Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ҚР-дағы ақша-несие саясатын жүргізу, екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау – ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарының қалыптасуы және қазіргі жағдайы, оны әрі қарай жетілдіру жолдары, алдынғы жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының нәтижелеріне талдау жасау болып табылады.
Кіріспе
3
1
1.1
1.2
1.3
2
2.1
2.2
Ақша-несие саясатының теориялық негізі
Ақша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары
Саясаттың құралдары, типтері
Ақша-несие саясаттың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Ұлттық Банктің 2009-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
4
4
6
8
13
13
29
33
34
Мазмұны
Кіріспе |
3 | |
1 1.1 1.2 1.3 2 2.1
2.2 |
Ақша-несие саясатының теориялық негізіАқша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары Саясаттың құралдары, типтері Ақша-несие саясаттың шетелдік тәжірибесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты Ұлттық Банктің 2009-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі |
4 4 6 8 13 13
29
33 34 |
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Ақша-несие саясаты ел ішіндегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар инфляцияны төмендетеді және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, ҚР-дағы ақша-несие саясатын жүргізу, екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау – ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарының қалыптасуы және қазіргі жағдайы, оны әрі қарай жетілдіру жолдары, алдынғы жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының нәтижелеріне талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың әр бөліміне тоқтала кетсек:
1-бөлім. Ақша-несие
саясатының теориялық
2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты.
Курстық жұмыстың жазылу
мақсаты Қазақстан
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қазіргі кезде жүргізіліп жатқан ақша-несие саясаты;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру жолдарын қарастыру және талдау.
Курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңдары, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар, нормативті актілер қолданылды.
Курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады. Әр бөліміне тоқтала кетсек:
1-бөлім. Ақша-несие
саясатының теориялық
2-бөлім. Қазақстан
Республикасының Ұлттық
1 Ақша-несие саясатының теориялық негізі
1.1 Ақша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын және оның анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері:
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
Рекстикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмыс бастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру;
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас бағамы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу) және жанама (міндетті резервтер нормалсының өзгеруі, есептеу мөолшерлемесінің өзгерісі, ашық нарықтағы операциялар) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, ақша-несие саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландырудың
мөлшерлемесін, ресми
- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасының белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- кейбір жағдайларда
несиелік операциялардың
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
Пайыз саясаты. ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пе ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен
күресудің тағы да бір маңызды
факторы-шетел валютасына деген
артық сұранысты төмендету
1.2 Саясаттың құралдары, типтері
Пайыздық саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға – шетел валютасына деген шектен тыс сұранысы азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінің өзгеру динамикасы – 2010 жылы қаңтар-ақпан айларында 170 %, ал наурыз-тамыз айларында 200 % құрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуіне байланысты 2010 жылдың ортасынан бастап пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі қыркүйекте 180 %-ға дейін төмендеп, ай сайын азайып отырды. 2010 жылдың аяғында ол 130 %, 2011 жылы 5,2 %, 2011 жылдың қыркүйегінде – 3 %, 2011 жылы – 2 % құрады.
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі, пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.