Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:10, дипломная работа
ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттің дамуының жетекші тенденцияларының бірі халықаралық байланыстардың күрделі және тармақталған жүйесінің қалыптасуы болып саналады. Өткен тәжірибеге көз жүгіртсек, әрбір мемлекет басқа мемлекеттерден жоғары тұруға, сыртқы дүниеден оқшаулануға ұмтылды, ал бұл жағдай экономиканың тоқырауына және сыртқы саясаттағы шиеленістерге әкеліп соқты. Қазіргі кездегі елдер халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, әр алуан үкіметаралық ұйымдарды құрады, оларға жекелеген мемлекеттің ішкі және сыртқы құзіретіндегі көптеген мәселелерді шешу істері жүктеледі. Осыдан мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының жедел өсуі байқалады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік негіздері........................................................................................................................7
1.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің негізгі түсініктері....................7
1.2 Халықаралық интеграциялық үрдістердің мәні, алғышарттары, мақсаттары және кезеңдері.................................................................................16
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі.................25
2. Халықаралық интеграциялық үрдістердің әлемдік орталықтары және олардың қазіргі кездегі жағдайы мен рөлі....................................................32
2.1 Халықаралық интеграциялық үрдістердің қазіргі негізгі әлемдік
орталықтары.........................................................................................................32
2.2 Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің қазіргі кездегі жағдайы.41
2.3 Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер және ондағы ЕурАзЭҚ-тың рөлі...............................................................................................49
3. Ғаламдық интеграциялық үрдістердің мәселелері мен даму болашағы..57
3.1 Еуропалық Одақтың тәжірибесі және даму болашағы..............................57
3.2 Жаһандану жағдайындағы ЕурАзЭҚ: тәжірибе мен негізгі басымдықтары.....................................................................................................64
3.3 Халықаралық интеграциялық үрдістер ауқымындағы Қазақстанның бүгіні мен келешегі.............................................................................................71
Қорытынды........................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................84
Тәжірибе көрсеткендей, кедендік одақ өрісінен тыс және оның ортақ кедендік – тарифтік саясаты қорғаныс өндірісі, энергетиканың жеке салалары т.б. сияқты ірі бағыттарды тысқары қалдырады. [68, 160 б]
Ортақ нарық
интеграцияның сапалы жоғарғы сатысы
болып табылады. Қазіргі кезде
интеграциялық дамудың осы
Бір топ мәселелері жөнінде келісу айтарлықтай қиын жұмыс екенін тәжірибе көрсетіп жатыр және консенсусқа келу әрдайым болмайды. Сәтілікке жету үшін басқарудың жаңа әдістері мен амалдары қажет, ұлт үсті мүдделерді нығайту керек.
Ортақ нарықта кедендік одақ аясында жүзеге аса алмайтын 6-7 міндетті ірі жұмыстарды іске асыру керек. Алайда осы кедендік одақ, біріншіден, қатысушы – мемлекеттер арасында кедендік баж салықтарын қысқартып, екіншіден, үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауда саясатын жасап, ортақ нарық алғышарттарын құрады. Үшінші міндет – экономиканың секторлары мен жеке салаларын дамытудың бірыңғай саясатын дайындау. Оны кейінгі интеграцияны нығайтудағы маңызы қандай, сәйкес шараларды қолданғаннан кейінгі әлеуметтік резонанс қандай болатынын, нақты тұтынушы мұқтаждығы мен қажеттілігіне қалай әсер ететіне қарай таңдау керек. Еуропалық одақта ортақ нарыққа көшу кезеңінде таңдаулы сфера ретінде ауыл шаруашылығы мен көлік бекер таңдалмаған. Төртінші міндет – тауарлардың кедергісіз өтуін толықтыратын капитал, жұмысшы күші, қызмет көрсету мен ақпараттың еркін қозғалысына жағдай жасау. [33, 467 б]
Келесі ортақ
нарықты құру кезіндегі бесінші
міндетті де белгілеп өту қажет: әлеуметтік
және аймақтық дамуға жәрдемдесетін
ортақ фонд құру, ол тұтынушы мүддесі
мен қажеттілігіне «
Келесі кезең – экономикалық одақ. Экономикалық одақтың қызметі қазіргі кезде келесідей бейнеленеді. Қатысушы – мемлекеттер мен Одақ саясатының басты бағыттары қатысу – мемлекеттердің Министрлер кеңесі шешімі ретінде бірлесіп анықталады. Сондай-ақ, ол әрбір мемлекет пен біртұтас Одақтың экономикалық дамуын қадағалайды. Еуропалық одақтың басты бағыттарына келіспейтін қандай да бір мемлекеттің экономикалық саясаты болса немесе экономикалық одақтың дұрыс қызметіне кедергі жасап тұрса, онда Министрлер кеңесі қажетті шаралар қолданады. Мысалға, қатысушы – мемлекеттер мемлекеттік бюджеттік аса дефицитін болдырмау керек, бұл қатаң қадағаланады. [12, 225 б]
Валюталық одаққа қатысты соңғы кезеңнің басынан ЭВС құрылуының алдында бірыңғай валюталық саясат енгізіледі, бірыңғай валюта – ЕВРОны енгізіледі, жаңа институт – қатысушы – мемлекеттердің Орталық банктерімен бірге ЭВС-қа кіретін Бірыңғай орталық банктер жүйесін құратын - Бірыңғай орталық банк құрылады. [16,82 б]
Түптеп келгенде интеграцияның алтыншы кезеңі де болуы мүмкін. Ол – Саяси одақ. Саяси одақ ұлттық үкіметінің қызметінің көп бөлігін үшінші елдерге қатысты ұлт үсті органдарға өткізуін қарастырар еді. Бұл халықаралық конфедерация құруды және жеке мемлекеттердің егемендігінің жойылуын білдірер еді. Алайда, бірде бір интеграциялық топтастық кезеңнің бұл деңгейіне әлі де жеткен жоқ, алдына мұндай міндетті қоймаған да.
Қандай да интеграциялық топтың қазір қандай кезеңде екенін айту өте қиын, өйткені салыстырмалы ақпарат жоқ және жарияланған мақсаттар мен жүзеге асырылған жетістіктер арасында айырмашылық өте үлкен. Өзін экономикалық одақ деп санайтын топтастық шын мәнінде әлі де өзара кедедік тарифтерді жою кезеңінде ғана болуы мүмкін, яғни әлі де еркін сауда аймағы деңгейіне де жетпеуі мүмкін, ал өзін кедендік одақ деп санайтын бірлестік, тек қағаз жүзінде ғана болуы мүмкін, өйткені ортақ кедендік тариф әлі өңделмей енгізілмеуі мүмкін.
Халықаралық экономикада, әсіресе дамушы елдер арасындағы интеграциялық топтастықтар жүйелі түрде пайда болып, жойылып отырады. ГАТТ/ДСҰ мәліметтері бойынша, 90-шы жылдардың ортасына қарай түрлі интеграциялық бірлестіктің 30-дан астамы болды, көптеген бірлестіктер қызмет етпеген кезде 80-ші жылдары 5-6 болған және Батыс Еуропадағы интеграциялық прогресс әлемнің түпкір-түпкірлеріне интеграциялық бірлестіктерінің санының өсуіне серпін берген кезде, 70-ші жылдары, 18-20 шақты болған. [40, 480 б]
Басты жұмыс
істеп келе жатқан интеграциялық
бірлестіктерді классификациялау қазіргі
халықаралық экономикада
Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикалық интеграцияның кедендік одаққа дейінгі бастапқы кезеңдерін орындау әлдеқайда оңай. Жарияланған мақсаттар мен топтастықтардың аттарына қарамастан олар немесе преференциалды сауда келісімі деңгейінде, немесе еркін сауда аймағы кезеңінде болады. Өйткені, оны күнделікті өмірге енгізу оңай және ол макроэкономикалық саясатты унификациялау мен міндеттерді келісуді ескермейді.
1.3 Интеграцияның статистикалық және динамикалық эффектісі
Кез келген елдің сауда-экономикалық одаққа бірігуі ол елдің экономикалық қызметтің параметрлеріне белгілі бір әсерін тигізеді. Интеграция теорисының қалыптасуын, әсіресе кедендік одақты көп жағдайда канадтық ғалым Джэкоб Вайнер атымен байланыстырады. Сараптама негізінде әр мемлекетте шартты түрде өзіндік кедендік тарифтің болуы мен олардың арасындағы кедендік келісім құру шартында сауданы салыстыру жатыр. Вайнердің кедендік одақ теорияына сәйкес экономикада әсердің екі түрі туындайды, мемлекеттік интеграциялық топқа кіру салдары екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:
Осы талдаулардың әрқайсысын толығырақ қарастырайық. [52, 616 б]
Статистикалық талдау ішіндегі ең маңыздысы – сауда құру әсері және саудадан бас тарту әсері.
Сауда құру әсері. Кедендік одақ құрғаннан кейін дәстүрлі түрде ішкі нарықта сатып алынатын тауарлар шетелде шығатын тауарлардан қымбат болуы жағдайының туындауы әбден мүмкін. Кедендік одақ құрғанға дейін жергілікті өндірушілер импорттық баж салығының қорғауында болды, ол шетелден тауар алып келуді тиімсіз ететін, енді кедендік одақ шеңберінде баж салығының жойылуынан шетелдік тауарлар арзанырақ болады, және тұтынушылар шетелден алатын болады. Нәтижесінде, бұрын болмаған импорттық тауар ағымы пайда болады, ресурстар әлдеқайда тиімді қоланыла бастайды. Сауданы құру – жергілікті тұтынушылардың тауар жабдықтаушының тиімділігі кемдеу ішкі көзінен тиімділігі артықтау сыртқы көзге қайта бағытталуы, ол кедендік одақ шеңберінде импорттық баж салығын жою нәтижесінен болады. Кедендік одақтың пайда болуының басты белгісі – қатысушы – мемлекеттер саудасындағы кедендік баж салықтарын жою. [52, 618 б]
Кедендік одақ құрылғанға дейін. Сауда бір тауармен іске асырылып жатыр дейік. Ол тауар үш ел арасында қарқынды дамып келе жатыр – болашақта кедендік одақ құратын І және ІІ елдер арасында және осы одаққа кірмейтін, бүкіл әлемді білдіретін ІІІ ел. І елде тауардың сатылатын бағасы Р1. Импорттық t тарифі бар ІІ елде сол тауар бағасы P2=PI+t. ІІІ елде тауар бағасы РІІІ. T кедендік тарифімен қорғалған ІІ ел тауарды Е нүктесінде өндіріп, тұтынады, Sd сызығы тура ішкі ұсынысты білдіреді, ал Dd сызығы – тура ішкі сұранысты білдіреді. ІІ елдің тауар импортының бағасы РІІ=РI+t құрады, ішкі тұтыну – І елден QoQ4 бірлігі және импорттың Q2Q4 бірлігі. ІІ ел ІІІ елден тауар импорттай алмайды, өйткені t тарифін енгізгеннен кейін ІІІ елден тауар импорттау І елге қарағанда қымбаттырақ болады, яғни PIII+t > PI+t. Тарифтің бар болуы ІІ елге кіріс әсерін қамтамасыз етіп отыр, ол импорттың баж салығынан бюджетке түсіп жатқан кірісті ұлғайтады. Ол елдің тарифпен қорғалған импорт көлемі мен оған көбейтілген кедендік баж салығымен саналады. І елден ІІ елге ұсынылған тауар жиынтығының бағасы икемді және SI+t құрады, сонымен қатар, ІІ елде t тарифі болуы керек.
Мысалы, $1 көлемінде импорттық тарифпен қорғалған тауардың ішкі бағасы ІІ елде $9 құрады, ішкі тұтыну – 60 бірлік, ішкі өндіріс есесімен жабылатыны – 40 бірлік шамасында және импорт 20 бірлік шамасында (60-40). ІІ ел ІІІ елден тауар импорттамайды, өйткені $1 тарифін қосқанда ІІІ елден тауар импортының бағасы І елден импортталатыннан жоғарғы, яғни $8,5+$1>$8+$1. Кіріс әсері (60-40)х$1 = $20 құрады. [51]
Кедендік одақ құрғаннан кейін. І және ІІ елдер кедендік одақ құруды шешеді, сәйкесінше ІІ ел І елден тауар импортынан t тарифін жояды. ІІІ ел кедендік одаққа кірмейді. Кедендік тарифті жойғаннан кейін, ІІ ел І елден тауарды импорттауының бағасы РІ деңгейге дейін тариф көлеміне қысқарады. Осы баға бойынша ІІ елде тауарды іште тұтыну бағасы QoQ5 бірлігін құрады, ішкі өндіріс есесімен жабылатын O0Q1 бірлік көлемінде және І елден импорттың Q1Q5 бірлігі. Кедендік одақты құру ІІ елге өте тиімді: тұтыну артықшылығының өсуі, a+b+c+d бастап a+b+c+d+e+f+g дейін, яғни оларды тауарды кез-келген көлемде пайдалана алады. Алайда, тұтыну артықшылығының өсуі ІІ елдің тұтас жағдайының өсуін білдірмейді, өйткені қайта айқындалған әсерлер мемлекетке істемейді, олар тұтынушыларға істей бастайды. Кіріс әсері жоғала бастайды, себебі, енді импорттық баж салығы алынбайды. Қайта бөлісу әсерінің мемлекетке тұтас ықпалы бейтарапты, өйткені импортпен бәсекелесетін өнім өндірушісінің кірісі тұтынушы пайдасына қайта анықталады. Нәтижесінде ІІ елдің кедендік одақ құруынан таза статистикалық ұтымдылығы жоғалту әсері болып саналмайды, өсу әсері болып табылады. [66, 128 б]
Қорғаныс әсері елдің кірісінің өсуін көрсетеді, ол ішкі нарықта тиімділігі төмен жергілікті тауарды ығыстырып, тиімділігі жоғарғы шетел тауарлары импортталуы нәтижесінен пайда болады. Кіріс өсуі келесіде негізделген - импорттық баж салығының жойылу нәтижесінен тауардың Q1Q2 бірлігі тұтынушылармен шетелден бірлігі үшін РІ бағасымен алына бастады, бұрын елде өндірілген сол тауар бірлігінің бағасы РI+t құраған. D тұтыну әсері ІІ елде тауар тұтынуы бағаның төмендегенінен өскенін көрсетеді. Тұтыну өсуі келесіде негізделген – импорттық баж салығын жойғаннан кейін тауардың Q4Q5 бірлігі шетелден бірлігі үшін РІ бағасымен алына бастады, бұрын елде өндірілген сол тауар бірлігінің бағасы PI+t құраған.
Мысалы, кедендік тарифті
жойғаннан кейін ІІ ел І елден
импорттай алатын тауар бағасы $8
көлеміне дейін қысқара алады. Осы
баға бойынша ІІ елдегі тауар тұтынуы 80 бірлікті құрады,
ішкі өндіріс есесімен жабылатын 20 бірлік
шамасында және І елден импорттың 60 бірлік
шамасында (80-20). ІІ елдің кедендік одақ
құруынан таза статистикалық ұтымдылығы
қорғау әсері мен тұтыну әсері соммасымен
шектеледі (40-20)х1/2+(80-60)х1/2=$10+$
Сөйтіп, кедендік одақ құру нәтижесінде және ІІ елге импортқа баж салығын алып тастаудан: ІІ ел импорты Q1Q2+Q4Q5-ке өсті, яни сауда құру әсері пайда болды; сандық айтуда интеграциялық кезеңге дейін салыстырғанда импорт 40 бірлікке өсті (40-20) + (80-60); ІІ елдегі тұтынушылар жергілікті жабдықтауыш көзінен импорттыққа ауысты; елдің жалпы жағдайы өсті, осының бәрі ең болмағанда екі елдің арасында еркін сауда жолындағы кедендік одақтың құруы басты қадам екенін дәлелдейді.
Статистикалық талдау шеңберінде сауда-экономикалық одаққа кіру салдарының екі варианттын атап көрсетуге болады:
Ағымды туындатушы эффект дегеніміз елдің интеграциялық топқа бірігуі салдарынан оның сұранысы мен ұсынысының – жоғары шығындары көбірек өндірушіден жоғары шығындары азырақ өндірушіге ауысуы. Бұл жерде тек қана өндіріс шығындары қарастырылады. Мысалы, тасымалдау шығындары мен трансакциялық шығындар нолге теңестірілген.
Ағымды ығыстырушы эффект дегеніміз сауда-экономикалық одаққа кіру нәтижесінде сұраныс пен тұтынудың өте төмен шығындары бар, одақтан тыс орналасқан өндірушілерден өте жоғары шығындары бар, бірақ одақ мүшесі болып табылатын өндірушіге қарай ауысуы немесе ығысуы.
Осы жерде мынадай сұрақтар туындайды: Интеграциялық топқа бірігудің ең ықтимал сандары қандай? Эффекттердің қай түрі бұрын туындайды?
Екінші вариант мынандай жағдайларда туындауы ықтимал, егер: одаққа мүше емес үшінші елдерге қатысты импорттық салықтар өте жоғары болса.
Бұл жағдайларда олардың қатысушы елден шығарылатын импорт бағасы аутсайдер-елден шығарылатын импорт бағасынан төмен болады, өйткені аутсайдер-ел осы тауар өндірісінде алдыңғы қатарлы орынды алып отыр.
Статистикалық
талдаудың бір маңызды кемшіліг
Осы альтернативалық варианттардың әрқайсысын қарастырайық.
Одаққа енудің төмендегідей артықшылықтары бар:
Информация о работе Халықаралық интеграциялық үрдістер: тәжірибелері және мәселелері