Активтердің құнсыздануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 17:55, курсовая работа

Описание работы

Осы Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рәсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің баланстық құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, және Стандарт құнсызданудан болған залалды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған залалды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, және ақпаратты ашып көрсету тәртібі белгіленеді.

Содержание

1. Мақсаты
2. Қолданылу саласы
3. АНЫҚТАМАЛАР
4. ҚҰНСЫЗДАНУДАН БОЛҒАН ЗАЛАЛДЫ ТАНУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
5. Мысалдар

Работа содержит 1 файл

жугунусова.docx

— 32.61 Кб (Скачать)

                              Активтердің құнсыздануы 

ЖОСПАР:

1. Мақсаты

2. Қолданылу саласы

3. АНЫҚТАМАЛАР

4. ҚҰНСЫЗДАНУДАН БОЛҒАН ЗАЛАЛДЫ ТАНУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

5. Мысалдар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МАҚСАТЫ:

      Осы Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рәсімдерді белгілеуден  тұрады. Егер активтің баланстық құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан  асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, және Стандарт құнсызданудан болған залалды  ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған залалды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, және ақпаратты ашып көрсету  тәртібі белгіленеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ:

      Осы Стандарт мыналардан басқа барлық активтердің құнсыздануын есепке алу үшін қолданылуға тиіс:

                   - босалқыларды;

      - құрылыс салуға жасалған шарттардан туындайтын активтерді;

                   - кейінге қалдырылған салық активтерін;  

      - қызметкерлерге төленетін сыйақылардан туындайтын активтерді;

      - 39-"Қаржы құралдары - тану және бағалау" IAS Халықаралық стандартын қолдану саласындағы қаржы активтерін;

      - әділ құны бойынша бағаланатын инвестициялық жылжымайтын мүлікті ;

      - ауылшаруашылық қызметіне байланысты және көзделген өткізу шығыстары шегерілген әділ құны бойынша бағаланатын биологиялық активтерді);

      - кейінге қалдырылған аквизицияланған шығындарды және 4-“Сақтандыру шарттары” IFRS Халықаралық стандарты қолданылатын саладағы сақтандырушының сақтандыру шарттары шеңберіндегі шарттық құқықтарынан туындайтын материалдық емес активтерді;

      - “Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет” IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған ұзақ мерзімді активтерді  немесе шығып қалу топтарын.

АНЫҚТАМАЛАР :

      Мынадай терминдер осы Стандартта төменде көрсетілген мағыналарында пайдаланылады:

          Активтік  нарық – бұл төменде келтірілген талаптардың барлығы сақталатын нарық:

            - нарықта мәміле объектілері біртекті болып табылады;

            - әдетте, кез келген уақытта мәміле жасағысы келетін сатушылар мен сатып алушылар табылуы мүмкін;

            - бағалар туралы ақпаратқа баршаның қолы жетеді.

          Кәсіпорындарды  біріктіру туралы келісімнің күні бірігетін  тараптардың арасында елеулі келісімге  қол жететін күн болып табылады, және, жария листингісі бар ұйымдар  болған ретте, жұртшылықтың назарына жеткізіледі, дұшпандық жұтылу жағдайында біріккен тараптардың арасында елеулі келісім  жасалатын күн сатып алынатына  ұйым иелерінің жеткілікті саны осы  сатып алынатын ұйымға бақылау орнату туралы сатып алушы-ұйым ұсыныс қабылдаған күн болып табылады.

          Баланстық құн – жинақталған амортизация және құнсызданудан болған жинақталған залал сомасы шегерілгеннен кейін актив көрсетілетін сома.

          Қозғалысқа  келтіретін бірлік – бұл басқа активтерден немесе активтер тобынан түсетін ақшалай қаражаттар тасқынына едәуір дәрежеде тәуелді емес ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз ететін ең аз бірегейлендірілетін активтер тобы.

          Корпорациялық активтер – бұл қарастырылатын қозғалысқа келтіретін бірліктер, сол сияқты басқа да қозғалысқа келтіретін бірліктер ретінде ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне салым салатын іскерлік беделден басқа активтер.

          Шығару  шығындары – бұл қаржы шығындарын және, пайдаға салынған салық жөніндегі шығыстарды қоспағанда, активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктердің шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар.

          Амортизацияланатын  құн – актив сатып алуға шыққан нақты шығындар немесе өзіндік құн шегеріліп, қаржы есептілігінде нақты шығындардың орнына көрсетілген басқа өлшем.

          Амортизация – бұл активтің амортизацияланатын сомасын оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде жүйелі түрде бөлу.*

          Сатуға  жұмсалған шығындар шегерілген әділ құн – бұл жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәміле жасалған кезде, шығару шығындары шегеріліп, активті немесе қозғалысқа келтіретін бірліктерді сату жолымен алуға болатын сома.

          Құнсызданудан болған залал – бұл активтің баланстық құнының немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің оның өтеу сомасынан асатын сомасы.

          Активтің  немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің  өтеу сомасы екі өлшемнің ең үлкені: оны сатуға шыққан шығындар немесе шегерілген оның әділ құны немесе оны  пайдалану құндылығы болып табылады.

          Пайдалы қызмет мерзімі – бұл не:

          - ұйым активті пайдалануды көздейтін уақыт кезеңі;

                    -  өндіріс бірліктерінің немесе ұйым активті пайдаланудан алуды күтетін сол сияқты бірліктердің саны.

          Пайдалану құндылығы – бұл активтен немесе қозғалысқа келтіретін бірліктен алынуы күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының дисконтталған құны. 
     
     
     
     

                Активтердің мүмкін болатын құнсыздану белгілерін анықтау  барысында ұйым, ең кем дегенде, мынадай  факторларды қарастыруға  міндетті:

          Сыртқы  ақпарат көздері:

            - кезең ішінде активтің нарықтық құны уақыт өткеннен кейін немесе қалыпты пайдаланылғаннан кейін күтуге болатынға қарағанда айтарлықтай елеулі өлшемге азайған;

          - ұйым үшін теріс әсер ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде болған немесе таяу болашақта ұйым жұмыс істейтін технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе заңдық жағдайларда немесе актив арналған нарықта күтіледі;

          - кезең ішінде инвестициялар кірістілігінің нарықтық пайыздық ставкалары немесе басқа нарықтық көрсеткіштері ұлғайған және осы ұлғаюлар, бәлкім, активті пайдалану құнын есептеген кезде дисконттау ставкасына әсер етуі және оның өтелетін сомасын елеулі түрде азайтуы мүмкін;

         -   ұйымның таза активтерінің баланстық құны оның нарықтық капиталдандыруынан асып түседі. 

            Ішкі  ақпарат көздері:

                  - активтің тозуының немесе табиғи бүлінуінің дәлелдері бар;

      - ұйым үшін теріс ықпал ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде жасалды немесе активті ағымдағы немесе болжамды пайдалану дәрежесінде немесе тәсілінде таяу болашақта күтіледі. Ондай өзгерістердің қатарына: қарапайым актив, актив пайдаланылатын қызметті тоқтату немесе қайта құрылымдау жоспарлары, бұрын болжанған шығу күні басталғанға дейін активті өткізу жоспарлары, сондай-ақ активтің қызмет мерзімін – шектеусіз мерзімнен уақыты жағынан шектеулі мерзімге қайта қарау жатады.(*)

        -  ішкі есептілік активті пайдаланудың ағымдағы немесе болашақ нәтижелерінің болжанғаннан нашар екенін көрсетеді.

           

                Активті пайдалану құндылығын бағалау мынадай  кезеңдерді қамтиды:

        -активті пайдалануды жалғастыруға және оның біржола шығып қалуына байланысты болашақ түсімдерді бағалау және ақшалай қаражаттардың жылыстауы;

      -ақшалай қаражаттардың осы болашақ тасқындарына дисконттың тиісті ставкасын қолдану.

          Пайдалану құндылығын анықтау  кезінде ұйым:

    -  басшылықтың активтің пайдалы қызметінің қалған мерзімі ішінде болатын экономикалық жағдайлар жиынына қатысты барынша жақсы бағалауын білдіретін ұйғарынның негізді және бекітілген дәлелдемелеріне сүйене отырып, ақшалай қаражаттар тасқындарын болжауға міндетті. Сыртқы көздерден алынған деректерге үлкен мән берілуге тиіс;

    - басшылық бекіткен ең соңғы қаржы сметаларына/болжамды бағалауларға сүйене отырып, бірақ, күтілуіне сәйкес, болашақ қайта құрылымдауға немесе активтің өнімділігін жақсарту немесе арттыру жөніндегі шараларға байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттардың кез келген болашақ түсімдерін немесе жылыстауларын болғызбай, ақшалай қаражаттар тасқындарын болжауға. Осы сметаларға/болжау бағаларына негізделген болжамдар, неғұрлым ұзақ кезең ақталатын жағдайларды қоспағанда, ең көп ұзақтығы бес жыл болатын кезеңді қамтуға тиіс;

    - ең соңғы сметалармен/болжау бағаларымен қамтылған кезең шегінен тысқары шығарылатын ақшалай қаражаттар тасқындарының болжамдары, көтеріліп келе жатқан өсу қарқыны ақталуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, келесі жылдарға арналған тұрақты немесе төмендейтін өсу қарқынының көмегімен, сметаларға/болжау бағаларына негізделген болжамдарды экстраполяциялау жолымен бағалануға тиіс. Неғұрлым жоғары қарқын ақталуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы өсу қарқыны тауарлар, салалар, ел немесе ұйым өз қызметін жүзеге асыратын елдер үшін немесе актив пайдаланылатын нарық үшін ұзақ мерзімі өсу қарқынынан аспауға тиіс.

            
     
     
     
     

               Ұйым басшылығы ақшалай қаражаттар тасқындарының ағымдағы болжаулары негізделген ұйғарынның негізділігін ақшалай қаражаттар тасқындарының бұрынғы болжауларының ақшалай қаражаттардың нақты болжауларымен сәйкес келмейтінін білдіретін себептерді зерделеу арқылы бағалайды. Ұйым басшылығы ақшалай қаражаттар тасқындарының ағымдағы болжаулары негізделген ұйғарынның негізділігін ақшалай қаражаттар тасқындарының өткен кезеңдердегі нақты нәтижелермен сәйкес келуін, бұл ақшалай қаражаттардың осы нақты тасқындары пайда болған кезде әлі жасалмаған одан арғы оқиғалардың немесе мән-жайлардың салдарларымен келісілген жағдайда, қамтамасыз етуге тиіс.

        Ұзақтығы бес жылдан асатын кезеңдерге арналған ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының толық, анық және сенімді қаржылық сметалары/болжау бағалары, әдетте, жоқ. Сол себепті ұйым басшылығы ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын барынша ұзақтығы бес жыл болатын кезеңдерге арналған ең соңғы қаржылық сметаларға/болжау бағаларына сүйеніп алуға үміттенеді. Ұйым басшылығы, егер ол осы болжамдардың беріктігіне сенімді болса және өткен тәжірибеге сүйеніп, неғұрлым ұзақ уақыт кезеңдеріндегі ақшалай қаражаттардың тасқындарын дұрыс болжауға өз мүмкіндігін көрсете алатын болса, ұзақтығы бес жылдан асатын кезеңнің қаржылық сметаларға/болжау бағаларына негізделген ақшалай қаражаттары тасқындарының болжамдарын пайдалана алады.

                Активтің пайдалы  қызмет мерзімінің соңына дейінгі ақшалай  қаражаттар тасқындарының болжамдары келесі жылдар үшін өсу қарқындарын  пайдаланатын қаржылық сметаларға/болжау бағаларына негізделген ақшалай  қаражаттар болжамдарын сыртқа шығару арқылы бағаланады. Осы қарқын, егер өсу қарқыны өнімнің және саланың  жұмыс істеу циклінің кестесі  туралы шынайы ақпаратқа сәйкес келмесе  ғана, орнықты немесе төмендеген болып  табылады. Егер осы орынды болса, өсу қарқыны нөлге тең немесе оның теріс өлшемі болады.

                Қолайлы жағдайлар  болған кезде бәсекелестердің нарыққа  еніп кету ықтималдығы болады, бұл  өсуді шектейді. Сөйтіп, ұйым тауарлар, салалар немесе ел, немесе ұйым жұмыс  істейтін елдер, немесе актив пайдаланылатын нарықтар үшін ұзақ кезең бойына (жиырма жыл делік) орташа тарихи өсу қарқынының артуында қиындықтарға тап болады.

                Қаржылық сметалардан/болжау бағаларынан алынатын ақпаратты  пайдалану кезінде ұйым осындай  ақпарат негізді және расталатын ұсынысты көрсету-көрсетпеуін және активті пайдалы қызметтің қалған мерзімі ішінде болатын экономикалық жағдайлар жиынтығына қатысты басшылықтың  ең жақсы бағалауын білдіру-білдірмеуін  ескереді.

Информация о работе Активтердің құнсыздануы