Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:11, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
тұрақты дамудың қажеттілігі мен мәнін қарастыру;
тұрақты дамуға әсер ететін факторларды қарастыру;
«Турген» ЖАФ ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
озық өнім өндіру технологиясын енгізу;
қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту;

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................
Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні.............................
Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар...........................
Кәсіпорынның __________________________________________............
«ШАЛҚАР» БН-А ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ.......................................................................................................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері (көз-қарас)..............................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану..............................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын енгізу...................................................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту.......................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның тұрақты дамуы« » ЖАФ ЖШ. ДИПЛОМ.doc

— 577.50 Кб (Скачать)
  1. Қаржылық автономия коэффициенті немесе меншікті капиталдың шоғырлану тәуелсіздік коэффициенті – меншікті капиталдың кәсіпорын капиталына қатынасымен анықталады. Ол кәсіпорынкапиталының қандай бөлігін  меншікті қаражаттар құрайтындығын, яғни қаржылық тәуелсіздік дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорын қаржылай тұрақты және сыртқы кредиторлардан тәуелсіздік дәрежесі жоғары болады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткіштің шекті мәні -0,5-0,7 болып белгіленген.
  2. Қарыз капиталының шоғырлану коэффициенті. Кәсіпорын капиталының қандай бөлігін қарыздық қаражаттар құрайтындығын көрсетеді. Ол қарыздық қаражаттардың кәсіпорын капиталына қатынасы арқылы есептеледі.
  3. Қаржылық тәуелділік (кәсіпорын капиталының меншікті капиталға қатынасы). Бұл көрсеткіштің мәні меншікті капиталдың бір теңгесіне кәсіпорын активтерінің қандай сомасы келетнін  көрсетеді. Осы көрсеткіштің мәнінің өсуі кәсіпорындарында қарыздық қаражат үлесінің артқанын көрсетеді.
  4. Ағымдағы берешек коэффициенті. Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің кәсіпорын капиталына қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш активтердің қандай бөлігі қысқа мерзімді қарыздық қаражаттар есебінен қалыптасқанын көрсетеді. 2009 жылы «Турген» ЖАФ ЖШС-нің 53% қысқа мерзімді қарыздық қаражаттар есебінен қалыптасты.
  5. Қарыздарды меншікті капиталмен жабу  коэффициенті (төлем қабілеттілік коэффициенті). Бұл көрсекіш меншікті капиталдың қарыздық капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Яғни, қарыздық капиталдың теңгесіне меншікті капиталдың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.
  6. Қаржылық леверидж немесе қаржылық тәуекел коэффициенті қарыздық капиталдың меншікті капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Бұл коэффициент қаржылық тұрақтылықтың негізгі индикаторларының бірі болып табылады. Оның мәні неғұрлым жоғары болса, бұл кәсіпорынға каптал салу тәуекелі де соғұрлым жоғары болады. Кәсіпорын активтерін қалыптастыруда  меншікті және айналым капиталының үлесі және қаржылық леверидж деңгейі кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне  байланысты болады. Айналымнан тыс активтердің үлесі жоғары және капитал баяу айналатын салалаларда қаржылық леверидж мәні үлкен болмауы керек. Ал, негізгі капиталдың үлесі аз, капитал айналымдылығы жоғары салаларда оның мәні айтарлықтай жоғары. Қаржылық леверидж деңгейі тауар және қаржы нарығының конюнънктурасына, негізгі қызметтің рентабельділігіне, кәсіпорынның қаржылық стратегиясына байланысты болады.
  7. Тұрақты қаржыландыру коффициенті – баланстың активінің қандай бөлігі тұрақты көздер  есебінен қалыптасқанын сипаттайды. Ол меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің жалпы капиталға қатынасымен анықталады. Егер кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер мен займдарды пйдаланбайтын болса, онда оның мәні қаржылық тәуелсіздік коэффициентінің мәнімен сәйкес келеді.
  8. Меншікті капиталдың маневрлік коэффициенті (меншікті айналым капиталы меншікті капиталға қатынасы) қысқа мерзімді активтердің меншікті капитал есебінен қалыптасқан бөлігін көрсетеді.
  9. Меншікті айналым капиталы (меншікті капитал және ұзақ мерзімді міндеттемелер қосындысы мен ұзақ мерзімді активтердің айырмасы). Егер меншікті айналым капиталының құны тауарлы-материалдық құндылықтар құнынан жоғары болса, онда компанияның қысқа мерзімді қаржылық тұрақтылығы абсолютті болады.

 

4-кесте – «Түрген» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер  

 

Көрсеткіштер

2008

2009

Ауытқу

Тәуелсіздік коэффициенті

0,68

0,71

0,03

Тәуелділік коэффициенті

0,31

0,28

-0,03

Қаржыландыру коэффициенті

2,15

2,5

0,35

Инвестицияларды өтеу коэффициенті

0,78

0,85

0,07

Қарыз қаражатын ұзақ мерзімге тарту  коэфициенті

0,12

0,16

0,04


 

Меншікті айналым капиталының  мәні теріс болғандықтан, кәсіпорынның қызметін абсолютті қаржылық тұрақты деп айта алмаймыз. Өйткені кәсіпорын капиталының 94% қарыздық қаражаттар есебінен қалыптасқан. Бұл кәсіпорын қызметі сыртқы кредиторлардан тәуелділігі жоғары екендігін білдіреді. «Турген» ЖАФ ЖШС-нің серіктестігінің меншікті капиталы 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 3323856 теңгеге өскен. Кәсіпорынның меншікті капиталы жарғылық капитал, резервтен және бөлінбеген табыстан құралған.

«Турген» ЖАФ ЖШС-нің  іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының  жылдамығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті  талдау, кәсіпорынның өз қаражатын  қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға  мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Іскерлік белсенділік  коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым  жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі сандық және сапалық критерийлер жүйесінің көмегімен анықталады.

Сапалық критерийлерге  - өткізу нарықтарының кеңдігі, кәсіпорынның іскерлік репутациясы, оның бәсекеге қабілеттілігі, тұрақты жабдықтаушылары мен сатып алушыларының болуы жатқызылады. Бұл критерийлерді сол саладағы немесе бизнестегі қызмет ететін бәсекелестердің ұқсас параметрлерімен салыстыру қажет.

Іскерлік белсенділіктің сандық критерийлері абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Абсолютті көрсеткіштердің қатарына дайын өнімді сату көлемін, табысын, активтерінің мөлшерін жатқызуға болады. Ал, салыстырмалы көрсеткіштер кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Оларды қаржылық  коэффициенттер жүйелері немесе айналымдылық көрсеткіштері түрінде көруге болады.

           Кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі

Кәсіпорын тиімділігі – белгілі бір уақытта өндіріс ресурстарының барлығын пайдаланғандағы соңғы нәтижелердің кешенді немесе жалпы көрінісі.

Кәсіпорын тиімділігі шығындардың  ең төмен деңгейін сақтай отырып, еңбек  өнімділігін жоғарылатуды, өндірістік қуаттарды, шикізат пен материал ресурстарын толық пайдалануды және ең жоғары нәтижелерге жетуді сипаттайды. Экономикалық тиімділікті бағалау үшін өндіріс нәтижелері шығындармен салыстырылады:

             Тиімділік ═ Нәтиже / Ресурстар (Шығындар).

 Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштерінің келесі жүйесі анықталды: Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері:

            Бір еңбеккерге шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Еңбеккерлердің орташа тізімдік саны

            Бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Жұмысшылардың орташа тізімдік саны

            Бір жұмысшыға шаққандағы орташа күндік шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Барлық жұмысшылардың еңбек еткен күн саны

            Бір жұмысшының орташа сағаттық шығарымы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Барлық жұмысшылардың еңбек еткен адам-сағат саны

            Қор қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны

            Қор сыйымдылығы ═ Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны / Өнімді өткізуден түскен түсім

Материал қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Шығындалған материалдар ресурстарының  орташа құны

            Материал сыйымдылығы ═ Шығындалған материалдар ресурстарының орташа құны / Өнімді өткізуден түскен түсім

            Активтерден табыс ═ таза табыс/активтердің орташа жылдық құны

            Меншікті капиталдың табыстылығы ═ таза табыс/өз капиталының орт. жылдық құны

            Нег. қорлар рентабельділігі ═ таза табыс/ нег. қорлар орт. жылдық құны

Нег. қызмет рентабельділігі═ нег. қызмет табысы/өткізілген өнім өз.құны+кезең  шығындары

            Өнім рентабельділігі ═ к.о. таза табысы/өз.құны

            Өндіріс рентабельділігі ═ таза табыс/(нег. қорлардың орташа жылдық құны+айналым қорларының орташа жылдық құны)

            Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:

            Бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;

            Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;

            Бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.

Орташа жылдық және орташа күндік өнім өндіру бойынша жоспардың  орындалу пайызындағы алшақтық, жұмыс  уақытының толық күндік жоғалуын  немесе есеп беру кезеңіндегі бір жұмысшының істеген жұмыс күні санының өскенін бейнелейді. Орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық ауысым ішінде жоғалту болуымен немесе керісінше, күні бойғы жұмыс уақытының ұзақтығы артқанымен байланысты болуы мүмкін.

            Қор қайтарымы – негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаудың көрсеткіші. Оның шамасы мен динамикасына кәсіпорынға байланысты және байланыссыз себептер әсер етеді. Шаруашылықты интенсивті жолмен жүргізу негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының 1 теңгесіне өнім шығаруды жүйелі көбейтуді болжайды, оған механизм, машина мен жабдықтардың өнімділігін арттыру, олардың босқа тұруын азайту, техниканы оңтайлы жұмыс істету, негізгі өндірістік қорларды техникалық мейлінше жетілдіру арқылы жетуге болады.

Шаруашылықпен айналысушы субъект қызметінің тиімділігін  сипаттайтын маңызды көрсеткіш, материал қайтарымы болып табылады, ол тауар өнімі құнының жұмсалған  материалдық ресурстар құнына қатынасымен  анықталады.             Бұған кері көрсеткіш – материал сыйымдылығы, оған жұмсалатын материал сомасы мен тауар өнімі шамасына әсер ететін себептер ықпал жасайды.

Өндірісті күшейту мен  тиімділігін арттырудың маңызды  факторларының бірі – үнемі тәртібі  болып саналады. Ресурстарды сақтау күннен – күнге өсіп келе жатқан жанармайға, энергияға, шикізат пен материалдарға сұранысты қанағаттандыратын  шешуші көзге айналу керек. Бұл мәселелерді шешушідегі өнеркәсіптің рөлі өте маңызды.  Алдағы уақытта халық шаруашылығын конструкцияның және басқа материалдарды, шикізат пен жанар май – энергиялық ресурстарды пайдаланудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін машиналар және қондырғылармен жабдықтаудың, тиімділігі жоғары, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді жасау және қолдану қолға алынуы тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстан  ұлттық кіріс бірлігіне шаққанда жанармай, металл, энергияны дамыған  мемлекеттермен салыстырғанда  көп  жұмсайды. Бұл өндіріс көлемінің  ұлғаюы кезіндегі ресурстардың тапшылығынан және өз кезегінде шикізат пен жанармай-энергетикалық базасының ұлғаюына, керекті шығындардың ұлғаюына алып келеді. Оның бетін қайтару үшін   отандық өнеркәсіпті түбегейлі түрде  модернизациялау керек, өйткені ол ғылыми-техникалық прогрестің   үдеуінің, халық шаруашылығының қайта құрылуының басты шарты болып табылады. Сонымен бірге ұзақ уақытты стратегиялық мақсаттарға жету – халықтың тұтынушылық мұқтаждығымен үйлесе отыру керек. Жасалған өндірістің қуаттылығын барынша қарқындылықпен пайдалану керек. Олардың ырғақты, толық жұмыс істеуін,  ауысымдылығының жоғары болуын және соның негізінде әр қондырғы бірлігінен, әр өндірістің алаңының шаршы метірінен өнімнің түсу көлемін арттыру керек.

Өндірісті күшейту, оның тиімділігін арттыру факторларының  бірі-экономика құрылымын жетілдіру болып табылады. Әсіресе ғылыми-техникалық прогресті, әлеуметтік мақсаттарды қамтамасыз ететін салалардың жоғарғы қарқындылықпен дамуын, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек.

 

5-кесте – Өндірісті дамытудың негізгі факторлары

 






 

Мұндағы Ө - жалпы және таза өнімнің көлемі, теңге;

     Ж – жұмысшылардың орташа саны, адам;

Нқ – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, теңге;

М - өнімді өндіруге кеткен ағымдағы материалдық шығындар, теңге;

Қ - өнімнің өндірістік құны;

Жоғарыдағы (2 кестеде) ұяда көрсетілген элементтерінің барлығының өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторлары

 Кәсіпорын  ресурстардың  нақты анықталған түрін тұтынады, одан кейін өндірістік процес нәтижесінде өзгертілген тұтыну бағасы басқа өнімді алады.

Ресурстардың кірісімен  шығысының қатынасын кәсіпорын  экономикасы деп түсінуіміз керек. Кәсіпорын экономикасын өндірілетін  өнім таңдалған өндірістік технология кадрларының құрамы мен біліктілік денгейі деген шамалар қызықтырмайды.Оны қызықтыратын нәрселер – кірістің шығыннан көп болуы (кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі), шығынның кірістен жоғары болуы (кәсіпорынның  тиімсіз жұмыс істеуі), кіріспен шығынның тең болуы (өз шығынын өзі өтеуі)

Инвестициялық саясат капиталдық  салымдардың тиімділігінің жоғарлауын қамтамасыз ету. Капиталдық салымдардың әлеуметтік мұқтаждықты, ғылыми-техникалық прогресстің үдеуін қамтамасыз ететін салаларға салынуын қамтамасыз ету керек. Салынатын құралдарының басым бөлігі жаңа құрылысқа емес, жұмыс істеп жатқан жаңа кәсіпорындардың техникалық қайта жасақтандырылуына жұмсалған жөн.

Информация о работе Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні