Туристік кәсіпорындарды басқарудағы маркетингтің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:19, дипломная работа

Описание работы

Елбасымыздың жолдауында ең бірінші мәселе болып туризм мәселесі қойылды. Бұл стратегияда туризмнің даму жолдары мен көздерін қарастырып, оның іске асуын қадағалау керектігі жазылады.

Работа содержит 1 файл

ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.doc

— 638.00 Кб (Скачать)

Туристік аймақтың тартымдылығын анықтайтын факторларға келесілерді жатқызуға болады: 1) аймақтың қолайлығы; 2) табиғаты және климаты; 3) келушілерге тұрғылықты халықтың қатынасы; 4) аймақтың инфрақұрылымы; 5) бөлшек сауда жағдайы; 6) баға деңгейі; 7) спорттық және білім беру мүмкіншіліктері; 8) мәдени және әлеуметтік сипаттар.

              Сондай-ақ, туристердің ағымының төмендеуіне әсер ететін басқа да мәселелер бар: 1) виза мәселелерімен байланысты қиыншылықтар. Визасыз кіріп-шығуға болатын елдер бар. Біз үшін осындай әкімшілік рәсімінің жеңілдеуі өте маңызды; 2) Қазақстан Республикасының туризм агенттігі «Hot Line» құру ісімен айналысуда. Егер турист кез-келген аймақта туристік сапармен жүрген кезде төтенше жағдай болса, арнайы жүйе арқылы қажетті көмек жөнінде ақпарат беруге мүмкіндік туады. Бұл әрине мәселенің ұшығуының алдын алады; 3) тұрақты негіздегі авиарейстің жеткіліксіздігі; 4) көрсетілген қызметтердің бағасының деңгейін олардың сапасына сай болмауы (тұру, тамақтану, көлікпен қамтамасыз ету және т.б.); 3) салық саясаты туризмнің дамуына кедергі жасайды, фирма туристерді жіберуге немесе қабылдаумен айналысатынына қарамастан туристік қызметке қосымша құн салығы салынады.

              Қазақстан туризм саласына SWOT талдау жүргізетін болсақ, МЖМ алаңы – яғни, Қазақстан матрицада көрсетілген мықты жақтарын қолданып, туып отырған мүмкіндіктерді жіберіп алмауы тиіс. ҚР туристік ел ретіндегі басқа елдерге қарағандағы бәсекелестік артықшылығы геосаяси жағынан өте ыңғайлы жерде орналасуы, туристік рекреациялық зоналардың, ландшафтардың, флора мен фаунаның алуан түрлігі, саяси тұрақтылығы, ілгері экономикалық дамуы, территориясында тарихи ескерткіштердің мол болуы және Ұлы Жібек Жолының бойымен орналасуы болып табылады.

              Кесте 2. SWOT матрицасы

 

 

Мүмкіндіктер

1. Туризмге тікелей немесе жанама қатысы бар барлық кәсіпорындарды дамыту;

2. Халықты жұмыспен қамтамасыз ететін шағын және орта бизнесті дамыту;

3. Еліміздің беделін әлемдік қауымдастық алдында көтеру;

4. Келу туризмін кеңейту арқылы шетел валютасының Қазақстанға келуіне қол жеткізу;

5.Қызмет көрсету саласын кеңейту.

Қауіптер

1. Экологияның нашарлауы;

2. Саяси тұрақсыздық;

3. Экономикалық тұрақсыздық.

Мықты жақтар

1. Қазақстанның геосаяси тұрғысынан ыңғайлы жерде орналасуы;

2. Туристік рекреациялық зоналарының, ландшафтардың, флора мен фаунаның алуан түрлілігі;

3. Саяси тұрақтылық пен экономикалық дау;

4. Қазақстан территориясында тарихи ескерткіштердің көп болуы;

5. Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойында орналасуы.

МЫҚТЫ ЖАҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР – МЖМ

МЫҚТЫ ЖАҚТАР МЕН ҚАУІПТЕР – МЖҚ

Әлсіз жақтар

1. Әлсіз инфрақұрылым;

2. Қазақстан жөнінде потенциалды туристерде ақпараттың аздығы;

3. Көрсетілетін қызметтердің сәйкес деңгейде болмауы;

4. Туризм саласында Қазақстан мамандарының тәжірибесінің аздығы.

ӘЛСІЗ ЖАҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР - ӘЖМ

ӘЛСІЗ ЖАҚТАР МЕН ҚАУІПТЕР - ӘЖҚ

Ескерту: ҚР статистикалық агентствосының мәліметтері бойынша автор құрастырған

 

              Аталып кеткен мықты жақтар Қазақстанда туризм саласының үлкен потенциалы бар екеніне көзімізді жеткізеді және соның әсерінен еліміздің алдында бірқатар мүмкіндіктер туғызады. Олар SWOT матрицасында келтірілген. Енді біздің мақсатымыз аталған мықты жақтарды пайдаланып, туып отырған мүмкіндіктерді жүзеге асыруға қол жеткізетін стратегия бойынша туризм саласын дамыту. Яғни, дамыту дегеніміз саланың алдында тұрған бірқатар мәселелер тізбегін шешу. Бұл мәселелер біздің әлсіз жақтарымыз болып табылады. Олар да SWOT матрицасында өзінің орнын тапты және ӘЖМ алаңында мүмкіндіктермен қиылысады. Осы алаңның мағынасы – мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін әлсіз жақтарды жою керек. Сол мақсатта жүзеге асатын стратегиямен жұмыс істеуіміз қажет.

Сонымен қатар, туристік саланы мүлдем артқа қарай шегіндіріп тастай алатын бірқатар қауіптер де төніп тұр. Олар қатарына экология нашарлауы, саяси тұрақсыздық, экономикалық тұрақсыздық жатады. Аталған қауіптердің алдын алу үшін біз өзіміздің мықты жақтарымызды қолданып, олардың мүлдем көзін жоятын стратегия бойынша қызметті жүзеге асыру қажет. Бұл жағдай SWOT матрицасының МЖҚ алаңында туып отыр.

              Туристік саланың төмен деңгейде болуының себептері мен оған төніп отырған қауіптері ӘЖҚ алаңында қиылысуда. Бұл алаңда біздің алдымызда тұрған мәселе – әлсіз жақтардан құтылу және қауіптерді әр қашанда қадағалау, өмірде өз көрінісін табуына жол бермеу. Сонда мықты жақтар әсерінен пайда болып отырған мүмкіндіктер жүзеге аысп, елімізге үлкен пайдасын әкелер еді [15].

              Туристік кластер ядросы қызмет жабдықтаушылар болып табылады, басқа сөзбен айтқанда, бұл шетел туристерін Қазақстанға шоғырландыру қызметтерін ұсынатын туристік агенттіктер. Қонақ үйлер, демалыс үйлері, транспорттық компаниялар да туристік бизнестің өте маңызды құраушылары болып табылады және туристік агенттіктермен ұсынылатын қызмет пакеттеріне енгізіледі.

              Қызықтыру орындары туристік кластер картасының өте маңызды орнын алады, себебі олар тек туристер таңдауын ғана емес, сонымен қатар әрбір елдің ерекшеліктерін де көрсетеді.

              Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы өзгеше мәдениетінде (тарихи туризм), көркем жабайы табиғатында және спорттық туризм мен экстремалды туризм сияқты белсенді демалыс түрлерімен айналысуға мүмкіндіктің бар болуында жатыр.

              Келушілер де туристік кластердің маңызды бөлігі, туристік кластер картасы тапсырыс берушінің қалауына байланысты өзгеріп отырады.

              Туристік қызметтердің жанама жабдықтаушылары мейрамханалар мен туристердің қауіпсіздігімен айналысатын мекемелер. Қазіргі таңда аталған сектордың туристік агенттіктермен байланысы қажетті деңгейде емес.

              Туристік кластер дамуының қажетті құраушысының бірі білім беру мекемелері, салалық ассоцияциялар және мемлекеттік мекемелер. Білім беру мекемелері туристік кластерге қажет мамандары даярлаумен шұғылданады.

              Туризм индустриясын дамыту мақсатында біртұтас мемлекеттік саясат жасалған. Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің туризм және спорт комитеті Республиканың заң базасына сүйеніп, 2030 жылға дейін саланың дамуының стратегиялық бағдарламасын және «Жібек жолының тарихи орталықтарын өркендету» мемлекеттік бағдарламасын жасады. Екі  бағдарлама да Қазақстан Республикасының Президентінің жарғысымен үкімет қаулысымен бекітілген. Қазақстандағы Жібек жолы бөлігін өркендету мақсатында «Жібек жолы – Қазақстан Ұлттық компания» АҚ құрылды [16].

              Елбасымыздың жолдауында ең бірінші мәселе болып туризм мәселесі қойылды. Бұл стратегияда туризмнің даму жолдары мен көздерін қарастырып, оның іске асуын қадағалау керектігі жазылады.

              Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық  туристік өнімі өмір сүру шеңберінде енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде маркетинг шараларын өте белсенді түрде қолдану керек, дәлірек айтсақ, туристік өнімі жайлы әлуетті туристерді ақпараттандыру деңгейін көтеру керек, яғни Қазақстан туризм үшін өте қолайлы жер деген ойды тұтынушылар санасында жайғастырып, туристік өнімнің имиджін құруымыз қажет. Ішкі туризмнің тұтынушылары болып табылатын республикамыздың азаматтарының да қазақстандық туристік өнім жайлы ақпараттану деңгейі жоғары емес. Қазіргі таңда алыс шетелге шығуға мүмкіндігі жоқ, бірақ көршілес елдерге туристік сапармен баруға жағдайлары келетін халық үлесі елеулі болып отыр. Осы тұтынушылардың өзіміздің туристік өнімізге қызығушылықтарын арттырып, тартып алуымызға қазіргі таңда өте қолайлы жағдай туып отыр. Көршілес мемлекеттерде саяси жағдайдың тұрақсыздығы біздің ішкі туризм көрсеткіштеріне оң әсерін тигізе алады. Сондықтан, қазіргі уақытта туристік ел ішінде белсенді түрде дәріптеуіміз қажет. БАҚ-ң мониторингы арқылы бәсекелестердің жарнамалық кампаниялары туралы, олардың жарнамасының тәсілдері мен ауқымы қандай дәрежеде екенін білуге болады. Сонымен қатар, БАҚ-да туристік фирмалардың рейтингі басылады. Олар түпкілікті жиналып, зерттеледі.

              Сонымен қатар шетелдік партнерлар ақпараттар көзі болуы мүмкін. Олар бәсекелестер жіберген туристік лектерінің көлемі қандай екенін және олар қандай қаладан келгендігі, қандай қосымша қызметтермен пайдаланғандағы жайлы ақпарат беруі мүмкін.

              Бәсекелестер туралы ақпарат жиналып, талданып есеп түрінде туристік фирма басшылығына беріледі. Өйткені, туристік фирмалардың мақсаты бәсекелестерге қарағанда жақсырақ жұмыс жасау болып табылады, олар бәсекелестерінің кемшіліктерін табу арқылы өзінің жүмысында оларды болдырмауға тырысуы қажет. Бәсекелестерге қатысты турфирмалардың белгілі бір стратегия, бағалық саясат және маркетинг кешенінің бір құралы қолданылады.

              Агенттік тораппен жұмыс жасау маркетинг бөлімінің маңызды мәселесі болып табылады. Агеттік торапқа турфирмамен келісім шартқа отырған барлық турагенттіктер, жеке кәсіпкерлер және ұйымдар кіреді. Маркетинг бөлімінің агенттік торапқа жауап беретін қызметкерлері агенттер туралы көрсеткіштер базасын жүргізуі тиіс.

              Агенттік торапың мүшелеріне турфирманың ұсынатын қызметтерінің пакеттері жіберіледі (каталогтар, брошюралар және олардың электрондық түрі т.б.). Агенттер барлық керекті ақпаратпен қамтылуы тиіс.

              Сонымен қатар, маркетинг бөлімінің қызметкерлері агенттердің жұмысы нәтижелері туралы есеп жүргізіп отыруы тиіс.

              Агенттік тораптың мүшелерінің жұмысын ынталандыру мақсатында бонустар жүйесі енгізілуі тиіс. Әрбір жіберілген турист белгілі бір ұпай әкеледі. Ұпайлардың белгілі бір мөлшері бонустық жүйенің бірінші, екінші және үшінші орындарға шығуға мүмкіндік береді. Бұл коммисиондық марапаттаудың 3 деңгейін қарастыруға мүмкіндік береді. Төменгі деңгейдегі коммисиялық марапаттау 5 - 7 %, ең жоғары деңгейде 10 - 12 %. Бонустарды санау және коммисиондық марапаттау мөлшерін орнату маркетингтік бөлімнің қызметіне кіруі керек.

              Турөнімді жылжытудың негізгі қүралының бірі болып, халықаралық көрмелер мен кездесулерге қатысу болып табылады. Олар турөнімге ғана емес және турфирмаға назар аударуға мүмкіндік береді. Маркетингтік бөлімнің мұндағы қызметі болып жатқан, болашақта болатын кәсіби көрмелер туралы ақпарат жинау болып табылады. Осыған байланысты екі стратегиялық бағыт орнатылады - біреуі әлуетті агенттерді бірге жүмыс істеуге тарту («рusһ») және екіншісі тұтынушыларға бағытталған («рull»). Кәсіби көрермендер үшін көрменің бірінші күні арналады [17].

              Көрмеге турфирманың өнімін көрсететін жарнамалық материал дайындалады. Көрмеге дайындалу кезінде шетел тілдерінде визиттық карточкаларды қажетті көлемде дайындауы қажет. Ең негізгісі жарнамалық стендті жасауы қажет.

              Туристік көрмелерге қатысудың екі мақсаты бар: 1) партнерлік байланыстарды және агенттік торапты кеңейту; 2) өзінің өнімдеріне түпкілікті тұтынушыларды тарту.

              Стендте жұмыс істеу үшін турфирма ең көзге түсімді, әрі пысық қызметкерлерін қояды. Олар шетел тілдерін білуі қажет. Стенд - турфирманың қызметі жайлы толық мәлімет беретін витрина.

              Тур операторлармен жұмыс істеуге агенттерді тартудың тағы бір
құралы презентацияларды ұйымдастыру. Презентация кәсіби көрме жұмыс істеп жатқан күндері, аумақтардағы жаңа филиалдардың ашылуына байланысты              немесе туристік мерзімнің ашылуымен байланысты ұйымдастырылады. Презентацияны ұйымдастырумен маркетинг бөлімі айналысады. Презентация салтанатты түрде мейрамханаларда, клубтарда жүргізіледі.

              Ұйымдарға демеушілік көмек, турфирмалар әр түрлі қоғамдық шараларда демеуші ролін атқаруы болады. Маркетинг бөлім елде, қалада қандай шаралар өтіп жатқандығын іздестіріп, ол жерлерге қатысу туралы шешім қабылдайды. Негізгі қоғамдық өмірде маңызы бар және БАҚ-да үлкен резонанс алатын оқиғаларға демушілік жасайды.

              Оперативті маркетинг. Турфирманың маркетингтік бөлімі агенттік торап арқылы және Интернет жүйесі арқылы жүргізілетін барлық сатулардың мониторингін жүргізеді. Сатулардың жүргізілуінің бағытын бақылау мақсатында есеп беру бланктары жасалады.

              Жарнамалық қызмет. Турфирманың жарнамалық қызметін жүргізудің негізгі бағыттары болып жарнамалық стратегияны және медиажоспар жасау, медиажоспардың орындалуын бақылау, БАҚ-да жарнаманы ұйымдастыру, каталогтар жасау, пресс-конференцияларды жүргізу және т.б. жарнамалық әрекеттер.

              Шетелде турөнімнің жарнамасымен тек турфирмалар ғана емес, сонымен қатар, федералды және жергілІкті құрылымдар, қонақ үйлер, театрлар, музейлер, тематикалық парктер, мейрамханалар және басқалар. Мысалы, Голландиядағы қызғалдақтардың өскендері жайлы БАҚ-ғы күшті жарнама арқылы білуге болады. Аты әйгілі Кекенхоф өзінің ғажайып гүлдері бар брошюраларын әлемнің түпкір-түпкіріне жібереді. Бұл брошюраларда парктың тарихы туралы, қандай көлікпен ол жерге жетуге болатындығы және бағаларының қандай екендігі туралы толық ақпарат бар. Қазіргі кездегі турфирманың қызметі нарықтық ортада жүргізіледі. Сұраныс пен ұсыныс заңдары, еркін бәсекелестік турфирманы нарықтық ойынға бас ұруға әкеледі. Маркетинг фирманың ішкі және сыртқы орта шындығымен байланыстыратын механизм болып табылады. Ол нарықтың конънктурасы, нарықтағы бәсекелестер, туристік лектердің бағыттары, туристік өнімнің өзгеруі, тұтынушылардың талғамы мен көзқарасының өзгерісі жайлы ақпарат береді

              Туристік аймақтың тартымдылығын анықтайтын факторларға келесілерді жатқызуға болады: 1) аймақтың қолайлығы; 2) табиғаты және климаты; 3) келушілерге тұрғылықты халықтың қатынасы; 4) аймақтың инфрақұрылымы; 5) бөлшек сауда жағдайы; 6) баға деңгейі; 7) спорттық және білім беру мүмкіншіліктері; 8) мәдени және әлеуметтік сипаттар [18].

Информация о работе Туристік кәсіпорындарды басқарудағы маркетингтің теориялық негіздері