Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Открыть, Скачать)

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Открыть, Скачать)

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Открыть, Скачать)

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Открыть, Скачать)

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Скачать)

Облигациялар  бойынша табысты  төлеу әдістері   
 

  • Облигация  да акция сияқты қоғамды инвестициялаудың  негізгі көзі. Бірақ акция мен  облигациялардың айырмашылықтары  бар.
  • Олар:
  • Облигация ұстаушы қоғамға несие беруші, ал акционер қоғамды меншіктеуші;
  • Облигация ұстаушыға процент түрінде бекітілген табыс төленеді, ал дивиденд мөлшері тіркелмейді;
  • Акционердің дауыс беру құқығы бар, ал облигационердің бұндай құқығы жоқ;
  • Облигация бойынша табыс төлеу қоғамның шығынын құрайды, ол салық төлегеннен қалған пайдадан төленеді. Ал дивиденд қоғамның таза пайдасынан өтеледі.

Облигациялар  бойынша табысты  төлеу әдістері   
 

  • Мемлекеттiк  емес облигациялар  шығаруды мемлекеттiк  тiркеу үшiн эмитент  уәкiлеттi органға  мынадай құжаттарды:
  • 1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
  • 2) эмиссиялық органның облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;

Облигациялар  бойынша табысты  төлеу әдістері   
 

  • 3) облигациялар  шығару проспектiсiнiң екi данасын; 
  • 4) жарғының көшiрмесiн;
  • 5) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
  • 6) статистикалық карточканың көшiрмесiн;
  • 7) инфрақұрылымдық, сондай-ақ  банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылған жағдайда эмитенттiң мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз еткенiн растайтын құжаттарды және облигациялар ұстаушылардың өкiлiмен жасалған шарттың көшiрмесiн;

Облигациялар  бойынша табысты  төлеу әдістері   
 

  • 8) егер  Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес эмитент акционерлерiнiң  жалпы жиналысының алдын ала  шешiмiнсiз облигациялар шығаруды  жүзеге асыру мүмкiн болмаса,  акционерлердiң жалпы жиналысы  хаттамасының көшiрмесiн және  акционерлердiң облигациялар шығару  туралы шешiм қабылданған жалпы  жиналысын шақыру туралы хабарлама  жарияланған бұқаралық ақпарат  құралы беттерiнiң көшiрмесiн табыс  етуге мiндеттi. 

Облигациялар  бойынша табысты  төлеу әдістері   
 

  • Облигацияларға  ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн берудiң  және мемлекеттiк емес облигацияларды  мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк  берудiң талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық  актiсiмен белгiленедi. Облигациялық  бағдарлама шегiнде облигацияларды  әрбiр шығарудың өз ұлттық бiрдейлендiру  нөмiрi болады.
  • Құрылтайшылар жарғылық капиталды төлегеннен кейін эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.

Облигациялар  бойынша табысты  төлеу әдістері   
 

  •  Облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган облигациялық бағдарлама проспектiсiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде жүзеге асырады.
  • Облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң және облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығарудың құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ оларды ресiмдеу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
  • Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялардың алғашқы шығарылуын мемлекеттiк тiркеу эмитенттiң тiлегi бойынша осы облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеумен бiр мезгiлде жүзеге асырылуы мүмкiн.

Купонды, дисконтты және  айырбасталатын  облигациялар 
 

  • Акционерлік  қоғам купонды және дисконтты облигациялар шығаруға құқылы.
  • Купонды облигация - оны ұстаушының акционерлік қоғам облигациялардың шығарылым проспектісіне сәйкес төлейтін сыйақыны алу құқығын растайтын облигация. Купонды облигациялардың түрлері:
  • Мысалы, облигациялардың нақтылы құны  100 теңге және тұрақты мөлшерлеме жылдық 5% болғанда облигация 95 теңгеге, яғни нақтылы құнынан төмен сатылса, рендит 5×100 / 95 = 5,26 % құрайтын болады.

Купонды, дисконтты және  айырбасталатын  облигациялар 
 

  • Есептелген  немесе тұрақты  пайыз мөлшерлемесімен:
  • Пайыз мөлшері облигацияларды шығарған сәтте анықталады да, шығарылым шарттарында көрсетілген бірдей уақыт аралықтарында төленеді;
  • өзгермелі пайыз мөлшерлемесімен:
  • Пайыз мөлшерлемесі облигацияларды шығару шарттарында алдын-ала белгіленген ережелерге сәйкес өзгеруі мүмкін. Өзгермелі пайыз мөлшерлемесі инфляция деңгейіне, банктік сыйақы мөлшерлемелеріне, қайта қаржыландыру мөлшерлемелеріне байланысты болады;
  • кумуляциялық пайыз мөлшерлемесімен:
  • Пайыз мөлшері жинақталып, пайда түскен кезде төленеді. Бұл туралы шығарылым шарттарында көрсетіледі. 

Купонды, дисконтты және  айырбасталатын  облигациялар 
 

  • Дисконтты  облигация  - нақтылы құнынан төмен бағамен орналастырылатын және оны ұстаушының облигацияның нақтылы құнын көзделген өтеу мерзімінде алу құқығын куәландыратын облигация.
  • Шетелдік тәжірибені қарастырсақ, АҚШ-та қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген облигациялар болып жіктеледі.
  • Облигацияларды нақты мүлік қамтамасыз етеді. Американдық тәжірибеде кірісті (қайта құрылымдық) облигациялар да болады, оларды шығаратын эмитент қарыздың негізгі сомасын облигациялар мерзімі аяқталысымен, ал пайыздарды пайда түскен кезде ғана төлеуге міндеттенеді.
  • Нөлдік купонды облигациялар (zero-coupon bonds) иелеріне эмиссиялық баға мен өтеу бағасы арасындағы айырмаға тең кіріс әкеледі. Ұдайы пайыздық төлемдер жасалмайды.

Облигациялар  бойынша табысты  төлеу әдістері   
 

  • Қазақстанда  облигациялардың бірінші шығарылымы 1998 жылы жүзеге асырылды.
  • Корпоративтік облигациялар нарығының дамуын келесі факторлардан көреміз:
  • Макроэкономикалық тұрақтылық;
  • Ұлттық экономиканың дамуы;
  • Бұл қаржы құралдарына сұраныс білдіруші ішкі портфелді инвесторлар тобының пайда болуы;
  • 2000 жылдан бастап бұл нарыққа елдің ірі эмитенттердің ұлттық компаниялардың шығуы;

Информация о работе Лекции по "Экономике"