Активтердің құнсыздануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 08:59, реферат

Описание работы

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген.

Работа содержит 1 файл

Aydan_новый курс раб (2).doc

— 172.00 Кб (Скачать)

14. Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Инвентарлық объект дегеніміз барлық икемділіктермен бірге бір бүтінді құрайтын әрбір жеке ғимарат.

Беріліс құрылғылары – электронды, жылулық және механикалық қуатты беруге арналған құрылғылар (электр тарату желісі, трансмиссиялар, құбырлы өткізгіштер). Күш беретін машиналар мен жабдық – машиналар, жылу және электр қуатын өндіретін генераторлар, әр түрлі қуаттарды механикалыққа, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина - қозғалтқыштар (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, турбинаның бу қозғалтқыштары, іштей жану қозғалтқыштары, электрқозғалтқыш).

1.Жұмысшы машиналар мен жабдықтар – бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық, термикалық және жабдықтар токарьлық темір жонғыш станоктар, насостар, электрлі моторлар, эксковаторлар, грейдерлер.

2.Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары - бұл өндіріс процестерін өлшеу мен реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, водомерлер, манометрлер).

3.Есептеу техникасы – процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер мен басқа да есептеу машиналары).

4.Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон станцияларының, радио желілерінің жабдықтары, өрт машиналары).

5.Көлік құралдары – адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол, су көлігінің қозғалмалы құрамы).

6.Инвентарлық объект – барлық тиесілі керек- жарақтарымен және керек заттарымен бірге жекеленген объект.

7.Темірді, ағашты өңдеуге арналған құрал – сайман, қол еңбегінің механикаланған бекітілген заттар (кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын еңбек құралдары).

8.Инвестициялық объект – басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін заттар.  

Өндірістік инвентарь және керек – жарақтар - өндірістік операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс үстелі, верстактар, закрома, шкафтар).

Түгендеу объектісі – қандай да бір инвентарлық объектінің бөлігі болып табылмайтын және өзіндік мәні бар заттар.

10.Шаруашылық инвентарь – кеңсеге және шаруашылыққа қажетті заттар (үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.).

11.Көпжылдық өсімдіктер – жасына қарамастан қолдан егілетін көпжылдық өсімдіктер (жеміс – жидектер, жүзімдіктер, көпжылдық гүл өсімдіктері, роза плантациялары, тірі қоршаулар, қорғаныш өсімдіктер).

Жас өсімдіктер толық дамыған өсімдіктерден бөлек ескеріледі.

12. Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар – бұл ауылшаруашылығында пайдалану үшін жерлерді үстіртін жақсарту шараларына арналған, инвентарлық сипаты жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, тамырлардан тазарту,

егістікке жер бөлу, жерлерді тастардан тазарту).

13. Өзге де негізгі құралдар – бұл кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары.

 

2  Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау

 

Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. № 6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.

Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:

1.        Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер, жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж).

2.        Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.

3.        Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер.

4.        Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.

Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді:

1.        Шотта көрсетілген сату бағасы;

2.        Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы;

3.        Сатып алу сату құжаттарын рәсімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін төлеу;

4.        Салықтар мен алымдар;

5.        Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар.

Мысалы: "Альтаир" ЖШС-і 1 200 000 теңгенің құрылысы орналасқан жер учаскесін сатып алды. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттің көрсеткен қызметінің құны – 23 000 теңге, шарт жасау жөніндегі заңгер көрсеткен қызмет құны – 15 600 теңге, құрылысты бұзу шығындары 35 000 теңге, үйді бұзудан алынған табыс 12 300 теңге, учаскені тазалау және тегістеу жөніндегі шығындар 7 000 теңге.

Учаскенің бастапқы құны: 1 200 000+ 23 000+ 15 600+ (35 000- 12 300) + 7 000 = 1 268 300 теңге құрайды.

Д-т 2411 (жер) К-т 3310 (жеткізушілермен есеп айырысу).

Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:

1.        Сатып алу бағасы;

2.        Тасымалдау шығындары;

3.        Монтаждау;

4.        Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақтан өткізу.

Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:

1.        Материалдар.

2.        Еңбекақ төлеу.

3.        Үстеме шығындардың тиісті үлесі.

4.        Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу.

5.        Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары. Құрылыс кезеңіндегі берілген кредиттер бойынша проценттер.

Құрылыс жүргізуге рұқсат алуға жұмсалған шығыстар.

Негізгі табынға қосылған жас малдардың бастапқы құны жануарды төлдетудің нақты өзіндік құнынан құралады. Негізгі табынды қалыптастыру үшін сатып алынған малдар бойынша – жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда сатып алу шығындарынан және сатып алумен байланысты өзге де шығындардан құралады.

Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау - өткізу №1 нысандағы актімен ресімделеді. Ол жекелеген объектілерді негізгі құралдардың құрамына есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін ресімдеу үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын ресімдеу үшін, негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға беру үшін, сондай – ақ басқа субъектіге беру мақсатында  негізгі құралдар құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады. «Негізгі құралдарға»- қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлермен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналармен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машингалары  мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың  ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көпшілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір  жылдан аспайтын өндіріс негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъестісін қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтармен машиналар күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды. Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік емес болып екі топқа  бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар - деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланытын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдалынылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй жай (коммунальдық) шаруашылығында денсаулық сақтау, әлеументтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын  негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады.

Негізгі құралдарды қабылдауды ресімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әрбір жеке объектіге бір дана акт жасайды. Негізгі құралдар бірнеше объектілерін қабылдау - өткізуді ресімдейтін жалпы актіні жасауға шаруашылық бұйымдарын, құрал – саймандарын, жабдықтарын есепке алған кезде, егер бұл объектілер біртектес болса, құндары бірдей болса және бір күнтізбелік айда қабылданған болса, рұқсат етіледі. Акт ресімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адам бекітеді. Негізгі құралдар ішкі қозғалысын ресімдеген кезде акт екі данада жасалады. Негізгі құралдар басқа объектіге сатылған кезде акт 3 данада жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады, үшіншісі негізгі құралдар қабылдайтын тұлғаларға беріледі. Жас өсімдіктерді қабылдау мен оларды жас өсімдіктер тобына есептеуді, сондай – ақ  өсімдіктерді пайдаланудағы өсімдіктер тобына ауыстыруды көпжылдық өсімдіктерді қабылдау және пайдалануға беру актісімен ресімделеді. Акт бекітілгеннен кейін техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға тапсырылады. Алаңдарды қорғайтын орман жолақтарын кіріске алу қорғаныс орман өсімдіктерін пайдалануға қабылдау актісімен жүргізіледі. Ол сонымен қатар ағаштардың бұтақтары толығымен шығып біткеннен кейін қорғаныс орман өсімдіктерін егу және пайдалануға беру жөніндегі орындалған жұмыстарды ресімдеуде қолданылады.

Малдың төлдерін негізгі табынға ауыстыру малды негізгі табынға ауыстырған күні ферма меңгерушісі жасаған топқа ауыстыру актісімен ресімделеді. Егер негізгі табынға ірі қара малдар, ұрғашы шошқалар, биелер, айғырлар ауысатын болса, онда актіде әрбір жануардың инвентарлық нөмірі, туған уақыты, жынысы, сыныбы, түр-түсі және басқа белгілері көрсетіліп, бөлек жазылады. Ешкі, қой және басқа ұсақ жануарлардың төлдері негізгі табынға ауыстырылған барлық малдарға тән белгілерін (тұқымы, жынысы) көрсету арқылы жалпы санын жазады.

Негізгі құралдардың есебі активтік 2411-2417 – шоттарда жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен (негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудан кейін) ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивтік 2421-2429 – шоттар арналған.

 

3 Материалдық емес активтер есебі

 

Материалдық емес активтердің жіктелінуі мен бағалануы және есептелінуі

Материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізігі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына Лицензиялық келісімдерді, Программалық жабдықтарды, Патенттерді, Ұйымдстыру шығындарын, Гудвиллді, Франчайзингті, Сауда маркаларын, Авторлық құқықты жатқызуға болады.

Кәсіпорында материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субсидия ретінде немесе сыйға берілу барысында, сондай – ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады. Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.

Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға

жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол обьектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субьектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген "Ноу-Хау" деген ұғымды келтіруге болады.

"Ноу-Хау" деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субьектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. "Ноу-Хау" жалпы "патент" сияқты болып көрінгенмен одан өзгеше болып келеді. Кәсіпорындар патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалынғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп уақыттарда "Ноу-Хау"-ды кәсіпорынның үлес қосушылары мен құрылтайшылары өздерінің ұйымдағы жарғылық қорға қосқан үлесі есебінде береді. "Ноу-Хау"-дың бағасы, яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді. 

Материалдық емес активтердің жоғарыда аталып өткен түрлерінің бірі "Лицензиялық келісімдер". Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі б.т. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқада міндеттерін орындайды. Материалдық емес активтердің "Программамен жабдықтау" деп аталатын түрі касіпорынның алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.

Информация о работе Активтердің құнсыздануы