Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:19, дипломная работа
Елбасымыздың жолдауында ең бірінші мәселе болып туризм мәселесі қойылды. Бұл стратегияда туризмнің даму жолдары мен көздерін қарастырып, оның іске асуын қадағалау керектігі жазылады.
Туристік фирмалардың қызметін жетілдіру үшін туристік фирмаларға тек қана маркетингпен айналысатын бөлімдер ашу қажет.
Туристік бизнесте маркетинг басты роль ойнайды және фирманың сұранысты басқару бағытындағы мақсатының тиімді құрал жүйесінде көрінеді. Нарықтық қатынастар жағдайында, яғни бәсекелестердің күшеюі немесе тұтынушылардың туристік қызметтерге талаптарының өсуі кезінде ішкі өзгерістерге бейімделу үшін стратегиялық маркетингтік жоспарды құру қажеттілігі туындайды.
1.Туризм индустриясы көптеген шағын және орташа кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кездегі маркетингтік құралдарды қолданатын не «ноу-хауы», не тәжірибесі жоқ және осы жұмыстарды атқаруға адам жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жоспарсыз жарнама, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнім жетілдіру әрекеттерін жасап жатады.
Бәсекелестіктің күшеюі және туристік қызметке деген клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің маркетингке бас ұруына алып келеді, яғни бәсекелестік күресте жетістікті қаматамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялық маркетингтік жоспар құрды.
Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы оның пайда болуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасаумен жоғарылайды, нарықты қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуы.
2.АҚШ және Франция тәжірибесінде егер барлық туристік ұйымдар қызметін мемлекеттік реттеуді, сонымен қатар олардың өзара байланыстылығын қамсыздандырса, онда туристік сала бәсекеге қабілетті және пайдалы болуы мүмкін. Бұдан төмендегідей қорытындыға келуге болады, дамушы елдер АҚШ және Франция елдерінің тәжірибесіне сүйену керек.
Ал туристік саланы дамыту үшін төмендегідей факторларға көңіл бөлу керек: дамушы елдерге елдің туризмін дамытуға ықпал ететін министрліктермен және комитеттермен жұмыс істейтін ұйымды құру керек; елдің және оның аймақтарының туристік ұйымдастыру ұйымдарының жұмысын күшейту; туризм өнімінің түрлерін көбейту, оның сапасын жақсарту, сонымен қатар жарнаманы күшейту, туристік өнімдер жәрмеңкелері мен көрмелеріне қатысу; туристер көп келетін жерлерге ұйымның офисін құру. Бұл офистер елге келетін туристердің ағымын көбейту мақсатында шаралар, жоспарлар жасауы керек; дамушы елдерге ішкі туризмді дамыту қажет; туристік ұйымға маркетингтік зерттеу, жарнаманы ұйымдастыру, туризм туралы ақпаратты дайындау жауапкершілігін арттыру керек; жеке секторда жұмыс істейтін кәсіпорындарға туризм ұйымы олардың дамуы үшін экономикалық қолдау көрсетуі керек.
3.Туристік кәсіпорында маркетинг қағидасын іске асыру маркетингтің сәйкес қызметін құруды талап етеді. Туристік фирмалардың ұйымдастырушылық құрылымындағы маркетинг қызметі барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметін белгілейді. Туристік кәсіпорынның қызметінің сипаты мен көлеміне байланысты маркетингті ұйымдастыру түрлі нұсқаларды қабылдай алады. Мұнда әмбебап сызба жоқ. Туристік кәсіпорынның маркетинг бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымының мынадай негізгі нұсқалары бар: қызметтік ұйымдастыру; азық-түлік қағидасы бойынша ұйымдастыру; аймақтық қағида бойынша ұйымдастыру.
4.Тұтынушылардың қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе екені бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып нарықтың сыйымдылығы мен конъюктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады. Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, әлеуметтік – мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қолданудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек.
Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнімі өмір сүру шеңберінде енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде маркетинг шараларын өте белсенді түрде қолдану керек, дәлірек айтсақ, туристік өнімі жайлы әлуетті туристерді ақпараттандыру деңгейін көтеру керек, яғни Қазақстан туризм үшін өте қолайлы жер деген ойды тұтынушылар санасында жайғастырып, туристік өнімнің имиджін құруымыз қажет. Ішкі туризмнің тұтынушылары болып табылатын республикамыздың азаматтарының да қазақстандық туристік өнім жайлы ақпараттану деңгейі жоғары емес. Қазіргі таңда алыс шетелге шығуға мүмкіндігі жоқ, бірақ көршілес елдерге туристік сапармен баруға жағдайлары келетін халық үлесі елеулі болып отыр. Осы тұтынушылардың өзіміздің туристік өнімізге қызығушылықтарын арттырып, тартып алуымызға қазіргі таңда өте қолайлы жағдай туып отыр. Көршілес мемлекеттерде саяси жағдайдың тұрақсыздығы біздің ішкі туризм көрсеткіштеріне оң әсерін тигізе алады. Сондықтан, қазіргі уақытта туристік ел ішінде белсенді түрде дәріптеуіміз қажет.
5.Қазақстанның туризм саласында маркетинг жетік пайдаланылмай жатыр және маркетингтік қызметтер нашар, маркетингтік тәсілдер қолдау таппады. Дегенмен, туризм саласындағы бәсекелестіктің өсуі, кәсіпкерлену мен туризм индустриясының кеңеюі туристік кәсіпорынның жұмысына маркетингтік негізгі элементтерін жедел енгізу керектігіне әкеледі.
Сонымен бірге, ықтимал тәуекелді төмендету үшін маркетингтік қағидаларды пайдалану қажет. Осылайша, туристік кәсіпорындарда тәжірбиелі маркетингтік қызметті ұйымдастыру қажет. Егер мұндай бөлімдер мен қызметтер құрылып және толық жұмыс істесе, онда ол кәсіпорынның дамуына мүмкіндік береді., ол маркетингтік қызмет нарық қажеттіліктерін тиімді қанағаттандырып, бәсекелестік күресінде кәсіпорынның жетістігін қамтамасыз етеді.
«Гульнара Тур» туристік фирмасы 1997 жылы құрылған. Бұл фирма өзінің чартерлік рейстерін дүние жүзіге ұйымдастыра отырып дамыған. Бүгінгі таңда «Гульнара Тур» фирмасы Қазақстанның ірі қалаларында өзінің филиалдары бар (Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Павлодар, Шымкент), сонымен қатар шет елдерде де филиалдарын ашқан ( Стамбул, Анталия, Бодрум — Түркия, Шарм Эль Шейх — Египет, Салоники — Греция, Паттайя — Тайланд). Бұл фирмаға өзінің клиенттерін офиске келгеннен бастап, демалыстан оралғанға дейін бақылауға мүмкіндік береді.
Туристік фирманың негізгі мақсаты саяхатты, экскурсияларды, жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу, өткізілетін іс – шараларына қатысуына адамдардың максималды санын тарту, туристерді жоғары сапалы қызмет көрсетуде іс – шаралардың танымдылық, тәрбиелік, сауықтыру құндылықтарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар шаруашылық – қаржылық қызметке және адамдардың қауіпсіздігін көрсететін талаптардың орындалуын қадағалау.
6.Туризм — көп жақты сала болуына байланысты, көп түрлі бөлімдерден және осы бөлімдерде жұмыс істейтін ұйымдардан тұрады. Сыртқа танытуда саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени таныту жұмыстарын бірге атқаратын, олардың басын біріктіріп белгілі бір ұйымдар құру қажеттілігі туындап отыр. Барлығы бір ұйымға немесе халықаралық туристік ұйымдарға мүше болып, халықаралық стандарттарға сай жұмыс атқарып, тәжірибе алмасса, еліміздің имиджін құруда өнімді нәтижеге жетуіміз анық.
Қандай да бір елдің туристік құндылықтарын сыртқа танытуды бастамас бұрын нарықтық зерттеулер жүргізіледі. Ол зерттеулер мәліметтерді жинап қана қою емес, зерттеу процесінің әр бір кезеңінде жинақталған мәліметтерді ой елегінен өткізе отырып, нақты ұсыныстар беру және шешім қабылдаудан тұрады. Туристік танытудан алдын жүргізілетін бұл зерттеулер туристік таныту процесінің жақсы өтуін және нәтижелі болуын қамтамассыз етеді.
7.Қазіргі таңда еліміз туризм саласына мықтап көңіл бөліп отыр. Сонымен министрлік тарапынан көптеген іс-шаралар атқарылуды. Соның басым бөлігі Қазақстанды шетелге таныту мақсатында іске асырылуда. Туризм саласында ең өзекті, ықпалды туристік кәсіпорынның бірі-туроператорлар. Себебі туроператор барлық туристік кәсіпорындарға турпакет өндіріп, сату арқылы клиент тауып, бере алады. Сонымен қатар қонақ үйлерде ең маңызды негізгі объект болып саналады. Осы тур орператор мен қонақ үйлерді негізгі объект ретінде бөлек қарастырсақ. Себебі Туроператор елімізге турист тартумен шұғылданса, қонақ үйлер олардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуі. Мұнда тек қана шеттен келетін туристті тарту ғана емес, отандық туристерімізді де көбейту арқылы ішкі туризмге ықпал жасау болып отыр. Әрбір кәсіпорын әрине өзіне пайда табу мақсатымен жұмыс істейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Шеденов У.К, Ильясов Д.Қ. Теория маркетинга и менеджмента в сфере
услуг. Алматы: Қазақ университеті, 2002.
2. Ілиясов Д.Қ. Маркетинг: теориясы мен практикасы. Алматы: Қазақ
университеті, 200
3. Борисова Ю.Н Маркетинг в туризме. М: Рос. Межд. Академия туризма,
1996-56 с.
4. Дурович А.П. Маркетинг в туризме. Минск: НПЖ «Финансы, учет,
аудит», 1998.
5. Голубков Е.П. Маркетинг стратегии, планы, структуры - М: Дело, 1995.
6. Академия рынка: маркетинг/пер. с фр. (Дайан А., Букерель Ф., Ланкар Р.
др.); науч.ред. Худакормов А.Г. - М.: Экономика, 1993.
7. Багиев Г.Л, Тарасевич В.М. Маркетинг. СПб: СПБУЭФ, 1996.
8. Сапрунова В.Б. Туризм: Эволюция. Структура. Маркетинг - М: Ось, 1997.
9. Юрик Р.А. Маркетинг как необходимый инструмент управления
турфирмой. // Маркетинг в Росии и за рубежом - 2004. - № 2
10. Е.Ополченова. Проблемы развития национального туризма// Туризм.- 2006. - №7. – с.32-33.
11. Алтынбаева Б.А. Рынок туристических услуг. Учебное пособие: Основы
рыночной инфраструктуры- Алматы: Экономика, 1997.
12. Котлер Ф. Маркетинг: Гостеприимство и туризм. Учебник для вузов/ пер. с
анг. под ред. Р.Б.Ноздревой. - М.: ЮНИТИ, 1998..
13. Зорин И.В. и др. Менеджмент туризма, Москва, 1996 г.
14. Ердавлетов С. Почему в Казахстане слаба индустрия туризма // Новое поколение, 16 декабря, 1994 г.
15. Щурова А, Кантарбаева Ж, Саурамбаев О. Рынок туристических услуг в Казахстане // Альпари 2005 г., №2,с.17.
16.Текенов У.А. Теоретические и практические аспекты формирования и развития кластерной системы в Казахстане// Казахстан-Спектр. -2006. -№1. – с.93-
17. Материалы семинаров по вопросам развития туризма. Агентство
Республики Казахстан по туризму и спорту. Астана, 2005г.
18. И.Полевой. Осбенности национального туризма// 04.08.06. www.gazeta.kz ақпараттық сайты.
19. Статистический пресс-бюллетень. Агентство Республики Казахстан по статистике - Алматы: 2007 г, №1.
20. Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А. Маркетинг негіздері - Алматы: Қазақ
университеті, 2000.
21. «Гульнара Тур» туристік фирмасының құжаттары негізінде
22. Исмаилова Д. Понятие туристического бизнеса и его значение в экономике страны// Экономика и право Казахстана – 2004. -№4. -с.51-53.
23. Бейжанова А.Т. Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы
маркетингтің дамуы. // Вестник КазНУ: серия экономическая -2004.-№4 с.
24.Жих Е.М, Панкрухин А.П, Соловьев В.А. Маркетинг: как завоевать
рынок? - Л: Лениздат, 1991
25.Развитие туристкой отрасли в Казахстане. www.fic.kz
26.Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының № 231 Жарлығы, 29.12.06ж.
27.Презентация кластерного развития туризма, данные Министерства Туризма и спорта Республики Казахстан.
28.Маркетинг. Учебник под ред. Романова А.Н. М: Банки и биржы,
ЮНИТИ, 1995.
29. Введение в бизнес туроперейтинга / под ред. Айгистовой О.В. М.: Рос.
Межд. туризма, 1997.
30. Л. Кельбуганова. Казахстанский туристский продукт в кластерной политике // Экономика и статистика. - 2004. - №3. – с.126-129.
31.Национальная программа развития индустрии туризма в Республике Казахстан, Алматы, 1999 г.
- 71 -
Информация о работе Туристік кәсіпорындарды басқарудағы маркетингтің теориялық негіздері