АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:06, дипломная работа

Описание работы

Нарық экономикасы жағдайында ақша айналымын реттеудеудің ұлттық шаруашылықтың тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуде мәні үлкен. Ақша несие саясаты, мемлекеттік қаржылық реттеу әдістерінің бірі бола отырып, соңғы мақсаты қоғамда макроэкономикалық тұрақтылыққа жету болып табылады. Макроэкономикалық тұрақтылық кең ұғымдардың бірі және де өзін макроэкономикалық көрсеткіштермен білдіреді. Макроэкономикалық көрсеткіштердің ішіндегі ең маңыздысы, жалпы баға деңгейінің жоғарылауының төменгі қарқыны, халық шарушылығы өндірісінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету, тұрғындардың жұмыспен толық қамтылыуы, төлем баласының жағдайын қанағаттандыру және ұлттық валютанаң сыртқы құнын қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................5
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша- несие саясатының экономикалық мазмұны және мәні.....................7
1.2 Ақша-несие саясатының өзге экономикалық саясаттармен байланысы.......................................................................................................12
1.3 Ақша -несие саясатының механизмі және құралдары................................17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Казақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын
жүргізуінің экономикалық үрдістерін талдау.....................................….32
2.2 Қазіргі кездегі ақша-несие саясатының жүзеге асырылуын
экономикалық талдау.....................................................................................56
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-
НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Экономикалық тұрақтылық жағдайындағы ақша-несие саясатының жүзеге асырылуының өзекті мәселелерін талдау.................................67
3.2.Ақша –несие саясатын жүзеге асырудағы мәселелерді жетілдіру
жолдары............................................................................................................72
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................79

Работа содержит 1 файл

Дипломдык жумыс.doc

— 3.17 Мб (Скачать)

мұндағы:

Р - бағаның жалпы деңгейі;

Ү - өндіріс көлемі;

Т - ақша белгілерінің саны;

D - депозиттер

V және V1-ақшаның     және     депозиттің     айналыс жылдамдығы.

     1929  жылы ұлы депрессиядан кейін ақшаның сандық теориясы өзінің күшін жоғалта бастады, себебі кеинсиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көніл бөлді.

   Соңғы он жылдықта  етек ала бастаған инфляциялық  процестер ағылшын, американ экономистерінің (мысалы, Милтон Фридмэн) монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырады, себебі казіргі кездегі монетаризм ақша массасы   мен   өндіріс   көлемінің   өзгерісі    арасындағы   байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтілген өзгерістерді анықтау үшін қажетті мерзімдер арасында пайда болуы мүмкін үзілістерді ескере отырып, ақша массасын бірқалыпты және ұдайы реттеудің өсу қарқынынын "алтын" ережесін ұсына бастады.

   70-жылдардың басында  көптеген елдерде жарияланған  инфляцияға қарсы күрес қажеттілігі монетаризмнің жаңа ағынына әкелді және бұл өте қатаң ақша саясатының негізіне енді. Ол шынымен бірқатар елдерде инфляцияны тоқтатуға әсерін тигізді, бірақ бұл процесс жұмыссыздықтың қарқынды өсуімен қатар жургізілді. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті ақшаның жалпы көлемін қысқартады. Бұл, қарыз міндеттемелерінің көп бөлігі карыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсіндіріледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді. Неғұрлым тауарлардың көп бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналыс үшін ақшаның аз саны қажет етіледі. Оған қоса, мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервін қалыптастырады. Осының нәтижесінде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесі түрдегі формуламен беріледі:

Тб.с –Нт.б.сст.м.с

Ас= --------------------------------------------------------+АР,               (2)

А

Мұнда:

Ас -     төлем    құралы    және    айналыс    құралы    ретінде қажетті ақша саны; Тб.с.-   тауар бағасынын сомасы;

Нт.б.с -   несиеге сатылған тауар бағасынын сомасы;

Тс-      қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;

От.м.с -өзара    есептескен    талаптар    мен    міндеттемелер сомасы;

АР -    ақша резервтері;

А - ақшаның төлем және айналыс кұралдары ретіндегі  айналымның орташа саны.

     Теңдікте  көрсетілгендей экономикадағы ақша  массасынын айналуы мүмкін себептердің  бірі ретіндегі тауарлар бағаларының  едәуір аз төленбеген төлемі болып табылады. Бұл жағдайда Тс шамасы кері таңбаға ие. Алайда, бұны нарықтық экономикаға өтуші Қазақстанда және басқа да елдерде, өнеркәсіптер арасында орын алған төлемеіздік мәселесін ақша массасын көбейту арқылы шешуге болады деуге болмайды; мұның себептері көп: әлсіз төлем тәртібі, төлемеіздік тізбесінде потенциалды банкроттардың болуы, банкроттықтың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем кұралдарының әлсіз дамуы және т.б. Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.

   Орталық банк  экономикалық айналымға онын  қажеттіліктеріне сәйкес, несиелеу  жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасын беретін, өзінің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады. Ақша екі түрлі формада болады: қолма-қол (монеталар және банкноталар) және банктік айналымның ақшалары, яғни банктік шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгілері. Ақшаның бүл екі формасы бір-бірімен тығыз байланысты. Банктік айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болады, егер банктік шоттағы ақшалай каражатгардың иесі  банк клиенті бұл қаражаттарды шоттан қолма-қол ақша формасында алатын болса. Керісінше, банкке салынған әрбір ақша сомасы клиенттің шотына жазылған болса, онда ол банктік айналымның ақшасына айналады және қолма-қолсыз ақшаны білдіреді.

   Ақша айналысының  екі облысының бірлігі, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керісініше болуы ақша массасының өзіне қандай компоненттерді қамтитынын анықтауды талап етеді.

   Теориямен қатар  бұл мәселенің тәжірибелік те  маңызы бар. Оны дұрыс шешу ақша айналысынын екі облысы үшін қажетті ақша массасын реттеудің белгілі бір әдістерін анықтайды/19/. Ақша массасының кұрамы сол елдің несие-ақша жүйесімен анықталады.

М1  ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады. Кейбір елдер бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалға, Ұлыбритания - тек олар бойынша пайызбен есептелемейтін депозиттерді ғана жаткызады. АҚШ-та, сондай-ақ, М1-ге банктік емес мекемелермен шығарылған аккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді жатқызады.

   М2 және М3 агрегаттарды анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар. Францияда М2-ге М1-мен қоса, 4 жылға дейінге мерзімсіз депозиттерді; АҚШ-та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ-ғы банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резидентгерінін еуродолларларын; Ұлыбританияда - чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.

   М3 агрегаты және М2-ден басқа Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда - жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда - мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен сертификаттарды жатқызады.

    Сонымен әрбір  келесі агрегат өзінен кейінгі  элементті қосып отырады.

Біздің республикамыздағы  айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымына мән беретін болсақ, онда ол төмендегідей:

Мо - айналыстағы қолма-қол ақшалар;

    М1 өзіне - М0-ді қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есеп айырысу немесе басқа депозиттік шоттарындағы қаражаттардың қалдықтары, капитал салымдарын қаржыландыру бойынша заңды тұлғалардың шоттарындағы, ұзақ мерзімді қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы,   чектік   және   аккредитивтік   шоттардағы   қаражат   қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары және т.б. жатады;

М2 - өзіне М1-ді қосады, сондай-ақ ,жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын қамтиды;

 М1 - М2-ге мемлекеттік займ облигацияларын қосу. Ақша агрегаттарының кұрылымы ақша нарығы құралдарынын дамуымен өзгереді.

Ақша массасының көбеюі бірнеше каналдар бойынша жүреді:

  • Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебінен;
  • Орталық   банктен    коммерциялық    банктердің    несие алуы жолымен;
  • Орталық   банктің   ел   үкіметіне   мемлекеттік   бюджет тапшылығын жабу үшін несие беруі арқылы;
  • Орталық банктің  бағалы  металдарды,  шетел  валюталарын және мемлекеттік бағалы кағаздарды сатып алу жолымен;
  • Коммерциялық    банктердің     салымдары     жұмылдыру негізіңде  чектер  эмиссиясын  шығару  немесе  займдар беру   жолымен   (депозиттер   негізінде   несиелік   ақшаларды шығару);

    Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады. Қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соғұрлым банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэффициентімен анықталады.

    Осыдан, ақша  массасының көлемі Орталық банк  жүргізетін ақша-несие саясатымен  тығыз байланысты, мұндағы ең  басты мақсат ақша массасының  өсуін сақтау екенін көреміз.  Мақсатты белгілеуде Орталық  банк келесі көрсеткіштерді ескереді:

  • нақты бейнелеудегі ЖҰӨ-нің болжанатын өсімі;
  • жоспарлы   кезеңдегі   ақша   айналысының   есептелетін (жылдық ЖҰӨ номиналдык шамасының орташа жылдық ақша массасына қатынасы,  біздің жағдайымызда Д2-ге) жылдамдығы;
  • жоспарланған   кезеңдегі   инфляцияның   максималды рұқсат етілген деңгейі.

    Ақша массасы  өсуінің бақылау көрсеткіштері  елдің экономикалық потенциалының  болашақтағы ұлғаюын және оның  пайдалану дәрежесін  ескере  отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің  тәжірибе үшін де маңызы зор. Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнімді орналастыру коэффициентінің өте төмендігін білдіреді, ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюнктураны білдіреді. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына кері пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссияға қажеттілікті қысқартуы тиіс. Керісінше, ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектілердін жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында ұзақ мерзімді салымдардың өсуін көрсетеді.

 

    1.  Ақша-несие саясатының өзге экономикалық саясаттармен 

  байланысы

 

  Орталық банк  құралдары  арқылы ақша-несие саясатының  мақсаттарын жүзеге асырады:

  • ақша жиының белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясат);
  • немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық саясат).

   Ақша саясатының  варианттары ақша нарығының графигінде  әр түрлі бейнеленеді. Қатаң  саясат ақша жиының ақшаның  ұсыныс қисығының вертикалды  жағдайына сәйкес келетін деңгейінде  орналастырады. Ал икемді монетарлық саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизонталды түрде болады.

Ақша-несие саясатының вариантын таңдау көп жағдайда ақшаға сұраныспен байланыста болады. Егерде ақшаға сұраныстың өсуі инфляциялық  үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиының қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді. Егерде ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты деңгейде үстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы горизонталды болады. Р қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына (сурет 2), пайыз мөлшерлемесіне (сурет 1) әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды (Бұл құбылыс Р қисығын оңға қозалтады, тепе-тендік нүктеде өзгереді).

Мұндағы:

 R —  пайыз мөлшерлемесі.

 М —  ақша  жиыны. 

Сурет 1- Салыстырмалы түрде қарағанда қатаң ақша саясаты

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 - Салыстырмалы түрдс қарағанда икемді ақша саясаты

 

 Ақша-несие саясатының  табыстау механизмі және оның  салық-бюджет, валюта саясаттарымен  байланысы. Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі, ол, бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

  • Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының  - мәнінің өзгеруі;
  • Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
  • Пайыз   мөлшерлемесінің  динамикасына   байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;
  • Жиынтық   сұраныстың   өзгеруіне    байланысты өнім көлемінің өзгерісі.

Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасында тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.

Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің

қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық  банктің ақша саясатын кеңейтуінің  салдары. Мұндай саясаттың салдары  ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің темендеуі байқалады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3 - Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары

 

  Ақша нарығының  реакциясы LD қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады. Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиыныңың өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді. (суреттер 4,5).

   Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлық мәнінің қеңейуі   пайда болады.

Информация о работе АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ