Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:11, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
тұрақты дамудың қажеттілігі мен мәнін қарастыру;
тұрақты дамуға әсер ететін факторларды қарастыру;
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
озық өнім өндіру технологиясын енгізу;
қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту;
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................
Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні.............................
Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар...........................
Кәсіпорынның __________________________________________............
«ШАЛҚАР» БН-А ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ.......................................................................................................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері (көз-қарас)..............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану..............................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын енгізу...................................................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту.......................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................
6. Дайын өнім үшін есеп есеп айырысуды тиімді түрде ұйымдастыру және өнім сату жоспарының орындалуын, түсетін пайданы үздіксіз қадағалап отыру және басқа да міндеттер.
Қазіргі таңда көптеген
кәсіпорындардың қаржылық жағдайы
қиын күйде қалып отыр (өндіріске
кажетті капиталдың тапшылығы, несиелік
мөлшерлемелердің тым жоғары болуы,
төлемдердің дер кезінде өтелме
Кәсіпорынның қаржысын
тұрақтандырудың негізгі
Кәсіпорынның іс-әрекетін
кешенді түрде жан-жақты
Кәсіпорынды кешенді талдау негізінде, оның борышын орындауға бағытталған кәсіпорынның бірыңғай кешенді дамыту сратегиясына сәкес оның жұмысын ұйымдастыру тек жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуді ұйымдастыру арқылы жетуге болады.
Нарықтық эканомикаға көшу кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін бір шама мұқият әрі жүйелі түрде талдауды және оның дамуы сратегиясын құруды талап етті.Осы кешенді талдау жоспарлау алдындағы зерттеулердің негізі болып табылады. Тек талдау қорытындысына сүйене отырып қана кәсіпорынішілік жоспарлау үдерісін тиімді түрде ұйымдастырып ,кәсіпорынның даму мақсатына қол жеткізуге болады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жалпы жүйелік талдаудың маңызды құраушы бөлігі болып табылады.Қаржылық талдау келесілерден тұрады:
Бастапқы талдаудың қорытындысы ретіндетде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беріледі және теңдестік құрылымның мен төлемқабілеттілігі анықталады. Кәсіпорынның қазіргі қаржылық жағдайының себептерін,даму болашағын анықтау үшін кәсіпорын қызметіне тереңінен, жан-жақты және кешенді талдау жасалады.Теңдестіктің жалпы сомасын өзгеруін, пассивтер мен активтер құрлымы, айналмалы капиталды қалыптастыру көздері, қаржылық іс- әрекет нәтижелері және т.б. талдаудан өтеді.
Белгілі бір кезең ішінде теңдестік жалпы соманың азаюы – бұл, негізінен, өндіріс көлемінің төмендеуі нәтежесі болады. Ол төлемқабілетсіздіктің басты себептерінің бірі болып саналады. Пассивтер құрылымын талдау кезінде әдетте келесі бағыттар қаралады:
Қаржылық тұрақтылық түріне және оның өзгеру бағытына қарай кәсіпорынның төлем қабілеттік тұрғысынан сенімділігі баға беруге болады. Қаржылық тұрақтылықты талдау оның осы жайлы мәнін бейнелейтін көрсеткіштерден басталады.Ұзақ – және орта мерзімді несиелердің негізінен өндірісті дамытуға, қайта жаңғырту мен техникалық қайта жарақтауға жұмсалатынын ескеретін болсақ төлем қабілеттілік шартын орындау үшін запастармен шығындарды меншікті айналмалы капиталдың көлеміне сәйкес келетіндей етіп шектеуді қажет етеді.
Запастар мен қаржының меншікті және несиеге алған қаражаттар көзімен қамтамасыз етілуіне қарай қаржылық тұрақтылықтың келесі түрлері болады:
Тұтқалар (левередж); жедел (өндірістік), қаржылық және бақыланатын
Тұтқа (левередж) – бұл, шығындар құрлысын, капиталдың құрлысын және қаржылық нәтеженің өзара байланысын сипаттайтын көрсеткіш.Бұл көрсеткіштің шамалы ғана өзгеруі кәсіпорынның соңғы көрсеткіштерінің (пайда, рентабельділік) айтарлықтай өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Шығындар құрлысын (тұрақты және айнымалы шығындардың қатынасы), капитал құрлысын (қарыз және меншік құралдарының қатынасы) және кәсіпорын қызметінің қаржылық қызметінің нәтежесінің өзара байланысын сипаттайтын тұтқаның үш түрі бар. Жедел (өндірістік) тұтқа (ЖТ) – бұл өткізу көлемі мен шығындар құрлымының өзгеру есебінен пайда өзгеруінің әлеуетті (потенсиялды) мүмкіндігінің көрсеткіші:
ЖТ = Жалпы
маржа / Пайда.
Өнім бірлігіне = Баға - Орт.айнымалы шығын / ЖТ Өнім бірлігіне пайда
Мұнда,Жалпы маржа - өнімді сатудан түскен табыс пен айнымалы шығындар арасындағы айырым.Жалпы маржа деп жалпы пайданы,маржиналды табысты да жиі айтады.Жедел тұтқа өткізу көлемі 1% - ға өзгерген кездегі пайданың қанша пайызға өзгеренін көрсетеді.
Мысалы кәсіпорындағы өнімді сатудан түсім 500млн тг; айнымалы шығындар – 300 млн тг ;тұрақты шығындар – 150 млн тг.Онда жалпы маржа 50 млн тг,пайда 50 млн тг,ал ЖТ=150млн тг./50 млн тг.=3,0. Сонымен, егер сату көлемі 1% - қа азайса (көбейсе),онда пайда 3% - ға өседі (төмендейді).
Жедел тұтқа әсері кез келген сатудан (өнім көлемі есебі) тұскен табыстың өзгеруі, пайданың одан көп өзгеруіне әкелуін түсіндіріледі. Бұл әсердің қызметі өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде, кәсіорынның қаржылық-экономикалық қызметінің нәтежесіне тұрақты және айнымалы шығындардың пропорционалды емес әсерімен байланысты.
Жедел тұтқа әсерінің күші кәсіпкерлік тәуекелдің дәрежесін көрсетеді, яғни өндіріс көлемінің тербелуімен байланысты, пайданы жоғалту тәуекелі. Жедел тұтқаның әсері неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпкерлік тәуекел жоғары.
Қаржылық тұтқа – бұл, қарыз және меншікті қаражаттардың өзгеруі есебінен пайданың өзгеруінің әлеуетті мүмкіндігінің көрсеткіші.Қаржы тұтқасының әсері (ҚТӘ) қаржылық тәуекелдің дәрежесін сипаттайды,яғни қарыз капиталының шамадан тыс көлемімен байланысты, рентабелділіктің төмендеу және пайданы жоғарлату ықтималдылығы.Қаржы тұтқасының әсері (ҚТӘ) есептеудің бірінші әдісі қарыз қаражатының көлемі мен құнын меншікті капиталдың рентабелді деңгейімен байланысты;
ҚТӘi = ( 1 – ПСҚ ) * ( ЭР – ПҚЕО ) * ( ҚК / МК ) (11)
Мұнда,ПСҚ – пайызға салық қойылымы;
ЭР– экономикалық рентабелділік (актифтердің рентабелділігі);
ҚК – қарыз капиталы;
МК – меншік капиталы;
ПҚЕО – пайыз қойылымының есептелген орташасы (тек пайыз ғана емес, сондай-ақ барлық қаржылық шығындарды, атап айтқанда; қарыз қаражаттарын сақтау бойынша шығындар, айыппұл пайыздары және т.б. қарыз қаражатына жатқызылған сомалар кіреді).
Бұл көрсеткіш қарыз құралдарын қолданумен байланысты.меншікті қарыздардың рентабелділігінің (көбеюін / азаюын) өзгеру мүмкіндігін көрсетеді, алғашқысының төленуімен;
Егер ПҚЕО < ЭР, онда қарыз қаражаттарын қолданатын кәсіпорында меншікті қаражаттың рентабелділігі ҚТӘ1 шамасына өседі;
Егер ПСҚО > ЭР, онда берілген пайыздық қойылым бойынша несие алушы кәсіпорынның меншікті қаражатының рентабелділігі,мұндай несие алмаған кәсіпорынға қарағанда ҚТӘ1 шамасы төмен болады.
Қаржы тұтқасының әсерін
есептеудің екіші әдісі, пайданың (салықтармен
пайыздарды төленгенге дейін) 1%-ға өзгеру
кезінде аксияға таза пайданың қанша
пайызға өзгеретінін көрсетеді,
ҚТӘ11 = Салықтар мен пайыздарды төленгенге дейінгіпайда /
Пайыздарды алып тастағандағы пайда (11)
Кәсіпорынның қарыз қаражаттары неғұрлым қымбатқа түссе,онда ҚТӘ11 соғұрлым көп, сәйкесінше қаржы тәуекелі де.Әсіресе бұл жағдай пайда төмендегенде қауіпті.
Бақыланатын тұтқа – қаржылық және кәсіпкерлік тәуекелдің жиынтық әсерін сипаттайды және өткізу көлемінің 1%-ға өзгеруі кезінде таза пайданың қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді.
Бақыланатын тұтқа = Жедел тұтқаның күші
Қаржылық тұтқаның әсері = (Жалпы маржа / Салықтар мен (12)
пайыздарды төленгенге дейін пайызда)
(Салықтар мен пайыздарды төлегенге дейінгі пайда / Пайыздарды
алып тастағаннан кейінгі пайда)
Мықты жедел тұтқаның мықты қаржылық тұтқа мен үйлесуі кәсіпорынның қаржылық-эканомикалық нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін, әсіресе сатудан түсімнен төмендеуі мен кәсіпкерлік қызметтің туралауы жағдайында. Сонымен, қаржылық және кәсіпкерлік тәуекел өзара көбеиеді, жедел және қаржылық тұтқалардың өз-ара әрекеті сатудан түскен түсімді қысқартатын таза пайдаға теріс әсерін тереңдетеді. Жоғарыдағы айтылғандардан шығатыны, кәсіпорынның тұрақтылығы үшін маңыздысы:
Нарықтық экономика жағдайында болатын экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы маңызды орын алады. Кәсіпорын қаржысы деп оның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану жүйесін айтамыз.
Кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті барысында қаржылық қарым-қатынастар қалыптасады. Қаржылық қарым-қатынастар төрт топтан құралады:
Өзге кәсіпорын және ұйымдармен түзелетін қарым-қатынастарға жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, құрылыс-құру және тасымалдау мекемелерімен, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындары және шетел кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынастар кіреді. Көлемі жағынан өте көп ақша айналымдарына кәсіпорындардың бір-бірімен өзара іске асыратын операциялары кезінде шаруашылық іс-әрекетті ұйымдастыруға қажетті материалдық құндылықтар сатып алумен және дайын өнімді сатумен байланысты қажетті ақша айналымдары жатады. Мұндай операцияларды ұйымдастыру тікелей түрде кәсіпорын іс-әрекетінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді. Кәсіпорынішілік қаржылық қарым-қатынастарға кәсіпорынның ішкі бөлімшелер арасындағы қаржылық операциялар кіреді. Бөлімшеаралық қатынастар бекітілген басқару жүйесімен ішкі комерциялық есеп жүйесіне негізделеді. Олардың қабылдаған міндеттемелерінің орындалуы үшін материалдық жауапкершілік пен ынталандырудың тиімді тетігін құруға арналған.
Қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас әрқилы болып келеді. Ең алдымен, бұл әр деңгейлі бюджеттермен, сақтандыру жүйесімен, бюджеттен тыс қорлар мен несие беру мекемелерімен болатын қарым-қатынас.
Қазақстанның салық жүйесінің кемшілік тұстары баршылық және ол кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызбайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, кәсіпорынның іскерлік және инвестициялық белсенділігін дамыту үшін өндірісті қолдау мен тиімді инвестициялық тетік құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Көптеген елдерде өндірісті дамытуға бағытталған барлық қаржы қаражаттары немесе оның бір бөлігі салықтан босатылады.
Салықтың ауыр қыспағы болған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастырудың басты да маңызды міндеті – бюджетке төленетін салық төлемдерін оңтайландырудың тиімді әдістемесін құру, салық төлемдерін төлеу, күнтізбелік жоспарын жасау, салықтық есеп беруді дайындау және салықтық төлемнің ағымдық қорларын құруды қамтитын дербес салық саясатын белгілеу болып табылады.
Информация о работе Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні