Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:19, дипломная работа
Елбасымыздың жолдауында ең бірінші мәселе болып туризм мәселесі қойылды. Бұл стратегияда туризмнің даму жолдары мен көздерін қарастырып, оның іске асуын қадағалау керектігі жазылады.
Туристік кәсіпорынның басшылығы маркетинг қызметкерлерінің дәрежесін көтеру курстарынан өтуін, жаңалықтарға жедел бейімделуін, түрлі семинарларға қатысуы мен өз ойларын қалыптастыруын қадағалау керек. Басшы маркетинг бөлімінің қызметкерлерін ынталандырып және болжау керек, мәселені шешу шараларын жасау мақсатымен маркетингтік зерттеу нәтижелері бойынша жиналыстар өткізіп және қызметкерлердің жобаларын ескеруі тиіс.
Шетелдік серіктестермен, әсіресе маркетинг фирма қызметін жақсарту саясатының және туристік қызмет саласының ажырамас бөлігі болып табылатын елдерде тәжірбие алмасқан жөн. Фирма қызметкерлерінің маркетинг жұмыстарын ұйымдастыру әдебиеттерімен және журналдармен қамтамасыз ету керек. Сапалы маркетингтік зерттеу жүргізу үшін қасжетті құралдарды беруі тиіс және туризм индустриясында маркетинг қызметін жетілдіру бойынша конференциялар мен басқа да шараларға қаражат бөлген дұрыс.
Сұранысқа ие туристік қызметтерді қалыптастырса фирма маркетингтік стратегия мен оны пайдалану қабілетін иелену керек.
Осылай, қызмет саласы ретінде маркетинг шетке қалмай, дербес бірлік секілді туристік кәсіпорындарға еніп және дамуы тиіс.
Сонымен қатар, маркетингтік жоспарлауды да іске асырған маңызды. Маркетингтік жоспарлау деп кешендеп қарастырылатын және шешілетін қызмет пен өнімді өткізу, бағаны белгілеу саласында туристік кәсіпорынның саясаты мен стратегиясы түсіндіріледі.
Туризмде маркетингтік жоспарлау сауда саясатын белгілеуге, сату мен пайда алу тәсілін дұрыс орындауға көмектеседі. Маркетингтің негізгі қызметі қажеттілікті, сұранысты, монополия мен кәсіпкерлік бағаны, нарықты сегменттеуге, туристік-экскурсиялық қызметінің тізімін дамыту болып табылады.
Маркетингтік жоспарлауды пайдаланып, көптеген туристік компаниялар жаңа туристік нарыққа шыққанда қателіктерді алдын алады.
Ірі туристік компаниялардағы маркетинг бөлімдері өткізу жолдары мен нарықтағы жағдайды бақылап, шектеулі шараларды жоспарлайды, нарықтағы компаниялардың қызметін маркетинг өздігінен бақыламайды.
Маркетинг стратегиясы туристік өнімді жарнамалау, өндіру мен ілгерілетуге негізделеді. Туристік компаиядағы маркетологтың рөлі нарықтағы барлық талаптарды талдаудан, оларды қанағаттандыру үшін стратегияны менеджерлерге жасатудан тұрады.
Маркетингтік ойларды жүзеге асыру келесі жағдайларға байланысты:
– жоспарлау үдерісіне басшылардың қатысуы;
– нақты фактілер мен қорытындылар негізінде тауар мен нарық стратегияларын жасау;
– стратегияны ретімен іске асыру.
Туристік кампанияларда маркетингтік жоспарлауды қолдану нарықтың қызметі мен ғылыми негізделген бағыттарды жасауға, оның одан әрі дамытуға тиімді әсер ету мақсатында және кешендік талдау негізінде туризм нарығын зерттеудің ұйымдастырылған жүйесін қалыптастырады [22].
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ МАРКЕТИНГТТІҢ ПЕРСПЕКТИВАСЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстанның имиджін қалыптастыру
Мемлекет тарапынан экономикалық даму жоспарларындағы туризмнің маңызы мен ел экономикасының дамуындағы орны халыққа жариялы болуы керек. Туризмді танытуда белгілі жетістіктерге жетуде қазақстандықтардың қонақжайлылығы жеткіліксіз, ол қоғамның туризм жайлы түсінігіне де байланысты. Халықтың туристік түсінігі мол болса, туристерге деген сенімі де артады. Бұл елдегі туристер мен жергілікті халық арасындағы көптеген шиеленістерді болдырмауға және сервистік қызметті жоғарғы деңгейде көрсетуге өз септігін тигізеді. Қазіргі таңда бұның бәрі үлкен талас-тартысты тудырғанымен жәй сөз күйінде қалуда. Ендігі кезек сөзден - іске көшу.
Жолдар, порттар, аэропорттар, вокзалдар, көпірлер, су, әлектр энергиясы, канализация, коммуникация мен отельдер, мотельдер, пансионаттар, кемпингтер, ірілі-ұсақ туристік кешендер барлығы туризм инфрақұрылымын құрайды. Туристік тұтынушылардың тамақтану, киім сатып алу, спортпен айналысу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ресторан, казино, кафе, шайхана, бассейндер, спорттық кешендер, дискотекалар мен түнгі клубтар, киім-кешек дүкендері, сауда орталықтары, музейлер және сол сияқты туристік кешендер болуы тиіс. Инфрақұрылымның кемшіліктерінен туатын мәселелер, туризмді танытуды жүзеге асыруда елеулі кері әсерлерін тигізеді.
Туризм тұтынушыларға адамдар тарапынан қызметтерді дер кезінде өндіретін экономиканың бір саласы. Яғни, туризм - елдегі туристік ресурстарға ие халықтың туризм жөніндегі түсінік деңгейімен, екінші жағынан қызмет көрсететін қызметкерлердің кәсіби білімділік деңгейінің арқасында жүзеге асырылады. Туризмде, туристік қызмет адам тарапынан көрсетілетіндіктен экономиканың басқа салаларына қарағанда, адам күшін әлде қайда көп талап ететін сала болып табылады. Сондықтан бұл мәселені шешуде қоғамымыздың әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, жоғарғы оқу орындарында және халық арасында туризмді танытуға назар аударту керек. Өйткені, ішкі туризмді таныту мен халыққа туристік білім берудің туризмді сыртқа танытуда қосатын үлесі мол.
Туризмді таныту алғы шарттарының ең маңыздысы туристің талғам ерекшеліктерін анықтау. Туристердің тілектерімен мен талғамдарына қарай олардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік кешендер жоқ немесе жеткіліксіз болса, туристер келген мемлекет оларға сенімсіздік пен үрей тудырса, қызметкерлер өз міндеттерін дұрыс атқармаса, транспорттық немесе коммуникациялық жүйелер жұмыс істемесе, көңіл көтеру, таныту жұмыстары ұйымдастырылмаған күйде жүргізіліп жатса, беделді имидж құру мақсаты жүзеге аспайды.
Туризм — көп жақты сала болуына байланысты, көп түрлі бөлімдерден және осы бөлімдерде жұмыс істейтін ұйымдардан тұрады. Сыртқа танытуда саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени таныту жұмыстарын бірге атқаратын, олардың басын біріктіріп белгілі бір ұйымдар құру қажеттілігі туындап отыр. Барлығы бір ұйымға немесе халықаралық туристік ұйымдарға мүше болып, халықаралық стандарттарға сай жұмыс атқарып, тәжірибе алмасса, еліміздің имиджін құруда өнімді нәтижеге жетуіміз анық [23].
Қандай да бір елдің туристік құндылықтарын сыртқа танытуды бастамас бұрын нарықтық зерттеулер жүргізіледі. Ол зерттеулер мәліметтерді жинап қана қою емес, зерттеу процесінің әр бір кезеңінде жинақталған мәліметтерді ой елегінен өткізе отырып, нақты ұсыныстар беру және шешім қабылдаудан тұрады. Туристік танытудан алдын жүргізілетін бұл зерттеулер туристік таныту процесінің жақсы өтуін және нәтижелі болуын қамтамассыз етеді. Жалпы таныту зерттеулері жеке зерттеулер жиынтығынан тұрады. Олар:
1. Халықаралық туризмге байланысты зерттеулер:
Халықаралық туризмнің дамуы
Туристік шығындар мен кірістер
Әлемдік туристік кешендер
Туристік ұйымдар
Шетелдегі туристік өнімдердің түрлері мен сапа деңгейі.
2. Елдегі халықаралық туризмге байланысты жүргізілетін зерттеулер:
Елге келуші және елден шығатын туристер саны
Елдегі туристік кешендер
Елдегі туристік ұйымдар
3. Туристік өнімдерге байланысты зерттеулер:
Елде өндірілетін туристік өнімдер мен оларды дамытуға байланысты зерттеулер.
Елдегі өндірілетін туристік өнімдері мен бәсекелес елдердің туристік өнімдерін салыстыру жұмыстарына байланысты зерттеулер.
4. Туризмді танытуды қаржыландыруға байланысты зерттеулер. Туризмді танытуды қаржыландырудың нақты және потенциалды қаржыландыру- көздері, олардың қойатын шарттарына байланысты жүргізілетін зерттеулер.
Туризмді таныту зерттеулерінің негізгі мақсаты — туристік өнімдер және туристік тұтынушылардың талғамдары арасында үйлесімділікті табу, мемлекетке әлеуметтік-экономикалық пайда түсіру. Туризмді танытудың бір жағында туристік өнім, екінші жағында туристік тұтынушылардың қалаулары мен қажеттіліктері орын алады. Ал бұл екі құрамдас жақтың арасында бәсекелестердің, таныту жөне байланыс құралдары мен әдістері, қаржыландыру көздерінің зерттелуі орын алады.
Мұнда зерттеудің негізі – туристік өнімдерді зерттеу, ал таныту және байланыс құралдары мен әдістері, қаржыландыру көздерінің зерттелуі аралық зерттеу болып табылады. Осының негізінде бізде, елдің туристік құндылықтарын сыртқа танытудан бұрын нарықтық зерттеулер жүргізу қажет.
Мына сұрақтарға жауаптар іздеп көрейік:
1. Нені танытамыз?
2. Кімге танытамыз?
3. Қайда танытамыз?
4. Қашан танытамыз?
5. Не мақсатпен танытамыз?
6. Қалай танытамыз?
1. Нені танытамыз? (Туристік өнімдердің зерттелуі) Ең алдымен танылуы көзделіп отырған өнімді таңдау керек. Туристік өнімі жоқ жерлерге таныту жұмыстары жүргізілмейді. Туристік өнімдердің зерттелуі, туристік өнімдердің негізгі ерекшеліктерін анықтауға бағытталған іс-шара. Бұл зерттеудің нәтижесінде туристік өнімдерді таныту стратегиясы мен саясаты белгіленеді. Осылайша туристік өнімнің маркасы мен имиджі жасалады. Туристік өнімнің әлементтері:
Табиғи құндылықтар
Тарихи құндылықтар
Әлеуметтік жағдай
Инфрақұрылым
Қонақжайлылық
Туризмнің әрбір құраушы әлементі туристік өнімді өз алдына танытады, осылайша туристік өнімнің жалпы танытымы жасалады. Туристік өнімді құрайтын элементтер екі бөлікке бөлінеді:
1. Бірінші дәрежедегі қызықтыру факторы.
2. Екінші дәрежедегі қызықтыру факторы.
Табиғи, мәдени, әлеуметтік жөне тарихи құндылықтарды бірінші дәрежедегі қызықтыру факторына жатқызамыз. Екінші дәрежедегі қызықтыру факторына тасымалдау, орналасу, тамақтану, көңіл - көтеру, және т.б. кіреді. Бұл екі дәрежедегі қызықтыру факторлары тұтынушы туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруда бір-бірін толықтырып отырады. Еліміз бірінші дәрежедегі қызықтыру факторына, яғни табиғи, тарихи, мәдени құндылықтарға өте бай мемлекет. Алайда, туристердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттануын қамтамассыз ететін екінші дәрежедегі қызықтыру факторы болып табылады. Ол дегеніміз, біздің екінші дәрежедегі қызықтыру факторының құраушы элементтерінің толығымен бой көтеруін қамтамассыз етуімізді керек етеді.
Туристік өнімнің зерттелуінде мына сұрақтарға жауап ізделінеді:
Тұтынушы турист, туристік өнімнен не күтеді?
Туристік өнімнің қызықтыру деңгейі қандай?
Туристік өнімнің сатылуы, жоспарланған пайда табу тез арада жүзеге асырылады ма?
Туристік өнім, тұтынушы туристің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады ма?
Туристік өнімнің бағасы қалай белгіленеді?
Туристік өнімнің құндылықтарын белгілейтін элементтер қандай?
Туристік өнімнің танытылуы, сатылуы мен өзіндік құны қандай болмақ?
Мысалыға: туристік өнімнің тұтынушылардан қашықтығы, климат, көлік құралдары, экономикалық және әлеуметтік құндылықтары жөнінен елдің жалпы көрінісі.
2. Кімге танытамыз? (Туристік тұтынушылардың зерттелуі)
Нақты және потенциалды нарықтар географиялық, демографиялық және экономикалық белгілері бойынша зерттеліп, мәліметтер жинақталғаннан соң, туристік таныту жұмысы жүргізіліп нарыққа жіберіледі. Алайда, үлкен нарықты алатын тұтынушы туристерді зерттеу өте қиын жұмыс. Бұдан басқа тұтынушы туристерді анықтауда, ресми статистика да қолданылады [24].
Тұтынушы туристерді зерттеу жұмысындағы алғашқы қадам, тұтынушы туристерді анықтау. Тұтынушы туристер тобы анықталғаннан кейін кезек туристердің талғамдарына келіп жетеді. Тұтынушы туристердің қалауларын қанағаттандыру үшін, зерттеу төмендегі мәселелер аумағында өрбіп, соның нәтижесіне қарай таныту жоспары жүзеге асырылуы қажет:
Тұтынушы туристердің саяхатқа қатысудағы мақсаты
Тұтынушы туристердің шығындалу деңгейі
Тұтынушы туристердің мәдениеттілік деңгейі
Тұтынушы туристердің қоғамдық топтары
Тұтынушы туристердің кредиттер қолдануы
Тұтынушы туристердің жас ерекшеліктері
Бос уақытында айналысатын сүйікті ісі
Тұтынушы туристердің жанұя құрамы
Тұтынушы туристердің тұратын жері(қала, ауыл, аудан және т.б.)
Тұтынушылардың өмір сүру деңгейі
Тұтынушы туристердің ерекшеліктері
Тұтынушы туристердің тауар, не қызметтен көздеген
пайдалары
Тұтынушы туристердің саяхатқа шығу жиілігі
Информация о работе Туристік кәсіпорындарды басқарудағы маркетингтің теориялық негіздері