Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:11, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
тұрақты дамудың қажеттілігі мен мәнін қарастыру;
тұрақты дамуға әсер ететін факторларды қарастыру;
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
озық өнім өндіру технологиясын енгізу;
қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту;
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................
Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні.............................
Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар...........................
Кәсіпорынның __________________________________________............
«ШАЛҚАР» БН-А ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ.......................................................................................................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері (көз-қарас)..............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану..............................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын енгізу...................................................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту.......................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................
1-кесте – 2008-2009 жылдар аралығындағы кәсіпорынның техико-экономикалық көрсеткіштері
1-кесте бойынша 2008-2009
жылдар аралығында
Нарықтық қатынастары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтароды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алғанымыз жөн. Соңғы жылы шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі-бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радионова және М. А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
1) активтер мен олардың
қалыптасу көздері арасындағы
сәйкестікті, оларды
2) қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
3) айналым капиталының
көлемін, оның өсуін (кемуін) және
ағымдағы міндеттемелермен
4) қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
5) кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
6) ағымдағы активтердің
айналымдылық есебі, оның
7) баланстың өтімділігін,
кәсіпорынның қаржылық
8) кәсіпорын табыстылығын бағалау;
9) кәсіпорын табысының
салыстырмалы көрсеткіштерін; сондай-ақ
олардың деңгейінің өзгеруіне
әсер етуші факторларды
10) кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
11) кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды; жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызметнәтижесінде меншікті және тартылған кпиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызмет болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметнің қаржылық, өндірістікжәне коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылғансұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
Мен «Турген» ЖАФ ЖШС-нің 2008, 2009 жылдардағы бухгалтерлік балансын пайдалана отырып кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтадым. Ең алдымен кәсіпорынның мүлкін қарастырдым. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бақылау, оның өз мүлкін қаншалықты тиімді пайдаланғанын сипаттайды. Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымынжәне оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
2-кесте – «Турген» ЖАФ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
Көрсеткіштер |
2008 |
2009 |
ауытқу |
Кәсіпорын иелігіндегі мүлкінің соммасы |
140011645 |
209354509 |
69342864 |
Активтердің негізгі құралдағы үлес салмағы% |
8,6 |
5,9 |
-2,7 |
Активтердің дебиторлық қарыздарды бағалау% |
60 |
28 |
-32 |
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептң номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы ол 28% көрсетті. Мүлкінің сомасы 69342864 т өсті.
Активтердегі негізгі құралдардың үлесінің жоғары болғаны кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық жағдайына оң әсер етеді. Себебі, кәсіпорынның негізгі құралдары көп болса, ол оны тиімді пайдалана отырып өнімнің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік алады. 2009 жылы кәсіпорынның активтегі негізгі құралдың үлес салмағы төмен болды. 2008 жылы «Турген» ЖАФ ЖШС активтердегі дебиторлық қарыздардың үлес салмағы 60% болса, 2009 жылы ол 28 % көрсетті. 2008 жылмен салыстырғанда кәсіпорынның активіндегі дебиторлық қарыздардың көп болуы кәсіпорынның сыртқы қаржы көздеріне тәуелсіз екендігін сипаттайды. Кәсіпорын өз иелігндегі қаражаттарды дебиторлық қарыз ретінде беріп, болашақта өзінің қаржысын өсіруге мүмкіндік алады.
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің өтімділік көрсеткіштерін талдау.
Өтімділік – активтердің өзінің номиналды құнын сақтай отырып, ақша формасына ауысу қабілеті. Өтімділікті талдау компанияның қысқа мерзімді міндеттемелерін қысқа мерзімді активтер есебінен жабу мүмкіндігін анықтаумен байланысты. Өтімділікті талдау процесін арнайы коэффициенттер көмегімен жүзеге асыруға болады, сондай-ақ егер таза айналым капиталының мәні теріс болмаса, онда компания активтерінің құрылымы тиімд болады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзмді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффиценті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті.
Кәсіпорынның өтімділігін келесі көрсеткіштер сипаттайды:
1.Ағымдағы өтімдіділік коэффициенті (қысқа мерзімдіактивтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы) компанияның қысқа мерзімді міндеттемелерін жабу үшін қысқа мерзімді активтердің жеткіліктілігін сипаттайды. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
2. Тез өтімділік коэффиценті (ақша және қаржылық инвестициялар мен қысқа мерзімді дебиторлық қарыздың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы). Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
3. Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақша және қаржылық инвестициялардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы). Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді. Бұл –ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттгінің қатаң белгісі.
4. Таза айналым капиталы
(қысқа мерзімді активтер мен
қысқа мерзімді
3-кесте – «Турген» ЖАФ ЖШС-нің өтімділігін сипаттайтын көрсеткіш
Көрсеткіштер |
2008 |
2009 |
ауытқу |
Ағымдағы өтімділік коэффициент |
4,1 |
1,8 |
-2,3 |
Тез өтімділік коэфициенті |
2,9 |
0,56 |
-2,34 |
Абсолютты өтімділік коэффициенті |
0,2 |
0,03 |
-0,17 |
Таза айналым коэффициенті |
96567129 |
84407381 |
-12159748 |
Жасалған есептеулер арқылы мынадай қорытындыға келуге болады. 2008 жылы кәсіпорынның өтімділігі 2009 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды, барлық нормаға сәйкес жұмыс атқарды. 2009 жылы кәсіпорынның өтімділігінің төмен болуына себеп болған ағымдағы міндеттемелердің жоғары болуы. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері атарлықтай көбейді. Бұл кәсіпорынның өтімділігінің төмендеуіне қатты әсер етті.
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін талдау.
Қаржылық тұрақтылық – қалыптасқан қаржыландыру құпрылымы жағдайында сыртқы кредиторлардан тәуелсіздіктің дәрежесін сипаттайтын ұғым. Қаржылық тұрақтылық табыстың шығыннан тұрақты түрде артуы. Ол ақша қаражаттарын қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру және өткізу үрдісінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік шаруашылық үрдісінде қалыптасадыжәне кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл тәуекелдің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілет мен несие қабілетін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны бөлу мен пайдалану арқылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейін келесі көрсеткіштер сипаттайды:
Информация о работе Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні