АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:06, дипломная работа

Описание работы

Нарық экономикасы жағдайында ақша айналымын реттеудеудің ұлттық шаруашылықтың тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуде мәні үлкен. Ақша несие саясаты, мемлекеттік қаржылық реттеу әдістерінің бірі бола отырып, соңғы мақсаты қоғамда макроэкономикалық тұрақтылыққа жету болып табылады. Макроэкономикалық тұрақтылық кең ұғымдардың бірі және де өзін макроэкономикалық көрсеткіштермен білдіреді. Макроэкономикалық көрсеткіштердің ішіндегі ең маңыздысы, жалпы баға деңгейінің жоғарылауының төменгі қарқыны, халық шарушылығы өндірісінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету, тұрғындардың жұмыспен толық қамтылыуы, төлем баласының жағдайын қанағаттандыру және ұлттық валютанаң сыртқы құнын қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................5
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша- несие саясатының экономикалық мазмұны және мәні.....................7
1.2 Ақша-несие саясатының өзге экономикалық саясаттармен байланысы.......................................................................................................12
1.3 Ақша -несие саясатының механизмі және құралдары................................17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Казақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын
жүргізуінің экономикалық үрдістерін талдау.....................................….32
2.2 Қазіргі кездегі ақша-несие саясатының жүзеге асырылуын
экономикалық талдау.....................................................................................56
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-
НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Экономикалық тұрақтылық жағдайындағы ақша-несие саясатының жүзеге асырылуының өзекті мәселелерін талдау.................................67
3.2.Ақша –несие саясатын жүзеге асырудағы мәселелерді жетілдіру
жолдары............................................................................................................72
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................79

Работа содержит 1 файл

Дипломдык жумыс.doc

— 3.17 Мб (Скачать)

Банктер артық резервтерді  сақтайды — бұл міндетті резервтердің артық сомасы отімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады. Ақша нарығындағы тепе-тендікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін нссие қолемін реттеуде жөне олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады. Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызмет-терін атқарады. Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18—20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін біддіреді. Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйссінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несислік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін  федералды  резервтік  банктік  жүйенің  басқару кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысыңда бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады. Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:

  • міндетті резервтер;
  • резервтеудің баламалы тәртібі.

   Орталық банк  неғүрлым міндетті резервтердің  нормасын жоғары тағайындаған  сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі (rr) ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиыныңың азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді. Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қарастыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүргізгендс үлкен болады. Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту. Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда орталық банктен карыз алу азаяды, демек коммерциялық банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді. Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүйеге таралады. Экономикада ақша ұсынысы төмен-дейді.   Есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше әсер етеді.

Әдетге тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден тө-мен болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға тіреледі.

Қысқа мерзімдік несие  коммерциялық банктердің резервін толтыру  үшін беріледі. Орта және ұзақ мерзімдік  несиелерді Орталық банк ерекше жағдайларда береді. Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады. Ақша нарығындағы операциялар - Ұлттық банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді. Бұл біршама ақша жиынының, коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

   Ұлттық, банк нарықта  бағалы қағаздарды сату арқылы  оны сатып алу-шылардың резервтік  шоттарынан тиісті соманы ұстап  қалады. Сөйтіп, кері-сінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады. Осы айтылғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстары-ның мөлшері шектеледі не керісінше. Орталық банк ақша нарығы операция-ларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша - несие эмиссия көлемінің кеңе-юіне байланысты жүйесіз жүргізіледі.

    Қорыта айтатын  болсақ, онда Ұлттық банк ақша - несие саясатын қол-дануда салық  - бюджет саясаттарымен салыстырмалы  тиімділігін анықтау ар-қылы жалпы  экономикалық саясаттардың  тиімділігіне ықпал етуі қажет. Ен-деше жоғарыда келтірілген тиімділікті анықтау әдістемесін қолдана отырып, нақты тәжірибеде ақша - несие саясатының тиімділігін арттырып отыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

2     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын    жүргізуінің  экономикалық  үрдістерін  талдау

 

Қазiргi таңдағы экономиканық құрамдас элементтерi өзара тығыз байланысты өте күрделi жүйе ретiнде сипатталады және өте маңызды рөл атқарады. Соның iшiнде бүкiл экономиканық дұрыс және тиiмдi жұмыс атқаруын қамтамасыз ететiн банк жүйесi ерекше орын алады. Кез келген дамыған мемлекеттi бүгiнгi күнi тармақталған банк жүйесiнсiз елестете алмаймыз. Банктер қазiргi таңдағы экономиканық дамуына ыңпал ететiн мемлекеттiң экономикалың құралдарының бiрi болып табылады.

 Банк жүйесi –  бұл салым қабылдау және несие  беру қызметтерiн орындайтын банктер  мен банк институттарының әр алуан тұрлерiнiң жиынтығы. Кез келген мемлекеттiң банк жүйесi жалпы алып қарағанда экономикалық үлгiсiне байланысты болады. Орталықтандырылған эко-номикадағы банк жүйесi нарыңтың экономикасы дамыған банк жүйесiнен ерекшеленедi. Экономикадағы банк жүйесiнiң маңызын дәлелдеп жатудың өзi артық. Банк жүйесi арқылы мемлекет экономиканық салалық және аумақтық даму саясатын жүзеге асырады.

 Қазақстан Республикасында  жүргiзiлген реформалар барысында  елiмiзде классикалық екi деңгейлi  банктер жүйесiне өту кезеңi  аяқталды. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Ұлттық банк мем-лекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (ұлттық) банкi мемлекеттiң негiзгi банкi болып табылады. Олардың қызметi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарынан тәуелсiз. Қазақстан Республикасының орталық банкi – экономикалық дербес мекеме. Ол өзiнiң қызметiн меншiктi табыстары есебiнен жүзеге асырады.

     Орталық  банк көптеген қызметтер атқарады. Оның iшiнде негiзгiлерi:

  • ақша эмиссиясы (айналымға ақша шығару)
  • мемлекеттiң алтын валюта қорын сақтау
  • басқа несие беретiн мекемелердiң резервтiк қорларын сақтау
  • экономиканы ақша-несие арқылы реттеу
  • коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттiк мекемелерге кассалық қызмет көрсету банктердiң сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастыру қызметiн реттеу және қадағалау т.б.

Қазақстан Республикасы орталық банкiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi негiзгi құралдары мен  әдiстерiне: Қазақстан ұлттық банкiнiң сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарыңтағы операциялары, валюталық реттеу, тiкелей сандық шектеулер жатады. Коммерциялық банктер банк жүйесiнiң аса маңызды буыны болып есептеледi. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы - несие мекемелерiнiң әмбебап сипаттағы түрі. Коммерциялық банктер қызметiнiң мәселелерi оқу құралының кейiнгi тарауында кеңiрек қарастырылады. Нарықтың экономикада банктермен қатар банк жүйесiне сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, қарыз сақтау ассоцациялары, зейнетақы қорлары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы - несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландыратын бұл институттар капиталды тиiмдi орналастыру және қорлану процесiне белсендi қатысады.

Банк жүйесiн жоғарғы  дәрежедегi макроэкономикалық мақсаттарды  жүзеге асыратын маңызды құрал ретiнде  қарастыруға болады. Банктердiң маңызды  мiндеттерiне ақша айналымын және капитал айналымын үздiксiз қамтамасыз ету, халық шаруашылықтың жинақтарын жинақтау мақсатында ақшалай қаражаттарды тиiмдi жұмсаудың мүмкiншiлiктерiн кеңейту жатады.

Бүгiнгi таңда Қазақстандағы  банк жүйесi 1987 жылдан бастап жүргiзiлiп  келе жатқан түрлі өзгерiстердiң  нәтижесiнде қалыптасқан құрылым. Ескi және жаңа банк құрылымдарының бiрiгуi нәтижесiнде республикада екi деңгейлi банк жүйесi қалыптасты: бiрiншi деңгей -ұлттық банк түрінде, ал екiншi немесе төменгi деңгей - мемлекеттiк, коммерциялық, бiрлескен және шетел банктерi түрінде келтiрiлген. Ұлттық банк Қазақстанның басты банкi болып саналады және мемлекеттiң меншiгiне жатады. Бiр жағынан, ол белгiлi бiр коммерциялық банктер мен мемлекетпен азаматтық - құқықтық келiсiмдер жүргiзетiн заңды тұлға болып табылады. Екiншi жағынан, Қазақстан Республикасыны Ұлттық банкi туралы Заңында көрiнiс алған Республиканық ақша - несие жүйесiн басқару бойынша билiк ету өкiлеттiлiгiмен берiлген. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң басты мақсаты ҚР-ның Ұлттық  ақша–несие саясатын жүргiзу, ақша айналымын реттеу, банктiк есеп-айырысуларды және валюталық қатынастарды ұйымдастыру, ақша, несие және банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету және жағдай жасау, банктiң қарыз алушыларымен салымшыларының құқықтарын қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмитентi ретiнде қызмет етедi, Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады. Ұлттық банк шетел валюталарын сату, сатып алу және айырбас операцияларын жүргiзетiн коммерциалық банктер мен ұйымдардың қызметiн бақылап, банктердiң қызметiн реттейтiн пруденциалдың нормативтердi бекiтедi, яғни ұлттық банк ақша-несие саласының жұмыс iстеуiне толығымен жауапты және Қазақстан Республикасының Орталық банктерiне және басқа да елдердiң қаржы-несие мекемелерiне қатысты мiндеттемелерiн сипаттайды.

Екi деңгейлi банк жүйесi банктер арасындағы екi кеңiстiктегi қарым-қатынастарын құруға негiзделген: тiгiнен және көлденең. Көлденең байланыс бойынша - ұлттық банк басқару орталығы ретiнде, ал төменгi буындары бағынушы қатынастарымен – коммерциялық және мамандандырылған банктермен – сиппатталады; тiгiнен байланыс бойынша – түрлі төменгi буындарының арасындағы тең құқықты қатынастармен сипатталады. Мүнда әкiмшiлiк функциялары және шаруашылыққа қызмет көрсетумен байланысты операциялық қызметтерi бөлiнедi. Ұлттық банк тек клиенттердiң екi категориясы үшiн ғана банктердiң банкi болып есептеледi – коммерциялық, мамандандырылған банктер және үкiмет құрылымдары үшiн, қаржы-несие қызмет нарығының жұмыс iстеуiн реттеу және бақылау мақсатында банк мекемелердiң қызметiн басқару қызметiн атқарады.

Нарық жағдайында банк секторын қалыптастыру үшiн, бiздiң пiкiрiмiзше, тек банк секторының iшiндегi ғана емес, сонымен қатар, макроэкономикалық деқгейдегi процестермен өзара әрекеттесуi, өзара байланысы да аса маңызды. Елiмiзде банк жүйесiн қайта құру және дамыту үшiн бiр-бiрiмен байланысты iс-шараларды жүргiзу, күрделi ақша-несие саясатын жүзеге асыру инфляцияны төмендетуге, теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге және пайыздың ставкiлердiң деңгейiн төмендетуге мүмкiндiк бердi.

ҚР-ның Ұлттық банкi классикалық  ақша-несие құралдарын қолданады: қаржыландыру барысында банктер беретiн несие көлемiн реттеу, қайта қаржыландырудың жарияланған мөлшерлемесiн анықтау, мiндеттi қорлардың нормаларын (мөлшерiн) бекiту және т.б. бағалы қағаздары бойынша операцияларды жүргiзу операцияларын пайдаланады. Үкiмет пен ұлттық банктiң инфляцияға қарсы қатаң саясатымен қатар инфляцияның жоғарылауына макроэкономикалық деңгейдегi құрылымдық-институционалды қайта құру қарқынының баяулауы  әсерiн тигiздi. Өндiрiстiң құлдырау қарқынын төмендету шаруашылық етушi субъектiлердiң тарапынан ақшаға деген сұраныстың өсуiне әкелiп соқты. Өткен жылғы ақша-несиелiк реттеудiң жетекшi стратегиясы қол жеткен макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұру, экономикалық өсу мақсатына өтудi қамтамасыз ету және жаңа экономикалық субъектiлердiң қызметiне қолдау көрсетуге бағытталған  болатын. Қазақстан Республикасының ''Банктер және банк қызметi'' туралы Заңымен анықталғандай, екiншi деңгейлi банктер акцияларын шығаруға құқығы жоқ акционерлiк қоғамдар формасында құрылады.

Банктер, мемелекеттiк банктердi есепке алмағанда, меншiктiң кез-келген формасының негiзiнде құрыла алады. Банктердiң құрылтайшылары мен акционерлерi ҚР-ның резидентерi емес банктермен, банк бөлiмшелерiн құру ерекшелiктерiн ескере отырып, заңға қайшы келмейтiн, Қазақстанның заңды және жеке резидент емес тұлғалардан ақша қаражаттарын тарту, банктердiң және банк емес қаржы мекемелерiнiң корреспонденттiк есеп шоттарын, сонымен қатар банктердiң металлдың есеп шоттарын ашу және жүргiзу; кас-салық аудару, есепке алу; ссудалық, трасттың, клирингтiк, сейфтiк, ломбардты операцияларды жүзеге асыру; күрделi салымдарды қаржыландыру; шетел валютасымен операцияларды жүргiзу сияқты операцияларды жүргiзуге құ-қықты.

Информация о работе АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ