Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:11, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
тұрақты дамудың қажеттілігі мен мәнін қарастыру;
тұрақты дамуға әсер ететін факторларды қарастыру;
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
озық өнім өндіру технологиясын енгізу;
қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту;

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................
Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні.............................
Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар...........................
Кәсіпорынның __________________________________________............
«ШАЛҚАР» БН-А ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ.......................................................................................................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері (көз-қарас)..............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану..............................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын енгізу...................................................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту.......................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның тұрақты дамуы« » ЖАФ ЖШ. ДИПЛОМ.doc

— 577.50 Кб (Скачать)

Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты  дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру және өткізу үрдісінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік шаруашылық қызмет үрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің  мүмкін болатын деңгейінде төлем  қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде  қаржыны бөлу (тарту) мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері кәсіпорын активтерінің жағдайы мен құрлымы, қарыздық капиталды  тарту деңгейі және осы қағаздарда қызмет көрсетуді ұйымдастыру қабілетін сипаттайды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бірқатар көрсеткіштерімен сипатталады. Оларға келесі көрсеткіштерді жатқызуға болады;

  1. Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті (тәуелсіздік коэффициенті) – меншікті капиталдың кәсіпорын капиталына (актифтеріне, баланс валютасы) қатынасымен анықталады. Ол кәсіпорын капиталының (активтерінің) қандай бөлігі меншікті қаражаттары құрайтындығын, яғни, қаржылық тәуелсіздік дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мәні не ғұрлым жоғары болса, соғұрлым қаржылай тұрақты және сыртқы қаражат көздеріне тәуелсіздігін көрсетеді. Нарықтақ экономикасы дамыған елде бұл көрсеткіштің шекті мәні – 0,5-0,7 болып белгіленген.
  2. Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті кәсіпорын капиталының (активтерінің) қандай бөлігін қарыздық қаражаттар құрайтындығын көрсетеді. Ол қарыздық қаражаттардың кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы есептеледі.
  3. Қаржылық тәуекелділік коэффициенті – бұл тәуесіздік коэффициентінің кері көрсеткіші болып табылады. Ол кәсіпорын капиталының (балас валютасы) меншікті капиталға қатынасы арқылы есептеледі.Бұл көрсеткіштің мәні меншікті қаражаттардың 1 теңгесіне кәсіпорын активтерінің қандай сомасы келетінін көрсетеді. Осы көрсеткіштің мәнінің өсуі кәсіпорынды қаржыландыруда қарыздық қаражаттардың үлесінің артқанын көрсетеді. Егер оның мәні 1-ге тең болса, онда кәсіпорынның барлық активтері тек қана меншікті капиталдың есебіне қалыптасқанын көрсетеді. Мәселен, оның мәні 1,5 болса, онда кәсіпорын активтеріне салынған әрбір 1,5 тенгенің 1 тенгесі меншікті, 0,5 теңгесі – қарыздық қаражаттар екенін көрсетеді.
  4. Ағымдағы берешек коэффициенті. Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш активтердің қандай бөлігі қысқа мерзімді қаржаттар есебінен қалыптасқанын көрсетеді.
  5. Қарыздарды меншікті капиталмен жабу коэффициенті бұл көрсеткіш меншікті капиталдың қарыздық капиталға қатынасы арқылы есептеледі.Яғни, қарыздық капиталдың 1 теңгесіне меншікті капиталдың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.
  6. Қаржылық лаверидж немесе қаржылық тәуекел коэффициенті қарыздық капиталдың меншікті капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Бұл коэффициент қаржылық тұрақтылықтың негізгі индекаторларының бірі болып есептеледі. Оның мәні неғұрлым жоғары болса, бұл кәсіпорынға капитал салу тәуекелі де соғұрлым жоғары болады. Яғни меншікті капиталдың 1 тенгесіне қанша қарыздық қаражат тартылғанын көрсетеді.Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қанша қарыздық қаражат тартқанын көрсетеді. Оның мәні жоғарылаған сайын мұндай кәсіпорынға капитал салымын жасау тәуекелі жоғары болады. Кәсіпорын активтерін қалыптастыруда меншікті және капиталының үлесі және қаржылық леверидж деңгейі кәсіпорыннің салалық ерекшеліктеріне байланыстары болады. Айналымнан тыс активтердің үлесі жоғары және капитал баяу айналатын салаларда қаржылық леверидж мәні үлкен болмауы керек. Ал, негізгі капиталдың үлесі аз, капитал айналымдылығы жоғары салаларда оның мәні айтарлықтай жоғары болады. Қаржылық леверидж деңгейі тауар және қаржы нарығының конюьктурасына, негізгі қызметтің рентабельділігіне, кәсіпорынның қаржылық сратегиясына және тағы басқаларға байланысты болады.

Тұрақты қаржыландыру коэффициенті – баланстың активтерінің қандай бөлігі тұрақты көздер есебіне қалыптасқанын сипаттайды. Ол меншікті капиталмен ұзақ мерзімді міндеттемелердің жалпы капиталға (баланс, валютасы) қатынасымен анақталады. Егер кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелермен зайымдарды пайдаланбайтын болса, онда оның мәні қаржылық тәуелсіздік коэффициентінің мәнімен сәйкес келеді.  

Белгілі бір кезең  ішінде теңдестік жалпы сомасының  азаюы – бұл, негізінен, өндіріс  көлемі төмендеуінің нәтижесі болады. Ол төлемқабілетсіздіктің басты  себептерінің бірі болып саналады.

Қаржылық тұрақтылық түріне және оны өзгерту бағытына қарай кәсіпорынның төлемқабілеттілік тұрғысынан сенімділігі жайлы баға беруге болады. Қаржылық тұрақтылықты талдау оның осы жайлы мәнін бейнелейтін көрсеткіштерден басталады. Ұзақ – және орта мерзімді несиелердің негізінен өндірісті дамытуға, қайта жаңғырту мен техникалық қайта жарақтауға жұмсалатынын ескеретін болсақ, төлемқабілеттілік шартын орындау үшін запастар мен шығындарды меншікті айналмалы капиталдың көлеміне сәйкес келетіндей етіп шектеуді қажет етеді.

Теңдестік өтімділігін  талдау кәсіпорынның несиеқабілеттілігін, яғни оның өз міндеттемелерін орындай алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Өтімділік кәсіпорынның активтерін ақшаға айналдыру уақыты міндеттемелерін өтеу мерзіміне сәйкес келіп, өз активтері мен міндеттемелерді өтеуімен анықталады. Демек, едәуір өтімді активтер (ақша және құнды қағаздар) көлемі ең қауірт міндеттемелерге тең немесе одан артық болуы; баяу іске асырылатын активтер (дебиторлық қарыз және басқада активтер) қысқа мерзімді пассивтерге (қысқа мерзімді несиелер мен қарыз қаражаттары) тең немесе артық болуы; баяу іске асырылатын активтер (келешек кезеңге арналған шығындарды есептемегенде, басқа запастар мен шығындар) – ұзақ мерзімді пассивтерге тең немесе артық болуы; іске асырылуы қиын активтер (материалдық емес активтер негізгі капитал, аяқталмаған капиталдық салымдар) тұрақты пассивтерге (меншікті капитал көздеріне) сәйкес болуы тиіс.  Осы аталған шарттар орындалған жағдайда теңдестік өтімділігі абсолютті деп саналады. Егер бір немесе бірнеше шарт орындалмайтын болса, онда теңдестік өтімділігі белгілі бір дәрежеде абсолютті өтімділігінен ауытқуы мүмкін. Теңдестік өтімділігіне кешенді түрде баға беру үшін жалпы өтімділік көрсеткішін келесі формуламен есептеп шығаруға болады:     

 ƒл =(ЕӨА + 0,5ЖІАА+0,3БІАА)/(ҚМ+0,5ҚМП+0,3ҰМП),                       (1)

 

мұнда:ЕӨА – едәуір өтімділікті активтер;

ЖІАА – жылдам іске асырылатын активтер;

БІАА – баяу іске асырылатын активтер;

ҚМ – қауыр міндеттемелер;

ҚМП – қысқа мерзімді пассивтер;

ҰМП – ұзақ мерзімді пассивтер.

Қазіргі таңда  көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайы қиын күйде қалып отыр (өндіріске қажетті капиталдың тапшылығы несиелік мөлшерлемелердің тым жоғары болуы төлемдердің дер кезінде өтелмеуі және т.б.), сол себепті дәл қазір кәсіпорының қаржылық күйін нығайту басты міндет болып табылады. Қаржы коэффициентін талдау кәсіпорын жағдайының орнықтылығы жайлы өзгерістерін зерттеу мақсатымен немесе бірнеше  бәсекелес кәсіпорындарды салыстыру үшін жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар

 

Кәсіпорын өзінің жұмысын жүргізуде оның тұрақтылығына бірнеше факторлар әсер етеді. Ішкі фактор мен сыртқы факторлар, сондай-ақ кері әсер ететін факторлар келтіріледі. Негізгі кәсіпорын таза табысы тұрақты болған кезде ғана оның қызметін тұрақты деп айтуға болады.

 Тұрақты дамуға  әсер ететін негізгі факторларға:

  • кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану
  • озық өнім өндіру технологиясын енгізу
  • қаржылық тұрақтылықты жақсартуды жатқызуға болады

Аталған факторларға  димломның негізгі бөлімін арнадық. Сол секілді кәсіпорынның тұрақтылығына кері әсер ететін факторлар да бар. Оларды да аталатын тура факторларға қарама-қарсы айта беруге болады:

- өнімге (қызметке) қанағаттандырылмаған (тұрақсыз) сұраныстың болуы.

- өнім өндірісін ұйымдастыру үшін қажетті ресурстардың жетіспеушілігі

- кәсіорынның табысынан көрі шығыны мен міндеттемелерінің көп болуы

       - несиелік қарыздарының шамадан тыс өсіп кетуі немесе төлем қабілетсіздігі.

- кәсіпорын қаржы сратегиясының дұрыс емес жоспарлануы

- еңбекақы  қорының жетіспеушілігінің әсерінен жұмысшылардың жалақысы дұрыс (уақытында) төленбеуі

- амортизация дұрыс есептелмеу жағдайынан техникалардың моральдық немесе физикалық тозып кетуі

- білікті мамандардың жетіспеушілігі

     Және сол секілді көптеген факторлардың әсерінен бонкротқа ұшырап жұмыстары тежеледі.

 Пассивтер құрылымын  талдау кезінде әдетте келесі  бағыттар қаралады:

  • кәсіпорынның меншікті және несиеге алған қаражаттарының ара-қатынасы (несиеге алған капиталдың меншікті үлесінің жоғары болуы кәсіпорын іс-әрекетінің тәуекелді екенін көрсетеді, демек ол төлем қабілетсіз болуы да мүмкін деген сөз) және меншікті қаржыландыру көздерінің арақатынасы анықталады;
  • кәсіпорын шығындары мен зопастардың меншікті капитал көздерімен қамтамасыз етілуі, сонымен қатар алынған несиелік ресурс ескеріле отырып, анықталады. Бұл сараптама қорлармен қамтылу жөнінде толық түсінік береді;
  • несиелік қарыздардың пайда болу себептері қаралады, оның меншікті үлесі, өзгерту бағыты, құрылымы, мерзімі өтелмеген қарыздардың үлесі де ескеріледі.

Запастар мен қаржының меншікті және несиеге алған қаражаттар көздерімен қамтамасыз етілуіне қарай  қаржылық тұрақтылықтың келесі түрлері  болады:

  • кәсіпорынның абсолютты қаржылық тұрақтылығы (меншікті    капиталы өндірістік зопастар мен шығындардың көлемін қамтамасыз етеді);
  • қалыпты орнықты қаржылық жағдайы (зопастар мен шығындар көлемі меншікті айналмалы капиталымен және ұзақ мерзімде қамтамасыз етіледі);
  • дағдарыстық жағдайы  (зопастар мен шығындар қаражат көздерімен қамтамасыз етілмеген, яғни кәсіпорын банкротқа ұшырау шегінде тұр деген сөз).

Кәсіпорының қаржысын тұрақтандырудың  негізгі жолдары пайдаланымдағы ақша қаражаттарын оңтайландырумен  және олардың тапшылығын жоюмен байланысты қаржылық жұмыстарды жетілдірудің басты  бағыттары келесі болып саналады:

  1. Кәсіпорынның іс-әрекетін ұдайы әрі жүйелі түрде талдау.
  2. Кәсіпорынның стратегиялық қаржы саясатын әзірлеу және мұны іске асыру.
  3. Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру.
  4. Кәсіпорынның мүліктік құрылымын және олардың құралу көздерін оңтайландыру арқылы нәтижесі төмен теңдестік құрылымының орын алуына жол беру .
  5. Пайданы пайдалануда оңтайландыру және неғұрлым тиімді дивиденд саясатын таңдау.
  6. Бухгалтерлік есеп жүйесін қаржыны басқару міндеттеріне қарай  бейімдейді.
  7. Қаржы ресурстары көздерін оңтайландыру мақсатында несие   берушілер мен инвесторларымен қарым-қатынасты дамыту.

8.   Кәсіпорынның шығындарын оңтайландыру.

Кәсіпорынның іс-әрекетін кешенді түрде жан-жақты талдап, кәсіпорынның мақсатын орындауға бағдарланған бірыңғай, кешенді даму стратегиясына сәйкес кәсіпорын жұмысын ұйымдастырған жағдайда ғана жоғарыда айтылған түйткіл мәселелерді шешу мүмкін болады.

Еңбек  қарқындылығы мәселесін  зерттеу оның деңгейінің өзгеруіне  әсер ететін факторларды  анықтауды  қамтиды. Еңбек қарқындылығына ықпал  ететін факторлардың топталуы еңбек қарқындылығының деңгейін белгілеуге ғана емес, сонымен бірге оның себептерін түсінуге мүмкіндік береді және ол өндіріспен еңбек тиімділігін арттыруға бағытталып пайдаланылады. Ықпал ету олардың әрекет етуіне қажетті шығындардың деңгейі бойынша жекелеген факторлардың  ерекше айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Еңбек қарқындылығын  тұрақтандыратын факторлардың неғұрлым жалпыланған саралануы үш негізгі  топтан тұрады және келесідей болады.

  1. Табиғи – биологиялық факторлар.
  2. Әлеуметтік – экономикалық факторлар.
  3. Техникалық - ұйымдастырушылық факторлар.

Табиғи – биологиялық  факторларға жынысы, жасы, денсаулық  жағдайы, физикалық дамуы, дене шынықтыру және ақыл-ой деңгейі, шыдамдылығы және жұмысқа қабілеттілігі жатады.Әлеуметтік - экономикалық факторлар екі топтан тұрады: әлеуметтік - тұрмыстық және әлеуметтік - экономикалық еңбек жағдайы. Әлеуметтік тұрмыстық факторлар жұмыскерлердің өмір сүру деңгейлерімен қалпын, денсаулық сақтау деңгейін, сондай-ақ аурудың алдын алудың, медициналық қызмет көрсету деңгейін, тұрғын үй мен және тұрмыстық инфрақұрылымның басқа да элементтерімен, көлікпен қамтамасыз етілу деңгейін қамтиды (тұрғын үйдің жұмыс орнынан алыс болуы).

Әлеуметтік - эканомикалық еңбек жағдайына еңбек жөніндегі  заң мен оның сақталу деңгейі, жұмыс уақытының ұзақтығы (жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, еңбекке қабілетті жастардың шегі), еңбек және демалыс тәртібі, еңбек жағдайы мен оны ұйымдастыру стандарттарының орындалуы, білім, кәсіби шеберлік біліктілігінің деңгейі, жұмыс өтілімі, еңбек ұжымындағы өзара қатынас пен әлеуметтік даму деңгейі, еңбектің тартымдылық және мазмұндық деңгейі, еңбек мотивациясының деңгейі, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау деңгейі, жұмыс уақытын пайдалану деңгейі, еңбек үдірісіндегі жұмыскердің жұмысбастылығының деңгейі, жұмыстың орындалу қарқыны, еңбекақы жүйесі мен нысандарының тиімділігі (материалдық ынталандыру жүйесі), еңбекақы  деңгейі жатады.

Техникалық – эканомикалық факторлар ғылым және техниканың жетістіктерін өндірісте пайдалану  деңгейі, техникалық жабдықталу деңгейі, еңбекті энергиямен қамтамасыз ету деңгейі, еңбекті автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, стандарттау деңгейі, еңбекті өндірісті және басқаруды ұйымдастыру деңгейі кіреді.

Кәсіпорын іс-әрекеттерінің  маңызды көрсеткіштерінің бірі табыстылық болып саналады.

Кәсіпорынды тұрақтылығына  әсер ететін басты фактор ол – табыстылық. Ол неғұлым көп әрі шығындары  төмен болған сайын кәсіпорын  да тұрақты болады.

Табыстылық – өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарай, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық  қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік  құнына қатынасын білдіреді.  Табыстылықтың көресткіші  өндіріске кеткен шығын мен табысты  салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.

Информация о работе Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні