Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:19, дипломная работа
Елбасымыздың жолдауында ең бірінші мәселе болып туризм мәселесі қойылды. Бұл стратегияда туризмнің даму жолдары мен көздерін қарастырып, оның іске асуын қадағалау керектігі жазылады.
2.3 Туристік кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау (мысал ретінде турфирма «Гульнара тур»)
Туризмдегі маркетинг — әлемдік туристік нарықтағы үдерістерді есепке алу мен туристік өнімнің сапасын арттыру негізінде пайда табу мақсатында туристік-экскурсиялыққызметтің жаңа тиімді түрлерін дайындау, оларды өндіру мен өткізу бойынша туристік компаниялардың қызметін ұйымдастыру және басқару жүйесі болып табылады
Туристік нарықтың өсуі мен үздіксіз өзгеруі барысында бәсекелестік аса жоғары. Бәсекелестіктің күшеюі жағдайында компаниялар тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға назар бөлуге мәжбүр. Бұдан бас тартқан компаниялардың болашағы болмайды.
Сондықтан, саяхат индустриясы ғаламдық мәселелерді түсінетін және тұтынушылардың артып жатқан сұранысына маркетингтің жетік біліміне негізделген шығармашылық стратегияларды жасаумен әсер етуге қабілеті сапалы маркетингтің үлкен көлемін қажет етеді.
Тиімді маркетингтік нәтижені алу үшін түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың маркетингін тығыз координациялау қажет. Сондықтан, туризмдегі маркетинг қағидасы тұтас және кең мағынамен сипат алады.
Кесте 3. Қазақстан Республикасындағы туристік фирмалардың саны
| 2003 ж | 2004ж | 2005 ж | 2006 ж | 2007 ж | 2008 ж | 2009 ж қаңтар- наурыз |
Қазақстан Республикасы | 612 | 713 | 751 | 846 | 921 | 1007 | 955 |
Ақмола | 10 | 10 | 19 | 16 | 17 | 20 | 19 |
Ақтөбе | 10 | 11 | 16 | 20 | 18 | 20 | 20 |
Алматы | 18 | 29 | 37 | 30 | 50 | 47 | 53 |
Атырау | 4 | 13 | 18 | 22 | 23 | 24 | 23 |
Шығыс Қазақстан | 23 | 22 | 24 | 34 | 39 | 40 | 43 |
Жамбыл | 5 | 13 | 10 | 11 | 13 | 19 | 14 |
Батыс Қазақстан | 2 | 4 | 5 | 6 | 8 | 10 | 9 |
Қарағанды | 25 | 25 | 29 | 46 | 52 | 54 | 59 |
Қызылорда | 7 | 3 | 4 | 3 | 4 | 4 | 2 |
Маңғыстау | 4 | 10 | 12 | 15 | 21 | 22 | 22 |
Павлодар | 17 | 25 | 21 | 23 | 32 | 48 | 47 |
Солтүстік Қазақстан | 4 | 7 | 12 | 15 | 16 | 18 | 17 |
Оңтүстік Қазақстан | 4 | 5 | 12 | 16 | 18 | 18 | 19 |
Астана қаласы | 23 | 37 | 26 | 28 | 44 | 57 | 67 |
Алматы қаласы | 454 | 494 | 500 | 551 | 553 | 587 | 521 |
Ескерту: ҚР статистика агенствосының жинағы бойынша автор құрастырған |
Жоғарыдағы кестеде Қазақстан Республикасының статистика бөлімінің мәліметі бойынша, еліміздегі жұмыс істеп жатқан фирмалардың саны 2008 жылға қарағанда қысқарған. 2008 жылы жұмыс істеп тұрған 1007 фирмадан 2009 жылдың сәуір айларында 955 ғана жұмыс істеп тұр, бірақ 2003 жылмен салыстырғанда 56% өскен. Алматы қаласы мен облысында бұндай фирмалардың саны 574 (еліміздегі туристік фирмалардың 60,1%) жеткен, бірақ 2009 жылы олардың қысқарғанын байқауға болады. Алматы қаласында соңғы жылдардың наурыз айында 521 бірлікке жетсе (оның саны 2008 жылмен салыстырғанда 12% қысқарған), бұл тек 2005 жылдың көрсеткішінен жоғары болады (500 бірлік). Тіркелген туристік фирмалардың арасынан екінші орында Астана қаласы – 67 бірлік (2008 жылы 57 бірлікті, яғни бес жылдың ішінде үш есеге өскен). 2009 жылдың екінші квартал кезеңінде туристік кәсіпкерлікпен айналысатын 43 жеке кәсіпорындар іс-әрекет етеді, яғни бұл 2003 жылмен салыстырғанда, 59,3% жоғары.
Егер, өзінің барлық қимылдарын, яғни бағытты таңдаудан бастап, жарнамалық компанияға дейінгі іс - әрекеттерді ертерек есептеп, сонымен бірге бюджетті қатаң ұстау арқылы және кенет жағдайлардан шарттың бұзылуы кезінде сасып қалмайтын болса, жоспарланған табысқа жетуі әбден мүмкін [35].
Кесте 4. Туристік қызметпен айналысатын, кәіпорындармен ұйымдардың саны.
Жылдар | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 |
Кәсіпорындар саны | 454 | 494 | 500 | 551 | 587 | 521 |
Ескерту: ҚР статистика агенствосының жинағы бойынша автор құрастырған |
Жоғарыдағы кестеден Алматы қаласындағы туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың санын көре аламыз және бұл кестеде жылдан-жылға туристік қызметпен айналысатын туристік ұйымдар мен кәсіпорындардың көбейгені байқалады.
Ескерту: ҚР статистика агенствосының жинағы бойынша автор құрастырған
Сурет 6. Алматы қаласындағы туристік фирмалардың саны,2009ж
Жоғарыдағы суреттен 2009 жылғы туристік фирмалардың саны көрсетілген. Алматы қаласында турагенттік фирмалардың басым 338 (31%), ал туроператорлық қызмет 194 (18%), туристік қызмет 18 (2%) және барлығы 553 (49%) екендігін көреміз [19].
Қазіргі уақыт немесе кеңейтілген маркетинг категориясында кәсіпорынның сыртқы ортамен өзара әрекет ету жүйесі ретінде қарастыра отырып, осы ортада кәсіпорынның тұрақты жағдайын қолдауға бағытталған зерттеу процесіне негізделе отырып, кәсіпорындарда маркетинг жүйесінің қалыптасуы сипаты зерттеледі.
Ескерту: автор құрастырған
Сурет 7. Кәсіпорындарда маркетинг жүйесін ұйымдастырудың негізгі объективті проблемалары.
Осы көрсетілген суретте өтпелі кезенде маркетинг жүйесін ұйымдастырудың объективті проблемаларын анықтайтын факторлар келтірілген. Қазақстан кәсіпорындарында маркетинг жүйесін ұйымдастырудың мәселелерін шешу үшін салалық өзгешеліктерді есепке алу маңызды болғандықтан қоғамдағы жетекші салалардың кәсіпорындарындағы маркетинг ерекшеліктері болып табылды.
Нарықтың қатынастарға өту кезіндегі маркетингті ұйымдастыру процесіне сыртқы ортаның өзгерістері, соның ішінде заң шығару базасының жетілдірілуі айтарлықтай ықпал етеді. Сыртқы ортаның қалыптасқан факторлары жағдайын талдау отандық кәсіпорындарда маркетинг жүйесін ұйымдастыруды қаржыландырудың жетімсіздігін объективті анықтайды. Бұл осы іскерлікте тәжірибе тапшылығымен қатар нарық шарттарында білікті жұмысты қамтамасыз ету үшін қажет маркетинг жүйесінің ресурстың әлуетті элементтерінің барлық түрлерінің (кадрлық, қаржылық, техникалық, әдістемелік және т. б.) жеткіліксіздігіне әкеледі[20].
Маркетингтік әдіс-тәсілдерді нақты бір туристік кәсіпорынның мысалында пайдаланып талдаймыз. Зерттелетін кәсіпорын — бұл, «Гульнара Тур» туристік фирмасы.
«Гульнара Тур» туристік фирмасы мыны мекен-жай бойынша орналасқан:
Мекен-жайы: Райымбек даңғылы , 120/124, Алматы, 050000
Телефон: + 7 727 2734468
Факс:+ 7 727 2734215
EMail: reservation@gulnartour.kz
«Гульнара Тур» туристік фирмасы 1997 жылы құрылған. Бұл фирма өзінің чартерлік рейстерін дүние жүзіге ұйымдастыра отырып дамыған. Бүгінгі таңда «Гульнара Тур» фирмасы Қазақстанның ірі қалаларында өзінің филиалдары бар (Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Павлодар, Шымкент), сонымен қатар шет елдерде де филиалдарын ашқан ( Стамбул, Анталия, Бодрум — Түркия, Шарм Эль Шейх — Египет, Салоники — Греция, Паттайя — Тайланд). Бұл фирмаға өзінің клиенттерін офиске келгеннен бастап, демалыстан оралғанға дейін бақылауға мүмкіндік береді.
Туристік фирманың негізгі мақсаты саяхатты, экскурсияларды, жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу, өткізілетін іс – шараларына қатысуына адамдардың максималды санын тарту, туристерді жоғары сапалы қызмет көрсетуде іс – шаралардың танымдылық, тәрбиелік, сауықтыру құндылықтарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар шаруашылық – қаржылық қызметке және адамдардың қауіпсіздігін көрсететін талаптардың орындалуын қадағалау. «Гульнара Тур» туристік фирмасының алға қойған мақсаттары өте көп. Бірақ бұл туристік фирманың негізгі мақсаттары болып:
туризімді дамыту;
туристерді барынша, мүмкіндігінше Қазақстан Республикасына тарту, шақыру;
ҚР мәдениетін дамыту;
туристік нарыққа толық шығу;
қаржының тұрақтылығына қол жеткізу;
кәсіпорынды кеңейту, шығарылатын туристік өнімдер көлемін өсіру;
бәсекелестік орта туралы маркетингті ақппараттарды жинау және талдау, тұтыну және талдау, тұтыну тауарлардың туристік нарықтағы сиымдылығы;
баға билігіндегі бірегей және серпімді жүйесін құрау;
жаңа туристік қызмет түрін қосу,
туризімдегі қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыру, ол қызметтің пайдалылығына, нарықты алатын орны мен пайданы ҚР ешбір заңдарына қайшы келмей арттыру.
Бұл фирма Алматы қаласындағы келушілер ағымы үлкен, тұрақты келушілері көп, Алматы қаласы бойынша қызметкерлеріне жоғары жалақы төлейтін, VIP-турларды сатқаны үшін үстемақы белгіленген және өз қызметкерлеріне турлар ұйымдастыратын ең алдағы фирмалардың бірі.
Бұл туристік фирма жас болса да, туристік нарықта биік шыңдарға шықты (KITF-тан 2000 жылдан 2009 жылдар арлығында түрлі марапаттаулар, дипломдар мен сертификаттар алған, сонымен қатар қала әкімшілігінен түрлі құрмет марапаттаулары мен сертификаттар, дипломдар алған) [38].
Туристік фирманың жұмысы. Қандайда бір турда сұраныс болса, сол клиентке оның бағасы, тұру шарттары, сол елдің ерекшеліктері, қонақ үйлер жайлы ақпаратпен қамтамассыз етуді және пайдалы кеңестер береді, буклеттер мен жарнамалық проспектілерді ұсынады.
Бұл жұмысты бағытына қарай сату жөніндегі менеджер немесе директор атқарады, сонымен қатар туристерге қызметті ұсыну ережелерімен таныстырады.
Содан кейін клиенттің көзінше орынның бар – жоғы жайлы ақпарат алу үшін тур операторға тапсырыс жасалады. Егер орын бар болған жағдайда клиент таңдаған сапарының (саяхатының) құнының 50% немесе толығымен төлеуі тиіс.
Директор немесе менеджер, өздерінің бағыттары бойынша операторға броньдау тапсырысын жібереді және 3 күндік мерзімде турды бекітеді.
Сонымен қатар, жолдама беріледі, ол туристік фирма мен клиент арасында келісім шарт жасалады. Ереже бойынша тапсырысты алдын – ала жасайды, бірақ саяхаттың алдыңда клиентке қажет болса, иструктаж жасалады (кедендік рәсімдеулер, визалық рәсімдеулер), арнайы әдебиетті алуды ұсынады (жергілікті карта, жол бағдары, сөздік және тағы басқа). Тур құнын операторға турды бекіткеннен кейін жібереді, тур құны комиссия % - ын қоса, прайст – бетте көрсетілген баға бойынша төлейді.Содан кейін тұру, авиабилеттер ( таңдалған турға байланысты темір жол билеттері), медициналық сақтандыру ваучері бар коверт жіберіледі. Конвертті сондай – ақ турға кетер кезде ғана ашуға болады.
Бұл турфирма фирманың жұмысымен қатар, қазақстанның ішкі қалалары арасында турлар ұйымдастырып, туроператор қызметін атқарады.
«Гульнара Тур» туристік фирмасында тиімді басқару жүйесі тұрақты негізде жүріп отырады.
«Гульнара Тур» туристік фирмасының атқаратын қызметтері;
- Туристік операторлық қызмет. Бұл қызметтің түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаның туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну және өткізу жөніндегі қызмет;
- Тур агенттік қызмет. Қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өкізу (халыққа сату қызметі);
- Тур. Туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені;
- экскурсиялық қызмет.
- Гид аудармашы қызметі- кәсіби мамандандырылған жеке тұлғаның туристерді белгілі бір елде уақытша болуына байланысты туристік ресурстармен таныстыру қызметі [39].
Информация о работе Туристік кәсіпорындарды басқарудағы маркетингтің теориялық негіздері