Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 09:20, реферат
Оған ақшамен бағаланған материал, шикізат, отын, энергия т.б. қажетті заттар жатады. Ол сонымен қатар аяқталмаған өндірісті жалғастыру үшін, дайын өнім қорын жасау үшін де жұмсалады. Айналым қаражатының бір бөлігі өндіріс саласында, екінші бөлігі айналымға түседі. Күнделікті өндіріс жағдайында оның бір бөлігі материалдық заттар қорына айналса, тағы бір бөлігі банк есепшотында, кәсіпорын кассасында жинақталады.
Кәсіпорынның айналым
қаражаты
Айналым қаражаты — кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдарының өндіріс циклі барысында толық пайдаланылатын қаражатының бір бөлігі.
Оған ақшамен бағаланған материал, шикізат, отын, энергия т.б. қажетті заттар жатады. Ол сонымен қатар аяқталмаған өндірісті жалғастыру үшін, дайын өнім қорын жасау үшін де жұмсалады. Айналым қаражатының бір бөлігі өндіріс саласында, екінші бөлігі айналымға түседі. Күнделікті өндіріс жағдайында оның бір бөлігі материалдық заттар қорына айналса, тағы бір бөлігі банк есепшотында, кәсіпорын кассасында жинақталады. Құрылым барысына қарай айналым қаражаты кәсіпорынның меншікті қаржысы мен несие қаржысы (банктен уақытша қажетті өтеу үшін алған) болып бөлінеді. Айналым қаражаты кәсіпорынның пайдасы есебінен өсіп отырады. Оны пайдалануды жақсарту, айналымын жеделдету өндіріс тиімділігін арттырудың басты факторларының бірі.
Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жос¬парлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлес¬тіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.
Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі, айналымдылық коэффициенті арқылы анықталады, ол бір лда сатып өткізілген өнім құнының айналым қаражат¬тарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.
Өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының кез келген кезеңінде айналым қаражаты жетпей қалса онда өндірістің үздіксіз өнім шығаруы бұзылады. Қазақстанда 90-жылдары өнеркәсіп салаларына экономикалық шетелдік инвестициялардың мол тартылуы кәсіпорындардың айналым қаражаты тұрақтандыруға, игеруге жағдай жасады
Кәсіпорын өнімді өндіру үшін шикі заттын, материалдын, сатып алынатын жартылай фабрикаттардын, құралдардын, түйіндердін, жарналардын, ыдыстардын, қосалқы бөлшектердін, құрылыс материалдардын қорлары болуы керек. Бұл қорлар, сонымен қатар аяқталмаған өндірістін шығындары кәсіпорынның өндірістік айналым қорларын құрылуы.
Өндірілген өнімді сату үшін дайын өнім қоймалары болуы тиіс. Өнімдердін бір бөлігін тұтынушыға тиеп жіберіп ол жолда болса, бір бөлігі тұтынушыға жетіп ақшасы әлі төленген жоқ. (дебиторлық қарыз)
Өндірістік- шаруашылық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін кәсіпорында шикі затқа, материалдарға, жалақы төлеуге ақша қаражаттары болуы керек
Дайын өнім, дебиторлық қарыз тиелген тауарлар және ақша қаражаттары кәсіпорынның айналым қорын көрсетеді.
Кәсіпорынның айналым қаражаты – бұл өндірістін айналым қорлары қалыптастыруға жұмсалған қаражат құны. Баланыс активінде байқалады.
Айналым капиталы – Кәсіпорынның айналым қаражатын қалыптасатың қаржылық көздердін сумасы баланыстын пассивінде байқалады.