемлекетаралық мақсатты бағдарламасының жобасы қаралды.

Шувалов Ресей, Қазақстан және Беларусь мемлекеттері Дүниежүзілік сауда ұйымына біруақытта біртұтас шартпен енуге тиіс екенін растады. Бұл туралы РФ вице-премьері Игорь Шувалов Алматыда Кедендік одақ комиссиясының жұмыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. [53, 116 б]

"Біз Дүниежүзілік  сауда ұйымына мүшелікке өтуге  талпынатын принциптерді растадық. Бұл біртұтас шарттар болуға  тиіс және мемлекеттер біруақытта  мүшелікке өтуге тиіс", - деді  И. Шувалов. 

"Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту біз үшін стратегиялық мақсат екенін растаймыз. Біз бұл жұмысты Кедендік одақтың атынан және ұлттық деңгейде жүргізетін боламыз. Бұл біртұтас келіссөздер алаңында өтеді", - деді РФ вице-премьері.

Оның хабарлауынша, бүгін Ресей, Қазақстан және Беларусь мемлекеттерінің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі біртұтас келіссөздер жүргізуші тобының директивасы бекітілді. [57, 212 б]

Минскіде Ресей, Белоруссия және Қазақстанның Кедендік одағын құру жөніндегі біраз құжаттарға қол қойылды. ЕурАзЭқ-тың Интеграциялық комитеті дайындап өңдеген Кедендік одақ жөніндегі құжаттарды Ресей, Белоруссия және Қазақстан екі сағаттан астам уақыт бойы талқылады.

«Оңай емес, бірақ  мәнісі зор әңгіме барысында біз  нақты және үйлестірілген келісімге келдік. Оны жүзеге асыру біртұтас экономикалық кеңістік элементімен терең интеграция механизмін іске қосуға мүмкіндік береді», деп белорусь лидері Лукашенко отырыс аяғында жариялады.  

Белоруссия  президенті 2010 жылдың 1–шілдесінен  бастап үш мемлекет үшін бірыңғай кедендік территория қызметі басталу керек, кейіннен 18 желтоқсан күні Алматыда шешілетін бірыңғай экономикалық кеңістік мәселесі жөнінде жариялады.

Кедендік одақ мүше-мемлекеттерінің президенттері 2010 жылы 1-шілдеде өз күшіне енетін Кедендік кодекс жөнінде және 2010 жылдың 1-қаңтарынан енгізілетін Бірыңғай кедендік тариф жөніндегі келісімді мақұлдады.

Ресей президенті Дмитрий Медведев, саммитты қорытындылай отыра, журналисттерге Ресей, Белоруссия мен Қазақстан «егемендіктің  бөлігін ұлт үсті органға тапсыру жөнінде алғаш рет келісіп отыр» деп жариялады.

Ұлт үсті орган  – бұл Бірыңғай кедендік тариф  құру өкілеттілігі тапсырылатын Кеден  одағының комиссиясы.

Қазақстан 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа төрағалық етуде. [44, 6 б]

Бұл Кедендік одаққа кіруге Қырғызстан өзінің мүддесін білдіріп жатыр.

Қазақстан Еуразия  экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ) елдерінің  Кеден одағына қосылу ниетін құптайды.

 Бұл туралы  журналистермен сұхбатында ҚР  Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев айтқан болатын.

Ө.Шөкеевтің  айтуынша, Орталық Азияның бірқатар елдері, атап айтқанда, Қырғызстан мен  Тәжікстан Кеден одағына кіруге тілек білдірді, олар қазірдің өзінде ресми өтінімдерін жолдады, бірақ  та кейбір қиындықтар бар, оларды зерделеу қажет.

ЕурАзЭҚ аясындағы  алғашқы бірлескен жобалардың бірі - "Инновациялық биотехнологиялар" атты мемлекетаралық мақсатты бағдарлама болмақ, ол Беларусь жағының бастамасымен жасалған. Ол бекітілді, бес жылға  есептелген және медицина, ауылшаруашылығы, биологиялық өндіріс пен қоршаған ортаны қорғау салалары үшін бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісін түбегейлі модернизациядауға бағытталған. Бағдарлама 2010 жылы жүзеге асырыла бастайды. Бағдарламаға мемлекет те, жеке бизнес те қатыса алады.

Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері