Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 21:03, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаттары болып әрбір кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы көрсеткіштерін терең талдау мен олардың мәселелерін талдаудың салық жүйесіндегі маңызы зор екенін ашу және кәсіпорындар мен бюджет арасындағы әртүрлі салықтық қатынастарды жетілдіру бағыттарын ұсыну болып табылады. Осыларға байланысты жұмыстың негізгі міндеттері кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін немесе кәсіпорындардың шығынға ұшырауы мүмкіндіктері кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтарын талдау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------

1 САЛЫҚ САЛУ ІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ,
КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ------------------------------------------------
1.1 Нарық жағдайындағы салық салу ісінің мәні мен маңызы, қажеттіліктері-------------------------------------------
1.2 Салық жүйесіндегі кәсіпорын қызметінің маңызы мен кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері-----------

2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН
ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ----------------------------------

2.1 Кәсіпорындардың бюджет жүйесіндегі негізгі қаржылық қызметтерін талдау----------------------------------
2.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлейтін салықтарын және олардың өзгерістерін талдау-------------

3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ----------------------------------------------------

3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде--------------------------------------------------


ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------

Работа содержит 1 файл

Дип.-Салық-салу-ісі-кәсіпорындардың-бюджетпен-қатынасы-ретінде.doc

— 2.39 Мб (Скачать)

Кесте 14

Өндірістік қорлардың  табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші көрсеткіштер

1.

Таза табыс, мың тг.

2.

өткізуден алынған табыс (түсім) (акциз және қосымша құн  салығынсыз), мың тг.

3.

Негізгі қорлардың жылдық орташа құны, мың тг.

4.

Материалды айналым  қаражаттарының орташа жылдық қалдықтары, мың тг.

5.

өндірістік қорлардың  жылдық орташа құны (3 қатар+4 қатар), мың  тг.

6.

өнімнің қор сыйымдылық коэффициенті (3 қатар:2 қатар)

7.

өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табыс өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті (1 қатар: 2қатар),тг.

8.

өндірістік қорлардың  табыстылық деңгейі (1 қатар: 5 қатар*100%


 

Өндірістік қорлардың  табыстылық деңгейі есепті жылы 6 %-ды құрады.

Өндірістік қорлардың  табыстылық деңгейінің (рентабельділігі) өзгеруіне ықпал етуші факторлардың әсері келесі есептеулер бойынша  тізбектеп ауыстыру әдісімен анықталады:

1) өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі осы көрсеткіштің 2,82 пунктке өсуіне әкеледі;

2) қор сыйымдылығының көбеюі, яғни негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымдылығының азаюы олардың табыстылық деңгейінің 1,27 пунктке төмендеуіне әкелді мұндағы материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы, яғни олардың айналымдылығының жылдамдауы өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің 0,02 пунктке өсуіне әкеледі. Осылайша факторлар бойынша өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің жалпы өсімі 1,57 пунктті құрайды, ол өткен жылғы мәліметтермен салыстырғанда бұл көрсеткіш деңгейінің жалпы өзгерісіне сәйкес келеді.

Өнім бірлігінің табыстылығы, жекелеген өнімдерді өндіру мен  өткізудің, өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа тигізетін ықпалын анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш коммерциялық құпия болып табылады және де ол, басқарушылық талдауды жүргізу барысында қолданылады.

Негізгі қызмет табыстылығының (табыс нормасы) тағы бір көрсеткіші - бұл өткізілген өнімнің табыстылығы. Бұл көрсеткіш өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың мөлшерін көрсетеді.

Сату көлемінің табыстылық деңгейіне өткізілген өнімнің құрылымының, оның өзіндік құнының және өнімді сату бағаларының өзгерісі ықпал  жасайды.

Жекелеген өнімдер табыстылығының сату көлемінің жалпы табыстылығына әсер ету бағасын, Новосибирск Мемлекеттік экономика және басқару академиясының ғалымдары ұсынған талдау әдістемесін қолдану арқылы белгілеуге болады (9), ол бойынша талдау келесі жүйеде жүргізіледі:

1) жалпы өткізу көлеміндегі әрбір өнім түрінің үлес салмағы анықталады;

2) өнімнің жекелеген түрлерінің табыстылығының жеке көрсеткіштері есептеледі;

3) жеке бұйымдар табыстылығының, оның орташа деңгейіне ықпалы, барлық өткізілген өнімдер үшін, жеке табыстылықты жалпы өткізу көлеміндегі бұйымдардың үлесіне көбейту арқылы анықталады;

4) шығарылатын бұйымның жеке табыстылығының өзгеруімен байланысты ықпал, есепті кезең табыстылығы мен базистік кезең табыстылығы арасындағы айырманы есепті кезеңдегі бұйым үлесіне көбейту арқылы анықталады;

5) құрылымдық фактордың тигізетін ықпалы, базистік кезеңдегі табыстылықты, есепті кезең мен базистік кезеңдегі бұйымдардың үлес салмақтарының арасындағы айырмаға көбейту арқылы анықталады.

Талдау жүргізудегі  негізгі ақпарат базасы - бухгалтерлік есептің мәліметтері болғандықтан, талдаудың бұл түрі тек өнім түрлері бойынша шығындардың аналитикалық есебін жүргізу барысында ғана мүмкін болады. Мүндай талдау өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа жекелеген өнімдерді өндіру мен сатудың тигізетін ықпалын анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Жекелеген бұйымдардың табыстылығының (рентабельділігінің) өзгеруіне өзіндік құн деңгейі мен сату бағасы әсер етеді. Бұл факторлардың әсері тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі.

Жеке бұйымның табыстылығын арттырудың негізгі фактор оны шығарудың өзіндік құнын төмендету болғандықтан, оның калькуляция баптары бойынша өзгеру себептерін талдауға басты назар аударылуы тиіс, сонымен бірге баға қалыптасуының дұрыстығын зерттеуге де көңіл бөлінеді.

Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы ақша қаражаттарының таза ағымының құйылуы негізінде есептеледі. Мысалы,

Соңғы көрсеткіштер кәсіпорынның кредиторлар, қарыз беруші және акционерлер  алдында қолма-қол ақша қаражаттарымен өз міндеттемелерін орындауы жөнінде мәлімет береді. Қолма-қол ақшалардың ағымы негізінде есептелетін табыстылық нарықтық экономикасы дамыған елдерде кеңінен қолданылады. Оның артықшылығы бар, себебі ақша ағымдарымен жүргізілетін операциялар өндірістің қарқынды түрінің маңызды белгісі және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен экономикалық "кінәратсыздығының" басты нышаны болып табылады.

Қазақстан Республикасының  «Салық және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы кодексі (салық кодексі) және тексеруге №515-3003 03.05.2005 жылы берілген нұсқама негізінде, біз, Шымкент қаласы бойынша Салық комитеті аудит бөлімінің бас маманы Сарсенбаев Б. Және осы бөлімнің жетекші маманы Жаманбай Ә., «Табыс» ЖШС-де, серіктестік директоры Г.Балабековтың СТН-і 555110304863 қатысуымен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуінің дұрыстығын, уақытылы және толық төленгендігі туралы құжаттық тексеру жүргізіледі.

Тексеру 01.03.2005 жылы басталып 15.05.2005 жылы аяқталды.

Салық төлеушінің мекен-жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Б.Батыр көшесі, 227 үй.

«Табыс» ЖШС ОҚО Әділет басқармасында 2 ақпан 2002 жылы 16007-1958-ЖШС  санымен тіркелген.

Салық комитетінде салық  төлеуші ретінде 2 ақпан 2002 жылдан 582100021595 СТН-ен есепте тұрады.

Меншік түрі: жекеменшік жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Серіктестіктің «Казкоммерцбанкіі» ААҚ ШФ 004467930 санды есеп шоты ашылған.

Тексеру барысында келесі құжаттар қолданылады:

- салықтар мен төлемдердің декларациялары мен есептеулері;

- бас және кассалық кітаптар;

- журнал-ордерлер мен ведомостар;

- бухгалтерлік және банкілік құжаттар;

- жарғы және басқа да заңдылық құжаттар.

Серіктестіктің жарғылық қызметі: көтерме түтыну сауда-саттық және коммерциялық қызметтер. Лицензиялық қызмет түрлерімен айналыспаған.

Тексеру аралығында серіктестіктің салық ауыртпалығы ол (мың теңге) Тауар (жұмыс, қызмет) айналмы көлемі (мың теңге)

Бюджетке есептелген салықтар мен басқа да міндеттер  төлемдер сомасы (мың теңге)

Ауыртпалық коэффициенті олар ;

-Тауар (жұмыс, қызмет) айналмы көлемі

-Бюджетке есептелген  салықтар мен басқа да міндеттер  төлемдер сомасы (мың теңге)

Келесі кестеде серіктестіктің құрылу тәртібі мен құрылтайшылар көрсетілген.

 

Кесте 15

ЖШС-ің жарғылық қорының  нақтылай құрылымы

 (мың теңге)

Құрылтайшы ҚР резиденті

Жарғы жарнасы сомасы (мың теңге)

Жарғы қорына пайыздық қатынасы, %

1

Каратаев К

66,2

100


 

Сайрам Салық комитетінің  есеп беруі 2004 ж

 

Келесі кестеде тексеру  кезеңіне .2005 ж) бюджет төлемдері бойынша  көрсеткіштер берілген (кесте 16)

 

Кесте 16

Тексеру кезеңіне .2005 ж) бюджет төлемдері бойынша көрсеткіштер

(мың теңге)

Төлем коды

Төлем түрі

Алашақ (+)

Берешек (-)

000010

102201

105101

101201

103101

104101

ЗЖҚ

КТС

ҚҚС

ЖТС

Әлеуметтік салығы Мүлік салығы

3,9 0,1

3,8

4,1

18,7


 

*Сайрам Салық комитетінің есеп беруі 2004 ж

 

Салық төлеушінің Салық  Комитетіне 2004 жылға табыс еткен  салық декларациясында жылдық жиынтық  табыс 205000 мың теңге, барлық шегерімдер 101,0 мың теңге, берілген жеңілдіктер (-) мен өткізілген шығындарды (-) есептегенде  салық салынатын табыс көлемі 402,0 мың теңге, есептелген корпорациялық табыс салығы 118,0 мың теңге көрсетілген/24/.

Тексеру барысында анықталғаны, 2004 жылдың жылдық жиынтық табысы 10703,0 мың теңгені, барлық шегерімдері 10130,0 мың теңгені, берілген жеңілдіктер (-) мен өткізілген шығндарды (-) есептегенде салық салынатын табыс сомасы 573,0 мың теңгені, есептелген табыс салығы 171,9 мың теңгені құрады немесе бюджетке қосымша 13,9 мың теңге табыс салығы есептелінді.

Айырманың шығу себебі: 2004 жылдың шегеріміне 46,0 мың теңге жал шығыны сомасы дәлелденетін құжаттарсыз негізсіз апарылған.

Қазақстан Республикасының  Салық кодексінің 46 бабының тармағына  сйкес қосымша есептелген табыс  салығының төлеу мерзімі өтіп кеткен әр күніне, 0,2 мың теңге өсімпұл  есептелінеді.

Серіктестіктің Салық Комитетіне 2004 жылға табыс еткен декларациялары бойынша салық салынатын айналым 12102,9 мың теңге, есептелген ҚҚС -1712,5 мың теңге, шегеріс айналымы 10633,8 мың теңге, шегеріске жатқызылған ҚҚС сомасы -1701,4 мың теңге, бюджетке төленуге тиіс ҚҚС 11,1 теңге көрсетілген. Тексеру барысында анықталғаны, 2004 жылғы ҚҚС салынатын жалпы айналым 10702,9 мың теңгені, есептелген ҚҚС 1712,5 мың теңгені, шегеріс айналымы 10601,0 мың теңгені, бюджетке төленуге тиіс ҚҚС 16,4 мың теңгені құрады немесе бюджетке қосымша 5,3 мың теңге ҚҚС есептелінді.

Айырманың шығу себебі: 2004 жылы шегеріске 32,8 мың теңге (ҚҚС - 5,2 мың теңге) ішкі рыноктан алынған  тауар (жұмыс, қызмет) күны дәлелденетін кұжаттарсыз негізсіз апарылған.

ҚР САлық кодексінің 46 бабының 3 тармағына сәйкес қосымша  есептелген ҚҚС төлеу мерзімінің өтіп кеткен әр күніне, барлығы 0,2 мың  теңге өсімпұл есептелінеді.

Салық төлеушінің Салық  Комитетіне 2005 жылдың 1 - тоқсанына табыс  еткен декларациясы бойынша ҚҚС  салынатын жалпы айналым 1880,5 мың теңге, есептелген ҚҚС 300,9 мың теңге, шегеріс айналымы 1107,9 мың теңге, шегеріске жатқызылған ҚҚС 177,3 мың теңге бюджетке төленуі тиіс ҚҚС 123,6 мың теңге көрсетілген /24/.

Тексеру барысында анықталғаны, 2005 жылдың 1 - тоқсанында ҚҚС салынатын жалпы айналым 1880,5 мың теңгені, есептелген ҚҚС 300,9 мың теңгені. Шегеріс айналымы 1017,2 мың теңгені шегеріске жатқылылған ҚҚС 163,0 мың тенгені, бюджетке төленуі тиіс ҚҚС 137,9 мың теңгені құрады немесе бюджетке қосымша 14,3 мың теңге ҚҚС есептелінеді.

Айырманың шығу себебі: шегеріске  ішкі рыноктан алынған 90,7 мың теңге  тауар (қызмет, жұмыс) құны (ҚҚС - 14,3 мың теңге) дәлелденетін құжаттарсыз негізсіз апарылған.

ҚР Салық кодексінің 46 бабының 3 тармағына сәйкес салық  сомасының төлеу мерзімі өтіп кеткен әр күніне, барлығы 0,4 мың теңге өсімпұл есептелінеді.

Серіктістіктің Салық  Комитетіне 2004 жылға табыс еткен  есептеулері бойынша есептелген салық салынатын төлем көзі 166,1 мың теңге, үлес салмағы бойынша  бюджетке төленуі тиіс жеке табыс салығы 8,2 мың теңге көрсетілген.

Салық төлеушінің Салық  Комитетіне 2005 жылдың 1 - тоқсанына табыс  еткен есептеуі бойынша есептелген салық салынатын төлем көзі 99,0 мың теңге, үлес салмағы бойынша  бюджетке төленуі тиіс жеке табыс  салығы 4,0 мың теңге көрсетілген /25/.

Тексеру барысында қателіктер мен ауытқулар анықталмады.

Серіктестіктің салық  комитетіне 2004 жылға табыс еткен  декларациялары бойынша әлеуметтік салық салынатын еңбек ақы  қоры 187,2 мың теңге, есептелген салық  сомасы 39,3 мың теңге.

 

3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ - КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫ

 

3.1 Кәсіпорындардың табыстылығын стратегиялық басқару-кәсіпорындардың бюджетпен қатынасын жетілдіру ретінде

 

Бағалар стратегиясын үлгілеу  түрлі жағдайлардан шығады. Көптеген мемлекеттерде үлгілеу қаржылы бағалармен басқару жүйесі ғана құрастырылмайды, өндірістік бағдарламалардың нақты мөлшерлері де белгіленеді. Үлгілеу арқылы нарық жағдайының талдауы жүргізіледі және мүмкін болатын нарық өзгерістеріне икемді жағымдық жүйесі жасалады. Бағаның қалптасуындағы үлгілеудің басында нарық бәсекелестер бағасын талдау керек. Кәсіпорындар өзінің стартегиясын шығындық бағалар және орташа нарықтық бағаны байқау негізінде құрастырады. Нарықта көптеген ұсақ сатушылар болады. Бірақ ірі кәсіпорындар жеке клиенттерді өнімнің сапасымен, сервиспен, бағалардың тартымды болуымен қызықтырады. Осы себептен баға қалыптасу стратегиясын құру кәсіпорындар үшін қажетті болуға тиісті, себебі бұның негізінде сұранысты, шығындарды, пайданы алдын ала болжауға болады. Әсіресе бағаны үлгілеу ассортименті дамыған кәсіпорындар үшін өте қажет, олар алдын ала болашақ мерзімге бағаның өзгерісін есептеуге тиісті.

Информация о работе Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде