Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:19, дипломная работа
Елбасымыздың жолдауында ең бірінші мәселе болып туризм мәселесі қойылды. Бұл стратегияда туризмнің даму жолдары мен көздерін қарастырып, оның іске асуын қадағалау керектігі жазылады.
3. Қайда танытамыз?
Туристік танытудың қайда басталып, жалғастырылатыны тұтынушы туристердің талғамдарына байланысты. Тұтынушы туристер анықталғаннан соң, туристік таныту шаралары тұтынушылардың тұратын жерлерінде жүргізіле бастайды. Туристік танытуда, халықаралық туристік талғам ерекшеліктері назарға алынып, таныту құралдары және әдістері арқылы, ақпарат таратылады. Туристік таныту, қызығушылық тудырудатын нақты ұсынылатын өнімдерге қарай жасалады. Қандайда бір тұтынушы туристтің елінде теңіз-жағажай ресурстары болса, басқа елдің теңізіне баруды қаламайды, керісінше өзге елдің тарихи, археологиялық, мәдени құндылықтарымен танысуға ұмтылады. Яғни әрбір турист саяхат жасауда өз елінде жоқ ресурстарды іздейді. Бірақ, елдің тарихи құндылықтарымен танысуға келген туристің тау басына шығып шаңғы тебу қажеттілігі немесе демалуға келген туристің қалаға барып музей аралау қажеттілігі туындамайды деген сөз емес.
4. Қашан танытамыз?
Уақыт - туризмнің маңызды бөлігі. Туристердің талғамы белгілі уақыт не мезгілде ұнатқан аймағына демалуға бару қажеттілігі. Тұтынушыларға уақыттан басқа өзгермелі климат әсер етеді. Өзгермелі климатқа мыналар жатады: өлі мезгіл, аралық мезгіл, тола мезгіл. Туристер көбінесе жаз айларында демалуды қалайды. Бірақ, кейбір аймақтарда, мысалы Жаңа Зеландияда, Майамиде қыс айларында да туристер көптеп келіп жатады.
Тағыда бір әсер етуші фактор, «календарлық» фактор. Бұл факторға әр жылы, белгілі бір күндерде өтетін - мейрамдар, фестивальдер, көрмелер, жәрмеңкелер, жарыс-сайыстар, жылдық ақылы демалыстар жатады.
Осы факторларды назарға ала отырып туристік таныту жоспарлары құрылуы тиіс. Ол үшін туристік таныту уақытын белгілеу керек. Туристерді жеткізіп беруші елдерде белгіленіп, онда туристік зерттеулер жүргізіледі.
Қазақстанның туризмде бәсекелес елдерін белгілеу төмендегідей өтеді:
• Қазақстанға қайсы елдер бәсекелес болып табылады?
• Туризмде, Қазақстанға бәсекелес елдердің туристік өнімдерінің ерекшеліктері қандай?
• Халықаралық туризм нарығындағы бәсекелес елдердің имиджі қандай?
• Бәсекелес елдерде тасымалдау, орналасу, тамақтану, туристік сауда -саттық кәсіпорындарының деңгейі қандай?
• Бәсекелес елдерде, туризм секторындағы кәсіпорындарға мемлекет тарапынан қандай жағдай жасалып жатыр? Ол қандай жағдайлар?
5. Не мақсатпен танытамыз?
Мемлекеттің туристік танытудағы мақсаттары белгілі болмайынша, туристік таныту стратегиясы мен саясатты да дайын болмайды. Туристік танытуды жүзеге асыру үшін еліміздің имиджін қалыптастыруымыз керек. Еліміздің туристік имиджін жасау үшін, еліміздің басқа елдерден ерекшеліктерін анықтап, сол ерекше құндылықтарымызды туристерді шығаратын елдерге насихаттауымыз қажет. Осы ерекшеліктер жеткілікті деңгейде анықталғаннан кейін, туристік таныту мақсаттары да, стратегиясы мен саясаты да анықталады. Бұның барлығы таныту зерттеулерінің жақсы жүргізілуіне тікелей байланысты. Мысал ретінде: Америкада, Қазақстан туралы Европа елдеріндегідей жаңсақ түсініктер жоқ, өйткені олар үшін Қазақстан мүлдем белгісіз ел. Америка елінде Қазақстан туралы түсінікті насихаттау, имиджін қалыптастыру үшін түрлі мәліметтер таратуды мақсат ретінде белгілеуге болады [25].
Ал, европалықтардың Қазақстан туралы хабары бар, бірақ шектеулі болғандықтан көбіне қате болады. Мысалы, 2004 жылы Түркия елінде Яссауи университетінің филиалы қызметкерлері және Оага университетінің туризм бөлімінің студенттері барлығы 128 адам арасында сауалнама жүргізілген.
Сауалнама жүргізілгендердің Қазақстанда болғандары немесе хабары барлары президентіміз Н.Ә.Назарбаевті және біздің мүнай экспорттайтынымызды білетіндігін айтса, басқалары Қазақстанды әлемдік жаһанданудан алшақ, қазіргі заман техникасынан жұрдай, әлге дейін ашық шөл далада түйемен, атпен жүреді деген пікірлерімен бөліскен. Осылайша, Европа елдеріне жіберілетін туристік танытуымыздың мақсаты дұрыс емес түсініктерді өзгерту, еліміздің имиджін түзету болып табылады.
6. Қалай танытамыз?
• Таныту құралдарының таңдалуы
• Танытуда қолданылатын байланыс құралдарының таңдалуы
• Туризм ұйымдарының таңдалуы
Туризмді танытуда қолданылатын құралдар ақпарат беру, жарнама, үгіт - насихат жүргізу, халықпен байланыс.
Туризм маркетингімен айналысатын ұйымдарды таңдау, туристік таныту құралдарын қолданатын ұйымдарды анықтау мен таңдау болып табылады. Олар әрқашан мемлекеттің қарамағында болады. Мемлекеттік емес ұйымдарға турагенттіктер, туроператорлықтар, түрлі туризм ұйымдары (кооперативтер, қорлар, бірліктер, конфедерациялар, зерттеу орталықтары, мәдени және туристік таныту орталықтары, және т.б.) мен туристік кешендер жатады.
Бүгін туризм саласы көптеген елдің табыс көзіне айналып отыр. Қазақстанда да осы саладан қомақты қаржы түсіруге барлық мүмкіндік бар. Таңғажайып көріністерімен тәнті етіп, тамсанатын табиғат ғаламаттары Қазақстанда молынан шоғырланған. Сондықтан сұлу табиғатқа бай қазақ даласы туризм ісін дамытуга ең қолайлы өңірлердің бірі болып саналады. Бірақ туристерді елімізге көптеп тарту үшін саланы халықаралық стандарттарға сай дамыта білуіміз керек. Әңгіме - Қазақстандағы туризм инфрақұрылымының дамуы және оның экономиканың кірісті саласы мен бәсекеге қабілетті индустрия ретінде қалыптасу жөніндегі мәселе төңірегінде.
Елімізде туризмнің пайдалы тұсын экономикалық тұрғьдан зерделеу үрдісі жалғасуда. Жаңа жыл басталысымен Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті туризмді калыптастырып, дамыту бағытында кеп ізденістерге барды. Соның нәтижелерінің бірі 2006-2010 жылдарға арналған туризм саласын дамыту бағдарламасының әзірленіп жатқандығы.
Бағдарлама әзірлеушілердің айтуына қарағанда, бұл бағдарламаның аса маңызды міндеттерінің бірі, алдымен туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайда жаңаша іс жүргізу жолдарын іздестіру. Екінші халықаралық ынтымақтастық бағытын тереңдете түсу және Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру. Сондай-ақ туризмді ел экономикасына тұрақты үлес қосатын салаға айналдыру.
Бұл бағдарлама мемлекеттік саясат туризмді экономиканың кірісті бағыты ретінде тануға түбегейлі бет бұрғандығының айқын көрінісі деп айтуымызға барлық негіздер бар. Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитетінің бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 379 миллионға өсті. Егер 2008 жылы ол 32 млн. бағаланса, биыл 411 миллионды құрады.
Осының өзі туризм саласының экономикада алатын қомақты орнын танытып тұр. Бұл қаражаттың басым бөлігі Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыруға және оның шетелде танылуына бағытталады. Батыстың ВВС, телеарналары мен жергілікті мерзімді басылымдары Қазақстанды жарнамалау мақсатында, еліміздің болашак туристері қызығады-ау деген тарихы, табиғаты, шипалы жерлері, ерекшелігі жайлы хабарлар тарататын болады [26].
Сонымен катар, туризм әкімшілігі салалық индустрияны дамыту жолдарын іздестіру мақсатында біркатар шаралар атқарды. Соның нәтижесінде туристерге арнап конакүйлер, сауықтыру нысандарын салу және туризм индустриясына каржы бөліну мәселелері оң шешіле бастады. Қолда бар деректерге жүгінсек, бүгін республмкада туристердің тұрақтанатын 400-дей нысаны бар. Соның ішінде 259 қонақүй, 34 санаторий, 17 гуристік база, 10 аңшы үйі, 13 сауықтыру лагері жұмыс істейді.
Келесі еліміздің туризм инфрақұрылымы дамуының аса маңызды мәселелерінін бірі көлік катынастары. Қазіргі таңда еліміз туристерді көліктің бірнеше түрімен тасымалдауға назар аударып отыр. Республика бойынша шетел туристерін тасымалдау мақсатында әуе, темір жол, автокөлік қатынастары іске қосылған. Қазақстанға шетелдік алты авиакомпаниялардың ұшақтары тұрақты қатынап тұрады. Ал «ЭйрАстана» ұлттық авиа тасымалдау компаниясының ұшақтары Түркия, Ұлыбритания, Германия, Таиланд, Монғолия. Қытай, Израиль сияқты елдерге рейс жасайды. «Қазақстан темір жолы» да Ұлттық туристік агенттікпен және «Тұран Азия» компаниясымен бірге «Жібек жолының маржаны» атты арнайы пойыз ұйымдастырды. Оның алғашқы кезеңі Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстанның тарихи орталықтарын қарастыру бағытынан басталса, осы жылдан бастап Түркіменстанды да қамтитын болды. Дегенмен, бүгінгі танда жолақысының жоғары болуына байланысты, бұл темір жол қатынасының жабылу қаупі төніп тұр. Себебі, аталған елдерге басқа маршрутпен бару туристерге әлдеқайда арзан болып шығады. Соңғы жылдары автокөлік бағыттарына да баса көңіл бөлінуде. Өйткені туристік нысандарға апаратын жолдар республикалық дәрежедегі маңызы бар жолдар қатарына қосылды.
Қазіргі таңда туризм индустриясын жетілдіру үшін инвестиция тарту мәселесі аса маңызды болып отыр. Сондықтан еліміздің туристік инфрақұрылымның дамуына қүйылған инвестиция мөлшері жылдан-жылға ұлғайып келеді. Қазіргі танда республика дамуына бағытталған бүкіл инвестиция көлемінің 0.46% туризм саласына тиесілі.
Осыған байланысты туризм саласындағы инвестициялық саясаттың маңызды мәселелерінің бірі, шағын және орта кәсіпкерлікті колдап, дамыту мақсатында туристік ұйымдарға ұзақ мерзімді несие беру болып отыр. Бүгінгі танда республика бойынша туристік нысандардың 98,4% шағын кәсіпкерлік ретінде тіркелген. Олар Бурабай ұлттық саябағы, Алтынемел, Қатонқарағай, Баянауыл, Қарқаралы секілді ұлттық табиғи саябақтарда жұмыс істеуде.
Қош делік. Енді мұнымен елімізге туристік сапармен келушілер саны күрт өсе ме? Нақты мәліметтерге көз жіберсек, 2009 жылы шетелге барып қайтқандардың саны 4,3 млн., ал елімізге келгендер саны 3,7 млн. адам болды. Үлттық кауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәліметінде туристердің 40 пайызы Қазақстанға туристік мақсатта сапар жасағанын айтады.
Осы бағытта Қазақстанның туристік ассоциациясы және халықаралық ІРК компаниясы әлем туризм индустриясының белсенділері: Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония және Франция елдерінің тұрғындарының арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде, қазақстандық бағытқа тек Ұлыбритания және Оңтүстік Корея тұрғындары қызығушылығын танытқандығы анықталды.
Бұл мемлекеттердің сауалнамаға катысқан респонденттерінің 10% -елімізде демалыстарын өткізуге дайындығын көрсетті. Олардың 74% -жабайы табиғатты, 68% - шексіз қүмды даланы, 69% - емдік касиеті бар тұзды көлдерді, 59% - тауға өрлеуді көздесе, 63% - көшпенділер тарихына қызығушылықты көрсетті. Туристердің тек шағын тобы ғана қала бойынша экотурларға Каспий теңізінде саяхат жасауға және «Байкоңыр» ғарыш айлағын керуге асығыс екен. Сондай-ақ ІРК компаниясының сарапшыларының айтуы бойынша, шетел туристеріңің демалыстарын Қазақстанда өткізуіне итермелейтін бірден-бір себеп — еліміздегі саяси-экономикалық тұрақтылық [27].
3.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорындарда маркетингті қолдану және дамытудың жолдары
Қазіргі таңда еліміз туризм саласына мықтап көңіл бөліп отыр. Сонымен министрлік тарапынан көптеген іс-шаралар атқарылуды. Соның басым бөлігі Қазақстанды шетелге таныту мақсатында іске асырылуда. Туризм саласында ең өзекті, ықпалды туристік кәсіпорынның бірі — туроператорлар. Себебі туроператор барлық туристік кәсіпорындарға турпакет өндіріп, сату арқылы клиент тауып, бере алады. Сонымен қатар қонақ үйлерде ең маңызды негізгі объект болып саналады. Осы турорператор мен қонақ үйлерді негізгі объект ретінде бөлек қарастырсақ. Себебі туроператор елімізге турист тартумен шұғылданса, қонақ үйлер олардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуі. Мұнда тек қана шеттен келетін туристті тарту ғана емес, отандық туристерімізді де көбейту арқылы ішкі туризмге ықпал жасау болып отыр. Әрбір кәсіпорын әрине өзіне пайда табу мақсатымен жұмыс істейді.
Соған сай стратегиялық жоспар құрады.
Стратегиялық жоспар құрауы мына жағдайларға сүйену керек:
1. Макроортадағы өзгерістер
2. Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары
3. Қаржылық жағдайы
4. Бәсекелес кәсіпорын жайлы мәлімет
Әрине мұндағы жағдайлар бір қалыпты, өзгеріссіз болмаса да бір жоспар құруға мүмкіндік береді.
Мұнда көптеген пайда келтірерлік жобалар міндетті түрде құрылады. Егер кәсіпорын үлкен болса әр бөлімге тиісті міндеттерді бөліп беру керек. Мысалы, Талдау бөліміне бәсекелестер жайында және макроорта жайында тұрақты мәлімет беруді, Өңдеу бөліміне және стратегиялық жоспарлау бөліміне талдау бөлімінен келіп түскен жан-жақты зертелген мәліметтерді қайта өңдеп, соған сай жобалар мен қабілетті жобаларды шығаруды жүктеу керек [28].
Ал бас директор немесе директорлар жөнінде шешім шығарады мен қолда бар ресурстардың тартымдылығы роль ойнайды.
Информация о работе Туристік кәсіпорындарды басқарудағы маркетингтің теориялық негіздері