Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:01, курс лекций

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың негізі ретінде тауар нарығын, ақша және ақша капиталын айтуға болады.

Работа содержит 11 файлов

9+лекция.ppt

— 159.50 Кб (Открыть, Скачать)

12+лекция.ppt

— 141.50 Кб (Скачать)

Сақтандыру  ұйымдары туралы  түсінік 

  • Сақтандыру  компаниясының жарғылық капиталы  тек қана ұлттық валютада төленеді. Сонымен қатар мұнда тартылған  акция мен қарыздық қаражаттарды  қолдануға тиым салынады. Оның құрылуына рүқсатты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реггеу және қадағалау жөніндегі агенттігі мынадай қажетті құжатгарды ұсынғаннан кейін береді:
  • сақтандыру ұйымын құруға рүқсат алу үшін өтініш;
  • құрылтайшылық құжаттар;
  • сақтандыру ұйымын құру туралы шешім;
  • құрылтайшылар туралы мәліметтер және т.б. 
    Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін Агенттікке мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
  • лицензия беру туралы өтініш;
  • мемлекеттік тіркеу және  статистикалык карта туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
  • құрылтайшылык   құжаттардың   нотариалды   куәландырылған көшірмелері;

Сақтандыру  ұйымдары туралы  түсінік 

  • жарғылық  капиталдың минималды көлемін  толық төлегенін растау және  меншік капиталы көлемі бойынша  минималды талаптарды орындауы  туралы құжаттар;
  • басқару қызметіндегі жұмысшылар туралы мәліметтер;
  • сақтандыру ережелері;
  • ішкі аудит қызметі туралы ереже.
  • Сақтандыру ұйымдары өз ресурстарын сақтандыру жарналары есебінен қалыптастырады және жинакталған қаражаттарды инвестициялық салымдарды жүзеге асыруға бағыттайды. Қазақстанда сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін әртараптандыруды шектеу бойынша нақты талаптар бар. Онда бағалы қағаздардың кандай түрлерінде салымдарға лимиттер бар екендігі көрсетілген.
  • Сактандыру компаниясына тән ерекшеліктердің бірі қаражаттарды тартудың ерекше формасы — сақтандыру полисін сату.
  • Олар алынған табысты біріншіден, басқа компаниялардың облигациялары мен акцияларына және мемлекеттік бағалы қағаздарына салады. Сонымен қатар олар мемлекет пен кәсіпорындарға ұзақ мерзімді несиелер береді.

Сақтандыру  ұйымдары туралы  түсінік 

  • Қазақстан  Республикасы аумағындағы сактандыру  ұйымдары «өмірді сақгандыру»  және «жалпы сақтандыру» салалары  бойынша лицензия негізінде жүмыс  істейді. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызмет «өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет-пен бірлесе және кездейсоқ жағдайлар мен ауруларды, медициналық сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру формасында жүргізіле алмайды.
  • Сақтандыру ұйымдары негізгі қызметтен өзге мынадай қызметтерді атқарады:
  • инвестициялық қызмет;
  • жинақтаушы сақтандыру келісімшартына сәйкес қарастырылған сома шегінде өзінін сақтанушыларына займдар беру;
  • сақтандыру   үйымдарының   кызметін    автоматтандыру үшін ерекше бағдарламалық камтамасыз етуді сату;
  • сақтандыру бойынша арнайы әдебиеттерді сату;
  • өзінің  қажеттіліктері  үшін   алдын   ала   сатып   алынған немесе   сақтандыру  келісімшартының   қорытындысына байланысты өзінің иелігіне түскен мүлікті жалға беру немесе сату;

 
 

Сақтандыру  ұйымдары туралы  түсінік 

  • сақтандыру  бойынша консалтинг;
  • сақтандыру немесе қайта сақтандыру сәлаларында біліктілікті жоғарылату  мақсатында  оқытуды  ұйымдастыру және жүргізу;
  • сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы. 
  • Сақтандыру үйымдарының қызметін қадағалауды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі осы үйымдар үшін төлем қабілеттілігі мен каржылық түрақтылық нормативтерінен тұратын пруденциалдық нормативтерді бекіту жолымен жүзеге асырады.
  • Сақтандыру ұйымдарының жеке келісімшарттары бойынша максималды міндеттемелер көлемі кызмет етуші сақтандыру келісімшарттары бойынша өз міндеттемелерін орындаумен байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін ғана берілген меншік капиталы мен сактандыру резервтері сомасының 10%-ынан аспауы керек.

Сақтандыру  ұйымдары туралы  түсінік 

  • Сақтандыру  үйымдары сактандырушылар одақтары  мен қауымдастықтарына біріктірілуі  мүмкін. Қазақстан Республикасында  әдістемелік және үйымдастыру  ақпараттарын беру, сақтандыру бойьшша  нормативтік және занды актілер  жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру  қызметкерлерінің біліктілігін  жоғарылатуға арналған семинарлар  мен курстар ұйымдастыру, сақтандырушылардың  қаржылық тұрақтылығын нығайту  туралы ұсыныстарын құрастыру  және т.б. үшін Сақтанушылар одағы  қүрылған. Қазіргі уақытта Ресейде  көптеген компанияларды  біріктіретін  50  кәсіби  салалық одақтар  мен қауымдастықтар қызмет еткенде, Қазақстанда тек сақтандыру ұйымдарының  бір ғана кәсіби одағы қызмет  етеді. Олардың көбісі мамандандырылған, мысалы медициналық сала сақтандырушыларын  ғана біріктіреді. Ел ауқымында  сақтанушылардың мүдделерін қорғайтын  негізгі ұйым құрамында 350 сақтандыру  компаниясы бар Бүкілресейлік  сақтандырушылар одағы болып  табылады.
  • Қазақстанның сақтандыру ұйымдары филиалдар, өкілдіктер және еншілес компаниялар құруы мүмкін.
  • Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан  Республикасының сақтандыру ұйымдары

Сақтандыру  ұйымдары туралы  түсінік 

  • 1992 жылы  ҚР «Сақтандыру турады» Заңы  қабылданғаннан кейін, жарғылық  капиталдың аз мөлшері мен  салықтық жеңілдіктер, олардың  қызметі үшін жағымды жағдай  жасау мен сақтандыру үйымдарын  ашудың жеткілікті қысқартылған  тәртібі — Қазақстанда «сақтандыру  дүмпуінің» пайда болуына себепші  болды.
  • Егер 1991 жылдың аяғында бірнеше ғана компания тіркелген болса, 1994 жылдьщ сәуір айында олардың саны 500-ден асты,
  • Заңның жағымды әсері болғанына қарамастан, оның бір-қатар кемшіліктері болды:
  • сақтандыру үйымдарына төмен деңгейлі талаптар қойылды;
  • негізгі қызметтен тыс кәсіпкерліктің басқа түрлерімен де айналысуға рүқсат берілді;
  • салықты реттеудегі кемшіліктер.

Сақтандыру  ұйымдары туралы  түсінік 

  • 1994 жылдың  19 сәуіріндегі «Сақтандыру нарығын  дамыту және қалыптастыру бойынша  ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар  туралы» Президент Жарлығымен  сақтандыру бизнесін мемлекеттік  реттеу жүйесі енгізілген. Соған  сәйкес сақтандыру компаниясының  сақтандыру қызметін жүргізу  қүқығын алу үшін жарғылық  капиталының көлемі 2 млн теңгеден  кем болмауы керек. Бұдан баска  сақтандыру компанияларына қосымша  қызметпен айналысуға тиым салынды,  Осының нәтижесінде 1995 жылдың  аяғында сақтандыру ұйымдарының  саны 53-ке дейін кеміді.
  • 2000 жылдың 1 қаңтарында 70 сақтандыру үйымдарының өз қызметтерін жүргізуге лицензиялары болды. Бірақ 2000 жылдың аяғында тек 42 үйым ғана сақтандыру келісімшартын жасады, оның ішінде, өмірді сақтандыру бойынша 1 сақтандыру ұйымы, 3 шетел инвесторларының және мемлекеттің 100%-дық қатысуымен 3 компания болды. Салыстыру үшін алғанда, Ұлыбританияда сақтандыру қызметімен 800-ден астам компания, Нидерландыда — 275-тен аса, Ресейде - 972 ұйым айналысады.

Сақтандыру  ұйымдары туралы  түсінік 

  • ҚР Ұлттық  банкінің сақтандыру ұйымдарының  каржылык тұрақтылығы мен капиталын  көбейтуге бағытталған саясаты  сақтандыру компанияларының азаюына  алып келді. Бір жылдың ішінде 28 лицензия ерікті немесе мәжбүрлі  түрде кейін қайтарылды. Кейбір  сақтандыру үйымдары біріктірілді. Жаңа заңға сәйкес сақтандыру  ұйымдарының нарықтан кетуіне  ҚР Ұлттық банкінің рұқсаты  керек болды. Ұлттық банк олардың  барлық міндеттемелерінің орындалуын, несие берушілермен толық есеп  айырысуын қадағалауы тиіс. Сақтандыру  ұйымдарының азаюы нарықтың монополизациялануына  және бәсекелестіктің жоқтығына  жақын келеді. Бірақ сактандыру  компанияларының капиталдарының  артуы бір мезгілде олардың  қаржылық түрақтылығына және  нарық капиталына әсерін тигізеді.
  • Қазіргі кезде Қазақстанда лицензияланған қызметті жүзеге асыратын 32 сақтандыру ұйымы бар, оның ішінде өмірді сақтандыру бойынша — 1, ҚР резиденті емес қатысушыларымен — 5 үйым, 6 сақтандыру брокерлері, 28 актуарийлер және 34 аудиторлық ұйымдар бар.

Сақтандыру  ұйымдары туралы  түсінік 

  • Республикада  сақтандыру ұйымдарынын 300-ден астам  филиалдары, өкілеттіктері және  тармақталған сақтандыру агенттерінің  жүйесі (олардың тізілімін сақтандыру  компаниясы дербес жүргізеді  және олардың саны бойынша  толық мәліметтер жоқ) бар. Шығыс  Қазақстан облысында ең көп  — 46 филиал ашылды. Мұны «Қазцинк»  акционерлік қоғамы, титан-магний  комбинаты, Үлбі металлургиялық  зауыты сияқты алыптардың қызмет  етуімен байланыстыруға болады. Сонымен қатар, олардын Қарағандыда  — 36 филиалы және Ақмола облысында  —   35   филиалы   бар.   Қарағанды   облысында   көмір   өндіруші шахталар және Испат  Кармет комбинаты қызмет етеді. Осындай кәсіпорындардың бар  болуы бизнестің жандануына мүмкіндік  береді және осыған орай мүлікті, жауапкершілікті және тағы басқаларды  сақтандыруға қажеттілік пайда  болады.
  • Шетелдік сақтандыру ұйымдарының қызметтеріне деген қатынас қазақстандык, сақтандыру нарығының дамуындағы маңызды жай болып болып табылады. ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңында ҚР аумағындағы ҚР Президенті емес сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдарын, сонымен қатар резидент емес сақтандыру брокерлерінін өкілеттіктері мен филиалдарын ашуға тиым салынған.

Сақтандыру  ұйымдары туралы  түсінік 

  • Мұндай  филиалдардың қызметін қадағалау  қиын, өйткені олар дербес емес  және шетелге ақша аудару көзі  болуы мүмкін.
  • Сақтандыру компаниялары кызметінің негізгі мәселелерінің бірі — олардың көп бөлігінде қажетті сападағы білікті мамандардың аз болуы. Бүгінгі күні қаржы нарығында кәсіби сақтандыру делдалдарының рөлі көрнексіз жөне елеусіз қалуда.
  • Одан басқа сақтандыру нарығында жаңа қатысушылар — актуарийлер пайда болды. Осыған байланысты ҚР-да осы қызметте сақтандыру нарығының кәсіби катысушыларының қоғамдық бірлестіктері — бірінші кезекте Сақтандырушылар одағының белсенді қатысуымен сақтандыруға сәйкес мамандарды оқыту жүйесін үйымдастыру қажеттілігі пайда болды. Бұдан басқа сақтандыру нарығына деген қызығушылыктың өсуімен байланысты берілген мамандықтар бойынша мамандандыруды жүргізуде улкен рөлді жеке институттар атқарады.

3+лекция.ppt

— 270.00 Кб (Открыть, Скачать)

7+лекция.ppt

— 267.50 Кб (Открыть, Скачать)

4+лекция.ppt

— 195.50 Кб (Открыть, Скачать)

1+лекция.ppt

— 434.00 Кб (Открыть, Скачать)

11+лекция.ppt

— 204.00 Кб (Открыть, Скачать)

10+лекция.ppt

— 189.50 Кб (Открыть, Скачать)

лекциялар.doc

— 394.50 Кб (Открыть, Скачать)

8+лекция.ppt

— 196.50 Кб (Открыть, Скачать)

5+лекция.ppt

— 758.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Лекции по "Экономике"