Материалдық емес активтердің есебінің

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 14:06, реферат

Описание работы

Материалдық емес активтері деп - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Работа содержит 1 файл

Материалдык емес актив-13 бет.doc

— 183.91 Кб (Скачать)
 

          Материалдық емес активтердің есебінің  

   

   Материалдық емес активтері деп - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

   Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдерді, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді , ұйымдастыру шығындарын, гудвильді, франчайзингті, сауда маркаларын, авторлық құқықты жатқызуға болады.Оларға анықтама беріп көрейік:Лицензиялық  келісімдер - кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т.б.) беретін құқықтар;

    Бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;

   Патенттер - заңды түрде танылған және тіркелген айырықша құқықтар. Патент  белгілі бір өнімді шығаруға , не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;

  Ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) - субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді алдын ала төлеу - бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;

   Гудвиль - субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының  сауда сәтіне  пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтерінің жеке-жеке гудвиль фирманың алған нақты бағасы мен  таза активтерінің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемелер» болып табылады.

  Басқадай (авторлық құқықтар - шығарма, әзірлеме және т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер - ұйымға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары); Франшизалар - мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызмет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді.

   Кәсіпорындарда материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субъсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай- ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады.

Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.

     Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

* Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

* Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

* Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысыбойынша бағаланады.

     Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу- Хау» деген ұғымды келтіруге болады.

«Ноу- хау» деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. «Ноу- хау» жалпы «патент» сияқты болып көрінгенімен одан өзгеше болып келеді. Кәсіпорындар патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп ауқыттарды «Ноу-хау»- дың бағасы, яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.

Материалдық емес активтердің жоғарыда аталып өткен түрлерінің бірі «Лицензиялық келісімдер». Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құнын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицезиялық келсімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.

      Материалдық емес активтердің «Программамен жабдықтау» деп аталатын түрі кәсіпорнының алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.

«Патент» деп аталатын материалдық емес актив жеке адамның немесе топтың, сондай- ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ащқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалылығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкерлік патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек.

      «Ұйымдастыру шығындарынан»- кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жұмсалған шығындар жатқызылады.

      Материалдық емес активтердің «Гудвиль» деп аталатын түрін кейде «Фирма бағасы»- деп те атайды. «Фирма бағасы» немесе «Гудвиль» материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвиль», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвиль» деп аталады. 
 

Материалдық емес активтердің амортизациясы 

     Кәсіпорындардағы материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығындағы пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы ұйымның зияны болып табылады.

        Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептелініп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым (өтілім) он жылға есептелінеді. Бірақ ол ұйымның қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек. Жалпы материалдық емес активтердің тозуы бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының: «Материалдық емес активтердің амортизациясы»,- деп аталатын шоттарында жүргізіледі. 

    Амортизациялық құн - «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады.

   Жойылу құны нөлге тең есптеледі, егер:

1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса;

2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:

а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына;

ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.

   Нарық белсенді саналады, егер:

- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);

- мәмілеге келуге ниетті - сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса.

      Осы Стандарттың мақсаты басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарында арнайы қарастырылмайтын материалдық емес активтердің есебін жүргізудің тәртібін орнату болып табылады. Осы Стандартқа сәйкес мекеме белгілі критерийлер қанағаттандырылған жағдайда ғана материалдық емес активтерді мойындауы тиіс. Сонымен қатар, Стандарт материалдық емес активтердің баланстық құнын бағалау әдісін белгілейді және материалдық емес активтер туралы белгілі ақпаратты жария етуді талап етеді.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Осы Стандарт:

(a) басқа Стандартты қолдану саласындағы материалдық емес активтерді,

(b)  олар 39-«Қаржы құралдары - тану және бағалау» IAS-та белгіленгендей, қаржылық активтерді,

(c)  минералды ресурстарды барлау және бағалау бойынша активтер

(d)  минералдарды, мұнайды, табиғи газды және оларға ұқсас қайта жаңартылмайтын ресурстарды әзірлеуге және өңдеуге жұмсалған шығындарды қоспағанда, материалдық емес активтерді есепке алу кезінде қолдануға жатады.

   Егер өзге Стандарт материалдық емес активтің нақты түрін есепке алу тәртібін белгілесе, ұйым мұндай Стандартты осы Стандарттың орнына қолдануы тиіс. 

   Кейбір материалдық емес активтер физикалық субстанцияда, мысалы, компакт-дискіде (бағдарламалық қамтамасыз ету ретінде), құқықтық құжаттамада (лицензия немесе патент ретінде) немесе таспада болуы мүмкін. Материалдық және материалдық емес элементтері бар актив 16-«Негізгі құралдар» IАS Халықаралық стандартына сәйкес есептелу немесе осы Стандартқа сәйкес материалдық емес актив сияқты есептелу қажеттігін анықтау кезінде ұйым мұндай элементтердің қайсысының маңызды екені туралы кәсіби ойлауды қолданады. Мысалы, бағдарламалық басқару арқылы жұмыс істейтін станок үшін нақты жасалған бағдарламалық қамтамасыз етусіз жұмыс істей алмайтындықтан, мұндай бағдарламалық қамтамасыз ету станоктың құрамдас бөлігі болып табылады және негізгі құрал ретінде есептелуі тиіс. Бұл компьютердің операциялық жүйесіне де қатысты. Бағдарламалық қамтамасыз етулер тиісті аппараттық құралдардың бөлігі болып табылмайтын материалдық емес актив ретінде есепке алынады.

   Осы Стандарт басқалармен қатар жарнама, дайындық, жіберу жұмыстарының, зерттеулер мен әзірлемелер шығындарына қолданылады. Зерттеу және әзірлемелер саласындағы қызмет білімнің дамуына бағытталған. Сол себепті мұндай қызмет түрі активтің физикалық субстанциясының пайда болуына әкелсе де (мысалы, тәжірибелік үлгі), активтің физикалық элементі материалдық емес активке, яғни бұл активтегі білімге, қатысты екінші орында болып табылады.

    Қаржылық жалдау кезіндегі актив материалдық, сондай-ақ материалдық емес болуы мүмкін. Бастапқы танудан кейін жалға алушы осы Стандарт бойынша қаржылық жалға алу (беру) шарты бойынша ұсталынатын материалдық емес активті есепке алады. Кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер және авторлық құқықтар сияқты баптарға қатысты лицензиялық келісім бойынша құқықтар 17 IAS Халықаралық стандарт қолданылу аясынан шығарылады және осы Стандарттың қолданылу аясында болады.

    Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының қолданылу аясынан шығуы, егер қызметтің және операциялардың белгілі бір түрлері басқаша шешілуі ықтимал есепке алу мәселелерінің пайда болуына әкеліп соқтыратын барынша арнайы сипатқа ие болған жағдайда, орын алуы мүмкін. Мұндай мәселелер өндіру салаларында мұнайды, газды және минералдық ресурстарды барлауға, өңдеуге және өндіруге арналған шығындар бойынша, сондай-ақ сақтандыру шарттарына байланысты туындайды. Тиісінше, осы Стандарт осындай қызмет түрлеріне және осындай шарттарға арналған шығындарға қолданылмайды. Алайда, осы Стандарт өндіру салаларында немесе сақтандыру компанияларында қолданылатын басқа материалдық емес активтерге (компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету сияқты) және басқа да (іске қосу жұмыстарына арналған шығындар сияқты) шығындарға қолданылады.

    Баланстық құн - бұл кез келген жинақталған амортизация және құнсыздану нәтижесінде жинақталған залалдарды шегеруден кейін актив танылатын сома.

    Өзіндік құн - төленген ақша құралдарының немесе олардың балама сомасы, немесе сатып алу немесе құру уақытына активтің құнын төлеу есебіне өзге қарсы ұсыныстың әділ құны, не болмаса, қолдануға сай келген жағдайда, мұндай активке, ол алғаш рет басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS, нақты талаптарына сәйкес танылған кезде жатқызылатын сома.

      Амортизациялық құн - активтің өзіндік құны немесе жою құнын шегеріп тастағанда көрсетілген сома.

Информация о работе Материалдық емес активтердің есебінің