Активтердің құнсыздануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 08:59, реферат

Описание работы

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген.

Работа содержит 1 файл

Aydan_новый курс раб (2).doc

— 172.00 Кб (Скачать)


Кіріспе

     

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді.Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның маңызы мен рөлі артпақ. Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайдаланып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңіндегі бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр, өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңіндегі өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктік ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздің халық шаруашылығының қай субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан формалармен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметінің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқарылатын рөлінің ұшан-теңіз екендігі дәләлдеуге қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандартымен қаржы шаруашылық қызметі есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулар мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде еліміздің қолданып жүрген бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген ұйымдар қаржы жағдайы, оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар ұзақ мерзімді активтердің сақталуымен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды:

-  ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін ашып көрсету;

- ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.

Материалдық емес активтер - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын (1 жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді. Материалдық емес активтер физикалық негізсіз және оларды материалды немесе материалды емес активтер құрамына кіргізуге болады. Мысалы, кәсіпорын жабдықтары технологиялық басқаруға арналған компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етіліп, онсыз жабдық жұмыс істей алмайды. Бұл жағдайда бағдарлама жабдықпен бірге негізгі құрал құрамына енеді ме немесе материалды емес актив құрамына енеді ме, ол принципальды түрде анықталуы қажет. Мен өз курстық жұмысымның тақырыбы Ұзақ мерзімді активтердің есептелуі , оларға: негізгі құралдардың мәні және жіктемесі; негізгі құралдарды бағалау; материалдық емес активтер; активтердің тозуы мен амортизациясын есептеу; лицензиялық келісім; компьтерлік бағдарламамен қамтамасыздандыру; патенттер; авторлық құқық; басқа жақтардан алынған тауарлар белгісі; фирмалық атаулар; ноу – хау; табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім  

1 Ұзақ мерзімді активтердің жіктелуі мен бағалануы

 

Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 13.11.1996 жылғы № 3 Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01.01.1997 жылғы күшіне енген қаулысына сәйкес №6 "негізгі құралдар есебі" бухгалтерлік есеп стандарты бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын, меншігіндегі немесе оның уақытша пайдалануындағы негізгі құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық жұмысын жүргізу немесе жедел басқару болып табылады. № 6 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдар есебінің негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау болып табылады:

-  мойындау кезеңі;

-  қызмет ету мерзімі;

-  амортизация есептеу әдісі;

-  кезеңдегі күрделі салым;

-  бағалау әдісі.       

өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар:

1)     еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);

2)     еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлінеді.

Қандай да болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілермен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. № 6 бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар - бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында)  ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқада негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).

Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:

1.             Расталған есептік  мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына  жүйелік бақылауды ұйымдастыру.

2.             Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.

3.             Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру  жөніндегі шараларды жүзеге асыру .

4.             Негізгі құралдарға ағымдағы және  күрделі жөндеулерді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақтылы көрсетуді  жүзеге асыру.

5.             Моральды және физикалық  тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.

6.             Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері  банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.

Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады.   

Жіктемелік топтарға өндірістік – техникалық  мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық  жаңалығының дәрежесі бойынша  өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.

Өндірістік процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.

Олардың шамасы мен техникалық күйіне шаруашылық субъектісінің, жалпы елдегі салалардың экономикалық  қуаты тәуелді. Бұлардың құрамына өндірістік  үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуші және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары , өндірістік  және шаруашылық  құрал -саймандар, керек – жабдықтар, жұмысшы және өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді. Қор қайтарымдылығы, яғни негізгі құралдардың бірлігіне натуралды және ақшалай өлшеуіштермен, өнім өндіру негізгі өндірістік қорлардың тиімді пайдалануын сипаттайтын, жалпылаушы экономикалық  көрсеткіш болып табылады.

- өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени- тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, ТКШ, денсаулық сақтау, спорт).

Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:

1. меншікті - бұл – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар;

2. жалданған – жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа субъектілерден алынған негізгі құралдар.

Ұзақ мерзімді  жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға  дейін жалгер шартта  келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттардағы “Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар” субшотында ескеріледі. Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

1. қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған ( тоқтатылмаған) – концервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар;

2. запаста тұрған – қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар.

Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:

1. инвентарлық – бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар);

2. инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, егістік алаңдарын өңдеу).

Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған экономика саласы мен қызмет түріне жатады. Өнеркәсіп саласына экономиканың барлық салаларында өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесімен тікелей байланысты негізгі қорлар .Негізгі қоралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт қызмет етеді.  Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналармен құрал- жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады. Негізгі қорлар тобының құрамына кіретіндер:

1. Жер – ұйым меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге  меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объект болып саналады.

2. Үйлер – бұл мақсаттық бағытта халықтың еңбек етуіне, тұрғын үйіне, әлеуметтік – мәдени қамтамасыз етілуіне және материалдық құндылықтардың сақталуына жағдай жасаудан тұратын сәулет – құрылыс объектілері.

3. Ғимараттар – еңбек заттарының өзгеруіне байланысы жоқ қандай бір функцияларды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік – құрылыс объектілері (платина, көпір, автомобиль жолы, шахта стволы, мұнай бұрғысы) .

4. Көп жылыдық екпе ағаштары – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алғанады.

5. Машиналар мен жабдықтар. Әрбір машина, егер оның құрамына кіретін саймандарды, керек – жарақтарды, аспаптарды, қоршауларды,

іргетастарды қоса алғанда, басқа инвентардың бөлігі болмаса, инвентарлық объект болып табылады. ).

6. Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлармен аппаратуралар.

7. Есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар;

8. Басқада машиналар мен құрал - жабдық – машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық.

9. Көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралы. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.

10.Құрал-сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдары, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады.

11.Шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік объект бола алады.

12. Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе, және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады.

13.Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар – ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар.

Информация о работе Активтердің құнсыздануы