Материалдық емес активтердің есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:47, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі таңда кәсіпорындардың меншігіндегі материалды емес активтердің рөлі біртіндеп артылып келеді. Бұл құбылысқа бір кәсіпорынның келесі бір кәсіпорынмен «жұтылып» кетуі, технологиялық өзгерістердің масштабтары мен жылдамдығымен, ақпараттық технологияның таралуымен Қазақстанның қаржы нарығының интеграциясы мен қиындауы әсер етсе керек. Әдіс сұрақтары мен иеліктердің берілген түрлерінің есебін ұйымдастыру бүкіл әлемде қызу талқылануда.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

1 Бөлім. Материалды емес активтер есебі туралы түсінік және оларды бухгалтерлік есепте жүргізу жолдары.
1.1 Материалды емес активтер туралы түсінік, бағалау әдістері және жіктелуі ....................................................................................................................7
1.2 Материалды емес активтердің түгендеу және амортизациялық есебі …………………………………………………………………………………….23
1.3 Материалды емес активтердің пайда болуы және есептен шығарылуы............................................................................................................30

2 Бөлім. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.
2.1 АҚ-ның шаруашылық қызметін басқарудағы ұйымдық құрылымы....34
2.2 АҚ-ның экономикалық сипаттамасы.......................................................40
2.3 Материалды емес активтердің кәсіпорын есеп саясатында қолданылуы………………………………………………………………………48

3 Бөлім. Материалды емес активтердің аудиті.
3.1 Материалды емес активтер операциясының аудиторлық қызметі.......53
3.2 Материалды емес активтердің есептеу аудиті…………………………60
3.3 Материалды емес активтердің есебі мен аудитін жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………..66


Қорытынды..........................................................................................................71
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................76

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс ЖАНДОС.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ                                                                 

Кіріспе .....................................................................................................................3

 

1 Бөлім. Материалды емес активтер есебі туралы түсінік және оларды бухгалтерлік есепте жүргізу жолдары.

1.1 Материалды емес активтер  туралы түсінік, бағалау әдістері  және жіктелуі ....................................................................................................................7

1.2 Материалды емес активтердің түгендеу және амортизациялық есебі …………………………………………………………………………………….23

1.3 Материалды емес активтердің пайда болуы және есептен шығарылуы............................................................................................................30

 

2 Бөлім. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.

2.1 АҚ-ның шаруашылық қызметін басқарудағы ұйымдық құрылымы....34

2.2 АҚ-ның экономикалық сипаттамасы.......................................................40

2.3 Материалды емес активтердің кәсіпорын есеп саясатында қолданылуы………………………………………………………………………48

 

3 Бөлім. Материалды емес  активтердің аудиті.

3.1 Материалды емес активтер  операциясының аудиторлық қызметі.......53

3.2 Материалды емес активтердің есептеу аудиті…………………………60

3.3 Материалды емес активтердің  есебі мен аудитін жетілдіру  жолдары…………………………………………………………………………..66

 

 

Қорытынды..........................................................................................................71

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................76

Қосымшалар

                                                             Кіріспе

 

Қазіргі таңда кәсіпорындардың  меншігіндегі материалды емес активтердің рөлі біртіндеп артылып келеді. Бұл құбылысқа бір кәсіпорынның келесі бір кәсіпорынмен «жұтылып» кетуі, технологиялық өзгерістердің масштабтары мен жылдамдығымен, ақпараттық технологияның таралуымен Қазақстанның қаржы нарығының интеграциясы мен қиындауы әсер етсе керек. Әдіс сұрақтары мен иеліктердің берілген түрлерінің есебін ұйымдастыру бүкіл әлемде қызу талқылануда. Осы тұрғыдан алып қарағанда диплом жобасының тақырыбы өзекті болып табылады. Материалдық емес активтер-Қазақстандық бухгалтерлік есептеу әдістемесінің ең бір шешілмеген мәселесі болып отыр деп батыл айтуға болады. Берілген дипломдық жобада материалдық емес активтердің нақты классификациясы мен құрылымы, оның бағалануы берілген, материалдық емес активтер объектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері қаралған. Материалды емес активтерді иемдену сұрақтары, тозуы, есептен шығуы ағымдағы заң жобаларымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, материалды емес активтердің бухгалтерлік есебі мен аудитіне де көңіл бөлінген. Жобада шаруашылық жұмыстарының жиынтығы болып көрінетін бухгалтерлік есептер берілген. Қосымша беттерде материалды емес активтердің есебін жүргізуді қажет ететін құжаттар ұсынылғын. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Материалды емес активтер отандық бухгалтерлік тәжірибеде 1988 жылдың мамыр айында пайда болды. Бірақ, тек шетелдік кәсіпорындармен біріккен кәсіпорындар үшін. 1990 жылдың шілде айында материалды емес активтерді бухгалтерлік есепте қолдану акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге де рұқсат етілді. Бұл енгізілген жаңалық СССР-дің жаңа заңында материалды емес меншіктердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу қаралғандықтан ұйымдастырылды. Бұған дейін, тіпті ЭЕМ-ға арналған машиналардың өзі негізгі құралдар-электронды есептеуіш машиналар құрамында болды. Материалды емес активтердің кез-келген классикалық анықтама секілді көзге көрінетін айырмашылықтарын жинақтайтын, объект немесе құбылысты анықтайтын, нормативті құжатты анықтамасы жоқ. №28 «Материалды емес активтердік есебі» деген бапта материалды емес активтердің объектілерін санап қана қояды:

Ұзақ мерзімге қолданылатын (1 жылдан жоғары), шаруашылық саласында  және пайда әкелетіндерге;

-ғылым, әдебиет, өнер және  ЭЕМ бағдарламаларына, мәліметтер базасына авторлық және басқа да келісім шарттар;

- ойлап табуға, өндірістік үлгілер,  өнімдік жетістіктерге патенттер,  пайдалы модельдерге тауарлық белгілер мен қызмет көрсету белгілерінің куәлігі немесе оларды қолдану үшін лицензионды келісім-шарттар;

- «ноу-хау» құқықтары қарастырылады.

Сонымен қатар, материалды емес активтерге жер учаскелерін, табиғи ресурстарды  пайдалану мен ұйымдастыру шығын  құқықтары жатады. Материалды емес активтер объектілері-патенттердің өзі, ЭЕМ-ға бағдарламалар немесе тауарлық белгілер емес, оларды қолдану құқықтары екенін ерекше атау керек. Материалды емес актив болып интелектуалды қызметтің жетістігі емес, осы нәтижені қолдану құқығы есептеледі. Интеллектуалды меншіктің сұрақтары келесі заң актілерімен реттеледі:

-1996 жылдың 10 маусымында қабылданған «авторлық және аралас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының заңы №6,

- ҚР 1999 жылы 26 шілдеде  қабылданған «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және  тауар өндірілген жер атауы»  туралы Заңы. (өзгерістер 09.07.04).

Осы заң тіркеу, құқықтық қорғау және тауар белгілерін қолдану  қатынастарын реттейді. Коммерциялық ұйымдарда материалды емес активтерді интеллектуалды жұмыс нәтижесін  қолдану келесі нәтижеде ғана жүзеге асады:

-материалды емес активті  тіркеу (өз қолымен жасалған, сәйкес құжатты керекті органнан алуы керек)

- материалды емес активті  лицензионды келісім шарт бойынша,  міндетті мемлекеттік тіркеумен  басқа ұйымнан алу.

Материалды емес активтерді тәжірибеде қолдану келесі кезеңдерге әкеп соғады.

Бірінші кезең - интеллектуалды меншіктің сауатты жіктелуі. Бірақ, бүгінгі күні кәсіпорындар бұл кезеңді орындамайды немесе дилетантты түрде ғана жасайды.

Екінші кезең-материалды емес активтерді коммерцияландыру:

-ғылыми-техникалық өнім  нарығына белсенді шығуы;

-өз сатып алушысын табу, кәсіпкерлік өнерін шыңдау, яғни, өз идеясына тапсырыс берушіні өзі табу;

- жарнамалау;

- журналдарға жазу, теледидарға  ұмтылу.

Материалды емес активтерді экономикалық айналыста қолдану, оларды интеллектуалды еңбектің бағасы ретінде  белгілі-бір механизмге айналдыру кәсіпорынға: өзінің өндірістік капиталының құрылымын материалдық емес активтердің кеңеюі есебінен өзгертуге, қолданыссыз және жатып қалған «өлі» жүктерге айналған материалды емес активтерді тиімді және өнімді қолдануға мүмкіндік береді.

    Сол сияқты бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау бөлігінде ақпараттық жүйелерді автоматтандыру процесі маңызды мәселе болып табылады. ХҚЕС-ты толыққанды енгізу компаниялардың бизнес-жобаларын жан жақты автоматтандырусыз мүмкін емес, ол бастапқы құжаттарды өңдеуді, автоматтандырылған режимдегі негізгі көп еңбекті қажет ететін функцияларды барынша оңтайландыруға және адам факторының қатысуымен байланысты тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне жол бермеуге жағдай жасайды. Бухгалтерлік есепке алуды автоматтандыру ұйымдарда есепке алу жұмысын жолға қоюға елеулі септігін тигізеді, ақпаратты өңдеу принциптері бейнелі түрде өзгереді, бұл ретте, есепші қызметкерлер деректерді өңдеуге тікелей қатысады. Ұйымдарда бухгалтерлік есепке алуды автоматтандыру мәселесі ең маңызды болып табылады, себебі олардың қызметтерін тұтынушы Қазақстан Республикасының халқы болып табылады. Ұйымдарда бухгалтерлік есепке алуды автоматтандыру процесін іске асыру мақсатында ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде енгізілген көмекші бухгалтерлік есепке алу және Бас бухгалтерлік кітабын жүргізуге қойылатын талаптарды жетілдіру жоспарланып отыр.

 Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі экономикалық механизмді басқару өндірістегі дәл, әрі нақты жүргізілген есеп арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы – материалдық емес активтердің есебі мен аудиті.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындағы материалдық емес активтердің құрылымы мен өндірістегі маңызы, есебінің және аудиттеу тәртібі, жетілдіру жолдарын зерттеу, сонымен қатар оның есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бөлім. Материалды емес активтердің есебі туралы түсінік және оларды бухгалтерлік есепте жүргізу жолдары.

1.1 Материалдық емес активтер туралы түсінік, бағалау әдістері және жіктелуі

 

Материалды емес активтер деген түсінік әлемдегі алдыңғы  қатарлы фирмалардың шаруашылық қызметінде 19 ғасырдың аяғынан бері кеңінен қолданылып келеді.

Материалды емес активтер дегеніміз авторлардың, патент иелерінің және интеллектуалды меншік нысандарының басқа да заңды иелерінің құқықтары.

Интеллектуалды меншік саласындағы субъектілер құқығы арасындағы пайда болатын қарым-қатынастар реттеледі:

  • өнертапқышқа  оның өнертабысын  өзі жеке-дара қолдану құқығын растайтын патенттік заңмен;
  • ҚР 1999 жылы 26 шілде айындағы  № 456-1 «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шыққан жерінің атаулары туралы» заңмен;
  • шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет, өнер туындыларына құқықты реттейтін ҚР 1996 жылы 10 маусымдағы № 6 «Авторлық құқық және шектес құқықтар туралы» заңымен;

Қазақстан Республикасы қатысатын мынадай халықаралық  келісімшарттармен:

  • өнертабысты, өндірістік жалпыға пайдалы үлгілерді және тауар белгілерін экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық  жағдайында  құқықтық қорғау келісімі (КСРО 12.04.73. Мәскеуде қол қойылды);
  • 19.07.70 жылғы патенттік кооперация туралы келісімшарт (КСРО атынан 23.12.70 жылы қол қойылды және 23.12.77 КСРО-ның ЖК                                                 Президиумымен ратификацияланды);
  • Өндірістік меншікті қорғау туралы конвенция (Париж, 20.03.1883) (19.09.68 жылы КСРО-ның ЖК Президиумы Қаулысымен Конвенцияның 28 бабының 1 пункті бойынша келісім ратификацияланды).

Материалды емес активтерді бағалау.

Материалды емес активтер есепке алуда бастапқы және қалдық құны бойынша есептеледі, материалды емес активтерді пайдалану жеке есептеледі.

Бастапқы құн дегеніміз  материалды емес активтерді сатып алудағы  шығындар немесе материалды емес активтерді жасау және оларды пайдалануға жарамды жағдайға келтіру кезіндегі шығындар.

Материалды емес активтерді сатып алу шығындарына нысанды  сатушыға, ақпараттық және кеңес беру қызметі үшін делдалдарға берген сома, тіркеу жиындары және баж салықтары, кедендік және нысанды сатып алуға кеткен басқа да шығындар.

Материалды емес активтерді жасауға кеткен шығындарға қызметкерлерге есептелген еңбек ақысын төлеу, әлеуметтік қажеттіліктерге есептеулер, материалдық шығындар мен жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар кіреді.

Бастапқы құн нысанды  жұмысқа енгізу сәтінде анықталады және материалды активтердің өнеркәсіпте  болған барлық уақыты бойында өзгеріссіз қалады.

Бастапқы құн келесі нысандар  үшін белгіленеді:

келісілген құн бойынша  жарғылық капитал шотына салынған салымдар;

басқа ұйымдар мен  тұлғалардан ақшаға алынғандар – нысанды сатып алу мен оны пайдалануға жарамды жағдайға жеткізу үшін  нақты жұмсалған шығындар бойынша;

басқа ұйымдар мен  тұлғалардан ақысыз алынғандар –  сараптау жолымен.

Материалды емес активтерді  бухгалтерлік есепке алудағы басты мәселелер:

Сатып алу сәтінен  бастап есептен шығаруға дейін олардың  бар болуы мен сақталуын қадағалау;

Тозуды дұрыс әрі  дер кезінде есептеу;

Бюджетке жіберілетін  салықты дұрыс есептеу үшін мәліметтер алу;

Материалды емес активтердің  бар екендігі және қозғалысы туралы есеп беру үшін мәліметтер алу.

Кейбір қазақстандық нормативті құжаттарда материалды емес активтерге анықтама беріледі, олардың  түрлері қарастырылады. Бұл құжаттардағы материалдарды жалпылай келе материалды емес активтерге мынандай активтер жататынын көрсетуге болады:

  • не материалды-заттық формасы жоқ, не шаруашылық қызметте қолдануға материалды-заттық формасы аса маңызды емес;
  • табыс әкелуге қабілетті;
  • ұзақ мерзімді уақыт ішінде (бір жылдан аса) пайдаланылатын.

«Материалды емес активтерді бағалау» стандарт жобасын басшылыққа алсақ онда материалды емес активтер өзі арқылы өзінің экономикалық қасиетін айқындайды. Оларда материалды негіз  жоқ. Олар иелеріне кейбір құқықтар мен  артықшылықтар, сонымен қатар оларға кейбір табыс әкеледі. Материалды емес активтер өзінің шығу тегі бойынша кейбір құқықтардың, қарым-қатынастардың, материалды емес элементтер топтарының,  интеллектуалды меншіктің базасында пайда болатын топтарға бөлуге болады. 

Құқықтардың орын алуын келісуші жақтардың бір қатар экономикалық пайда алу үшін жасалған жазбаша немесе ауызша келісім шарттары айқындайды. Мысалы: жеткізу үшін келісімшарттар, дистрибьютерлер мен дайындаушылар арасындағы  келісімшарттар.

Сөз болып отырған  қарым-қатынастар әдетте келісімшарттық негізге ие емес. Олар қысқа мерзімді және екі жақ үшін маңыздырақ болуы мүмкін. Бұл еңбек ұжымындағы қарым-қатынастар, клиенттермен, жеткізушілермен, дистрибьюторлармен  орнаған спецификалық қарым-қатынастар, сондай-ақ жақтар арасындағы құрылымдық қарым-қатынастар.

Материалды емес активтер тобы дегеніміз материалды емес активтердің  жалпы құнының одан барлық сәйкестендірілген  материалдық емес активтердің құнын  алып тастағандағы қалдығы. Топтық материалды емес компонент клиенттердің таңдау-ұстанымдары, артық табыс пен қалдық құн түсініктеріне негізделеді. Топтық материалды емес компонентті көбіне гудвилл деп атайды. Әр кезеңдерде гудвилл дегеніміз клиенттердің сол өнеркәсіптің қызметін қайта пайдалану тенденциясы ретінде, өнеркәсіптің сәйкестендірілген активтерге әділ табыс үстіне өндіретін артық табысы немесе сәйкестендірілген активтерді құраушылардың біріккен құны үстіндегі өнеркәсіптің тұтастай артық табысы ретінде анықталады.

Негізінен, бухгалтерлік есеп принципі материалды емес актив түсінігін тек жалпы қабылданған, қалдықты қызмет көрсету мерзімі  заңмен тағайындалған немесе келісімшартпен анықталған және/ немесе жеке жылжытылатын және өнеркәсіптің өзінен бөліне алатын активтермен шектейді.

Информация о работе Материалдық емес активтердің есебі