Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 21:03, дипломная работа
Жұмыстың негізгі мақсаттары болып әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор екенін ашу және кәсіпорындар мен бюджет арасындағы әртүрлі салықтық қатынастарды жетілдіру бағыттарын ұсыну болып табылады. Осыларға байланысты жұмыстың негізгі міндеттері кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарын талдау болып табылады.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------
1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ,
КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ------------------------------------------------
1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері-------------------------------------------
1.2 Салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңызы мен кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері-----------
2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН
ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ----------------------------------
2.1 Кәсіпорындардың бюджет жүйесіндегі негізгі қаржылық қызметтерін талдау----------------------------------
2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарын және олардың өзгерістерін талдау-------------
3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ----------------------------------------------------
3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде--------------------------------------------------
ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелер орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму кезі.
Кәсіпорын қызмтетерінің және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субьектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді рөл атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы түтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субьектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
• табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
• таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
• табысқа әсер ететін факторларының әсерін анықтау және сандық өлшеу;
• табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
• табыстың өсу резервтерін анықтау;
• кәсіпорынның даму перспективаларын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
• табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық көрсеткіштерінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші нақты көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың күны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Кәсіпорын табысының құрылымында ёң үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір өсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей калуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты - заттық нысандағы өнімдір өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып
алушының жауапты сақтауында болады,
яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып
алушыға келіп түседі, бірақ сатып
алушы заңды негізде оны
Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорына ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтау, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп
жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың
алдын ала төлеу нысаны да қолданылады.
Алдын ала төлем жүргізу төлем
мерзімі өткен тиелген
1. Біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
2. Екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
3. Үшіншіден, түтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуіне оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік кұнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мүнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сүранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатңп алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсу есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сүраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлердің және түтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады. 3 кестеде Табыс ААҚ кәсіпорынның қаржылық нәтижелері көрсетіліп отыр. Біздің мысалымызда күрылымның өзгеруі жалпы табыстың ауытқуына теріс әсерін тигізді, яғни оның мөлшері 561 мың теңгеге азайды. Жалпы табысты талдау нәтижелері 3 кестеде көрсетілген.
Кесте 3
Кәсіпорындардың жалпы табыстарының ауытқуына негізгі факторлардың әсері
№ |
Көрсеткіштер |
Сомасы, Мың теңге |
Жоспарлы табысқа % -бен |
1. |
Өткізілген өнімнің өзіндік құнының өсуі |
+9888 |
+ 4,3 |
2. |
Келісілген бағалар деңгейінің өсуі |
+ 3562 |
+77,7 |
3. |
өнімді өткізу көлемінің артуы |
+ 20204 |
+ 4,1 |
4. |
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер |
-662 |
- 12,7 |
Жиыны: |
+ 3254 |
+73,4 |
Ескерту: Мәліметтер Табыс ЖШС жылдық есебі бойынша жасалған
Кестеден көріп отырғанымыздай
кәсіпорын көрсеткіштері
1) өткізілген өнімнің өндірістік құны;
2) өнім бірлігінің бағасы;
3) өткізілген өнім көлемі (саны);
4) өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады. Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады. ;
Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Информация о работе Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде