Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 21:03, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаттары болып әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор екенін ашу және кәсіпорындар мен бюджет арасындағы әртүрлі салықтық қатынастарды жетілдіру бағыттарын ұсыну болып табылады. Осыларға байланысты жұмыстың негізгі міндеттері кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарын талдау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------

1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ,
КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ------------------------------------------------
1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері-------------------------------------------
1.2 Салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңызы мен кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері-----------

2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН
ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ----------------------------------

2.1 Кәсіпорындардың бюджет жүйесіндегі негізгі қаржылық қызметтерін талдау----------------------------------
2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарын және олардың өзгерістерін талдау-------------

3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ----------------------------------------------------

3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде--------------------------------------------------


ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------

Работа содержит 1 файл

Дип.-Салық-салу-ісі-кәсіпорындардың-бюджетпен-қатынасы-ретінде.doc

— 2.39 Мб (Скачать)

Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) табыстылык деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесі аналитикалық кестені құрамыз.

Авансталған капиталдың (жалпы активтер - баланс валютасы) табыстылық деңгейіндегі болған ауытқуға, активтер айналымдылығы мен өнімді өткізу табыстылығы коэффициентінің өзгерісінің тигізетін ықпалы (кесте 10).

 

Кесте 10

Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсерм ететін факторлары

 

Көрсеткіштер

 

2003

 

2004

 

өткен жылға қарағандағы

ауытқуы

Оның ішінде коэффициенттер өзгерісі есебінен

сату табыстылығы

активтердің айналымдылығы

A

Б

1

2

3

4

5

1.

Таза табыс, мың теңге

13187

-13059

-26246

X

X

2.

өткізуден түскен табыс

30689

31542

+853

X

X

3.

Жалпы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге

182963

425973

+243010

X

X

4.

Жалпы активтердің (авансталған  капитал) табыс-тылық деңгейі, % (1 қатар: 3қ-100)

0,07

*

*

*

*

5.

өткізілген өнімнің  табыстылық коэффициенті % (1 өқатар: 2қ-100)

5,12

*

*

X

X

6.

Активтердің Айналымдылық коэффициенті (2қ : 3қ)

0,17

0,07

-0,10

X

X


Ескерту: Мәліметтер Табыс  ААҚ жылдық есебі бойынша жасалған

 

Бірінші қатардағы факторлар  тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі. Есепті жылдағы активтер айналымдылығының нақты коэффициенті мен сату табыстылығының коэффициенті бойынша шартты көрсеткіш ретінде активтердің табыстылық деңгейін

у) аламыз.

Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген өткен және есепті жылғы активтер табыстылығы  деңгейінің қатарлы факторлардың ықпал  ету деңгейін еселтейміз. Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:

1) өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өзгерісі;

2) жалпы активтердің айналымдылық коэффициентінің өзгерісі. Сонымен қатар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп отыр, ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп соқтырды.

Факторды егжей-тегжейлі талдау үлестік қатысу (коэффициент) тәсілімен жүргізіледі. Ол үшін үлестік қатысу коэффициенттері, жоғары қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейінің төменгі қатарлы факторлар өзіерісінің абсолютті сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

Осылайша жалпы активтердің  табыстылык деңгейі (авансталі ан капитал) немесе қызметтің барлық түрлерінің табыстылық коэффициенті ( жалпы табыстылықтың) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді. Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы актнвтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді. Мұндағы: Та - ағымдағы активтердің орташа көлемі. Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш меншікті капиталдың табыстылы коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Дәл осы көрсеткіш биржада акщюнерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады. Теледидар және радио комментаторлары және макала авторлары кәсіпорындардың тиімділігі бәсекелестігі жене табыстылығы туралы айтқанда дәл осы көрсеткішті пайдаланады. Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті (мөлшерлемесі) бұл өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың меншікті капиталдың айналымдылык көрсеткішіне көбейтіндісінің нәтижесі. Көрсеткіштерге байланысты меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті (1) сату көлемінің табыстылығын (2) барлық активтердің айналымдылығына (3) (жиынтық авансталған, жалпы капитал), меншік иелерінің табысының жалпы табыстағы салыстырмалгы үлесіне (4) және қаржылы құрылым көрсеткіштеріне көбейткенге тең.

Кәсіпорындарда көбінесе мына көрсеткіштерді көбірек пайдаланады.

Д ч - таза табыс;

Д N - өнімді өткізуден алынған табыс;

A - активтер құны;

С к - меншікті (акционерлік) капитал.

Кәсіпорпын қызметіндегі осындай тәуелділіктерді зерттеу, қызмет нәтижесін жақсарту үшін кәсіпорынның қаржы тетіктерін пайдалану мүмкіндігін және қаржылық жағдайын бағалауда үлкен дәлелдеуші күштерге ие болады. Яғни, басқа да осындай жағдайларда, акционерлік капиталдың қайтарымдылығы, жиынтық капиталдың құрамындағы қарыз қаражаттарыньщ үлесі көбейген кезде өседі.

Меншікті капитал мен барлық активтердің табыстылық деңгейі көрсеткіштері арасындағы айырма кәсіпорынның қаржыландыру көздерін ынталандырумен байланысты. Егер қарыз қаражаттары осы қарыз капиталына төленетін пайыздарға қарағанда көбірек табыс әкелсе, онда айырма меншікті капиталдың қайтарымдылығын арттыру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын иелері, меншікті капиталдың табыстылық коэффициентін (ставкасын) өсіру мақсатында, әрине қарыздарға (несиеге) назар аударсты: қаржылық оқулықта мұны "тетік нәтижесі" деп атайды.

Қарызға байланысты кәсіпорын  иесінің іс-әрекеті екі і егізгі элементтің ықпалында болады. Бірінші  жағдайда - бұл салық салынғаннан кейінгі өндіріс табыстылығының (рентебельділігінің) нормасына байла иысты қарыздар бойынша пайыздың мөлшерлемесінің салыстырмалы деңгейі.

Кәсіпорынның инвестицияланған капиталына табыстылық молшерлемесі (76), таза табыстың (салық теленгеннен  кейін) активтердің калпы массасына  қатынасы ретінде анықталады.

Негізінде, мысалы кәсіпорынның жаңа қарыздары бомаған жағдайда, берілген кәсіпорын салық салынғаннан кейін 15%-ға тең өндіріс табыстылығына ие болады, бұл кезде нарықтағы пайыздық мөлшерлеме 10%-ға тең. Осыған байланысты, кәсіпкер, құньі төмен ақшаларды іске қосу арқылы меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру мақсатында, қарыз капиталы мен тартылған капитал құнының арасындағы айырманы алуға тырысады. Кәсіпкер бұл жағдайға назар аударуы мүмкін, себебі қаржылық шығындар азаяды және салықтық үнемділік байқалады. Ссудалар бойынша пайыз мөлшерлемесі келісім-шарт нормасы болып табылмайды (біздің мысалымызда 10 пайыз), себебі берілген норма салықтық үнем үлесіне қысқарады.

Мысалы, егер салық мөлшерлемесі 50%-ға тең болса, онда 10%-дың келісім-шарт мөлшерлемесіне сәйкес келетін нақты  мөлшерлеме 5%- а тең, яғни қарыз капиталының нақты мөлшерлемесі:

10% * (1 – 0,5) = 5%-ға тең.

Әрине, салық салынғаннан  кейін өндіріс табыстылығы (рентабельділігі) мен нақты пайыздық мөлшерлеме арасындағы бүндай арақатынас негізінде, қарыз  көбейген сайын қарыз міндеттемелерінің  табыстылық мөлшерлемесіне тигізетін әсері арта түседі деп айтуға болады.

Жоғарыда айтылғандай  тетік нәтижесі математикалық формуласыида (44) көрсетілуі мүмкін, оның жеңілдетілген  нұсқасы келесідей түрде болады:

Кәсіпорын қызметінде ДА- активтер (капитал) т; быстылығы;

ЭР - эксплуатациялық табыс (салықтар мен пайыздарды төлегенге дейін);

П - ссудалар бойынша келісім-шартта көрсетілген жылдық пайыз мөлшерлемесі; Сң — салық салу мөлшерлемесі; Д - қарыз міндеттемелері;

Ск - инвестицияланған меншікті капитал ерекше рол атқарады.

Екінші капитал экономикалық белсенділіктің салыстырмалы жоғары деңгейлі тұрақтылығын көрсетеді. Берілген формула  бойыншда егер салық төленгеннен кейінгі инвестицияланған капитал активтернің табыстылық коэффициенті мен салық төленгеннен кейінгі пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма оң болса, онда тетік нәтижесі де оң болады. Егер активтердің табыстылық деңгейі қарыз қаражаттарына төленетін пайыздарға қарағаыда аз болатын болса, онда қарыз қаражаттары кәсіпорын қызметіғе кері әсер етеді деп бағаланады. Меншікті капиталдың тиімділігін арттыру үшін, қарыз капиталын пайдаланудың дұрыстығы жөніндегі сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін "тетік нәтижесінің" формуласы аналитикалық жұмыста қолданылуы тиіс. Талдау жүргізуші түрлі көрсеткіштерді пайдалана отырып меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру жолдарын көрсетеді.

Салық жүйесін мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығын салықтар мен алымдар, салық залу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы  көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске алуына мүмкіндік туғызады. Ел экономикасында бұрын болмаған жаңа ірі құбылыстар нақты жүзеге асырылуда, оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі, меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі, шаруашылық жүргізуші субъктілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі т. б. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың, бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи қадам болып есептеледі.

Осы бойынша салық  төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікгі басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мел міндеттері айқын бекітілді /20.21/. Салық туралы қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында: жалпы Mемлекеттік салықтар; міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар және жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Салықтар негізін пайдаға салынатын ггын салық, табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тағы да басқа салықтардан тұрады.

Қазақстан Республикасының  Салық жүйесін құруда ең алғашқы  тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше.

Салық немесе ағымдағы төлемдер бюджет кірісіне белгіленген мерзімде төленбесе оны төлеушілердің немесе олардың дебиторлорының шоттарынан салық айыппұл және өсім жөнінде пайда болған берешек шегінде егер салық төлеуші немесе оның дебиторлары осы берешекті төлеуге келісетін болса, өндіріп алынады.

Салықтар, айыппұл немесе өсім түріндегі берешектердің төленуін қамтамасыз ету үшін салық қызметі органдары салық төлеуші мен оның дебиторларының шотында қаражат болмаған жағдайда, салық төлеушінің мүлкін тәркілеуге құқылы. Берешек өтелген жағдайда мүлікті тәркілеу туралы шешім жойылады. Жаңа салық жүйесіндегі негізгі жаңалықтардың әрбірі халықаралық салық салудың тәртібін енгізу болып табылады [26.27].

Аталып отырған жаңа салық жүйесі туралы заң өмір талабына сай, одан әрі қарай өзгеріп, дамуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 1:}95-жылдың 21-желтоқсанында қабылданған Заң күші бар «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы 1996 жылдың 1-қаңтарынан бастап салық жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді.

Енгізген өзгерістер мен толықтырулардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:

- салық салынбайтын минимумды анықтауда, ең төмеигі жалақы орнына есептік көрсеткіш енгізілген;

- арнайы экономикалық аймақтарда тіркеліп, қызмет жасайтын заңды тұлғалар, табыс салығын 20 проценттік ставка бойынша төлейтін болады;

- заңды тұлғалардың жалақыға жұмсалатын шығындар шектеліп, белгіленген нормадан асқан жалақы жұмсалған шығындарға салық салынады;

- жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы Қазақстан Үкіметі мен келсімге тұрар алдында Бас салық комитетінде салықтық зерттелуден өтулері тиіс.

Біз тек енгізілген өзгерістердің  басты-бастыларын атап кеттік. Ал барлық өзгеріс, толықтырулармен жоғарыда көрсетілген құжат арқылы кеңірек танысуға болады.

Салық жүйесінің бір  орнында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономикалық дамыған елдердің тәжірибере талдап-жиынтықтау барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара түсуі тиіс. Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатыны сөзсіз. Жаңа салық жүйесі бойынша Қазақстан Республикасындағы салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі шетелдік дамыған және озық үлгілерді жинақтай отырып, өзіндік жүйелі бағыттарға сайақы шет етуде.

Информация о работе Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде