Активтердің құнсыздануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 08:59, реферат

Описание работы

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген.

Работа содержит 1 файл

Aydan_новый курс раб (2).doc

— 172.00 Кб (Скачать)

"Патент" деп аталатын материалдық емес актив жеке адамның немесе топтың, сондай – ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға  жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар "Патент" – деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкер патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек.

"Ұйымдастыру шығындарына" – кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң  орындарында төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатқызылады. Материалдық емес активтердің "Гудвилл" деп аталатын түрін кейде "Фирма бағасы" – деп те айтады. "Гудвилл" немесе "фирма бағасы" материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. "Фирма бағасы" болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық  "жағымды гудвилл", ал кем болған жағдайда  "жағымсыз гудвилл" деп аталады.

Мысалы:

Барлық активтерінің баланстық құны 80 (сексен) миллион теңге тұратын кәсіпорын барлық активтерімен түгелдей 100 миллион теңгеге сатылып алында делік. Бұл жағдайда 20 миллион теңгеге 100-80=20 жағымды гудвилл болып баланстың активінде есептелінеді.

Егер керісінше болған жағдайда яғни барлық активтерінің баланстық құны 100 миллион теңге тұратын кәсіпорын 80 миллион теңгеге сатылып алынса, онда 20 миллион теңге 100 - 80=20 жағымсыз гудвилл болып саналып есептелінеді. Материалдық емес активтердің талдамалық есебі олардың әрқайсысына жеке ашылған инвентарлық карточкаларда жүргізіледі. Кәсіпорын материалдық емес активтерді кіріске алғанда:

Дт: "Материалды емес активтер"

Кт: "Ақша қаражаты"

"Төленбеген капитал"

"Басқа да кірістер" деп аталатын шоттардың тиістісі түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Материалдық емес активтер есептен шығарылғанда олардың баланстық  (қалдық) құнына:

Дт:"Материалдық емес активтерді сату бойынша шығындар"- шоты

Кт: "Материалды емес активтер" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Ал оларға есептелінген жинақталған тозу сомасын:

Дт: "Материалды емес активтердің тозуы" шоты,

Кт: "Материалды емес активтер" шот түрінде екі жақты жазу жазылады. Егер шаруашылық субъектілері өз меншігіндегі, яғни иелігіндегі материалдық емес активтерін сатқан жағдайда одан алынатын табыстарына:

Дт: "Ақша қаражаттары", "Дебиторлық борыштар активтер" шотының тиістісі, Кт: "Материалдық емес активтерді сатудан алынатын табыс" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

 

 

4 Активтердің тозуы мен амнортизациясын есептеу

 

Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.Тозу – бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі. Негізгі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің тозуына байланысты (физикалық тозудың пайдаланудағы нысаны сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын (физикалық тозудың табиғи нысаны) табиғи – климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.

Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимарат түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерінің жасалуы менендірілуі қолданыстағы негізгі құралдарды одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді.

Негізгі құралдардың моральды тоздыратын факторлар:

1.                      Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы;

2.                      Технологиялық процестің жетілуі;

3.                      Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі;

4.                      Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азайюы;

5.                      Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер. Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;

6.                      Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін  қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.

Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.

Амортизациялық құн дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы  айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады. Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады. Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатты қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі құралдардың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық- құрылымдық және материалды-заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдардың нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады. Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1000 км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аударымдардың мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай –ақ негізгі құралдардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі. Қайтадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен техниалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді. Жалға алынған НҚ бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шартты талаптарына сәйкес жалгер немсе жалға беруші жүргізеді.

№6 ХҚЕС бойынша амортизация есептеу үшін мынадай әдістер қолданылуы мүмкін:

1.Құнды біреклкі (тіклей) есептен шығару әдісі. Объектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады. Амортизация сомасы мыналарға орай анықталады:

Ұтымды пайдалану мерзімі. Бұл ретте объектінің жай – күйі, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері, климат жағдайлары, қазіргі таңдағы техника мен өндіріс саласындағы үрдістер, осындай активтермен жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

Мысалы: Станоктың құны =20000 теңге. Болжамды жою құны =2000 теңге. Пайдалану мерзімі 10 жыл. Станоктың амортизациялық құны 20000 – 2000 =18000 теңге. Амортизацияның жыл сайынғы сомасы 18000/10-1800 теңгеге тең. Амортизацияның ай сайынғы сомасы – 1800/12 =150 теңге.

НҚ ұтымды пайдалану мерзімі жою құны секілді НҚ күйін жақсартуға жұмсалған шығындарды ескере отырып, қайтадан қаралуы мүмкін. Мұның өзі қызмет мерзімінің ұзаруына өткізу нарқындағы өзгерістерді, өткізу нарығындағы өзгерістерді ескерсек,шаруашылық қызметінің өзгеруі нәтижесінде қызмет мерзімі қысқарады. Егер 4 жылдан кейін шаруашылық қызметі түрінің өзгеруіне байланысты ұтымды қызмет мерзімі 7 жыл болып белгіленіп, жою құны 3000 теңге мөлшерінде белгіленсе, онда жыл сайынғы амортизацияның сомасы қалған 3 жылға (20000-(1800х4)-3000)3000=3267 теңге немесе ай сайын 272 теңге болады. Бұл әдіс негізгі құралдар пайдаланудан түсетін табыс оны пайдалану мерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдаланылады.

2. Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)

Амортизация объектіні пайдалану мен уақыт бөлігінің нәтижесі ғана болып табылады деген негіздеме оны есептеген кезде ешқандай рөл атқармайды. Кәсіпорында өндірілетін әрбір өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің құны оның көмегімен осы өнімдер, жұмыс өнімдер, жұмыстармен қызметтер өндірілген НҚ объектілерінің құнын өзіне бірдей мөлшерде сіңіреді. Ай, жыл ішіндегі амортизация сомасы объектінің құнын оның қатысуымен өндірілетін бұйым, жұмыс және қызмет санына бөлу жолымен анықталады. Бұл әдісті пайдалану мерзімінің көбіне техникалық көрсеткіштеріне немесе субъектінің шаруашылық қызметінің өзгеруіне байланысты шектелуі кезінде пайдаланады.

Мысалы: Құны 240000 теңге болатын станок 6000 бұйымды өңдеуге қабілетті, жою құны 18000 теңге, 1 бұйымда амортизация нормасы – (240-18)/6=37 теңге.

Егер 2002 ж. мамыр айында 45 бұйым өндірілсе, онда амортизация сомасы 45х37=1665 теңгеге тең.

2002 ж. маусым айындағы 52 бұйым амортизация сомасы 52х37=1924 теңге.2002 ж. шілдедегі 8 бұйым амортизация сомасы 48х37-1776 теңге.

Техникалық  паспорт бойынша жұмыс пен өтелген сағат саны көзделуі мүмкін, мысалы: 10000 сағат:λ/ат. 1 сағ.,=(240-18)/10=22,2.

Егер станоктың мамыр айындағы жұмыс уақыты 224 сағат болса, онда амортизация сомасы 224 х 22 =4928 теңгеге тең.

НҚ жекелеген түрлері пайдалану басталған сәтте неғұрлым тиімді әрекет етеді, бұған қоса, технология жетілген сайын жабдық тез морльды тоза бастайды, сондықтан қаржы жағдайын жасау мақсатында ғылыми – техникалық жетістіктерді өндіріске ендіруді жылдамдату және НҚ жаңарту мүдделілігін арттыру үшін субъектілер амортизация есептеудің үдемелі әдістерін қолдануы мүмкін. №6 ХҚЕС мұндай әдісті ұсынады: Сандар сомасы бойынша құнды есептен шығару (кулмулятивтік) әдісі есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі ұтымды қызмет мерзімі жылдарының сомасына тең. Алымы қалған санның қызмет мерзімінің соңына дейін керісінше тәртіппен анықталады. Пайдаланудың алғашқы жылдарындағы амортизация сомасы одан кейінгі жылдардағыға қарағанда едәуір жоғары болады.

Мысалы: станоктың қызмет мерзімі 6 жыл, кулмулятивтік сан = 1+2+3+4+5+6=21. Бұл орайда станоктың бастапқы құны – 240,0-18,0=222,0 болуға тиіс.

1 кесте

Жыл

Кулмулятивтік  сан

Амортизация

нормасы

Бір жылдағы

амортизация сомасы

Айға шаққанда

1

2

3

4

5

6

1

3

6

10

15

21

6/21

5/21

4/21

3/21

2/21

1/21

222,0х6/21=5285

222,0х5/21=5285

42286

31714

21143

10571

63429/12=5286

4405

3524

2643

1762

881

Информация о работе Активтердің құнсыздануы