Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 21:03, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаттары болып әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор екенін ашу және кәсіпорындар мен бюджет арасындағы әртүрлі салықтық қатынастарды жетілдіру бағыттарын ұсыну болып табылады. Осыларға байланысты жұмыстың негізгі міндеттері кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарын талдау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------

1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ,
КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ------------------------------------------------
1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері-------------------------------------------
1.2 Салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңызы мен кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері-----------

2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН
ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ----------------------------------

2.1 Кәсіпорындардың бюджет жүйесіндегі негізгі қаржылық қызметтерін талдау----------------------------------
2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарын және олардың өзгерістерін талдау-------------

3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ----------------------------------------------------

3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде--------------------------------------------------


ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------

Работа содержит 1 файл

Дип.-Салық-салу-ісі-кәсіпорындардың-бюджетпен-қатынасы-ретінде.doc

— 2.39 Мб (Скачать)

Мемлекеттік бюджет бұл - орталықтандырылған ақша қорын құру барысындағы мемлекет және барлық меншік формасыкдағы субъектілер арасындағы экономикалық қатынастар (кесте 11).

 

Кесте 11

ААҚ «Табыс» кәсіпорынның 2003-2004 жылдық қаржы-шаруашылық қызметі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Бірлік

өлшемі

Өткен жыл

Есептегі жыл

Ауытқуы (+,-)

Өсу карлыны %

1.Өткізуден (сатудан) түскен табыс

мың.тг.

357349

268020

-89329

75%

2.Өнімнің өзіндік құны

мың.тг.

308046

236478

-71568

77%

З.Жалпы табыс

мың.тг.

49303

31542

-17761

63%

4.Кезеңдік шығындар

мың.тг.

36908

44746

7838

122%

5.Салық алынғанға дейінгі  табыс

мың.тг.

12395

-13204

-25599

: 06%


Сонымен мемлекеттік бюджет арқылы орталықтандырылған ақша қоры құрылып, қолданылады.

Мемлекеттік бюджет құрылу барысында төрт сатыдан өтеді:

1. Бюджеттің толықтылығы

2. Бюджеттің бірлігі

3. Бюджеттің нақтылығы немесе айқындағы

4. Бюджеттің шынайылығы

Бірінші сатыда - бюджеттің  және салықтың заңдылықтарға сай бюджеттің кіріс және шығыс бөлігіне барлық табыстар мен шығындар түгел енгізілуі қажет.

Екінші сатыда - бюджеттің құрылу процесінің бір белгіленген түрі бойынша, бір бюджеттік құжат бойынша жүргізілуі қажет.

Үшінші сатыда - бюджеттің  барлық кіріс және шығыс операциялары толық негізделген және дұрыс жүргізілуі қажет.

Төртінші сатыда - бюджеттің  ашық түрде талданып, мемлекеттік заң органдарымен бекітілуі қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасыныда бюджет жобасын орындаумен 2003 жылдан бастап - бюджеттік жоспарлау және экономика Министірлігі айналысады.

Қазіргі таңда бюджеттің  кірісін және шығысын есептеу  барысында келесідей әдістер  қолданылады:

1. автоматты әдіс.

2. мажорация және минорация әдісі.

3. бағалау әдісі.

Автоматты әдіс барысында  алдынғы жылғы кіріс және шығыс қортындысы келер жылғы бюджеттік кезеңге енгізіледі.

Мажорация және Минорация  әдісінде - 10-15 жылдың динамикалық қатарын статистикалық өңдеуден өткізіледі. Ауытқулар, түрлі даму тенденциялар анықталап, анықталған көрсеткіштер негізінде бюджеттің бір бөлік кіріс және шығыс баптары коррекцияланады, талданады.

Бағалау әдісі нақты  коньюнктураны зерттеу барысында  қолданады. Бұл әдіс барысында бюджет жобасын құрушылар келіп түсер түсімдерді және шығындар өзгерісін анықтауға тырысады.

Осы әдістерді қолдана отырып толық бекітілген бюджет орындалуға беріледі. Бюджеттің кассалық орындалуы екі әдіс арқылы жүзеге асырылады қазыналық және банктік әдіспен.

 

2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін млықтарын және олардың өзгерістерін талдау

Сонымен бюджеттің барлық түрлерінің жиынтығы – мемлекеттік бюджет жүйесін құрайды. Жалпы Қазақстан Республикасы бюджеттік құрлымы екі сатыда тұрады:

1. Республикалық бюджет

2. Жергілікті бюджеттер

Қазақстанда жаңа Салық  кодексінің қабылдауына байланысты елімізде бір мезгілде есептің ек түрін, яғни бухгалтерлік және салықтық есепті енгізу қажеттілігі пайда болды. Бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының, бірі -кәсіпорын қызметінің нақты қаржылық нәтижесі мен өнімнің өзіндік құнын анықтау болса, ал салықтық есеп - салық салынатын табыстар есептеуге арналған.

Кәсіпорындардың қызметінде сальіқтық есеппен бухгалтірлік есеп өздеріне тән айырмашылықтарына қарамастан бір-бірімен өте тығыз байланыста, өйткені ағымды төлемдерді табыс салығы бойынша заңды тұлғалар бухгалтерлік есеп көрсеткіштері бойынша құралған қаржылық нәтижелеріне сүйене отырып шығарды, бірақ соңғы салықтық есеп салық есебінің көрсеткіштері негізінде шығарылады.

Салық есебінің негізгі  мақсаты - алынатын соммалардың ұлғаюы емес, ол салықты есептеудің дұрыстығын бақылау болып табылады.

Көп жағдайларда салық  салаларын есептеу кезінде бухгалтерлік және салық есебінің көрсеткіштер арасында теріс айырма пайда болады. яғни салық саласы едәуір келмейді. Бұл амортизациялық аударымдарды есептеудегі ерекшеліктен болады, яғни салық есебінде амортизация нормасы бухгалтерлік есепте көрсетілген нормалардан біршама артады.

Бухгалтерлік және салық  есебінің арасындағы айырма - заңды тұлғалардың өзінің қызметкерлеріне көрсететін материалдық және әлеуметтік игіліктерінің сомасын жылдық жиынтық табыстан шегеріске жатқызуға әкеледі. Өндірістің негізгі құралдарын жаңартуда және техникалық қайта жабдықтау қажеттілігіне қарамастан бұл шегеріс кәсіпорындарды өзінің қызметкерлерін материалды қолдауына ынталандырады.

Салық заңдылықтары мен  жылдық жиынтық табыстан шегеріске толығымен жылдық төлемдер бойынша шығындар жатқызылғандығы, бұрын бұл шығындар - жалға берілген негізгі құралдарға амортизациялық аударымдар қаралған. Бұл шегерістер істің мазмұны бойынша жылдық жиынтық табысы, яғни салық саласын азайтатын жасырын салық жеңілдіктері болып табылады.Сол уақытта салық есебі шегерістердің кейбір түрлеріне шектеулерді ендіреді. Мысалға: ремонтқа шығындар 10 процент мөлшерінде құндық баланс топтарынан шегеріледі.

Салық төлеушілерге ұсынылған ең негізгі салық жеңілдіктерінің бірі болып кәсіпкерлік қызметтен бес жыл мерзімге берілетін шығынды ауыстыру құқы және оларды жылдық жиынтық табыс есебінен қту болып табылады.

Салық төлеушілер мен бұл деңілдіктерді қолдану өзіндік айналым қаражаттарының екі есе ұлғайған көлеміне айтарлықтай әсері тигізеді. Сонымен қатар сол кезде заңды тұлғалардың табыс салығы бойынша Сюджтке көптеген шығындар әкеледі (кесте 12).

 

Кесте 12

Бухгалтерлік және салықтық есеп түрлерінің салыстырмалы айрамашылығы

Көрсеткіштер

Бухгалтерлік есеп

Салықтық есеп

1

2

3

4

1

Негізгі заңдылық актілер

«бухгалтерлік есеп туралы»  заң, Қазақстандық бухгалтерлік eесп стандарты (БЕС)

Салық кодексі, салық органының жалпы ережелері

2

Мақсаты

Кәсіпорын мен ұйымдардың экономикалық жағдайы туралы ақпарат алу

Салық салуға қажетті ақпаратт алу

3

Ақпаратты қолданушы

Кәсіпорын басшылары  инвесторлар, банктер, сатып алушылар, жабдықтаушылар, басқа да кредиторлар  мемлекеттік органдар

Салық органдары

4

Операцияны көрсету  тәсілі

Бас шот жоспарға сәйкес синтетикалық шоттардағы екі жақты жазу жүйесі

Екі жақты жазу әдісінсіз, аналптикалық көрсеткіштердің арнайы регирсторларда толтыру

5

Есеп әдісі

Есепке алу әдісі

Есепке алу әдісі

6

Есеп беру түрлері

Бухгалтерлік баланс,

Салық деклара чия  жоне

   

қаржы шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп беру

есеп айырысулар

7

Есеп беру кезеңі

Жылына бір реттен аземес

Ай, тоқсан, жыл


Ескерту: сурет әдебиеттердің  көмегімен авторлармен жасалынған

 

Бір жағынан бұл көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардь: тұрақсыз қаржылық жағдайының нәтижесі болды, олардың көпшілігі шығынды болып келеді.

Екінші жағынан психологиялық  факторды да ескерту қажет. Нақтырақ айтсақ потенциалды салық төлеушілері салықтардың төлеушіге қалай қарайтыны ескерту қажеттілігі қазіргі кезде халық үшін маңызды міндет болып қалыптаспады және заңды тұлғалардың көпшілігі табыстарды азайтып көрсетуге, шығындарды көбейтіп көрсетуге тырысады. Бұған табыс салығының есептелуінің әдістемесінің өзі ықпалын тигізеді. Бұған дәлел болып келесілер табылады:

Қазіргі кезде заңды тұлғалардан салықтың есептелу механизмі келесі түрде көрсетіледі:

ЖЖТ-Ш = ССТ

Мұндағы: ЖЖТ - жылдық жиынтық табыс ТТТ - шегерістер салысы ССТ - салық салынатын табьі£.

ССТ - СС = ТТ

Мұндағы: СС - бюджетке түсуге тиісті салық саласы.

ТТ - салықты төлеуден кейін заңды тұлғалардың өзінде қалатын таза табыс.

ЖЖТ-пен шегерістер саласы арасындағы айырма-салықты төлеуден кейін кәсіпорын мен ұйымдардың иелігінде, кәсіпорын мен ұйымдадардың өзінің қарастырылуы бойынша шығындалатын таза табыс қалады.

Кез-келген салық төлеушінің өз алдына қойған мақсаты бюджетке неғұрлым аз салықты төлеу болып табылады. Бұл мақсатқа жету оңай емес, оған мына әдіспен жетуге болады. ЖЖТ-тық суммалық мөлшерінің азайтылуы кезінде және шегерістердің суммалық мөлшерінің біркелкі көбейтілуі кезінде салық салынатын табыстың азаюы пайда болады, яғни табыс салығының сомасы да азайтылады.

Мынадай қорытындыны  жасауға болады: табыс салығының әрекет етуші механизмі табыстардың емес, шығыстардың өсуін ынталандырады, өйткені салық төлеушіге шығындарды көбейту тиімді болғандықтан және оның салдары болып табыс салығының төлемеу тиімділігі болып табылад.

Заңды тұлғалардың табыс салығының салық салу объектісін анықтаудың соңғы қорытынды сатысы болып жылдық жиынтық табыстан шегерістерді шығару болып табылады.

Жылдық жиынтық табыстан оны алуға байланысты барлық шығындар, яғни еңбекке ақы төлеу қызметкерлерге материалдық және әлеуметтік игіліктерді беру жөніндегі міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті зейнетақы жинақ қорларына аударым шығындарды жатады. Бұл шығындар бойынша шегерістер заңдылықпен белгіленген нормаларға сай жасалынады және кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстарды алумен байланысты шығындарды дәлелдейтін құжаттар нақты бар жағдайды ғана шегерістер жасалынады.

1. Алынған несиелер бойынша сыйақыларға шегерістерді жасау. Банктер және басқа ұйымдар берген кредит үшін алынған процент нақты

мөлшері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық банкі белгіленген қайта қаржыландыру ставкісі есебінен айқындалып, осы ставканың 50%-не көбейтілген процент сомасы шегінде, ал шетелдік валютамен кредит үшін процент Лондон банкаралық рыногының қолданылатын 100%-ке көбейтілген ставкілер шегінде шегеріледі.

2. Күмәнді талаптар бойынша шегерім жасауда салық төлеушілер кәсіпкерлік қызметтен алынған жылдық жиынтық табысқа кіргізілген өнімді, қызметті, жұмысты өткізудегі күмәнді талаптарды шегеріс жасауға құқы бар және егер де төлеушінің резидент емесетен алатын күмәнді талаптарды 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда салық төлеуші шегеріс жасауға құқылы.

3. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерістер, сақтандыру қызметімен айналысатын заңды тұлғаның сақтандыру резервтік қорларына аударымдарын шегеріс жасауға құқы бар және де жер қойнауын пайдаланумен айналысатын заңды тұлғалардың резервтік қорларға жасалынатын аударымдары шегеріске жатады.

4. Табыс алуға байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибе конструкторлық жұмыстарына жасалынған шығыстар шегеріске жатады, бірақ бұған негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалған шығыстар мен күрделі сипаттағы басқа шығындар кірмейді.

5. Амортизациялық аударымдар және негізгі құрал-жабдықтар бойынша шегерістер жасау.

Амортизацияны есептеудің объектісі болып өндірісте пайдаланылатын және тозуға ұшыраған негізгі құралдар болып табылады.

Өндірісте пайдаланылатын және тозығы жеткен негізгі құрал жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдар шегерілуге жатады.

Амортизациялауға жататын  негізгі құрал жабдықтарға, мыналар кірмейді:

а) жер;

б) тауарлы-материалдық қорлар;

в) ағымдағы жылғы табысқа салық салу белгіленген кезде құны толығымен шегерілетін мүлік.

Амортизацияға жататын  негізгі құрал-жабдықтар амортизациялаудың мынандай шекті нормалары мен топтарға бөлінеді (кесте 13).

Кесте 13

Мүліктің атауы

Амортизациялық шекті  формасы процент есебінен

1

Компьютерлер, шекті құрылғылар және деректердә өңдеу жөніндегі  жабдықтар

30

2

Труба құбырлары, мүнай-газ құбырлары, пайдалы қазбларды өндіру мен өңдеу үшін пайдаланылатын жабдықтар, машиналармен тетіктер

25

3

Жолдарда пайдалануға  арналған авторактар техникасы, арнайы аспаптар, құрал-саймандар мен керек-жарақтар

20

4

Жеңіл автомобильдер: такси  Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы: Жүк автобильдері, автобустар, арнаулы автомобильдер мен автотіркемелер. Машиналар мен жабдықтар өнеркәсіптің барлық салалары, құю өндірісі үшін: ұста-пресс жабдықтары, электрондық жабдықтары, ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтары. Офиске арналған жиһаздар.

15

5

Басқа топтарға енгізілмеген амортизациялық активтер

10

6

Темір жол, теңіз және көлік құралдары. Қуат машиналары мен жабдықтары, жыл-техникалық жабдықтар, трубиналық жабдықтар, электр двигательдері және дизель генераторлары. Электр тарату және байланыс құрылғылары.

8

7

Үйлер, ғимараттар, құрылыстар

7

Информация о работе Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде