Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 08:59, реферат
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген.
Кулмулятивтік санды тез арада анықтау мынадай формуланы қолданады:
S=(N+1)/2, мұндағы S – сома, N – ұтымды қызметтің болжамды қызметі.
Бұл әдіс кезінде амортизация сомасы объектіні пайдаланудың 1 жылы қарқындап өсіп, кейінгі жылдары азая бастайды.
Кемімелі қалдық (регрессия, қосарланған регрессия) әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнынан емес, баланстық құннан жүргізілуге тиістігін білдіреді. Тікелей әдіс кезінде қолданылатын амортизация нормасы екі еселенуі мүмкін, сол кезде қосарланған регрессия әдісі жайлы сөз болады. Амортизацияны есептен шығарған кезде, соңғы жылды қоспағанда, жою құны ескерілмейді. Мұндайда амортизация сомасы қалдық құнның жою құнына дейінгі кемітілуі үшін ішкі қажеттікпен шектелген болады. Мысалы: станоктың бастапқы құны 260,0 жою құны – 80,0, пайдалану мерзімі- 5 жыл, амортизация нормасы – 20%.
2 кесте
Жыл | НҚ объектісінің құны 1-ші жыл, бастапқысы, соңғы | Амортизация нормасы | Жыл ішіндегі амортизация | Айға шаққанда |
1 2 3 4 Б | 260000 260000-52000=208000 208000-41600=166400 133120 106496-80000 | 20% 20% 20% 20% | 52000 41600 33280 26624 26496 | 4333 3467 2773 2219 2208 |
Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде НҚ әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әр түрлі қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің субъект таңдап алған әдістері есеп саясатымен анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне қарай қолданылуға тиіс.
"Имсталькон" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің компьютеріне амортизациялық жарна осы әдіс бойынша есептелген. Компьютердің бастапқы құны 350000 теңге, жою құны – 5000 теңге, қызмет ету мерзімі 5 жыл. Біркелкі есептен шығару әдісі ставкасы (S) - 100% қызмет ету мерзімі/ 5 = 20%.
Жылдық амортизациялық жарна = S * 2 (бастапқы құн – жинақталған тозу құны).
3 кесте
Жыл | Жылдық аморти зациялық сома | Жинақталған тозу құны | Қалдық құн |
Алынған құн 1 2 3 4 5 | 0 140000 84000 50400 30240 40360 | 0 140000 224000 274400 304640 345000 | 350000 210000 126000 75600 45360 5000 |
НҚ тозуын есепке алу үшін "НҚ тозуы" деген XIII бөлімшенің пассивтік шоттары қолданылады, онда мынадай жинақтамалы шоттар бар:
2421 – үйлер мен ғимараттардың тозуы;
2423 – машиналардың, жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы;
2425 – көлік құралдарының тозуы.
Аталған шоттардың әрқайсысына субшоттар ашылуы мүмкін:
1. Меншікті НҚ тозуы;
2. Ұзақ мерзімді жалға алынған НҚ тозуы.
Жер өндіріс құралы ретінде – еңбек процесіне қажетті материалдық кепілдік, оның ең маңызды заттық факторларының бірі. Сату бағасы бола тұра және субъектінің балансында ескерілгенмен тозбайды. НҚ тозуын меншік нысанына қарамастан барлық субъектілер есептейді. Олар мыналардан басқа барлық қалған НҚ түрлеріне есептеледі:
1. Өнім беретін малдар, өгіздер, буйволдар, бұғылар.
2. Жер.
3. Кітапхана қорлары, фильм қорлары.
4. Мұражай және қылқалам құндылықтары.
5. Сәулет пен өнердің ескерткіштері.
6. Жалпы пйдаланудағы автомобиль жолдары.
Толығымен амортизацияланған НҚ бойынша амортизация есептелмейді.Егер НҚ объектісі бойынша тозуды есептеу тоқтатылса, онда НҚ есепке алудың НҚ №6 – нысанындағы инвентарлық карточкадағы амортизация нормасы түрлі түсті қаламмен сызылып тасталады және қай мезгілден бастап тоқтатылғаны көрсетіледі. НҚ № 13 – нысанындағы НҚ тұрған немесе пайдаланған жері бойынша инвентарлық тізімде "тозған" деген белгі қойылады. Өндірістік шоттарда 8040 - "Үстеме шығындар" бөлімшесінің 8045- "НҚ тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы" шоты бөлек көрсетілген. Жалпы шаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың НҚ тозуы 7210-"Жалпы және әкімшілік шығындар" шотында ескеріледі. Тауарлардың сатылатын жерінде сақтауға арналған НҚ 7110-"Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар" шотында ескеріледі. 8045 және 8040-шоттарға өндіріс түрлері бойынша субшоттар ашу қажет.
Операциялар:
1. Негізгі өндірісте қолданылатын НҚ бойынша тозу есептеледі:
а) Д-т 8045/нө К-т 2421-2429
ә) Д-т 8040/нө К-т 8045/нө
б) Д-т 8014 К-т 8040-/нө
в) Д-т 8010 К-т 8014
2. Көмекші өндірісте қолданылатын НҚ бойынша тозу есептеледі:
а) Д-т 8045/көм.ө. К-т 2421-2429
ә) Д-т 8040/көм.ө К-т 8045/көм.ө.
б) Д-т 8034 К-т 8040/көм.ө.
в) Д-т 8030 К-т 8034
5 Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі
Өндірістік – шаруашылық қызмет процесінде материалдық емес активтер моральдық тозуға ұшырады. Есептелген тозудың мақсаты – пайдаланудың белгіленген мерзімі ішінде тозуды өндіріс пен айналымның шығындарына қосу есебінен олардың құнын өтеу үшін көздерді қалыптастыру. Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу үшін 11- "Материалдық емес активтердің амортизациясы" бөлімшесінің 2740 –шоттардың кредиті бойынша материалдық емес активтер амортизациясының (тозуының) ай басындағы қалдығын, ай ішінде есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 2740- шоттардың дебеті бойынша МЕА амортизациясының (тозуының) есептен шығарылуы (кемуі) көрсетіледі..
Материалдық емес активтер бойынша амортизация бастапқы құнынан есептелген нормалар және МЕА болжамды ұтымды пайдалану мерзімі бойынша ай сайын есептейді. Амортизация нормасының мерзімін анықтау мүмкін емес. МЕА бойынша мерзім 10 жылға, бірақ субъектінің жарғыда белгіленген қызметінен аспайтындай болып белгіленеді. Мысалы: Субъект ЭЕМ-ге бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алды, құны 120,0, ұтымды пайдалану мерзімі 5 жыл (60 ай) болып белгіленген. Ай сайынғы амортизация
14