Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:11, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
тұрақты дамудың қажеттілігі мен мәнін қарастыру;
тұрақты дамуға әсер ететін факторларды қарастыру;
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
озық өнім өндіру технологиясын енгізу;
қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту;

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................
Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні.............................
Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар...........................
Кәсіпорынның __________________________________________............
«ШАЛҚАР» БН-А ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ.......................................................................................................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері (көз-қарас)..............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану..............................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын енгізу...................................................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту.......................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның тұрақты дамуы« » ЖАФ ЖШ. ДИПЛОМ.doc

— 577.50 Кб (Скачать)

Әлеуметтік нәтижелілік  – бұл халықты материалдық  және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету т. б.

Бұл нәтижелерге қол  жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан  ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге толық жағдай жасалса. 

Негізгі қорлардың технологиаялық құрлымы негізгі қорлардың әр түрінің белгілі бір топ ішіндегі меншікті үлес салмағын (пайызбен) сипаттайды. Мысалы, метал кескіш құрал-жабдықтар  тобында жекелеген токарьлық, ферезерлік, бұрғылау, аралап кесу және т.с.с. станоктардың олардың жалпы құнына немесе жалпы көлеміне (заттық бірлікте) қатысты пайыздық үлесін анықтауы мүмкін.

Құрал-жабдықтың технолониялық  құрылымын тереңірек талдау мақсатында басқа көрсеткіштерде мүмкін,мысалы; құрал жабдықтың озық топтарының үлес салмағы толассыз желілерде орнатылған құрал-жабдықтардың үлес салмағы және т.б. секілді.

Құрал жабдықтардың озық топтарының (жинақ) меншікті үлесі оның теңдестік құнының немесе бірлік санының (арнайы, автоматты, бағдарламалық басқарылатын және т.б. топтары) кәсіпорын, бірлестік немесе саланың осы құрал-жабдық түрінің бүкіл паркінің құнына (немесе санына) қатынасын сипаттайды. 

Толассыз желілерде  орнатылған құрал-жабдықтың меншікті үлес салмағы толассыз желіге біріктірілген құрал жабдық бірлігінің осы құрал-жабдық түрінің цех, кәсіпорын, бірлестік немесе сала ішіндегі жалпы паркіне қатынасымен сипатталады.

Негізгі қорлардың жұмыс  істеу мерзімінің құрылымы негізгі  қорлардың әр түрлі жұмыс істеу  негізі бойынша айырмашылығы бар топтардың жалпы құнына шаққандағы меншікті үлесімен (пайызымен) сипатталады (ал бір түрлі қорлар үшін – олардың табиғи көрінісін көрсететін жалпы санымен). Мысалы, станок, ұсталық-процестеу құрал жабдығы немесе басқада машиналардың меншікті үлес салмағы келесі құрал жабдықтың жұмыс істеу мерзімін 

Өндірістің сипатты  мен құрылымы шығарылатын өнімнің  ерекшелігі - өндіріс түріне, қолданылатын еңбек құралдарына, еңбек заттарына  және технологиялық процесстерге байланысты. Дұрыс ұйымдастырылған өндіріс келесі принціптер негізінде құрылады: мамандану пропорционалдылық (шамалылық), паралельдік, үздіксіздік, туралылық және ырықтылық.

Қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлататын, оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды  фактор – ғылыми-техникалық прогресс болып табылады. Соңғы уақыттарға дейін  ғылыми-техникалық прогресс эволюциялық түрде өтіп жатты. Бұл жерде жұмыс істеп жатқан технология машиналар мен қондырғыларды бөлікті модернизациялауға айырықша көңіл бөлінеді. Ал бұл шаралар анықталған, бірақ елеусіз нәтиже беріп отырады.

Жаңа техниканы зерттеу  мен енгізу шараларын қолдау да жеткіліксіз  болды. Қазіргі нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайларында, саналы, революциялық өзгерістер қажет: ол ғылым мен техниканың жетістіктерінің негізінен халық шаруашылығының барлық салаларында түпкілікті түрде қайта жасақтандыру деген мағынаны білдіреді.

Нарықтық экономикаға  өту жағдайында, оның бастапқы сатысынан  бастап өткізілген ғылыми-техникалық шараларының ең алдымен еңбектегі  материалдық қызығушылыққа баса назар аударады. Салық төленгеннен кейінгі пайданың едәуір бөлігі  тұтыну қорына аударылады. Қазіргі таңда ол дұрыс емес. Нарықтық қатынастардың дамуына қарай, кәсіпорындар болашақты есепке ала отырып, өндірістік дамуына көп көңіл бөлді және шығаруға керекті қаржы немесе басқа құралдарды дұрыстап бөледі деп ойлаймыз.

Сонымен қатар бұл  жерде ғылымдардың, конструкторлардың, инженерлердің, жұмысшылардың творчестволық  еңбегіне экономикалық, әлеуметтік қолдау жасаудың қажеттілігінің маңызы өте  зор. Техника мен технологияда түпкілікті өзгерістердің болуы, техникалық факторлармен қатар ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік факторлардың барлығын жұмылдыру – еңбек өнімділігінің елеулі жоғарлауына себепкер болады. Алдағы уақытта жаңа техника мен технологияны енгізуді, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың дамыған түрлерін өндіріске кеңінен қолдану, оның нормаларын жетілдіру, өндірістің өсуіне қол жеткізу, тәртіпті нығайту, еңбек ұжымының бір қалыпты болуын қамтамасыз ету жолында жұмыс жасау керек.

Техника (машиналар, механизмдер, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері, т.с.с.) - өндірісті механикаландыруға, автоматтандыруға мүмкіндік береді. Әдетте, механикаландыру мен автоматтандыруды бөлікті және кешенді деп бөледі.

Бөлікті механикаландыру  – механикаландырудың бастапқы формасы өндірістің жеке процестерінде, негізінен басты бөліктеріндегі қолмен жасалатын жұмыстарды машиналармен ауыстырумен сипатталады. Кешенді механика-ландыруда қолмен атқарылатын жұмыс жоқ. Бөлікті автоматтандыру кезінде өндірістің жеке операциялары мен процестері автоматты механикалармен, механизмдермен, қондырғылармен адамдардың араласуынсыз жүзеге асырылады. Бұл еңбек құралдары жай, қарапайым автоматтандырылмаған машиналардың арасында өзара байланыс жүйесін құрмай жұмыс істейді.Өте тиімді станок автоматтар, икемді станок-автоматтар өндірістік жүйелер жеке жағдайларда еңбек өнімділігінің 5-10 есе арттара алады,өндірістің рентабельділігі мен өнім сапасын жоғарылатады.

    1. Қаржылық тұрақтылықты жақсарту

 

Кәсіпорынның қаржылық іс әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеті - әр түрлі ақша қорларын қалыптастырып, оларды тиімді пайдалану.Олар арқылы кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, өндірісті өркендетуді , қаржыландыру бюджетпен есеп айырысу және т.б.іске асырылады.Мұндай қорларға келесілерді жатқызуға болады:

  • жарғылық капитал,
  • төленген қосымша капитал,
  • төленбеген қосымша капитал,
  • резервтік капитал,
  • бөлінбеген табыс,
  • басқа қорлар.

Аталғандардан бөлек, кәсіпорын  мезгілді оралымды ақша қорлаиын құрайды.Мысалы кәсіпорынды айына бір немесе екі рет еңбек ақы қоры түзіледі. Қатал мезгілді түрде (салықтарды төлеу күн тізбесіне сәйкес)  кәсіпорын бюджетке төленетін салық түрлеріне арнап қор ұйымдастырады.

Оралымды қор жасақтаудың  басты міндеті – ағымдық (оралымды) келесі мәселелерді шешу ,яғни:

  • еңбекақы төлеу;
  • салық төлеу;
  • несиелік пайызды өтеу:

-  ғылыми техникалақ іс-шараларды қаржыландыру және т.б.

Сонымен кәсіп орынның  қаржысын ұйымдастырудың мәні - өндірістің сонғы нәтижесіне барынша тиімді түрде ықпал ету мақсатымен ақша қорын қалыптастыру және ақша ағындарының қозғалысымен байланыстырылған қаржылық қарым-қатынас ұйымдастыруды қамтитын қаржы тетігін құру және оның қызмет етуін  қамтамасыз ету,яғни кәсіпорынның қаржылық тетігі ұзақ мерзімді, орта мерзімдегі және ағымдағы кәсіпорынның қаржылық даму мақсатына жету үшін қаржылық қарым-қатынаспен ақша қорының оңтайлы әрекеттесуін ұйымдастыратын кәсіпорын басқарудағы ішкі жүйесі болып табылады.

Кәсіпкерліктің қаржы-экономикалық қызметін талдау үшін оның қаржылық жағдайына тоқталу қажет. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы деп оның өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін (қабілетін айтамыз). Ол кәсіпорынның дұрыс жұмыс жасауы үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуін, оларды ұтамды орналастыру мен тиімді пайдалануды, басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық өз-ара қарым-қатынасын, төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның қаржылық тұрақтылығы  өтімділігі мен төлем қабілеттілігі, іскерлік белсенділігі және рентабельділік көрсеткіштері арқылы сипаттауға болды.

Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты  дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді  және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру және өткізу үрдісінің  үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік шаруашылық қызмет үрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің  мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны бөлу (тарту) мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері кәсіпорын активтерінің жағдайы мен құрлымы, қарыздық капиталды тарту деңгейі және осы қағаздарда қызмет көрсетуді ұйымдастыру қабілетін сипаттайды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бірқатар көрсеткіштерімен сипатталады. Оларға келесі көрсеткіштерді жатқызуға болады;

  1. Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті (тәуелсіздік коэффициенті) – меншікті капиталдың кәсіпорын капиталына (актифтеріне, баланс валютасы) қатынасымен анықталады. Ол кәсіпорын капиталының (активтерінің) қандай бөлігі меншікті қаражаттары құрайтындығын, яғни, қаржылық тәуелсіздік дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мәні не ғұрлым жоғары болса, соғұрлым қаржылай тұрақты және сыртқы қаражат көздеріне тәуелсіздігін көрсетеді. Нарықтақ экономикасы дамыған елде бұл көрсеткіштің шекті мәні – 0,5-0,7 болып белгіленген.
  2. Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті кәсіпорын капиталының (активтерінің) қандай бөлігін қарыздық қаражаттар құрайтындығын көрсетеді. Ол қарыздық қаражаттардың кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы есептеледі.
  3. Қаржылық тәуекелділік коэффициенті – бұл тәуесіздік коэффициентінің кері көрсеткіші болып табылады. Ол кәсіпорын капиталының (балас валютасы) меншікті капиталға қатынасы арқылы есептеледі.Бұл көрсеткіштің мәні меншікті қаражаттардың 1 теңгесіне кәсіпорын активтерінің қандай сомасы келетінін көрсетеді. Осы көрсеткіштің мәнінің өсуі кәсіпорынды қаржыландыруда қарыздық қаражаттардың үлесінің артқанын көрсетеді. Егер оның мәні 1-ге тең болса, онда кәсіпорынның барлық активтері тек қана меншікті капиталдың есебіне қалыптасқанын көрсетеді. Мәселен, оның мәні 1,5 болса, онда кәсіпорын активтеріне салынған әрбір 1,5 тенгенің 1 тенгесі меншікті, 0,5 теңгесі – қарыздық қаражаттар екенін көрсетеді.
  4. Ағымдағы берешек коэффициенті. Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш активтердің қандай бөлігі қысқа мерзімді қаржаттар есебінен қалыптасқанын көрсетеді.
  5. Қарыздарды меншікті капиталмен жабу коэффициенті бұл көрсеткіш меншікті капиталдың қарыздық капиталға қатынасы арқылы есептеледі.Яғни, қарыздық капиталдың 1 теңгесіне меншікті капиталдың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.
  6. Қаржылық лаверидж немесе қаржылық тәуекел коэффициенті қарыздық капиталдың меншікті капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Бұл коэффициент қаржылық тұрақтылықтың негізгі индекаторларының бірі болып есептеледі. Оның мәні неғұрлым жоғары болса, бұл кәсіпорынға капитал салу тәуекелі де соғұрлым жоғары болады. Яғни меншікті капиталдың 1 тенгесіне қанша қарыздық қаражат тартылғанын көрсетеді.Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қанша қарыздық қаражат тартқанын көрсетеді. Оның мәні жоғарылаған сайын мұндай кәсіпорынға капитал салымын жасау тәуекелі жоғары болады. Кәсіпорын активтерін қалыптастыруда меншікті және капиталының үлесі және қаржылық леверидж денгейі кәсіпорыннің салалық ерекшеліктеріне байланыстары болады. Айналымнан тыс активтердің үлесі жоғары және капитал баяу айналатын салаларда қаржылық леверидж мәні үлкен болмауы керек. Ал, негізгі капиталдың үлесі аз, капитал айналымдылығы жоғары салаларда оның мәні айтарлықтай жоғары болады. Қаржылық леверидж деңгейі тауар және қаржы нарығының конюьктурасына, негізгі қызметтің рентабельділігіне, кәсіпорынның қаржылық сратегиясына және тағы басқаларға байланысты болады.

Тұрақты қаржыландыру коэффициенті – баланстың активтерінің қандай бөлігі тұрақты көздер есебіне қалыптасқанын сипаттайды. Ол меншікті капиталмен ұзақ мерзімді міндеттемелердің жалпы капиталға (балланс, валютасы) қатынасымен анақталады. Егер кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелермен зайымдарды пайдаланбайтын болса, онда оның мәні қаржылық тәуелсіздік коэффициентінің мәнімен сәйкес келеді.  

Белгілі бір кезең  ішінде теңдестік жалпы сомасының  азаюы – бұл, негізінен, өндіріс  көлемі төмендеуінің нәтижесі болады. Ол төлемқабілетсіздіктің басты себептерінің бірі болып саналады.

Қаржылық тұрақтылық түріне және оны өзгерту бағытына қарай кәсіпорынның төлемқабілеттілік  тұрғысынан сенімділігі жайлы баға беруге болады. Қаржылық тұрақтылықты талдау оның осы жайлы мәнін бейнелейтін көрсеткіштерден басталады. Ұзақ – және орта мерзімді несиелердің негізінен өндірісті дамытуға, қайта жаңғырту мен техникалық қайта жарақтауға жұмсалатынын ескеретін болсақ, төлемқабілеттілік шартын орындау үшін запастар мен шығындарды меншікті айналмалы капиталдың көлеміне сәйкес келетіндей етіп шектеуді қажет етеді.

Кәсіпорынның қаржы  тетігінің жетекші түрде болуы  матерялдық өндіріс саласында қаржының жетекші рөл атқаруымен түсіндіріледі.Кәсіпорынның қаржы тетігі қаржының өз қызметін толыққанды әрі барынша тиімді түрде іске асуына жағдай жасауы тиіс.Кәсіпорынды қажетті қаржы ресурсымен қамтамасыз етуге де дәл осы қаржы тетігі көмегімен қол жеткізеді.

Кәсіпорынның қаржылық іс әрекеті дербес құрылымдық бөлімшесі  қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржы бөлімінің бастығы тікелей кәсіпорын басшысына бағынады. Қаржы бөлімінің жұмысында пайданы бөлу,өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері маңызды орын алады. Осыған байланысты, қаржы бөлімінің міндетіне мыналар кіреді:

1.Өндіріс және әлеуметтік дамуға қажетті қаржы ресурстарын құру, пайданы ұлғайту, табыстылықты арттыру.

2. Қаржылық жоспарында көрсетілген бюджет, материалмен жабдықтаушылар, акционерлер алдындағы, сондай-ақ басқа да қаржы міндеттемелерді орындау және есеп айырысуды ұйымдастыру.

3. Өндірістік қорлар мен инвестицияларды неғұрлым тиімді жолмен пайдалануға көмек көрсету .

4. Қаржылық несиелік және кассалық (қазынагерлік) жоспар әзірлеу.

5. Қорларды тиімді пайдалану, меншікті айналмалы капитал мөлшерін экономикалық тұрғыдан негізделген нармативтерге жеткізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жобалау, айналмалы капиталдың айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз ету, қаржы ресурстарының дұрыс пайдалануын қадағалау.

Информация о работе Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні