АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:06, дипломная работа

Описание работы

Нарық экономикасы жағдайында ақша айналымын реттеудеудің ұлттық шаруашылықтың тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуде мәні үлкен. Ақша несие саясаты, мемлекеттік қаржылық реттеу әдістерінің бірі бола отырып, соңғы мақсаты қоғамда макроэкономикалық тұрақтылыққа жету болып табылады. Макроэкономикалық тұрақтылық кең ұғымдардың бірі және де өзін макроэкономикалық көрсеткіштермен білдіреді. Макроэкономикалық көрсеткіштердің ішіндегі ең маңыздысы, жалпы баға деңгейінің жоғарылауының төменгі қарқыны, халық шарушылығы өндірісінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету, тұрғындардың жұмыспен толық қамтылыуы, төлем баласының жағдайын қанағаттандыру және ұлттық валютанаң сыртқы құнын қамтамасыз ету.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................5
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша- несие саясатының экономикалық мазмұны және мәні.....................7
1.2 Ақша-несие саясатының өзге экономикалық саясаттармен байланысы.......................................................................................................12
1.3 Ақша -несие саясатының механизмі және құралдары................................17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Казақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын
жүргізуінің экономикалық үрдістерін талдау.....................................….32
2.2 Қазіргі кездегі ақша-несие саясатының жүзеге асырылуын
экономикалық талдау.....................................................................................56
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-
НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Экономикалық тұрақтылық жағдайындағы ақша-несие саясатының жүзеге асырылуының өзекті мәселелерін талдау.................................67
3.2.Ақша –несие саясатын жүзеге асырудағы мәселелерді жетілдіру
жолдары............................................................................................................72
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................79

Работа содержит 1 файл

Дипломдык жумыс.doc

— 3.17 Мб (Скачать)


АҢДАТПА

 

Дипломдық жұмыс Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие  саясатының ерекшеліктерін және механизімі мен құралдарының теориялық негіздерін қарастырады.

  Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының  мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын, оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамен қамтамасыз етуі қарастырылған.

   Қазақстан Республикасының  экономикасының қазіргі жағдайындағы  ақша – несие саясатының жүзеге  асырылу нәтижелерін талдау мен экономикалық тұрақтылық жағдайындағы ақша-несие саясатының жүзеге асырылуының негізгі мәселелері  және жетілдіру жолдары қарастырылған.


АННОТОАЦИЯ

 

Дипломная работа рассматривает  теоретические основы, механизмы  и особенности кредитно-денежной политики Республики Казахстан.

     Цель кредитно-денежной политики Национального Банка Республики Казахстан – это стабильность национальной валюты и обеспечение его покупки по курсу зарубежной валюты.

    Для дальнейшего развития и стабильности экономики Республики Казахстан рассматривается пути и проблемы кредитно-денежной политикию. 


 

ANNOTATION

 

Diploma work considers the theory, mechanizms and features of the monetary politics of Republic of Kazakhstan.

     The main purpose of monitory politics of National Bank of Republic of Kazakhstan is the national currency stability and exchange supporting.  

There are considered the ways and problems of monitory politics for further development and stability of the economy of Rupublic of Kazakhstan.

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ................................................................................................................5

 

  1   АҚША-НЕСИЕ  САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ 

       ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    1. Ақша- несие саясатының экономикалық мазмұны және мәні.....................7
    2. Ақша-несие саясатының өзге экономикалық саясаттармен байланысы.......................................................................................................12
    3. Ақша -несие саясатының механизмі және құралдары................................17

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
    1. Казақстан Республикасының Ұлттық банкінің  ақша-несие саясатын

      жүргізуінің   экономикалық    үрдістерін  талдау.....................................….32

2.2 Қазіргі кездегі ақша-несие  саясатының жүзеге асырылуын 

      экономикалық  талдау.....................................................................................56

 

3    ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-

НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ  МӘСЕЛЕЛЕРІН  ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 

3.1 Экономикалық тұрақтылық жағдайындағы  ақша-несие саясатының   жүзеге  асырылуының өзекті мәселелерін  талдау.................................67

3.2.Ақша –несие саясатын жүзеге асырудағы мәселелерді жетілдіру

      жолдары............................................................................................................72

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................76

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................79

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

   Нарық экономикасы  жағдайында ақша айналымын   реттеудеудің ұлттық шаруашылықтың  тиімді   қызмет етуін қамтамасыз  етуде мәні үлкен. Ақша несие саясаты, мемлекеттік қаржылық реттеу әдістерінің бірі бола отырып, соңғы мақсаты қоғамда макроэкономикалық тұрақтылыққа жету болып табылады. Макроэкономикалық тұрақтылық кең ұғымдардың бірі және де өзін макроэкономикалық көрсеткіштермен білдіреді. Макроэкономикалық көрсеткіштердің ішіндегі ең маңыздысы, жалпы баға деңгейінің жоғарылауының төменгі қарқыны, халық шарушылығы өндірісінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету, тұрғындардың жұмыспен толық қамтылыуы, төлем баласының жағдайын қанағаттандыру және ұлттық валютанаң сыртқы құнын қамтамасыз ету.

   Мұндай мақсаттарға  жету тек Ұлттық банктің ақша-несие  саясатымен ғана қамтамсыз етіледі.  Мемлекеттің экономикалық саясатының  әртүрлі бағыттары  тұтасында,  біріге отырып, қойылған мақсаттарға  жетудің үлкен күшін құрайды.

   Банк жүйесінің  тұрақты қызметінің және оның  дамуының негізі, Орталық банкке, қызмет белсенділігіне тиімді  ықпал етіп, несие институттарының  қызметін бақылап, ақша айналымының  тұрақтылығын қамтамасыз ету  мүмкіндігін беретін,   экономиканы ақша-несиелік реттеудің икемді  механизімін құру болып табылады.

    Ұлттық банк  тарапынан ақша-несиелік реттеудің  негізгі объекті  экономикадағы  жйынтық қолма-қол ақша және  қолма-қолсыз ақша массалары.  Олардың өзгерісіне  жиынтық төлемқаблетті  сұраныс тәуелді.

   Орталық банк  шарушылық бәсекелестіктің қалыптасуына  байланысты қойылған міндеттерге  жетудің құралдары мен әдістерін  таңдауда нақтылықты көрсететін, ақша-несие саясатының стратегиясы  мен тактикасын жасайды. 

   Ортылық банк  ақша-несие саясатын жүзеге асыруда ішкі бағаның тұрақтылығын қадағалай отырып, дами түсетін экономиканың ұзақ мерзімді қажеттіліктеріне ықпал ететін, ақша массасы мен несиенің қажетті көлемін қамтамасыз етеді.

   Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің ақша – несие  саясатының  мақсаты ұлттық валютаныңтұрақтылығын, оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамен қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып ақша-несие саясаты экономикалық өсімге ықпал етеді. Ақша –несие саясатын белсенді жүзеге асыру үшін, ақша-несие мекемелерінің басшылары бұл мақсатқа жетудің мақсаттары мен жолдарын анықтауы қажет.

   Келесі өзекті  мақсаттарды құруда, оны дұрыс  бағалау үшін ақша-несие саласындағы  ситуацияларды және бұрынғы жоспарланған  мақсаттардың бұл ситуациядағы сипатын нақты талдау қажет. Ендеше, ақша-несие саясатын жасаушы және жүзеге асырушы органдар нарықтағы ситуациялардың үрдісін әрқашан қадағалап отырулары қажет. Сонымен қатар, олардың  қажетті бағытқа бұру мүмкіндігін беретін   тиімді құралдары болуы қажет.

   Осы салаға  ықпалын тигізетін барлық аталған  элементтер ақша-несие саясатының  мазмұынын ашады.

   Талдау мен  зерттеу жүргізу барысында ақша-несие  саясатын қалыптастыру мәселелерін  ашып көрсету үшін,біз әлемдік  тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз және соның көмегі арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиімді де пайдалы әдістерін қарастырып, ақша-несие саясатын қалыптастырудағы тәуекелден қорғану үшін қажетті әдістемелерді саралап отырмыз. Осы кешегі күнге дейін отандық банктер үшін банктерді тарату саласындағы басты проблема заң базасын нығайту болып саналып келді. Бүгінде өзінің өзектілігін жоғалтпай, бұл проблема өзінің орынын басқа проблемаға береді – ол ел экономикасына ақша-несие саясатын жүргізудің әсері, оны қалыптастыру әдістемелерін одан әрі жетілдіру проблемасы.


  Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып ақша-несие  саясаты саласындағы әлемдік  тәжірибені оқып білу және  оның жергілікті жағдайға бейімделуі  болып табылады.

 Қойылған мақсат  жұмыстың келесі міндеттерін  анықтайды:

  • Ақша-несие саясатын қалыптастырудың теориялық сұрақтарды оқып білу, олардың құрылымын анықтау;
  • Ел экономикасында ақша-несие саясатын қалыптастыру барысында талдау жасап, оның себептері мен салдарын анықтау;
  • Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банктер үшін депозиттік саясатты жүргізудегі практикалық ұсыныстарды өңдеп шығару.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс  кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қысқартылған сөздер тізімі мен пайдаланылған  әдебиеттер тізімі келтірілген.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ  МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ

ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

 


   1.1 Ақша- несие  саясатының экономикалық мазмұны  және мәні

 

   Нарық жағдайында  банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен де айналысады.

   Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы мен сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің  банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады.     Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижссінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

   Орталық банк  ақша ұсынысын ақша базасына  және мультипликаторға әсер ету  арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының  нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

   Қазақстан Ұлттық  банкі мемлекеттік ақша-несие  саясатын анықтайтын және жүзеге  асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттык банкі ақша-несие  саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

   Ақша-несие саясаты  - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін  өзгертуге, жалпы банк жүйесінің кызмстін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несис саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз ақша жиынтығы жатады.

   Шаруашылық жағдайына  байланысты ақша-несие саясатының  екі типі болады:

  • рекстрикциялық ақша-несис саясаты;
  • экспанциялық ақша-несие саясаты.

   Рекстрикциялық ақша-несие саясаты  екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

   Экспанциялық  ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, ішкі нарықтық бағаны тұрақтандыру /19/.

   Ақша массасының шамадан  тыс артуы отандық және импорттық тауарларға шығындардың артуына, яғни бағанаң өсіміне әкеледі. Егер қысқа мерзім ішінде отандық тауар өндірісінің ұсынысына икемсіздікпен ерекшеленсе, онда экономикадағы өсімнің жоғарғы нәтижесінде, инфляциялық қысым туындайды. Отандық тауар өндірушілердің шектеулі ұсынысының  нәтижесінде біршама ақша қаржаты импорттық тауарларға беріліп, төлем баласының жағдайы нашарлайды. Экономиканы жүйелі түрде өзгерту шаралары бойынша бағдарламаларды жүзеге асыратын елдер, сыртқы баланстың теңсіздігімен, төменгі экономикалық өсіммен және жоғарғы инфляциямен сипатталынады. Мұның барлығы ақша агрегатарының қолайсыз қозғалыстарының нәтижесі.

   Ақша-несие саясатының мақсаты: төлем балансы, инфлция және экономикалық өсімге байланысты үкіметтің мақсаттарына елдің ішкі өтімділігінің өсімін сәйкестендіру. Кең мағынада алатын болсақ, қаржы саясатының мәні қаржы ресурстарының жинақталынуы және қолданылыуы процестеріне ықпалын тигізетін, экономиканың ресурстарды  тиімді пайдалану дәрежесін анықтау болып табылады. Нарық экономикасы дамыған елдердің көптеген жылдардағы тәжірибесі тиімді экономикалық өсім және тұрақты баға деңгейін, тұрғындардың жұмыс бастылығына ықпалын тигізетін, айналымдағы ақша қаражатының іскерлік белсенділігінің көлемі үшін қажетті ,ақша ұсынысын қамтамсыз етуі қажет. Айналыстағы   ақшанын   саны   К. Маркстің   ашқан   ақша айналасы заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті ақша санының формуласы төмендегідей: Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің ғалымдары, келесідей тепе-тендікті белгіледі:

                                                            PY =TV + DV                                   (1)

Информация о работе АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ