Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:11, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
тұрақты дамудың қажеттілігі мен мәнін қарастыру;
тұрақты дамуға әсер ететін факторларды қарастыру;
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
озық өнім өндіру технологиясын енгізу;
қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту;

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................
Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні.............................
Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар...........................
Кәсіпорынның __________________________________________............
«ШАЛҚАР» БН-А ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ.......................................................................................................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері (көз-қарас)..............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану..............................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын енгізу...................................................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту.......................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның тұрақты дамуы« » ЖАФ ЖШ. ДИПЛОМ.doc

— 577.50 Кб (Скачать)

Кәсіпорындарда табыстылық деңгейінің жоғарылауына тікелей әсер ететін негізгі факторларға келесілер  жатады:

  • өндірілген өнім көлемінің өсуі;
  • өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;
  • өндірістік негізгі қорлар мен айналым қаражаттарының айналым уақытының қысқаруы.
  • пайда көлемінің өсуі;
  • қорлардың дұрыс пайдалануы;
  • құрал-жабдықтарға, ғимаратқа және құрлысқа деген бағаны дұрыс қалыптастыратын баға жүйесі;
  • материалдар ресурстардың, аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің запас мөлшерлерін дұрыс  анықтау және оны тиянақты ұстап тұру;
  • жоспарлы және жүйелі түрде ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін ендіру;
  • еңбек ресурстары мен өндіріс қорларын тиімді пайдалану.

Санау әдісі бойынша  халық шаруашылығының кәсіпорын  табыстылығы Тбөнд және өнімнің табыстылығы Тбөнм болып екіге бөлінеді. Бірінші көрсеткіш пайданың  П өндірістік негізгі қорлар НҚ мен айнымалы қаражаттарының АҚ орташа  жылдық құнына қатынасын білдіреді:

 

Тбөнд = П х 100/(НҚ + АҚ),%             (2)

 

Екінші көрсеткіш пайданың П өнімнің өзіндік құнына ӨҚ қатынасын  көрсетеді:

 

Тбөнд = П х 100/ӨҚ,%                         (3)

 

Табыстылықты анықтайтын әдістер көрсетіп отырғандай, табыстылықтың  деңгейі және оның өзгеруі өндіріс өнімдерінің бағасына тікелей байланысты екенін көрсетіп отыр. Сондықтан бағаны қалыптастыратын жүйенің шынайы болғаны көп жағдайда табыстылықтың деңгейін дәлелді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оның өзгеруі өнімнің бағасына байланысты болады. Сөйтіп, табыстылықты анықтау және жоспарлау әдістерінің дәлелділігі баға қалыптастыру жүйесімен тығыз қарым – қатынаста болады. Пайда көлемі, сонымен қатар, табыстылық деңгейі де ең алдымен өнімнің бағасы мен өзіндік құнның өзгеруіне тәуелді.

Өндіріс табыстылығының түсінігінде көбінесе  өнім дайындау үдерісінде қалыптасқан жинақтау осы  кәсіпорынға алғашқы бөлінген өндірістік қормен салыстырылады. Өдіріс табыстылығы  кәсіпорын қарамағындағы болатын  мүліктердің тиімді пайдалануын  көрсететін өлшеуіш болып табылады.

Табыстылықтың эканомикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін  нақты және заттай еңбектің шығынымен  ғана шектелмейді. Өндіріс үдерісіне  қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады. Өндіріс үдерісінде ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар және саймандар түрінде болатын негізгі қор бір мөлшері қатысады. Өндіріс шығындарының құрамына тек амортизациялық аударымдар ғана қосылады, яғни белгілі бір уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана айналым қорының құнына өнімді дайындау кезінде пайаланылған көлемінде ғана қосылады.

Өндіріс табыстылығын жоғарлату  үшін әр түрлі қаражаттар қолданылады. Өндіріс табыстылығының өсуінің  бірден бір бас көзі ретінде кәсіпорын тапқан пайданың  көлемі болып табылады. Өткізілген өнімнің әр түрінен келетін пайданы сақтай отырып, алынған пайданың жалпы сомасын көбейту арқылы бұл өсу өндіріс шығынын азайтуы, өндірілген  өнімнің құрылымының өзгеруі, осыған байланысты өндіріс ауқымы өзгеру арқылы қол жеткізіледі.

Өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор болып  табылады. Алайда пайданың көлеміне әсер ететін басқа да бірнеше  фактор бар. Олар: өнім бағасының өзгеруі, өткізілмеген өнімнің қалдығы, өткізу көлемі, өндіріс құрылымы және т.б.  Бірінші фактор алдыңғы уақытта жоғары дәлелдігі бар бағаның өзгеруі белгілі болған жағдайда ғана ескеріледі. Өндіріс табыстылығының жоғарылауы алдын ала жұмсалған әр бір теңгеден түсетін қайтарымының өскендігін білдіреді, сондықтан оларды онан да артық  пайдаланудың тиімділігі өседі деген сөз.

Табыстылық көрсеткіштері  кәсіпорынның қаржылық нәтижесі  мен  іс-әрекетінің тиімділігі көрсетілетін салыстырмалы  сипаттама болады.  Олар кәсіпорын іс-әрекетінің әрбір тұғырынан алынған табыстарды өлшейді және экономикалық үдеріс, нарықтық айырбастауға қатынасатын қатысушылардың мүддесіне байланысты топтастырылады.

Табыстылық көрсеткіштері  кәсіпорынның пайдасын (және табысын)  қалыптастыруға әсер ететін   факторлар ортасының  негізгі сипаттамасы болып табылады. Сол себептен олар кәсіпорынның  қаржылық жағдайын салыстырмалы талдауы мен бағалау үшін міндетті бөлігі болып табылады. Өндірісті талдаған уақытта табыстылық көрсеткіштері  инвестициялық саясат пен бағаны қалыптастырудың аспабы ретінде пайдаланылады.

Кәсіпорын деңгейінде қолданылатын табыстылықтың негізгі көрсеткіштері  ретінде келесі топтарға біріктіруге  болады:

  • өнім табыстылығының көрсеткіштері;
  • капитал (активтер) табыстылығының көрсеткіштері;
  • қолма-қол ақшалар табысы бойынша саналатын көрсеткіштер.

Көрсеткіштердің бірінші  тобы  кәсіпорын есебінде көрсетілген  пайданың көрсеткіштері бойынша  табыстылық деңгейін анықтау арқылы қалыптасады.

Мысалы:  Жалпы пайда / сату көлемі > Өткізуден түскен пайда / Сату көлемі > Салық алынатын  пайда /  Сату көлемі > Таза пайда / Сату көлемі.

Бұл көрсеткіштер базистік және есеп беру кезеңдерінде  өндірілген өнім пайдалылығының (табыстылығын) сипаттайды.

 

Тб0 = П0 / СК0;

Тб1 = П1 / СК1, немесе

Тб0 = (СК0  - ӨҚ0) / СК0;

Тб1 = (СК1  - ӨҚ1) / СК1;                                                                         (4)

∆ Тб = Тб1 - Тб0 ,

 

Мұндағы:

П0 , П1 – базистік және есеп беру кезеңдеріндегі  сәйкестік пайда;

СК0 , СК1 - өнімді өткізу сәйкес көлемі;

ӨҚ0 , ӨҚ1 - өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сәйкес өзіндік құны; 

∆ Тб – талдау кезеңіндегі табыстылықтың өзгерісі.

Өнім көлеміне фактордың әсер етуін  есептеу арқылы табылады (тізбекті ауыстыру әдісі бойынша):

 ∆ ТбN = (CK1 -  ӨҚ 0) / СК1 – (CK0 -  ӨҚ 0) / СК0

Осыған сәйкес өзіндік құнына әсері  келесідей  болады:

 

∆ Тбs = (CK1 -  ӨҚ 0) / СК1 – (CK1 -  ӨҚ 0) / СК1

 

Факторлардың ауытқу сомасы  кезең  бойынша табыстылықтың жалпы  өзгерісін білдіреді.

 

∆ Тб =  ∆ Тбр - ∆ Тбc

                                                                                                                          

Көрсеткіштердің екінші тобы алдын ала төленген қаражаттардың: кәсіпорынның барлық активі;  инвестициялық  капиталы (меншікті қаражаттар + ұзақ мерізімді  міндетемелер); акционерлік капиталдың сипатына және көлемінің өзгеруіне  байланысты табыстылықта есептеу арқылы қалыптастырылады. Мысалы:

 

Таза пайда / Барлық активтер > Таза пайда > Инвестициялық капитал >                     Таза пайда / Меншікті капитал                                                                               (5)

 

Бұл формула барлық активтердің (немесе өндірістік активтердің) табыстылығы, өткізілу табыстылығы және қор қайтарымы (өндірістік қорлар айналымының көрсеткіші) арасындағы байланысты ашып көрсетеді. Экономикалық байланыс көрсетіп тұрғандай, формула табыстылықты жоғарылату жолдарын тікелей көрсетеді: сатудың табыстылығы төмен болған жағдайда өндірістік активтердің айналымын жеделдету керек екенін көрсетеді.

 

Тағы да табыстылықтың  факторлары үлгісін қарастырып көрейік.

Таза пайда / Меншікті капитал > Таза пайда / Сату көлемі > Сату көлемі / Жинақты капитал > Жинақты капитал / Меншікті капитал                             (6)

 

Көрініп тұрғандай, меншікті (акционерлік) капиталдың табыстылығы  өнімнің табыстылық деңгейінің өзгеруіне, жинақты капиталдың айналым жылдамдығына және меншікті және несиелі капиталдардың қарым-қатынасына байланысты. Мұндай тәуелділікті зерттеу кәсіпорынның қаржылықты жағдайын бағалау үшін, оның іс-әрекетінің нәтижелік дәрежесін бағалау үшін өте қажет. Бұл тәуелділіктен көріп тұрғандай, барлық жағдайлар бірдей болғанда акционерлік капиталдың қайтарылымы жинақты капиталдың ішіндегі несие үлесінің өсуіне қарай өсетіні көрініп тұр.

Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы табыстылықтың деңгейін есептеу  негізінде қалыптасады, бірақ пайданың орнына есептеуде ақша қаражаттарының табысы қолданылады.

Мысалы:

 

 

 

Таза ақша қаражаттарының табысы > Таза ақша қаражаттарының табысы/ Жинақты капитал > Таза ақша қаражаттарының табысы / Меншікті капитал > және т.б.                                                                                                                    (7)

Бұл көрсеткіштер өндірістік әлеуметті пайдалана отырып, кәсіпорын  қарыз берушілер, несие берушілер  мен акционерлерді қолма-қол ақша қаражаттарымен қамтамасыз ете алатынын көрсетеді. Ақша қаражаттарының табысы бойынша анықталған табыстылық тұжырымдамасы нарықтық экономикасы дамыған елдерде толық пайдаланылады. Ол өте басымдылықты, себебі ақшалай табыстылықпен жүргізілетін операциялар өндірістің белсенді қимылын көрсететін нышаны, кәсіпорын экономикасының «денсаулығы» мен қаржылық жағдайын көрсететін белгісі. Бұл тұжырымдамаға көшу үшін кәсіпорынның есеп беру тәртібін  қайтадан құруды қажет етеді. Қазіргі кезде біз бұл жұмыстың басты сатысында тұрмыз.

Табыстылық көрсеткішінің  көптігі оны жоғарылату үшін балама жолдарды іздеуге мәжбүр боламыз. Негізгі көрсеткіштердің әрқайсысы әр түрлі бөлшектенуіне байланысты факторлар жүйесіне ажыратылады, ал бұл болса анықтау және өндірістік резервтердің бағалау шегін белгілейді.

Табыстылықты жоғарылату жолдарын талдаған жағдайда сыртқы және ішкі факторлардың әсерін жеке анықтаған жөн. Мынадай көрсеткіштер: өнім мен ресурс бағасы, пайдаланған ресурстардың көлемі және өндірілген өнімнің көлемі, өткізілгеннен түскен пайда және сатудың табыстылығы өзара тығыз атқарымдық байланыста болады.

Табыстылықтың өсуі кәсіпорын  жұмысының тиімділігінің жоғарылауы тек тапқан пайданың арқасында емес, әрбір теңге түріндегі шығындарға келетін табыстардың көбейгенін көрсетеді.

Табыстылықты жоғарылату екі бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін: пайданың өсуі және өндіріске кететін шығындардың азаюы. Басқаша айтқанда, оң нәтижеге өзіндік құнның төмендеуінен немесе өнімнің бағасының өсуі арқылы қол жеткізуге болады. Табыстылықтың өсуінің басты көзі - өндіріске кететін шығындарды, өнімнің өзіндік құнын төмендету болып саналады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету, көбінесе, негізгі қорлардың тиімділігін жоғарылату, материалдық ресурстарды үнемдеу, еңбек өнімділігін өсіру арқылы жетуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «ТУРГЕН» ЖАФ ЖШС  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

 

2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы

 

 «Турген» ЖАФ ЖШС-гі Алматы қаласының 60км оңтүстік-шығысында орналасқан. Оның алғашқы президенті - Жексенбеков Абықан Аманбаевич. Осы кісінің қолдауымен 1994жылы құрылған.

Кәсіпорын «Турген» АҚ базасында құрылған болатын. Көктемгі жұмыс басталуымен қатар суару, күту, жинау жұмыстары жүргізілгенде 1-адамға 50га суармалы жерді пайдалану міндеттеледі, сонымен қатар техника мамандарын да жұмыспен қамтып отырады.

«Турген» ЖАФ ЖШС-гі 1997жылдан бастап асыл (элитный) тұқымды астық өндірушілік мекеме орталығы болып табылады. Бұл агроөндірістік фирма ғылыми өндірістік орталық жер бөлу және өсімтану МСХ РК институтымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.«Турген» ЖАФ ЖШС-гі барлық шаруашылықтардың Ассоциациялық орталығы секілді қадағалап және ұрыққа байланысты көмек көрсетіп отырушы болып табылатын, ұрық өндіруге және әр-түрлі келісім-шарттарды тікелей бекітіп отырады. Егістік алаңын толығымен алғанда 572га. Астық өндіру жағынан осы өндірістік фирма районымыздың көрсеткіштерін 30-40% ке көтерді. Республикамызбен облыстарда асыл (элитный) тұқымды астық өндірушілік шектелген, соның ішінде соя мен астықтың асыл (элитный) тұқымын өсіруге тек осы кәсіпорынның ғана статусы сәйкес келеді. Негізгі өсімдер – соя, астық, (ячмень). 102га соя егілген. Күзгі бидай 398га алқабын алып жатыр.  Кәсіпорын өзгеде адамдарға техникасымен көмек көрсетіп қосымша пайда табады. Оның қосымша цехтары жоқ. Өндірістік кәсіпорынға жатады. Сонымен қатар мұнда шикізат (ресурс) пен дайын өнім бір болған соң себетін кезде, шығыны аздау болады.  Соның өзінде жанармай секілді көптеген себептер қаржыға әсер етіп отырады.  Кәсіпорынның жарғылық қоры құрылған, өзгеде құжаттары реттелген.

Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері – цехтар, телімдер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер (өндірістік үдеріске тікелей немесе жанама қатысатын), олардың арасындағы өзара байланыстардың барлығы оның өндірістік құрылымын құрайды. Ол еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, берілген материалдық өндірістің технико-экономикалық және экономика-географиялық деректері негізінде техника мен табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігін анықтайды.

«Турген» ЖАФ ЖШС-нің  технико-экономикалық жағдайларын  зерттеу барысында кәсіпорынның көрсеткіштері 4 кесте түрінде берілді. Онда кәсіпорынның тапқан таза пайдасы, өнімнің өзіндік құны, өткізілген өнімнен түскен табыс, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен пайда, жұмыскерлердің саны және бір жұмысшының еңбек өнімділігі есептеліп көрсетіледі. Осымен кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін қарыстырамыз.

Информация о работе Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні