Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:11, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
тұрақты дамудың қажеттілігі мен мәнін қарастыру;
тұрақты дамуға әсер ететін факторларды қарастыру;
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
озық өнім өндіру технологиясын енгізу;
қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту;
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................
Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні.............................
Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар...........................
Кәсіпорынның __________________________________________............
«ШАЛҚАР» БН-А ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ.......................................................................................................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері (көз-қарас)..............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану..............................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын енгізу...................................................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту.......................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................
Өндірістік тиімділікті арттырудағы маңызды орынды ұйымдастыру-экономикалық факторлары, басқару алады. Олардың рөлі қоғамдық өндіріс көлемінің ұлғаюымен, шаруашылық байланыстардың күрделенуімен жоғарлайды. Олардың қатарына ең алдымен – шоғырландыру, мамандану, кооперациялау, қиыстыру (комбинирование) сияқты өндірісті ұйымдастырудың түрлерін дамыту мен жетілдіруді жатқызуға болады.
Өндіріс тиімділігінің деңгейіне елеулі әсерін тигізетін өндірістік әлеуметтік инфрақұрылым әрі қарай дамыту мен жетілдіру талап етіледі. Мысалы, басқаруда бұған сол басқаруда жоспарлаудың, тұтас шаруашылық механизіміне экономикалық жағдай жасау түрлері мен тәсілдерін жетілдіру жатады; жоспарлауда – жоспарлардың іске асатындығы мен байланыстығы, жоспарлы көрсеткіштердің тиімді жасалған жүйесі жатады.
Әрине шаруашылықтың тиімді жүзеге асырылуы үшін керекті техника мен технологияны енгізудегі ғылымның орны ерекше. Ол жерде өндірістің еңбек сыйымдылығын, материал сыйымдылығын, энергосыйымдылығын төмендетті, үнемдеу тәртібі мен өнім сапасын жоғарлату мақсатымен басты және іс жүзіндегі зерттеулерді қолға алған дұрыс.
Нарықтық экономиканың қалыптасу барысында өндірістік тиімділікті жоғарлататын барлық факторлардың мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Осының нәтижесінде ғана реттелетін дамыған нарықтық шаруашылық қалыптасады.
факторлары мен бағыттарына ғылыми-техникалық прогресс, үнемдеу тәртібі, негізгі қорларды пайдалану деңгейін жоғарлату, экономика құрылымын жетілдіру, тиімді инвестициялық саясат, т.б. жатады.
Баға мен өндірістік шығындарды жоспарлау;
Бағаға әсер ететін факторлар:
Баға белгілеу мақсаттары:
▪ нарықта қалуды қамтамасыз ету;
▪ пайданы мейлінше көп табу
▪ нарық үлесін жаулап алу
▪ тауар сапасы бойынша берілетін нарықта жетекші орын алу
Кез келген нарықта бір
баға түрі бағалық элементтердің
қалыптасу процесіне
Өнімнің өндірісі және оны сатуды жоспарлау, кәсіпорынның әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді жоспарының басты мәселесі болып табылады. Өнім, тауар, қызмет, өндірістік жоспарлау, тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру фирма дамуының стратегиясын құру мен маркетингтік зерттеулер жүргізу мен басқа қажетті өнімді жобалаумен өнімді өндіру мен өткізуді ұйымдастырудың басқа ішкі шаруашылық қызметтермен тығыз байланысты болу қажет. Кәсіпорын бөлімшелері өздерінің атқаратын функцияларына байланысты жұмыстарды жоспарлау кезінде келесі стратегиялық және тактикалық мәселелерге жетуге бағытталуы тиіс.
1-сурет – Өндірісті құрайтын негізгі факторлар
Бұл суретте өнім өндіруге әсет ететін факторлардың жиынтығы мен олардың әсері көрсетіледі. Олардың негізгі үш түрі мен басқада әсер ететін факторларды көрсетеді.
Өнімнің бағасы және оны өндіруге жұмсалатын шығын. Нарықтағы өнім бағасы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетінің салдары. Еркін бәсеке жағдаиындағы нарықтық баға белгілеу заңының әсерімен, өнімнің бағасы сатушының немесе сатып алушының қалауы бойынша, жоғары немесе төмен болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде тегістеліді. Өнім өндірісіне шығындар - өндіріс шығындары – басқаша сипатталады. Олар тұтынылатын еңбек немесе материалдық ресурстардың көлеміне, техниканың денгейіне, өндірісті ұйымдастыру мен басқада факторларға тәуелді өсуі немесе азаюы. Сәйкесінше, өндіруші – байыпты басқару әрекетіне әкелетін шығындарды төмендетудің көптеген тұтқаларын орналастырады. Жалпы табыс, пайда және өндіріс шығындары туралы түсінік. Жалпы түрде, өткізу және өндіріс шығындары (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) - өнім (жұмыс, қызмет) өндіру үдерісінде қолданылатын, табиғи ресурстардың, шикизаттардың, материялдардың, жылудың, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының және басқа шығындардың құндық бағасын көрсетеді.
Экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.
Өнімді өткізу мен өндіру шығындарына келесілермен байланысты шығындар кіреді:
Нарықтық жағдайдағы кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық рөлі елеулі түрде өзгереді. Өзгеру бірқатар бағыттарда байқалады.
Сондықтан, шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның іс-қимылы бірқатар өзгеріске ұшырайды және бұл өзгерістер кәсіпорын ісінің біраз мәселелерін қамтиды.
Өндірісті ұйымдастыру – еңбек құралдары, еңбек заттарын және еңбектік өндірістік процестерді және кәсіпкерлікті тиімді жүргізу мақсатымен, белгілі бір уақытта және кеңістікте барынша ақылға қонымды етіп біріктіру және пайдалану болып табылады.
Өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:
Негізгі қорлар құрылымының өзгеру бағытын зерттеп, күрделі талдау жасауы үшін және оларды іс жүзінде пайдалану тиімділігін арттыру жолдарын анықтау үшін жасалған сараптаумен қатар басқа да топқа бөлу қолданылады. Мысалы негізгі қордың белсенді және енжарлы бөліктері құрылымын зерттеу көпшілік қабылдаған тәртіп. Енжарлы бөлікке, әдетте, құрылымдар, шаруашылық құрал-жабдықтар және т.с.с ал белсенді бөлікке – машинаналар мен құрал-жабдықтар, көлік құралдары, саймандар және т.б.жатады.
Негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің көп үлес салмғы оның құрлымының озықтығын жалпылама түрде сипаттайды. Ол саланың, бірлестіктің, кәсіпорынның, цехтің, телімнің, негізгі қорлардың жалпы құнына қатысты белсенді бөлігінің (машиналар, аппараттар, аспаптар, құрал-жабдықтар және т.с.с) пайыздық үлесін бейнелейді.
Мамандану – жалпы сұранысқа ие, құрлымы мен технологиясы ұқсас өнімді шығаруға шоғырлану. Құрылым мен технологияның ұқсас болуын унификацияны (сәйкестендіруді) кеңінен қолдану арқылы жетуге болады. Унификация кең ұғымда – берілген объиектіні құрылым тұрғысынан әр түрлілікті тиімді бір түрлілікке келтіру деген мағананы білдіреді.
Пропортционалдық – барлық өндіріс бөлімшелерінің өндіріс қуаттылығын үйлестіру. Ол өнімді керекті көлемде, номенклатурада, ассортиментте және жинақтылықтылықта белгіленген уақытта шығаруға мүмкіндік береді.
Үздіксіздік – ауысым ішінде, ауысымдар арасында, операция ішінде және операциялар арасында үзіліссіз, бір операцияның екіншімен ауыстырылатын өндірісті ұйымдастыру.
Туралылық - өндірістік процесс кезіндегі өнімнің қозғалуын тиімді етіп ұйымдастыру; бұйымның бір сатыдан (операциядан) келесі сатысына өтудің қысқа жолын қамтамасыз етеді.
Ырықтылық – қайталанатын
бұйымдардың біркелкі немесе
өсу санын теңдей уақыт
Өндірісті жетілдіру, оның мамандану (өндірістің әр бөлігіндегі, әр түрлі жұмыстардың шектеулі көлемін қатаң бекіту), әрі ғарай шоғырландыру (өндірісті тиімді масштаптарға деиін жеткізу), өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандыру және оларды басқару бағытында жүзеге асырылуы керек. Өндірісті ұйымдастырудың қазіргі заман тәсілдеріне жалпы сұранысы бар өнімді ағымдық өндіріске қою жатады. Ағымдық өндірістің жоғары денгейдегі түріне автоматтандырылған ағымдық желілер жатады. Олар негізгі екі түрлі жүйеден тұрады: үзілісті іс-қимыл жасайтын арнайы станок-автоматтар және үзіліссіз іс қимыл жасайтын роторлы жүйелер. Арнайы станок-автоматтар жүйесінде бағдарламалық түрде басқарылатын станоктар, қосалқы, көмекші операцияларды орындауда – техникалық құрылғылар қолданылады.Өндірістің ағымдық түрін ұйымдастырудың тиімділігі – ол пропортционалдықты, ырғақтылықты, үздіксіздікті толығымен жүзеге асыруға, қондырғылардың жұмыс істемей тұруы уақытын едәуір қысқартуға, көмекші операциялардың үлесін азайтуға, өндірістік циклдың ұзақтығын қысқартуға, көмекші операциялардың үлесін азайтуға, өндірістік циклдың ұзақтығын қысқартуға, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Информация о работе Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні