Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 23:30, курсовая работа
Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ
«Экономика» факультеті
«Есеп және аудит» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу»
____________________
(қорғауға жіберілді)
«___»__________20__ж
_____________________
(жетекшінің қолы)
Атырау, 2011
Мазмұны:
Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері
Кіріспе
Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да жиырма жылға жуық уақыт өтті. Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты – шағын және орта бизнесті дамыту» - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандарттарға өту барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі болып саналады.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі тек қана материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану арқылы ғана емес, сонымен қатар, негізгі қорлар – еңбек құралдары және белгілі бір қызметпен айналысуға жағдай туғызатын матариалдық емес активтерді, яғни ұзақ мерзімді активтерді пайдалану арқылы іске асырылатыны баршамызға белгілі.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы пішінін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге біртіндеп амортизациялық аударым ретінде ауыстыратын еңбек құралдарын, басқа да материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру болып табылады. Себебі, кез келген өндірістік, немесе, коммерциялық кәсіпорын құрылған кезде, бірінші кезекте, яғни ұзақ мерзімді активтерді қажет ететіндігі бәрімізге белгілі. Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп отырған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.
Сол себепті, бұл курстық жұмысымның мақсаты болып кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің есебі мен аудитін ұйымдастыруды меңгеру болып табылады. Теориялық негіздерді практикалық материалдармен сабақтастыра отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді шешу қажет:
- негізгі құралдардың есебі мен материалдық емес активтердің есебін ұйымдастырудың қағидаларын оқып-білу;
- негізгі құрал мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу әдістері;
- ұзақ мерзімді қаржы салымдарының есебін ұйымдастыру;
- ұзақ мерзімді активтердің аудитін ұйымдастыру әдістемесін қарастыру.
Курстық жұмысымның зерттеу объектісі ретінде «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» біріккен кәсіпорынын алдым. Бұл біріккен кәсіпорын 1993 жылы құрылған. Келісімшарт бойынша шетел инвестицияларының сомасы 20 млрд. долларды құрайды. Қазіргі уақытта «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынның құрылтайшы-серіктестері болып төмендегі компаниялар саналады: «Шеврон Оверсиз Компани» - 50%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк» - 25%, «Казмұнайгаз» - 20%, және «ЛукАрко» - 5%. 2008 жылы ұзақ мерзімді активтері 3369968 мың доллар. 2008 жылы кәсіпорынның шикі мұнай өндіру көлемі 13,7 млн. тоннаны құраған, бұл кәсіпорында орташа күндік мұнай өндіру деңгейі 296 мың баррельді көрсетеді. Есепті кезеңдегі бірлескен кәсіпорынның таза табысы 632519 мың долларды құрап отыр.
1. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
Ұзақ мерзімді активтер деп кәсіпорында бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, болашақта экономикалық олжа, табыс әкеледі деп күтілетін активтерді айтады. Ұзақ мерзімді активтерге төмендегілер жатады:
1) негізгі құралдар;
2) материалдық емес активтер;
3) ұзақ мерзімді инвестициялар;
4) ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар.
Жалпы негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 «Негізгі қорлар (құрал-жабдықтардың) есебі» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізілген. Қазіргі кезде Қаржылық есептің халықаралық стандарттарының 16-шы «Негізгі құралдар» деп аталатын стандартына сәйкес жүргізіледі.
«Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналары мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды.
Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар – деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптары және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және қызмет істейтін түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей 3 топқа бөлініп, есептелінеді:
а) негізгі құралдар;
б) тауарлы-материалды қорлар;
в) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Шаруашылық субъектінің өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алынған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үй, қойма, тағы басқалары)
ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, мұнай іздейтін және өндіретін скважиналар, тағы басқалары);
б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, мұнай, газ тасымалдайтын құбырлар, тағы басқалары);
в) машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлар, таразылар, кассалық аппараттар мен тағы да басқалары);
г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы да басқалары;
ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер, тағы да басқа негізгі құралдар);
д) шаруашылық құрал-жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтер, тағы да басқалары);
е) жер (шаруашылық субъектінің сатып алған жер көлемінің құны);
ж) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;
к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалар).
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған негізгі құралдардың есебін жүргізу үшін баланстан тыс «Жалға алынған негізгі құралдар» - деп аталатын шот ашуға болады. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған – деп үш топқа бөлінеді.