Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:06, дипломная работа
Нарық экономикасы жағдайында ақша айналымын реттеудеудің ұлттық шаруашылықтың тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуде мәні үлкен. Ақша несие саясаты, мемлекеттік қаржылық реттеу әдістерінің бірі бола отырып, соңғы мақсаты қоғамда макроэкономикалық тұрақтылыққа жету болып табылады. Макроэкономикалық тұрақтылық кең ұғымдардың бірі және де өзін макроэкономикалық көрсеткіштермен білдіреді. Макроэкономикалық көрсеткіштердің ішіндегі ең маңыздысы, жалпы баға деңгейінің жоғарылауының төменгі қарқыны, халық шарушылығы өндірісінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету, тұрғындардың жұмыспен толық қамтылыуы, төлем баласының жағдайын қанағаттандыру және ұлттық валютанаң сыртқы құнын қамтамасыз ету.
КІРІСПЕ................................................................................................................5
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша- несие саясатының экономикалық мазмұны және мәні.....................7
1.2 Ақша-несие саясатының өзге экономикалық саясаттармен байланысы.......................................................................................................12
1.3 Ақша -несие саясатының механизмі және құралдары................................17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Казақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын
жүргізуінің экономикалық үрдістерін талдау.....................................….32
2.2 Қазіргі кездегі ақша-несие саясатының жүзеге асырылуын
экономикалық талдау.....................................................................................56
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-
НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Экономикалық тұрақтылық жағдайындағы ақша-несие саясатының жүзеге асырылуының өзекті мәселелерін талдау.................................67
3.2.Ақша –несие саясатын жүзеге асырудағы мәселелерді жетілдіру
жолдары............................................................................................................72
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................79
Сурет 4 -Ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесі
Сурет 5 - Сұраныс пайыз мөлшерлемесі
Табыстау механизмі
қадамдарының бұзылуына
Мысалы, ақша нарығында
пайыз мөлшерлемесінің
( ( М/Р)D = kY – h x R ) (3)
Ақша ұсынысының тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі, демек, ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталаңдырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі.
Экономикадағы
құлдырау және ақшға
Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеугс ие бола алады (шешім қабылданғамнан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады. Ақша-несие саясатының қазіргі кезендегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты. Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты.
Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуслсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталык, резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйксс келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.
Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды.
1.3 Ақша –несие
саясатының механизімі және
Ұлттык банк - заңды
төлем кұралын, яғни
Қазақстан Республикасында
шығарылған банкноталар мен
Валютаны өзгертуге
тек қана Қазақстан
Ұлттық банк
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін. Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия - айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипттайды.
Қазақстандағы
теңгенің көп мөлшерде
Депозиттік банктердің
эмиссиясы депозиттік қарыздық
операциялардың процесінде
Депозиттік
банктердің эмиссиясын реттеу
Ұлтгық банкінің ақша базасы
сияқты, ақша агрегатын және ақша
мультипликациясын бақылау
Ақша базасы - бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер - бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
Артық резервтер
дегеніміз банктердің Ұлттық
банкіндегі корреспонденттік
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы Ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.
Ақша айналысының жылдамды
экономикалық монетаризация деңгейіне
байланысты болады, ол ақша массасының
жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады.
Айналыс жылдамдығы төмен болған
сайын, монетаризация деңгейі
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
о) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады. Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдык және басқа да саясаттарды ескере отырьтп, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады. Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы - шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындагы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республиқамыздағы ақша жиыныңың шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиыныңа бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір керсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер жонс мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті. Ақша жүйесіндегі жанама реттеу құралын қарастырамыз. Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды. Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады. Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.
Информация о работе АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ