Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:11, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
тұрақты дамудың қажеттілігі мен мәнін қарастыру;
тұрақты дамуға әсер ететін факторларды қарастыру;
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
озық өнім өндіру технологиясын енгізу;
қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту;
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................
Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні.............................
Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар...........................
Кәсіпорынның __________________________________________............
«ШАЛҚАР» БН-А ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ.......................................................................................................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері (көз-қарас)..............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану..............................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын енгізу...................................................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту.......................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ
ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.....................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері
(көз-қарас)...................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ
ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ.......................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды
пайдалану.....................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын
енгізу........................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастарға өту – адамның еңбек ететін ортасының экономикада елеулі, терең болуын талап етеді. Бұл жерде өндіріске күшейтуге бетбұрыс жасау керек; әр кәсіпорынды, ұйымды, фирманы экономикалық өсудің сапалық факторларын толық және бірінші кезекте пайдалануына бағыттау керек. Соның арқасында жан-жақты дамыған өндірістік күші мен өндірістік қарым-қатынасы, жақсы қалыптастырылған шаруашылық механизмі бар, жоғары деңгейде ұйымдастырылған және тиімді экономикаға өту қамтамасыз етілуі керек. Қазіргі нарықтық қарым-қатынасында кәсіпорын өзінің тұрақты даму үлесінен орын алуы қажет. Егер кәсіпорын өзінің жұмысын тұрақты түрде ұстап тұра алмаса, ол дағдарыс түрінде жұмысы тежеледі. Ал егерде ол тек дамымай тұрақты түрде ұстап тұрса, онда кәсіпорын бәсекелестері шығарған сапалы өнімдері тағы да өздерін нарықтан ысырып шығарады. Сол үшін үнемі кәсіпорын заман талабына сай өз техника-технологиясын жаңартып, дамытып отыруға міндетті. Кәсіпорын жұысының тұрақтылығын сол үшінде үнемі қадағалап отыруы қажет. Бұлай етпеген жағдайда банкротқа ұшырауы әбден мүмкін. Диплом жұмысым осындай маңызды сұрақтың жауабын ашуға арналады. Және де кәсіпорын үнемі өз тиімді жұмыс істеуін арттырып отыруы қажет. Сонда ғана бұл нарықтан өз тұтынушыларын тауып отырады. Тек тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар пайда табу мақсатын орындау, пайданың ұлғайып отыратыны кәсіпорынның жұмысын тұрақтандырады.
Нарықтық қарым-қатынастар шарттарында эканомикалық іс-әрекеттер орталығы барлық экономикалық негізіне ауысады, ол – кәсіпорын. Себебі тауарды өндіру, қызмет көрсету секілді негізгі қызметтер нақты осы кәсіпорындарда орындалады. Алға қойылған мақсаттарды шешу үшін және белгіленген мақсаттарға жету үшін өндірістік факторларды қолданады: еңбек ресурстары, техника, табиғи ресурстар, капитал және тағы басқалары. Қазіргі таңда, нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың жұмыс істеуі көптеген жағдайларға, факторларға және қызмет ету нәтижесіне байланысты болып отыр. Кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін және қызмет көрсететін эканомиканың дербес шаруашылық субьектісі болып табылады. Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып саналады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық бас міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межеленген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек материалдық және қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.
Нарықтық жағдайдың
қозғаушы күші – бәсеке. Ол өндірісті
ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және
өнім бағасын арзандатуды ынталандыр
Өндіріс – бұл қоғамның өмір сүруі мен дамуы қажетті материалдық игіліктерді жасау үдерісі. Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек әрекеті келесі үш кезеңнен тұрады:
Материалдық өндіріс
өнімі – табиғат пен еңбек
заттарының бірігуінен
Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады. Және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса, жұмыс атқару үшін, әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға – экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға – еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т. б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу негізінде сұранысқа ие болу.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның функциялары мыналар жатады:
- өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару;
- тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
- өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру;
- кәсіпорындағы өндірісті материалдық – техникалық жабдықтау;
- кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және басқару;
- кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
-салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу;
- мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны - өндірісті автоматтандыру арқылы ғылыми-техникалық өзгерістер жағдайында даму.
Әрбір өнеркәсіптік мекеме өзінің қызметкерлерінің және оның отбасы мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға арналған өндірістік бөлімшелерден: шаруашылықтарға қызмет ету цехтары мен телімдерінен, басқару ұйымдастыру органдарынан тұрады.
Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және қызметкерлерге қызмет көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара байланыс шамасы және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өндіріп шығару қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің) жалпы құрылымын құрайды.
Дипломдық жұмыстың объектісі
ретінде отандық нарықта
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
Диплом жұмыстың ғылыми жаңалығы болып кәсіпорынның тұрақты даму тиімділігін арттыру ұсыныстарын қарастыру табылады. Оған себеп дүние жүзілік дағдарыстың тікелей әсер етуі. Себебі несие жүйесінде өте күрделі, өте үлкен ауқымдағы қаржылық тұрақсыздық жүріп жатқан кезде әр кәсіпорын өз қаржысын мүлтіксіз қадағалап, күзетуі керек. Тіпті зерттеліп жатқан мекеме өзінің несие қабілеттілігін бағаламастан үлкен көлемдегі міндеттемесі бар екенін ескерілді. Несие қайтарымдылығын бағалау қаржылық тұрақтылыққа әсер ететін басты факторлардың бірі болып есептеледі.
Міндетті түрде кәсіпорын өз табысынан міндеттемелерін асырмауы қажет. Егер асатын болса онда тек құлдырауға тап болады.
Ал қазіргі технологиялық заманда озық өнім өндіру техникасын енгізуге болады. Техниканың жетілген заманында оның ең тиімдісін таңдау ғана қажет болады. Казіргі комбайндардың жетілген түрі өте көп. Олар жұмыс жасағанда үлкен ауқымда, өте жоғары жылдамдықпен, бір дәнінде босқа шашпастан жинап алатын техникалар жетіп артылады. Олар ескі техникаларға қарағанда өте тиімді. Мысалы; Neu HOLLANT TS, KSX, CX ; сол секілді; CASE IH ASF 2388, және өте ауқымды; CAT combine harvester, HUGE комбайн техникаларын ұсынуға болады. Мұндай техникалардың маркалары өте көп және сол марканың ішіндегі түрлеріде жетіп артылады. Мұндай техниканы ескірген комбайындарды ауыстыру кезінде есептелген қаржымен қол жеткізу керек. Немесе сол техникаларды сатып алу үшін қаржылық жағдайды реттеп кәсіпорын өзінің негізгі құралдарын жетілдіруі тиіс. Озық технологияға жұмсалған қаржы өзін-өзі ақтап, сонымен қатар көп пайда әкелетіні сөзсіз. Сонда бұрынғы комбайындардың бидайды ысырап қылып, төгіліп-шашылып қалған немесе жинаусыз қалған техника әлсіздіктерінен құтылып, көп шығынсыз аса тиімділікпен істі аяқтайтын еді. Және уақыт жағынанда, жанармай шығыны жағынан да өте дәлдікпен тиімділігін артыратыны күмәнсіз.
Зерттеліп отырған үшінші мәселе кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану. Егер кәсіпорын өз ресурстарын ұтымды пайдаланса оның тиімділігі міндетті түрде артады. Мысалы өнімнің өткізілуі бойынша, өнімге сұраныс бойынша егістік алаңын жоспарлап, өны өткізуді дамыту керек. Мысалы жер алқаптарын пайдаланғанда қандай өнім тиімдірек, арпаның орнына жоңышқа өнімін төрт жылда бір рет қана егіліп жылына үш рет өнім алуға болады. Сол мүмкі тиімдірек шығар. Ол міндетті түрде есептелініп жоспарлануы тиіс. Немесе өнімнің түрлерін реттеп оны жетілдіріп отыруы қажет. Мысалы дайын өнім бидай болса оны өткізу үшін басқа мекемелерге тәуелді болмай-ақ бірден оны ұнға айналдыратын, тіпті одан наубайхана ашу деген сияқты күрделендіріп, оған қосымша мекемелер ретінде цех, наубайхана, диірмен секілді өсіре беруге болады.
Кәсіпорынды тиімділігін дамытудың түрлері өте көп. Соның тек негізгі осы үш жолын қарастырдық.
Дипломдық жұмыстың құрылымы үш бөлімнен тұрады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында нормативті-құқықтық актілер, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, оқу құралдары, статистикалық мәліметтер, мерзімдік басылымдар, «Турген» ЖАФ ЖШС-нің мәліметтері қолданылды.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ
ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ
1.1. Кәсіпорынның тұрақты
дамуының қажеттілігі мен мәні
Нарықтық эканомикаға көшу кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін біршама мұқият әрі жүйелі түрде талдауды және оның даму стратегиясын құруды талап етті. Осы кешенді талдау жоспарлау алдындағы зерттеулердің негізі болып табылады. Тек талдау қорытындысына сүйене отырып қана кәсіпорынішілік жоспарлау үдерісін тиімді түрде ұйымдастырып, кәсіпорынның даму мақсатына қол жеткізуге болады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жалпы жүйелік талдаудың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Қаржылық талдау келесілерден тұрады:
Табыстылық пен іскерлік белсенділігінің коэффициенттерін талдау. Бастапқы талдаудың қорытындысы ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беріледі және теңдестік құрылымның жарамдылығы мен төлемқабілеттілігі анықталады. Кәсіпорынның қазіргі қаржылық жағдайының себептерін, даму болашағын анықтау үшін кәсіпорын қызметіне тереңінен, жан-жақты және кешенді талдау жасалады. Теңдестіктің жалпы сомасының өзгеруін, пассивтер мен активтер құрылымы, айналмалы капиталды қалыптастыру көздері, қаржылық іс-әрекет нәтижелері және т.б. талдаудан өтеді.
Кәсіпкерліктің қаржы-
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның қаржылық тұрақтылығы өтімділігі мен төлем қабілеттілігі, іскерлік белсенділігі және рентабельділік көрсеткіштері арқылы сипаттауға болды.
Информация о работе Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні